Өндіріс негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:45, реферат

Описание

Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, төлем қабілеттілігі бар тұтыныс. Тауардың рыноктық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынасты көрсететін сызық сұраным қисығы деп аталады.

Работа состоит из  1 файл

Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздер1.docx

— 37.95 Кб (Скачать документ)
   

Азаматтық Авиация Академиясы 
 

  Факультет:         ДПЛ-11. 2. 2

  Курс:                    1 
 

           Реферат 

                      Тақырыбы: Өндіріс негіздері 
 

                                                                                                                                     

                                                   Орындаған: Мұхарбек Қ.

                                                    Тексерген:   Тулеубаева М. К. 
 
 

                                                            Алматы – 2011 жыл  
 

Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері,сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуі.

 
 
1. Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.

       Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, төлем қабілеттілігі бар тұтыныс. Тауардың рыноктық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынасты көрсететін сызық сұраным қисығы деп аталады.

       Сұраным заңы бойынша, әдетте тауарға баға төмендегенде, тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған сұраныс азаяды.

Сұраныс қисығы бір орында тұрмайды: әр уақыт сайын қозғалып отырады.

       Рыноктық сұраным көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, рынок көлемі, жинақталған мүлікпен сатып алушылар санымен және басқалармен қалыптасады.

      Тауарға деген сұраным мөлшері тұрғындардың ақшалай табыс деңгейіне тура пропорционалды. Баға көтеріңкі болса, тауарды сатып алушылар сұранымы төмен болады.

      Сұранымның жай – күйіне көптеген: экономикалық сипаттарға ( сиректік, бағалық, пайдалылық, жаңалықтық) ұлттық, аймақтық сипаттағы ( табиғи –климаттық жағдайға байланысты әртүрлі аймақтағы сұранымның ерекшелігі), демографиялық (әйел, еркек, балалардың өзіне тән ерекше сұранымдары),кәсіпқойлық ( атқаратын қызметіне,айналысатын тіршілігіне), дінилік, психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.

Сұранымның икемділік коэффициенті былай белгіленеді – «Е».

Егер «Е» көрсеткіші 1 – ден көп болса ( Е>1), онда сұраным икемді, ал егер аз болса, айталық, 0,5 сұраным икемсіз.

Әртүрлі топтағы тауарлар үшін сұраным икемділігі біркелкі емес.

Ұсыным – тауар өндірушілердің сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы.

      Ұсынымның мөлшері алдымен өндіріс шығындарына, қолданатын өндіріс технологиясының сипатына, дотация мен салыққа, тауарлар бағасына, баға өзгеруін күтуге, сатушылар санына, табиғи – климаттық жағдайға байланысты.

      Ұсыным заңына сәйкес, өндірушілер өндірілген өнімнің көбін жоғарғы бағамен сатуды ұсынады.Қалыпты жағдайда баға жоғары болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көбірек болады. Керісінше, тауар ұсынысы ұлғайған сайын,оларға баға төмендей түседі.          

        

         Аталып отырған бөлім бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналған.         

Сатылатын тауар біртектес (стандартты) және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байлансықа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да, факторлардың қалай әсер ететінің қарастырамыз.        

  Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді. 

         Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтунышы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі солғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.         

Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы, нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына, және т.б.         

Сұраныс қөлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді. Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.

       

           

        Мысалы:

1.                             Күнделікте өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш – баға. Жоғары деңгейде баға сатып алушыға үлкен кедргі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.

2.                             Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі оңдай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.

3.                             Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.

Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.   

Енді ауыстыру тиімділіг деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.

Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).

          Кейбір жағдайда тұтынушылардың  табысы өскенде сұранысы азаятын  тауарлар да болады. Мысалы, табысы  көбйген уақытта тұтынушылар  сарымай алады да, ал маргаринге  деген сұраныс азаяды. Немесе  табысы неғұрлым көбейген сайын  тұтынушылардың аяқ киім жөндеу  қызметіне деген сары май азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше  жаңа аяқ киім сатып алғанды  қалайды. Бұндай тауарларды немесе  қызметті төменгі сапалы тауарлар  деп атайды. Бұндай тауарларға  деген сұраныс табыс көбейсе  де азайып, сұраныс қисығы солға  қарай жылжиды.

         2.Ұсыныс туралы түсініктер         

Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.           

         Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың саны.  

        Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы  Алматы, 1995ж.

2.      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  (Жалпы бөлім). Алматы, 1995ж.

3.      Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан  - 2030”; 1-3 тараулар. Алматы,1997ж.

4.      Президенттің Қазақстан халқына жолдауы “2004 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары” 2003ж. 4-сәуір.

5.      Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау туралы мемлкеттің 1996-1998 жылғы Бағдарламасы, 10-шілде 1996ж. №1727.

6.      “Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау” туралы Қазақстан Республикасының Заңы. № 3 Х11, 4-шілде 1996ж.

7.      Әубәкіров Я.. ҚаидиевА., Досқалиева В. және т.б, - Экономика. Оқулық, Алматы: Экономика, 1997ж.

8.      Әубәкіров Я., Ескалиев К. Экономикалық теория негіздері. Алматы: Экономика,1996ж.

9.      Әубәкіров Я., Нәрібаев К. Ескалиев К.т.б. Экономикалық теория негіздері.

Алматы: Экономика, 1998ж.

10.  Дорнбуш Р.. Фишер Р.С. “Макроэкономика”. Алматы, КазМБА және білім баспасы, 1997ж.

11.  Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика негіздері. Алматы, 1997ж.

12.  Жүнісов Б., т.б. Нарықтық экономика негіздері. Алматы. 1996ж.

13.  Қожамкулов Т. Саяси экономия негіздері, Алматы,1996ж.

14.  Нүрпейсов Ж.К. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы, Ақмола, 1996ж.

 

15.  Мадешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Алматы. Экономика 1995ж.  
 
 

Информация о работе Өндіріс негіздері