Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 21:20, реферат
Курстық жұмыстың міндеттері мыналар:
- Нарық түсінігі мен мәні;
- Нарықтық атқаратын қызметтері мен құрылым;
- Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері;
- Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі;
- Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы;
- Нарықтық экономиканы реттеу әдістері;
- Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру.
Кіріспе
1 Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1 Нарық түсінігі мен мәні
1.2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы
1.3 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы
2.1 Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы
3. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
3.1 Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
1.3 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай неғізгі кезеңдерге бөлуге болады:
нарық элементтерінің пайда болуы;
натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
тауар баламасы кезеңінің нарығы;
тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 -Т2, балама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1-тауар емес балама –Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иленушілері- несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда , құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы –қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік әкономикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит (1723-1790 жж.) өзінің “ Халықтар байлығының табиғаты мен себептері түралы зерттеу” (1776ж.) деген басты еңбегінде-жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше , мемлекет мұндай даулы мәселерерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” ролін атқару қажет. Мемлекет “ мейлі өзінен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын “ жаман әдеттеріне” мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты әкономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше , жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық ХІХ ғсырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол әкономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына , ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның әкономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік -әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр .Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар , еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктүрасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу , өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрл кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек .
Біздің жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.
2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы
2.1 Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Жалпы нарықтық экономикалық жүйе – шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігне, жеке меншік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықытық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, нарық табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді.
Ал, Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғанан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. Қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап енгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру – азаматтардың немесе олардық барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестерінің акциялар бөлігін жеке меншікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады.
1993ж 15 қарашада Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді. 1993-1994жж. Экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996жж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы
Саяси тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Оның нарықтық байланыстары барлық құрлықтың елдерімен, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар енген аймақтармен елеулі түрде кеңейді. КСРО өмір сүрген кезде бұл проблема сондай өткір болмады, өйткені экспорт-импорттық операциялар орталықтандырылып жүзеге асырылды және Қазақстан одақтас республика ретінде әлемдік нарықта дербес атқарылымдықта болмады.
1994 жылдың ақпанында КСРО Конституциясы мен одақтас республикалардың конституцияларында түзетулер енгізілді, олар республикаларға сыртқы қатынастар саласында өкілеттілік берді, сыртқы істер министрліктері құрылды.
1991 жылдан бастап жағдай одақтас республикалар егемендік алғаннан кейін өзгере бастады.
1991 жылдың 16 желтоқсандам қабылданған «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заңда: «ҚР халықаралық субъект болып есептеледі, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне енеді және олардың қызметіне қатыса алады» деп мәлімделген(13-бап).
Экономикалық жағдайдың бірден бір көрсеткіші ретінде – нарықтың байланыстардың пайда болуы. Қазақстанның әлемдік нарыққа дербес шыққаннан кейін шетелдік мемлекеттермен нарықтық байланыс жағдайы қарқынды сипатқа ие бола бастады. Жалпы алғанда Қазақстан 28 еуропалық, 30 азиялық, 6 американ және шетелдің басқа елдерімен сауда байланыстарын ретке келтірді. Сонымен бірге бұл тізім күн сайын өсуде. Мұның үстіне, Қазақстан бұрынғы одақтас республикалар – қазіргі егемен елдер: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Түркменстан, Молдова, Кавказ маңайындағы және Балтық жағалауы бойындағы республикаларынмен экспорт-импорт операцияларының көлемін біршама арттыра түсті. 1991 жылдан нарықтық байланыстар жалпы республикалық ауқымға ие болды және ТМД-ның әрбір жеке республикасы нарығының фактісіне айналды.
Қазақстан Республикасы экономикасына нарықтық байланыстардың деңдеп өту үдерісі «Алматы диірмен», «Бутя», «Сеймар», «Акцент» сияқты кәсіпорындарды ұйымдастырған жеке кәсіпкерлер арқылы өтті. Нақтылап атап айтсақ, республика бизнесмендерінің арақасында нарықтық байланыстар қалыптасты. Тәуелсіздікке ие болғаннан дейін сауданың 80%-дан астамы бұрынғы одақтас республикалармен жасалған саудаға келді. Біздің республика жалпыодақтық қорға – түсті металдар, көмір, қара металдар прокаты, мұнай мен газдың, сондай-ақ руда концентраттарының көп мөлшерін тапсырды. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімін: астық бойынша – орташа 18-23%, қой еті – 25%-ға дейін, жүн - 30%-ға жуық және қаракүл экспортын 35%-ға дейін өндіруде айтарлықтай үлес салмағы болды.
Қазіргі жағдайларда да Қазақстан ең ірі астық экспортшысы болып қала беруде. 2006-2008 жылдары алыс шетелге жылына орташа 100,6% дайын тамақ өнімдері, сусындар, темекі, ал былғары шикізаты –орташа 123,6% , тоқыма және тоқыма бұйымдары орташа 105,6%-ы сатылды. Және де өсімдік өнімдері бойынша орташа 130,3%, машиналар, жабдықтар, аппаратуралардың орташа сатылған мөлшері 125,3% , минералдық өнімдердің орташа көрсеткіші 139,3% болды. Мұнда экспорт құрылымында елеулі өзгерістер жүрді. Осы көрсеткіштерді келесі кестеден көруге болады:
Экспорт тауарлары | 2006 жыл (пайызбен) | 2007 жыл (пайызбен) | 2008 жыл (пайызбен) | 2006-2008жж. экспорттың орташа көрсеткіші (пайызбен) |
Өсімдік өнімдері | 97,8 | 140,0 | 167,3 | 130,3 |
Дайын тамақ өнімдері, сусындар, темекі | 116,1 | 103,6 | 113,6 | 100,6 |
Минералдық өнімдер | 127,3 | 109,2 | 153,8 | 139,3 |
Былғары шикізаты, былғары, табиғи үлбірлер | 96,0 | 138,9 | 133,8 | 123,6 |
Машиналар, жабдықтар, механизмдер, аппаратуралар және олардың бөлшектері | 119,9 | 110,3 | 134,1 | 125,3 |
Тоқыма және тоқыма бұйымдары | 94,8 | 110,7 | 132,2 | 105,6 |
*Қазақстан Республикасы өнімдерінің экспорттық жеткізілімі бағасының индексі
Республиканың тәуелсіздік алуымен байланысты сыртқы сауда географиясы мен бағдарлануы айтарлықтай кеңейе түсті. Егер 80-жылдары Қазақстанның сыртқы айналымының 80%-ы бұрынғы одақтас республикаларға тән болса, онда 2008 жылы бұл көрсеткіш 35%-ға дейін төмендеді. Әкетілімнің 80%-дан астамы өнеркәсіптің металл өңдеу және отын-энергетика салаларына келді. ҚР статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша Қазақстанға тауар әкелімі 2008 ж. 127,7%-ға жетті, бұл сол жылғы әкелімнен 23,4%-ға аз болды. 2008ж. Республикаға әкелім – 5,1млрд теңге, ал әкетілім 1,9млрд теңге құрады. Импорт құрылымында тамақ өнімдері мен темекі өнімдері 40% басым болды.
Соңғы жылдардағы тауар өндірушілер мен тұтынышылар арасындағы нарықтық байланыстардың негізгі формаларымен үстірт танысу түрлі елдердің кәсіпорындары арасындағы нарық байланыстарының жандануына жол ашады. Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіпорындары арасында тығыз экономикалық байланыстар орнатылды. Қазақстан көрші мемлекетке көмір, түсті металдар, құрылыс материалдарын, төбе жабындысын, мұнай өнімдерін жеткізіп берді; құбыр, насос, кабель бұйымдарын, қуатты К-700 бен К-701-ге трактор тіркемелерін алды.
Қазақстанның ТМД елдерінің барлық мүшелерімен қарқынды байланыстарының арқасында өндіргіш күштердің дамуы мен экономикалық әлеуметті ұлғайтуда елеулі ілгірілеуге қол жетті. Сонадй-ақ ТМД елдерімен сауда қарқынды даыды. Осы уақытқа дейін республиканың тұрақты және негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттер болып қала беруде, олардың үлесіне барлық экспорттың үштен бірі келеді.
Бүгін Қазақстан Республикасындағы экспорт тіршілікке қажетті технологиялық шикізаттың, азық-түлік, озық технологиялар мен валюталық ресурстардың қорлануы тек қана қажетті төлеу құралы емес – бұл әлемдік қоғамдастықтағы ұлттық экономика мен жаһандық үрдіс арасындағы құрал. Экспортты кеңейту ұлттық экономиканың сиықсызданған құрылымын қайта құру үшін қажет.
2008ж. ТМД елдерінде кеден статистикасының деректері бойынша тауар экспортының көлемі 2006 жылға қарағанда – 34,6%-ға, ал алыс шетелдерге 33%-ға артты. Есеп беретін жылда кеден статистикасының деректері бойынша алыс шетелдерден 2002 жылға қарағанда тауарлар 24,5%-ға артық импортталды. 2004 жыл үшін ТМД елдерінен тауарлар импорты көлемі 2002 жылға қарағанда 28,8%-ға артық.
Қалыптасқан үрдіс республиканың сауда саясатында айқын бағдарлаудың жоқтығы, импорттың шетел кредиттерінен тәуелділігі, экспортшылардың стихиялылығы мен қысқа мерзімділігі және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың болмауымен шарттасқан.