Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 08:57, курсовая работа

Описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық жоспарлау мен болжау Курс.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

     Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын  жасаудың, бөлудің және пайдаланудың  ең төменгі, орташа және  жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері   қолданылады. Жиынтық   қаржылық   жоспарлауда  көбінесе  

- 18 -

орташа  нормалар мен нормативтер, нақтылы  шаруашылық органдарының қаржылық    көрсеткіштерін    жоспарлағанда    жеке    дара     нормалар    мен 

нормативтер пайдаланылады.

      Қаржылық нормалар мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп қисаптарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сандай ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.

     Көптеген қаржылық көрсеткіштер  бір мезгілде нормалар, нормативтер  немесе лимиттер бола алады,  мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі  қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер  де, нормативтер де немесе лимиттер  де болып табылады. Қызметтің  қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестеріндегі қаржы механизімінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс қимылы байқалып отыр 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 19 -

    ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау.

    2.1. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау 

     Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару  бюджетті жоспарлау мен болжамдау  арқылы іске асырылады. Бюджетті  жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік  құралдарды қалыптастыру мен  оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

     Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық  мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.  Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

     Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың  және оның маңызды құрамалы  буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

     Бюджеттік жоспарлау қаржылық  жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың  мақсаттық сипаттарымен, резервтердің  барлағымен және кірістер мен  шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

  

- 20 -

  Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

  • Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
  • Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
  • Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
  • Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
  • Бюджеттің жалпы және  шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

     Бюджетті жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландырудың қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарларды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылық қарастырылады.

     Мемлекеттік бюджетті болжамдау  маңында бюджеттің кірістік және  шығыстық бөлімдерінің дамуының  ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.

     Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

     Мемлекеттің бюджетін жоспарлау  мен болжаудың үш маңызды бағыттарда  жұмыс істеуді қарастырады:

  • Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;
  • әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
  • қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;
 

- 21 -

     Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдарды тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз еру.

     Бюджеттік жоспарлау бірлестік,  жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік  және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асылылады.

     Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік  принципі құрамына республикалық  және жергілікті бюджеттер кіретін  елдің мемлекеттік бюджетін құрумен  қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі  заңнамаларға сәйкес бұл принцип  республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындау негізделеді.

     Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі  орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркемесімен қамтамасыз етіледі.

     Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджеттік жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

     Бюджеттің кірістері мен шығындарының  теңгерушілік принципі бюджетті  қалыптастыруда баланстық әдісті  пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субввенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысақарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

     Дәйектемелік прицип бюджет жобасына  осы немесе басқа түсімдер  не шығындарды енгізу қажеттілігін  анықтайтын нормативті құқықтық  актілер негізі арқылы бюджет  жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

     Бюджетті жоспарлағанда аймақтар  арасындағы табиғатты климаттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары  жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланады. Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.

     Жергілікті бюджеттерде қолданатын  кірістерді бөлісу нормативтер  – ол әр дейгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтер тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуде байланысты.

  

- 22 -

  Мемлекеттің  алдағы жылғы бюджетке кірістердің  түсуін болжамдау Салық, Бюджет  кодекстер мен басқа да нормативтік  құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеметтік-экономикалық даму жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің ортамерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.

     Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық  саясатына сәйкес орта мерзімді  бюджеттік жоспарлау негізінде  бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны анықтайтын арнайы құжат – ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, жүргізіп жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға сәйкестігімен дәлелденеді.

     Республикалық бюджеттің атқарылуын  Қазақстан Республикасының Үкімет  қамтамасыз етеді. Заң актілерінде көзделген жағдайларда републикалық бюджетке тауарлық немесе заттай бөліктегі түсімдерге және оларды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттің мекемелердің жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда көрсетіледі.

Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық  бюджетке түскен түсімдердің олардың бекітілген көлеміне асып түсетін бөлігі мен республикалық меншіктегі және кен өндіруші әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық бюджеттік атқарылу туралы есепке көрсетіледі.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі  республикалық бюджет тапшылығын  қаржыландыру көздерін айқындайды  және бюджеттің атқарылу барысында  ағымдағы қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым мен функцияларын жетілдіру жөніндегі  

- 23 -

іс шараларды  жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды  іске асыратын мемлекеттік органдар тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.

     Бюджетті атқарылуы жөніндегі  уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:  тиісті қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді; бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық бюджетпен аудандар (қалалар) бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді.Бюджеттік бағдарламалардың паспортына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады.Растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері