Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 08:14, курсовая работа

Описание

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................4
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.І.Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері...............................................................6
1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның ролі.................................11
І.3.Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі...............................18
1.4.Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі......................................24
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1.Қазақстан Республикасы өнеркәсіп салаларының қазіргі
жағдайы..............................................................................................................29
2.2.Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп салаларының жағдайы мен оның республикадағы алатын орны................................................................40
2.3.Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде "ФудМастер" компаниясының алатын орны....................................................................................................................45
III. ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................56

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.docx

— 78.92 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес стандарттаудың мақсаттары болып:

● өнімдермен процестерге және қызмет көрсетулерге мөлшер-лерді, ережелермен сипаттамаларды бекіту;

● адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдер, процестер, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

● саудадағы техникалық кедергілерді болдырмау, ішкі және сыртқы нарықтарды бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз ету.

Халықаралық стандартты практикалық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданған және өткізілген республикалық «Сапа» басқару жүйесі құрылды. Осыдан бастап белгілі бір шеңбер ішінде практикалық көмек көрсету кәсіпорындарға азық – түлік сертификациясынан өндірістегі сертификатты басқару жүйесіне өтуі негізделген. Бұл стандарттар халықаралық ИСО-9000 стандартына сәйкес.

Қазақстан Республикасының Премьер министрінің тапсыруы бойынша 2001 жылдың 29 сәуір айынан № 9 Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінде бәсекелестікті жоғарылату және импортты алмастыру концепсиясы дайындалды.

ИСО-9000 халықаралық стандарттар жүйесіне ширақ енуі отандық өндіріспен тұтыну құрылымының  өзгеруіне жағдай жасайды. Машина жасау өнеркәсіптерінің даму стратегиясы 2002-2010 жылғы болжамы бойынша көліктерді импорттау және құрылғыларды импорттау, өндірістік қуатты құру, өндіріс көлемін ұлғайту, әсіресе импорт алмастыру кезінде халықаралық стандарт ИСО-9000 жүйесіне сай өндірілуі, кәсіпорынның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Жаңа цехтарды ашу, қосалқы бөлшектерді шығару, жаңа машиналарды жасау және өндірістің қарқынды дамуы онң өнім көлемінің ұлғаюы келесі өнеркәсіптерде байқалды: ААҚ «Карданвал» және «Экскаватор». Машина жасаудағы негізгі бағыт өндірістегі және машина жасау құрылғылармен қосалқы бөлшектер агроөнеркәсіптік кәсіпорындарда: «ЮКМЗ» ААҚ, «Механикалық завод» ААҚ, «Экскаватор» ААҚ, «Южмаш-К» ЖШС, «Түркістаннасос» ААҚ.

Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің дамуы өнім көлемінің өсуі, кәсіпорынның өнімге бәсекеге қабілеттілігін, мақта түтігін жаңа кәсіпорындар арқылы өңдеу, кәсіпорындарды жұмысқа қою, модернизациялау, техникалық құрылғыларды ауыстыу егілетін жер көлемін ұлғайту және мақта шикізатын ұлғайтудың негізгі кәсіпорындары: «Ақ-алтын» ААҚ, «Мырзакент» ААҚ, «Мақтарал» ААҚ, Жетісайлық филиал «Нимэкс» ЖШС.

Халықаралық стандарттар ИСО-9000 жоғарғы жұмыс процестер көмегімен жүзеге асырылады. Бұл стандарттың негізгі мақсаты дүниежүзілік нарықтағы стандарттарға сәйкес өнім шығару. 2001 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарға сапа жүйесі ендірілді, ол халықаралық стандарт ИСО-9000 негізделген. Халықаралық стандартпен жұмыс істеу бойынша 2002-2006 жылдары кәсіпорындардың санын қарқынды түрде өсіру жоспарлануда. Жұмыс істеуші кәсіпорындарды техникалық қайта құру бойынша:

● «ИнтерКомШина» ААҚ – жаңа жоба жасап шығарды, онда жаңа доңғалақтарды шығару көзделген.

● «Электроаппарат» - жаңа импортты алмастыру жобасын жасап шығарды онда итергіш элементтер, ваккумдық өлшегіштер жасап шығарады.

● ААҚ «Трансформаторлық завод» - жаңа трансформаторлық өндірістік импортты алмастыру жобасын жасап шығарды.

Агроөнеркәсіптік кешен – бұл ауыл шаруашылық және өндірістік кәсіпорындардың ортақ жүйесі, олар өзара тұрақты өндірістік  және коммерциялық қатынастармен тығыз байланысты жүйе болып табылады.

Елде қолданылатын агротехнологиялардың төмен деңгейі, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу технологиялардың және өндірістің машина механизмдердің төмен деңгейі айқын байқалады. Қазақстандық тұтынушылық тауарлар сапасы еуропалық деңгеймен бірдей, бірақ төменгі баға нарығы дамыған елдермен антидемпингтік шектеулер әсерінен бәсекеге төтеп бере алмайды. Қазіргі кезде ішкі нарықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бірінші кезекке қойылып отыр. Бәсекеге қабілеттілікті жоғырылатудың ең бастысы – бұл тауардың бағасын төмендету. Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізгі бағыттары:

● статистикалық берілгендерге қарай отырып бірлестіктер және

   тексерулер жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау;

● менеджмент пен маркетингті микродеңгейде жақсарту;

● пайыздық ставка деңгейін төмендету, ішкі нарыққа

   бағытталуы;

● мемлекеттік деңгейде ішкі нарықтағы тауар айналасына

   ақпараттық қолдау көрсету, бәсекелестерді білу,

   инвесторларды табу және шикізат материалымен қамтамасыз

   ететін стратегиялық серіктестерді  табу;

● монополия сферасындағы қатаң бағаны реттеу;

● кейбір тұтыну тауарларын өндіруге және технологиялық,

   техникалық деңгейде жоғарылату үшін шет ел инвесторларын

   тарту. Кейбір өндірістік тұтынушылық тауарлары шетел

   инвесторларына тиімді болуы мүмкін, оларды экспорттау

   мүмкіндігі туындайды;

● жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің құрылуы немесе жылдам

   дамуы;

● сапасы мен ассортиментін жоғарлата отырып бәсекеге

   қабілеттігін анықтау;

● отандық экономиканың текстильді тоқыма және былғары аяқ

   киім өнімдерінің тәуелділігі;

● шикізат және материалдар, дайын өнімді өндіру, ішкі нарықта

   отандық тауарларды тарату және т.б.

Алға қойған мақсаттар келесіні көрсетеді:

● өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату, отандық тауар

   бағасын бәсекеге қабілетті етіп елдегі импорт тауарларын

   ығыстыру;

● кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының

   жақсаруы;

● кәсіпкерлермен бірлестіктерге техникалық, технологиялық

   әдістемелік қолдау жасау, бизнес жоспарын дайындау;

● несиені кәсіпорнның екінші деңгейлі банктермен

   инвестицияны тартуға жағдай жасау.

Қорыта айтқанда ИСО – 9000 халықаралық стандарттар Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда енгізілген стандарттың негізгі экономикалық тиімділігі – жоғарғы стандарт.

ИСО – 9000 стандарты елімізде отандық кәсіпорындардың өндірген тауарларын шетелдерге шығаруға, бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай жасауы, елімізге шетел тауарлар импортына шек қоюы және отандық кәсіпкерлердің тауарына сұраныстың өсуі, тауар бағасының төмендеуі әсер етеді. Мысалыға, ЖШС «Шымкентпиво» 2004 жылы өнім өндіруді жаңа технологиямен, техникамен тауар сапасын жақсартып өндіруді көздеген болатын. Бұл тауар сапасы батыс елдерінің тауар сапасынан төмен емес. ААҚ «Шымкентмай» өндірісті модернизациялаумен қатар технологияларды дамыту арқылы бәсекеге қабілеттігін арттыруды 2006 жылға 29.8 мың тонна жоғарылатуды көздеп отыр, жоғарылау қарқыны 2004 жылы 11.5.5% құрады. Елде  қолданылатын агротехникалардың төмен деңгейі, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу технологиялардың және өндірістің машина механизмдерінің төмен деңгейі айқын байқалады. Әлемдік стандарттар деңгейінде өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар сапаны бақылау жүйесін өндіруі қажет. Бірақ бұл жұмыс біздің облысымызда төмен қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі кезде сапаның халықаралық жүйесімен облысымыздағы орта және ірі кәсіпорындардың 8-9 пайызы ғана айналысуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі

 

Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың әлемдік нарықтағы отандық өнеркәсіптердің бәсекеге қбілеттілігін арттыру мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған шет елдердің тәжірбиесін қарастырған жөн.

Нарықтық экономикаға өту жоғарғы сапаға жеткен әлемнің жетекші фирмаларының тәжірбиесін зерттеу қажеттілігін негіздейді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің жетекші фирмалары сапаға жету үшін барлық қызмет алға қойылған белгілі бір мақсатқа  бағытталуы керек деп есептейді. Сапаны арттырудағы негізгі рөлді тұтынушылардың талаптары мен тұтынушының бағалауларындағы қателіктері ақпараттар алады.

Бірқатар елдерде жүргізілген зерттеулер бойынша сапаға аз көңіл аударған компаниялар уақыттың 60 пайызын ақауларды жөндеуге кетендігін көрсеткен.

Сапаны арттырудың мәні Жапония мысалында жақсы көрінеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптері артта қалған, техникасы тозған, өндірген өнімнің сапасы өте төмен Жапония еліне ұлт ретінде жойылып кету қауіпі туды. Өнеркәсіпшілер өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын іздестірумен белсенді айналысып, Жапондық басқарушылар бүкіл әлем бойынша тәжірбиелерді зерттеген. Сондай-ақ АҚШ және Еуропа елдеріндегі жетекші өнеркәсіптік фирмалардың жетекшілерімен кездесіп, тиімді жақтарын қарастырған. Жапондық басқарушылар сапаны статистикалық бақылау және сапаны кешенді басқару ұғымдарына көп көңіл аударған сонымен қатар әр түрлі елдердің тәжірбиесін зерттей оырып, өнім сапасы мен өз жұмыскерлеріне жоғарғы талаптар қойылған.

Қорытындысында, Жапон елінде сапаның жапондық стандарттары және «Сапа мәдниеті» деп аталатын түсінік пайда болған. «Сапа мәдениеті» - өндірістік операциялардың орындалу сапасынан және қызмет көрсету сапасынан тұратын кешенді түсінік. Осылайша Жапония кәсіпорынның іс - әрекетінің жаңа әдістемесінің бастамасы болып, сапаны жалпылай басқаруға көшті. Бұл жаңа жүйе микродеңгейден басқа өнім өткізу нарығын бақылау, нарықтық коньюктураны талдау, сатудан кейінгі қызмет көрсетуден тұрады. Сапаны жалпы басқару тұтынушылар сұранысының өнім сапасына ықыласын күшейтті және сапа меннджер жұмысын бағалау критерилерінің санына кірді. Сондықтан компания менеджерлері сапаға басқарудың бір кезеңі ретінде қарамай, үлкен мән берді.

1950 жылыдың соңында, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде сапаны бақылаудың әр түрлі формалары пайда болды. Солардың бірі нөлдік дефекті немесе дефектісіз еңбек аталған болатын. Мұндай қолданылған шаралар, материалды және моральды ынталандырулар қызметкерлердің өз жұмысын ақаусыз, сапалы орындауына алып келеді.

1950 жылдары Жапонияда сапа үйірмелері белсенді қызмет етті. Сапа үйірмелері сапаны және қызметкерлерді басқарудың жапондық тәжірбиесі мен тұжырымдамасынан пайда болды. Сапа үйірмесі іс әрекетінің маңызды формасы шеберлер мен жұмыскерлерді оқыту болды. «Шебер үшін сапаны бақылау» деп аталатын журнал шығарыла бастады. Бұл үйімелердің негізгі мақсаттары:

● Кәсіпорынның дамуына және өндірісті жетілдіруге үлес қосу;

● Адамға құрмет көрсету кезінде, жұмыс орнында қуанышты жағдай құру;

● Адам қабілетін оятуға және оның шексіз мүмкіндіктерін анықтауға қолайлы жағдай жасау. Мұндай сапа үйірмелерінің саны Жапонияда 1965 жылы 3700-ге жетті. Жапондық сапаны басқару жүйесіндегі функцоналдаудың ерекше сипаттамасы дефектісіз еңбек әдісімен кәсіпорын қызметкерлерін жан жақты оқыту, технологияны сақтауды қатаң тексеру, өнім сапасын басқарудағы жұмысшыларды сапаны жақсату іс – шараларына тарту болып табылады. Соңғы жиырма жыл ішінде өнімнің сапасын жақсарту бойынша Жапонияны тәжірбиесіне көңіл ауғаны белгілі. Олардың тауарлары жоғары сапалығымен, американдық және батыс еуропалық тауарларынан анағұрлым төмен бағасымен ерекшеленеді. Сонымен Жапонияда сапаға деген көз қарас келесідей:

● Басқару және технология облысындағы ғылыми өңдеулердің

   кең қолданысы;

● Өз фирмасына деген патриоттық тәрбие;

● Барлық басқару операцияларында өндірісті талдау мен

   бақылауда компьютеризацияның жоғарғы дәрежесі;

● Кооперативті рухтың дамуы.

Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ фирмаларында өнім сапасын жалпы бақылау үш міндетті шартты ұсынады:

1. Сапа іс-әрекетінің негізгі стратегиялық мақсаты ретінде, фирманың жоғары жетекшілігімен мойындалуы. Сондықтан нақты міндеттер қойылып, оны шешуге белгілі бір қор бөлінеді. себебі сапаға қойылатын талапты тұтынушы аяқтайды. Өнім сапасы тұрақты өсіп отыруы қажет және бұл үздіксіз өзгеріп отыратын мақсат.

2. Өнім сапасын арттыру бойынша шаралар кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне тиісті болуы қажет. Көбінесе өнім сапасын арттыруға, жаңа бұйымды дайындау кезеңінде көп көңіл бөлінеді.

3. Белгілі бір жұмыс орнында үздіксіз оқу процесінің жүруі және жұмыскерлерді ынталандыру.

Американдық экономист А.Фейгенбауманның пікірінше қатаң бәсекелестік шартында, (АҚШ-та өндірілетін өнімнің 70% импорт өнімі тарапынан қатаң бәсекелестікте) фирма жетістікпен дамуы, келесідей қағидалармен жетекшілік етуінде:

● сапа фирма қызметінің бағыттарының бірі емес, ол

   кәсіпорынның барлық функцияларына қатысты үздіксіз

   процесс;

● сапаның артуы оның қалыптасуына әрбір фирма

   қызметкерлерінің қатысу деңгейінен тәуелді;

● сапа өнімнің өзіндік құнын төмендетуде кедергі жасамайды,

   керісінше жағдай жасайды;

● сапа жаңа техниканы және технологияны пайдалануды

   білдіреді;

● сапаны тікелей және тиімді басқару қажет.

Бұйым сапасын арттыруға  қойылатын талап, жыл сайы өсіп отырады, қазіргі уақытта әлемдік нарықтың сипаттамаларының бірі. Жаңа бұйымды талқылау жүйесі келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

● бұйымды талқылау кезінен бастап, барлық техникалық

   жаңалықтармен қатар сапа қарастырылуы қажет;

● ғылыми зерттеу және тәжірбиелі – конструкторлық жұмысты 

   жоспарлау, сипаттамалары жоғары бұйым варианттарын

   жобалауды шектемей ұйымдастырылуы қажет;

● бұйымды талқылауды жеделдету талқылау жүйесінің

    тиіділігінің негізгі белгісі болуы қажет.

1980 жылдың соңында нарықтық экономикасы дамыған елдер сапа менеждментін сертификациялау және ендіру, талқылаумен айналысты. Сапа менеджментіне жүйелі ыңғай қалыптасты. Өнім сапасына ғана емес көрсетілетін қызмет сапасына көңіл аударылды. АҚШ пен Жапония модельдерін жүзеге асырудың басты ерекшелігі олардың тұтынушыға бағытталуы. Американдық компанияларда өнім сапасының қалыптасуындағы негізгі элементі – тұтынушының талаптарын талдау болып табылады. Сапаны реттеу процесінің соңғы элементі де тұтынушының талабы болады, осылайша кері байланыс жүйесі құрылады. таңдап алынған сапа көрсеткіштері жоспарланған өз мәніне өндіріс процесінде жетеді. Эксплуатация, техникалық қызмет көрсету, жөндеуге кепілдік беру, сол өнім түріне қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі жөнінде қосымша ақпараттар береді.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері