Нарықты сегменттеу қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 11:31, реферат

Описание

Маркетинг тұрғысынан қарағанда нарықтар бір-біріне ұқсамайтын, әрбір рынокта ерекше тұтынушылардан тұрады.
Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әртүрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Ол рынокты сегменттеудің негізі болады.
Рынокты сегменттеу дегеніміз рыноктағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады.

Содержание

Кіріспе - 2 -
1. Нарықты сегменттеудің ұғымы және критерийлері - 3 -
1.1. Нарықты сегменттеу ұғымы......................................................................-3-
1.2. Нарықты сегменттеу критерийлері...........................................................-5-
2. Нарықты сегменттеу қағидалары....................................................................-7-
Қорытынды - 13 -
Қолданылған әдебиеттер тізімі - 14 -

Работа состоит из  1 файл

Нарықты сегменттеу РЕФЕРАТ.docx

— 56.68 Кб (Скачать документ)

    Тұтынушының тауарға деген  көзқарасы. Тұтынушылардың тауарға деген көзқарасы әр түрлі болуы мүмкін. Олар тауарға сүйсіне, ұната, немқұрайлы, жақтырмай немесе өшпенділікпен қарауы мүмкін.

    Әлеуметтік-психологиялық. Оларға жататындар: әлеуметтік тап, өмір сүру салты, жеке тұлға түрі. Автомобиль, киім, жылжымайтын мүлік, көне құнды заттар, картиналар, кітаптармен сауда жасау, ресторандар мен саяхат нарықтарын сегменттеуде бұл факторлар өте маңызды. Адам өзінің мәртебесі мен қоғамдағы орнын көрсететін тауарларды даңдауға жиі тоқталады. Жоғары әлеуметтік мерей-мәртебесі бар тұтынушылар маркалық тауарларды қымбат бағамен сатып алады.

    Өмір  сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын адам топтарының өмір мәнімен сипатталады. Өмір сүру салты бойынша жасалған қазіргі зерттеулердің көбі адамдардың өмірге деген қызығушылықтары мен пікірлерін талдауға негізделген.

    Жеке  тұлға түрі. Сегменттеудің бұл түрі косметика,темекі, спирттік ішімдіктер сияқты тауарларға пайдаланылады. Психологиялық тұрғыдан адамдарды: интроверттер, экстраверттер, тез және қиын сенушілер, импульсивті және консервативті тұлғалар түріне бөлуге болады. Интроверттер экстраверттерге қарағанда тауарларды консервативті көзкараспен таңдайды. Американ зерттеушілері Р. Экофф пен Дж. Эмсхофф сыра ішетін тұтынушылардың ішінен толғаным 4 түрін анықтады. Бұл өз кезегінде «Анхойзер-Буш» фирмасына жарнама компаниясын өткізуге көмектесті. Мысалы, көпшілік ортада ішуші – бұл табысқа жетуде өз мүдделерін ойлайтын, алға оза шығуға ұмтылатын тұлғаның түрі. Ал сыраны көп ішуші – басқа адамдардың мұқтажына сезімтал тұтынушының бір түрі. Олар өздерін жолы болмаған бақытсыздар деп есептейді. Оған кінәлі өздері екенін атайды.

    Сонымен қатар, тұтыну нарығын сегменттегенде, тұтынушылардың белгілі бір сауда  маркілеріне ниетін зерттеуге және сатып алудың маңыздылығына назар аудару керек.

    Нарықты сегменттеу үшін бірнеше белгілерді бір мезгілде қолдануға болады. Мысалы, геодемографиялық белгі, ол географиялық және демографиялық сегменттеудің  бірнеше өзгермелілерін бір мезгілде қолдануға болатын артықшылықтарымен  ерекшеленеді. Бұл белгілер халық  санағының мәліметтеріне негізделеді. Себебі, мұнда тұтынушылардың демографиялық  құрамы жайлы мәліметтер аймақтық түрде  топталған.

    Сонымен, маркетингтің шеберлігі фирма мүмкіндіктеріне  сәйкес келетін және ең көп пайда  әкелетін нарық сегментін анықтауға  көмектесетін белгілер үйлесімін таңдаудан көрінеді

Қорытынды

 

    Нарықты сегменттеу дегеніміз нарықтағы  тұтынушыларды әр түрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады.

    Маркетинг іс-тәжірибиесінде нарықты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге  ие болады:

  • тұтынушылардың әртүрлі тауарға деген қажетін қанағаттандыру деңгейін максималды дәрежеге жеткізеді;
  • фирманың тауарды өңдеуге, өндіруге, өткізуге кеткен шығындары ұжымды және үйлесімді болуын қамтамасыз етеді;
  • әлуетті тұтынушылардың іс-әрекетін айқындап, талдау негізінде қолайлы маркетинг стратегиясын жасауға көмектеседі;
  • тауардың, фирманың бәсекелік кабілетін жоғарылатуға қамтамасыз етеді;
  • бұрын басқа фирмалар ескермеген жаңа рынок сегментіне шығу арқылы бәсекелестік күресті жоюға немесе оны төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл бәсекеге кететін шығынды азайтады.

    Жалпы нарықты әр түрлі көз-қараспен бірнеше сегменттерге бөлуге болады. өйткені тауардың сұранысты тұтынушылардың көптеген ерекшеліктеріне байланысты сегменттеуге болады. Осы топтарды, таптарды қарастырып соған байланысты тауар шығару. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 
    
  1. Есімжанова  С.Р. «Маркетинг» Алматы 2003ж «Т.Рысқұлов»  атындағы қазақ экономикалық университеті.
  2. Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. «Маркетинг негіздері» Алматы 2002ж «Қазақ университеті».
  3. Сатыбалдыұлы С. «Маркетинг – нарықтану» Алматы «Білім» 1999ж.

Информация о работе Нарықты сегменттеу қағидалары