Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегі баға қалыптастыру саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 18:24, реферат

Описание

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру шараларын қалыптастырып үлгерді.

Работа состоит из  1 файл

Айдана 2.doc

— 115.50 Кб (Скачать документ)

  2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу 
Нары
қ жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі: 
1.
Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады. 
2. Ба
ғаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр. 
3. Ба
ғаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр. 
4. Ба
ғадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады. 
5. Ба
ғаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды. 
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

  2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс

  Бағаны тұрақтандыруда бағаға әсер ететін сұраныс пен ұсыныс ұғымдарына мән берілуі қажет. Әр түрлі тауарлардың бір бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. 
Б
ұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауардың санына көбейткенге Р х О тең
Нары
қтағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіндігі немесе баға өскенде кемитіндігі бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды. 
С
ұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті Еd былайша анықталады: 
ΔQ ΔР 
Еd= : ; 
Q Р 
С
ұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстың икемділігі ол нарыққа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті Еs: 
ΔQ ΔР 
Еs= : ; 
Q Р 
Немесе жо
ғарыда айтылған ойларды арнайы математикалық модельдеу үлгісінде жанама сызықтармен сипаттауға да болады. Бұл әдістер бағаны тұрақтандырудың сенімді әрі алдын ала бірнеше мерзімге дейінгі уақыттарды қамтиды. Енді джәл сондай математикалық модельдеудің үлгісінің алгоритмі ұсынылады: f(x)=0 түріндегі өрнек x = j(x) түріне ауыстырылады .

  Мысалы:

  Алғашқы жанасу есебінде x0 мына аралықтағы [a; b] кез келген нүкте алынады. Бұдан әрі процесс мынадай сұлбада іске асырылады: x1 = j(x0) 
x1 = j(x0) 
x2 = j(x1) 
x3 = j(x2)

  Жоғарыдағы теңдіктерді ескере отырып, мынадай жалпы өрнек құрастыруға болады: 
xn+1 = j(xn) 
Шешілетін
өрнек мынадай шартқа негізделген:

  Бұл әдісті қолдану үшін математикалық модельдеу үлгісінің мынадай реттілігі орындалады: . 
Алгоритмні
ң блок – сызбасы: 
Басталуы 
x0, e 
x = f(x0) 
Да 
x0 = x

  x, F0 
со
ңы. 
Экономикалы
қ теорияда баға тұрақтандырудың монетаристік бағыты ақшаның сандық жағына ерекше назар аударады да, өндірісті ұлғайту, еңбек өнімділігі, тауар құны деген категориялар жайына қалады. 
Монетарлы
қ теориялардың бірнешеуіне тоқталайық: мысалы ағылшын экономистері А.Маршалл және тағы басқалары мынадай теңдік ұсынады: Ms – kPY, мұндағы Ms – ақшаның номиналды саны, k – табыс пен қажетті ақша пропорциясы (тұрақты деп есептеледі); Р – бағаның абсолютті деңгейі; У – нақты табыс. Егер К мен У тұрақты болса ақша ұсыныстың саны ( Ms ) бағаның (Р) өсуіне әкеледі. Ақша туралы неоклассикалық теорияда ақшаға сұраныс (МВ-КРУ) жоғарыдағы формулаға жақын анықталады. Бірақ бұл теорияны жақтаушылар нарық жағдайындағы тепе-теңдікті білдіретін формуланы ұсынады: Ms -МД – яғни нарықта ақшаны ұсыну ( Ms ) оған деген сұраныспен тең болатынына сенеді. Үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарындағы капиталистік елдерді түгел қамтыған «ұлы дағдарыстан» шығарған Дж.Кейнс ақшаны жинап, сақтаудың үш психологиялық көзіне көңіл аударады: іскерлік үшін, алыпсатарлық және сақтық, болашақ үшін ақша. Сөйтіп ақшаға сұранысты Кейнс былай көрсетеді:

  МД-МД1+МД2=L1(У)+L2(r-r)

  мұндағы: 
МД1 – іске
қалдырылған ақшаға сұраныс; 
МД2 – алыпсатарлы
қ сұраныс; 
r – нары
қтық ставка проценті, 
r – к
үтілген процент нормасы. 
Монетарлы
қ теорияны тереңдетіп, ақшаның қызметін күшейтіп, оның беделін көтеруге көп үлес қосқан экономист – М.Фридмен. Ол ақшаға сұраныстың таза теориясын ұсынды.

  МД=РF (rb, re, p, h, y, и).

  Мұндағы әріптердің мәні: 
МД – номиналды а
қша қалдықтарына жоспарлы сұраныс. 
Р – ба
ғаның абсолютті деңгейі. 
rb – облигацияны
ң проценттік нормасы. 
re – акция табысыны
ң нарықтық курсы. 
р – ба
ға өзгерістерінің қарқыны. 
һұлттық байлықтың заттай құрылымдары. 
у – т
ұрақты бағадағы ұлттық табыс. 
и – а
қшаға сұраныстың басқа факторлары. 
К
өріп отырғанымыздай, монетарлық теорияда ақшаны ұсыну мен оған сұраныстың қарапайым жай түрінен күрделі жағдайларына дейін дамып отырған. Ең бастысы мұнда ақшаның М1, М2, М3 деген түрлеріне, акциядан, облигациядан түсетін табыстың процент нормаларына ерекше назар аударылған. Айталық, М1 ақшалары кәсіпкерлер мен іскер адамдарға, сауда мен өндіріс саласына қажетті ақшалар. Ал М2, М3 ақшалары – М2 және банктегі ақшаларды, акция, облигациядан түсетін проценттерді қосып алады. Егер Қазақстанда 22-00-дей әр түрлі банктер: мемлекеттік, халықтық, коммерциялық және жеке банктер бар екенін ескерсек, айналысқа қажетті ақшаны компьютер машинасының өздері де есептеп шығаруы қиын, ал үкіметтің ақша станоктері күндіз-түні істеп, ақша жасап үлгере алмай келеді. Айналысқа ақшаны көп шығару инфляцияны күшейтетінін елдің бәрі біледі. Нарыққа көшкенге дейін айналысқа керекті ақшаны К.Маркс өзінің ұсынған қарапайым формуласымен анықталды: ол тауар бағаларының барлық сомасын айналыс санына бөлгенге тең. Әрине ақша айналысына, айналысқа қажет ақшаға несиеге берілген тауарлар және басқа факторлар да әсер етеді. Қалай болса да нарыққа көшкенге дейін мемлекеттік банк ақша айналысына әсер етіп отырды. Шет елдерде, әсіресе, АҚШ-та жалпы ақша айналысын реттеп, қаржы-несие саясатын жүргізетін орталық банк, федералдық резервтік жүйе бар. Ол – банктердің банкісі. Басқа банктер оның қас-қабағына қарап әрекет етеді. Федералдық резервтік жүйе макроэкономикалық деңгейде қызмет атқарады. ең бастысы, банктік резервтерге бақылау жасап, осы арқылы ақша мен несиені ұсынуды реттеп отырады. 


Информация о работе Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегі баға қалыптастыру саясаты