Өндiрiстiк құралдар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 17:51, реферат

Описание

Өндiрiстiк құралдар нарығы. Өндiрiстiк құралдарды iске асыру саласындағы тауарлық-ақшалай қатынастар. Нарықтық қатынастар субъектілері өндiрiстiк-техникалық тағайындау тауарларын сататын және сатып алатын өнеркәсiптiк кәсiпорындар болып табылады. Өндiрiстiк құралдар нарығының ұйымдастыру формалары болып қызмет ететіндер: тауарлық және шикiзат биржалары, тауарлық - делдалдық фирмалар, коммерциялық орталықтар, лизингтік компаниялар, бәсеке саудалар, жәрмеңке, сақтандыру қорлары. Өндiрiстiк құралдар нарығының монополиялық сипатының жоюына шара қолданатын және осы нарықты тексеретін тек мемлекет.
Өндiрiстiк құралдар нарығының тиiмдi жұмыс жасауы инфрақұрылымнан едәуiр дәрежеде тәуелдi болады.

Работа состоит из  1 файл

Нарық инфрақұрлым.docx

— 21.90 Кб (Скачать документ)

КСРО-ның бүкіл экономикасы сияқты, Қазақстанның ауыл шаруашылығында да тоқырау кезеңі кең етек алды. Оның басты себебі, бұл сала өндірісті бұрынғысынша қарадүрсін әкімшілік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылды. Интенсивті факторлар жүзеге асырылмады, керісінше экстенсивтік тұғырда шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар мен өнер тапқыштардың егіншілік пен мал шаруашылығындағы ауыр жұмыс процестерін механикаландыруға бағыттылған құнды ұсыныстары өндіріске енгізілмеді. Осы кезеңде аграрлық саланың артта қалуының басты себептері, ол әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде жүргізілген реформалар қиратып-бүлдіруші сипатта, орасан зор қаржы талап ететін мазмұнда іс-жүзіне асырылды; басқару жүйесінде өндірісті ұйымдастырудың экономикадан тыс әкімшілік-бюрократиялық тәсілі үстемдік етті. Аграрлық салада жүзеге асырылған жаңаша өзгерістер жоспарлы-әкімшілік қатынастарына сүйеніп, олардың қызметі ұзаққа бармай, шаруашылық есепті бойынша жүргізілген жүйесіз реформалар соңғы қортындысында мемлекеттік меншік пен орталықтан басқаруға негізделген жүйеге төтеп бере алмады. Сондықтан, да басқару тәсілі ретінде, ауыл шаруашылығы саласының экономикалық, саяси зорлық-зомбылық, күш көрсету ұтымсыз болып шықты.

Егеменді Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңнің қиыншылықтарынан арылып, бүгін де тұрақты даму жолына түсті. Аграрлық қатынастар теориясы, нарықтың даму барысындағы жіберілген қателіктер, оны түзету жолдары, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көңіл бөлу, кәсіпорындардың еңбегі ұйымдастырудың тиімді формаларын іздестіру жолдары, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларын дамытудың мәселелері т.б. қосымша зерттеуді талап етеді.

Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетті. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Реформа басталғалы он жылдың ішінде (1991-2001 ж.ж) егістіктің жалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайды, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемі 13,7 млн.гектарға қысқарған. Ауыл шаруашылығы минситрлігінің мәліметтеріне қарағанда 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы – 33%, ірі қара малы – 56%,қой және ешкі – 71%,) қысқаруы нәтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт – 1,7 есеге және жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген.

Өндiрiстiк құралдар нарығы. Өндiрiстiк құралдарды iске асыру саласындағы тауарлық-ақшалай қатынастар. Нарықтық қатынастар субъектілері өндiрiстiк-техникалық тағайындау тауарларын сататын және сатып алатын өнеркәсiптiк кәсiпорындар болып табылады. Өндiрiстiк құралдар нарығының ұйымдастыру формалары болып қызмет ететіндер: тауарлық және шикiзат биржалары, тауарлық - делдалдық фирмалар, коммерциялық орталықтар, лизингтік компаниялар, бәсеке саудалар, жәрмеңке, сақтандыру қорлары. Өндiрiстiк құралдар нарығының монополиялық сипатының жоюына шара қолданатын және осы нарықты тексеретін тек мемлекет. 
Өндiрiстiк құралдар нарығының тиiмдi жұмыс жасауы инфрақұрылымнан едәуiр дәрежеде тәуелдi болады. 
Нарықтық инфрақұрылым – бұл институттар және делдалдық құрылымдардың өндiрiс және оның барлық қатысушыларына қойылған мақсаттардың табысымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, тұтынушылар мен өнімдер (қызметтер) арасындағы масштабтардағы қайшылықтарды жоятын және бiртұтас нарықтық кеңiстiктегi барлық қатысушылардың алдына қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін жүйе.  
Бұл ұғыммен қатар басқа да терминдердің қолданылатынын атап өту керек: өндiрiстiк инфрақұрылым, әлеуметтiк инфрақұрылым, институционалдық инфрақұрылым және көтерме нарықтың инфрақұрылымы. 
Инфрақұрылым кешенiнiң ең маңызды буыны нарықтың тиiмдi жұмыс жасауын қамтамасыз ететiн, нарықтық элементтердiң кешенi болатын көтерме нарықтың инфрақұрылымы болып табылады. Оған биржа, коммерциялық банктер, аудиторлық фирмалар, инвестициялық компаниялар және т. б. жатады. 
Шетел тәжiрибесi көрсететіндей, өндiрiстiк құралдар нарығының жұмыс жасауы дамыған инфрақұрылым кешенiнен едәуiр дәрежеде тәуелдi болады.

Классификация – бұл ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне қарай қайта топтасуы. 
Қандай да бір топқа жататын объектінің белгісіне қарай топ болуын классификацияның негізі деп атайды. 
Шиеленістердің классификациясы дегеніміз – салыстырмалы түрде олардың мән –мазмұнына қарай белгілерін, байланысын, функцияларын, қарым –қатынасын, деңгейін анықтау үшін қажет. 
Классификация бұл – тек қандай да бір ғылым объектісін сипаттау ғана емес, бұл ғылым объектісі туралы пайда болу жаңалықтарын шиеленіс ұғымын кең мағынада түсіну тболып табылады. Классификацияның негізгі міндеті – көп жерде кездесетін шиеленістің жүйелік белгілерін анықтау. 
Егер классификацияға негіз ретінде көзге көрінетін шиеленістің белгісін алатын болсақ, онда ол табиғи белгі деп аталады. Мұндай классификациялар танымалдық мазмұнға ие. Мысалы, мұндай классификациялар топтық шиеленісті тудырады. Тәжірбиелік мақсатта зерттеуге қажеті жоқ шиеленістерді жасанды классификация деп аталады. 
Классификацияның мынандай негізгі түрлері бар: 
1. Типологиялық 
2. Систиматикалық 
3. Таксоманиялық 
1. Типологиялық классификация дегеніміз – егер шиеленісте маңызды белгі бар болса, онда ол типологиялық классификация деп аталады. Мұндай түр типологиялық классификацияға қарағанда, әлде қайда қиын түрлерге жатады. Типологиялық классификациядан көптеген шиеленістердің түрлері пайда болады. 
2. Биологиялық тілмен айтқанда систиматикалық классификация бұл – ғылымның жеке бір саласы, ол басқа классификацияларымен араласпайды. 
3. Таксономиялық классификация бұл – классификацияның негізін құрайды. Ол иерархиялық қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Биологияда және ботаникада таксономия систиматиканың бөлімі болып табылады. Ол таксономиялық жүйені зерттейді. Қандай да бір топтың, объектінің қоса бағынуды қарастырады.

ТАУАР БИРЖАСЫ – заңды тұлға құқығына ие ұйым. Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар өзінің атауында Тауар Биржасы немесе “биржа” деген атауды пайдалана алмайды.

Тауар Биржасы көпшілік қолды тауарлармен (астық, мақта, металл, т.б.) үлгілер және стандарттар бойынша ірі көлемдегі көтерме сауданы қамтамасыз етеді. Кейде биржалар тек бір топтағы тауарлармен ғана сауда жасауға маманданады. Мәміле мерзімдік сипатта болады (ең көп таралған мерзім – 6 ай), мұның өзі баға айырмасынан пайда табу мүмкіндігін туғызады. пайда табу мүмкіндігін туғызады. Биржалық баға туралы деректер биржалық бюллетеньдерде баға белгіленімі түрінде ұдайы жарияланып тұрады.

Алғаш рет 19 ғ-да пайда болды. Қазіргі кезде мамандандырылған биржалар ретінде кеңінен таралды. Биржадағы мәмілелер үш түрлі болып келеді, олар: 1) қолма-қол ақшалай төленетін мәміле, мұндай жағдайда тауардың дереу жеткізілуі көзделеді; 2) мерзімдік мәміле, мұнда тауар шартта көрсетілген белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізілуге тиіс; 3) реттелмелі мәміле, яғни ерекше биржалық шарттарға негізделген мәміле. Қазіргі заманғы биржаларда негізінен стандартталған тауар сатылады, шындығында тауардың өзі емес, оны жеткізуге жасалған келісімшарт қана сатылады.


Информация о работе Өндiрiстiк құралдар нарығы