Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 03:24, реферат
Қазіргі заманғы нарық шаруашылығының қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезең – қарапайым тауарлық өндіріс. Тауар өндірісі жетістігінің ең жоғарғы деңгейінің дамуы капиталдың алғашқы сатысын құрайтын және оның екі жағын қосатын, алғашқы капиталдың жинақталу үдерісіндегі өндірістің капиталистік әдісінің бекітілуімен байланысты:
1) өндіріс құралдарының барлығынан айрылған, жекелей бос адамдарды өндіруші көпшілікке айналдыру. Бұл үдеріс рынокта жаңа тауар – адам күшінің пайда болғанын көрсетеді;
2) ақшалай байлық пен өндіріс құралының аз адамнын қолына жинақталуы;
Шұғыл салымдар – бұл ертерек бекітілген мерзімдегі депозиттер (ай, 6 ай, жыл т.б.). Шұғыл салымдар проценттері талап етуге дейінгі салымдарынан жоғары келеді.
Талап етуге дейінгі салымдар ағымдық және мерзімсіз деп бөлінеді.
Банк шоғырланған қаражаттардан өз резервтерін қалыптастыруы керек, яғни салымшылардың бірінші талабы бойынша ақша беру үшін қолма-қол активтерді қалыптастыру керек. Банктер шұғыл салымдарға көбірек ынталанған.
Рынок қызметі. Рыноктың басымдылығы мен кемшіліктері. Рынок келесі қызметтерді атқарады:
- делдалдық (рынок сатушылар мен сатып алушыларды біріктіреді);
- баға белгіленімі (сұраныс мен ұсыныс негізінде рынокта тауардың бағасы қалыптасады);
- реттеуші (пайдасы аз емес капитал саласынан одан да көп пайдасы бар салаға ығысады);
- ынталандырушы (сұранысы бар тауар өндіретін тауар өндірушіні ынталандырады);
- сауықтандырушы (экономиканы тиімсіз және керек емес шаруашылық қызметінен «тазартады»).
Рынокта белгілі бір басымдық пен кемшіліктер болады. Рыноктың басымдылығы:
- ресурстарды тиімді бөлу;
- тіпті шектелген ақпараты бар кезіндегі оның жақсы қызмет ету мүмкіндігі;
- өзгерісті жағдайға жоғары нәтижелерді оңтайлы пайдалану;
- тұтынушы мен кәсіпкерлердің іс-қимылы және таңдау еркіндігі;
- тауар мен қызметтердің сапасын көтеру, әр түрлі тұтынуды қанағаттандыру қабілеті.
Рыноктың кемшіліктері:
- өндірілмеген ресурстардың сақталуын қамтамасыз етпеуі;
- қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктері жоқ;
- жалпы адамдық ресурстарды пайдалануды реттей алмайды;
- ұжымдық пайдалану қызметі мен өндіріс тауарларын ынталандырмайды;
- еңбек құқығы мен табысқа кепілдеме бермейді;
- ғылымдағы фундаменталды зерттеуді қамтамасыз етпейді;
- тек ақшасы бар сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған;
- осы инфляциялық үдерістерге тән тұрақсыз дамуға ыңғайланған.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы. Рыноктық тепе-теңдік. Сатушылар сатқысы келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар көлемімен сәйкес келетін тауар бағасы ойдағыдай болғанда рынокта тепе-теңдік пайда болады. (7.3 – сурет).
Баға – Р рынокта ұсынылған тауар көлемі, сұраныс берілген тауар көлеміне тең, бұл бағаның тепе-теңдігі деп аталады. Басқа бағалар теңдестірілмеген деп аталады. Р0 бағасына сәйкес келетін тауар көлемі Q0 тауар көлемінің тепе-теңдігі деп аталады.
Р Д
Р0
7.3-сурет.
S
Q0 Q
Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:
1. Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар көлемінің тепе-теңдігінің де өсуіне әкеледі.
2. Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі.
3. Тауар ұсынысының өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады.
4. Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген бағаның көбеюіне әкеліп, тауар көлемінің тепе-теңдігін азайтады.
Р2
Р0
S Д
Р1
Q
Q
Егер рынокта Баға Р1 белгіленсе, (Р0-ден Р1 аз), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен асып түседі (7.4 – сурет). Мұндай жағдайда, рынокта тауардың тапшылығы орын алады(артық сұраныс). Егер баға тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса (Р0-ден Р2 үлкен), сұраныс көлемі ұсыныс көлемінің деңгейіне жетпей қалады. Мұндай жағдайда, артық ұсыныс орын алатын болады (қайта өндіріс).