Нарық түрлері, құрылымы, үлгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:14, автореферат

Описание

Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
• меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
• шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);
• тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

Работа состоит из  1 файл

Нарық түрлері, құрылымы, үлгілері.doc

— 78.50 Кб (Скачать документ)

Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы. Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

  • меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
  • шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);
  • тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
  • шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;
  • осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен

Мазмұны

  • 1 Нарықты құрылымы жағынан жіктеу
  • 2 Нарықтың түрлері бойынша жіктеу
  • 3 Нарықты сегменттеу
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Нарықты құрылымы жағынан жіктеу

Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша:

  • игіліктер мен қызметтер нарығы;
  • өндіріс құралдарының нарығы;
  • ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
  • құнды қағаздар нарығы;
  • жұмыс күші нарығы.

Нарықтық көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара өсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

2. Нарықтарды тауарлық  топтар бойынша жіктеуге болады:

  • өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
  • халық тұтынатын тауарлар;
  • азық-түлік тауарлар нарығы;
  • шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.

Ауылшаруашылық шикізаттары  нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді  қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер  қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының  қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбейуін тілейді.

3. Кеңістік (территориялық)  критериі бойынша мынадай нарықтар  болады:

  • аймақтар ішіндегі;
  • аймақаралық;
  • республикалық;
  • республикааралық;
  • халықаралық (әлемдік) нарықтар.

Осындай нарықтардың  қалыптасуы республиканың мемлекеттік  егемендігін қамтамасыз етеді.

4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі  бойынша мынадай нарықтар болады:

  • монополиялық;
  • олигополиялық;
  • салааралық нарықтар.

5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:

  • көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
  • бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар — жеке азаматтар.
  • ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар — ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар,колхоздар, фермерлер, агрокешендердер және т.б

Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі — жабдықтаушы(жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобил және шина жасайтын заводтар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі — коммерциялық орталықтар, биржалар. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметгік жағдайларда мүмкін болады.

6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

  • занды, ресми нарықтар;
  • занды емес, «көлеңкеленген» нарықтар, т.б.

Нарықтың түрлері  бойынша жіктеу

Нарықтардың құрылымын  зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:

  • тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;
  • қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
  • түрғын үй және өндірістік емес ғимараттардын, нарығы.

Өндіріс факторларының  нарығы. Бұған жататындар:

  • жылжымайтын мүліктер нарығы;
  • енбек құралдарының;
  • шикізат пен материалдардың;
  • қуат ресурстарының;
  • пайдалы қазбалардың нарықтары.

Қаржылар нарығы:

  • капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;
  • несие нарықтары:
  • қүнды кағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың т.б.;
  • валюта-ақша нарықтары.

Интеллектуалдық өнімдер парығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.

Жұмыс күні парығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.

Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Нарықты сегменттеу

Нарықтарды  сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға, нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу — тауарларға бірдей емес талаптар қоятын осы тауардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Нарықтың сегменті — бұл нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ көрсеткіштер негізінде құрылған тұтынушылар, өнімдер, немесе, кәсіпорындардың тобы болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:

1. Географиялық:

  • аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстік;
  • әкімшілік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;
  • тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы.
  • климат бойынша: теңіз, континенталдық, орташа, ыстық, т.б.

2. Демографиялық:

  • адамдардың жасына сәйкес топтау;
  • жыныстық топтау;
  • отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;
  • табыстар дәрежесіне қарай;
  • кәсіби құрамына сәйкес — ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер, т.б.
  • білім дәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;
  • ұлттық қүрамға сөйкес топтаулар;

3. Психографиялық:

  • халықты әлеуметтік қ9рамына сәйкес топтау;
  • табыстардың дәрежесіне сәйкес;
  • өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар ақсүйектер;
  • жеке басының қасиеттеріне сәйкес: ашуланшактар, өз-өзіншілігі молдар.

4. Мінезқұлықтық (тауарларды таңдауда):

  • тауарды кездейсоқ сатып алады;
  • сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;
  • сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;
  • клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілік дәрежесі: үнемі керек, анда санда керек;
  • өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік көзқарас.[1]

Информация о работе Нарық түрлері, құрылымы, үлгілері