Өндіріс шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:19, курс лекций

Описание

Шығындардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуына қарай жіктелуі өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялауда маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

ondiriswigindari.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

- жоспарлы көрсеткіштердің  өте терең негізділігін қамтамасыз  етеді;

- болжамдардың  нақтылығын жоғарылатуды қамтамасыз  етеді; 

- бақылау тиімділігін өсіреді.

2) өндіріс процесіне  қатысына байланысты тапсырыстар  және процестер бойынша өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құнын  анықтау әдістері пайдаланылады.

Процестер бойынша  калькуляциялау әдісі дайын өнім бірнеше өндірістік кезеңдерден  өңдеуден өтуі нәтижесінде пайда болатын өндірістерде пайдаланылады. Бұл әдіске байланысты шығындар есебі әрбір процесс бойынша, ал олардың іштерінде калькуляциялау баптары бойынша жүргізіледі.

Процестер бойынша  калькуляциялаудың екі түрі бар: жартылай өнімді және жартылай өнімсіз. Жартылай өнімді калькуляциялау әдісі бойынша алдыңғы өңдеу процесінің өнімі келесі процесс үшін жартылай өнім болып табылады немесе сыртқа сатылуы мүмкін. Бұл жартылай өнімдерді нақты шығындар, нормативті және жоспарлы шығындар бойынша есепке алу қажеттігін білдіреді. Мұндай жартылай өнімдердің құны "Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер" деп аталатын ерекше бапта көрсетіледі.

Жартылай өнімсіз  әдіс бойынша әрбір кезеңде тек  өңдеу шығындары ғана есепке алынады. Ал дайын өнімнің өзіндік құны барлық өңдеу кезеңдердегі материалдар, шикізаттар, өңдеу және жалпы өндірістік шығындардың сомаларын қосу арқылы анықталады.

Басқару есебінің тапсырыстар бойынша калькуляциялау әдісі аз сериялы, жеке өндірістерде, тәжірибелік-экспериментальды өндірістерде, жөндеу жұмыстарында қолданылады. Тапсырыстық тәсіл бойынша бір өнімді немесе аздаған өнімдерді өндіру жөнінде жеке тапсырысқа қатысты шығындар есебін жүргізеді және өнімнің өзіндік   құны   анықталады.   Бұл   әдіс   бойынша   калькуляциялық   баптар бойынша шығындар жиынтығы өндіріліп шығарылған өнімдер санына бөлінеді [3].

3) шығындарды  өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік  құнына толық қосуға қатысты  толық өзіндік құн бойынша  және қысқартылған өзіндік құн  бойынша есеп жүргізу әдістері  қолданылады. Толық өзіндік құн бойынша есеп жүргізгенде шығындардың барлығы олардың тұрақты және айнымалы, тура және жанама деп бөлінуіне қарамастан өнімнің өзіндік құнына қосылады. Өнімдердің өзіндік құнына тікелей апарылмайтын шығындарды жауапкершілік орталықтарына қарай бөліп, таңдап алынған база бойынша өнімнің өзіндік құнына апарады. Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен пайдаланылады және Қазақстанда қалыптасқан қаржылық есеп және салық салу жөніндегі нормативтік актілер талаптарына сәйкес келеді. Бірақ бұл әдісте өзіндік құн өндіріс көлеміне қатысты деген маңызды жағдай ескерілмейді. Егер кәсіпорын өндіріс көлемін сол шығындар мөлшерін сақтай отырып өсіретін болса, өзіндік құн кемиді, ал керісінше азайтатын болса, өзіндік құн артады.

Маржиналды  табыс жалпы өндіріспен қоса жеке өнім түрлерінің жалпы рентабельділігін сипаттайды. Яғни, маржиналды табыс мөлшері жоғарылаған сайын рентабельділік деңгейі де жоғары болады. Сонымен қатар, шығындардың тұрақты және айнымалы болып бөлінуі кәсіпорын қызметін талдауға және басқаруға, өнімдер ассортименті жөнінде, зиянды салаларды жабу жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ендігі кезекте  қысқартылған шығындар әдісін қолдану  арқылы шешім қабылдауға әсерін қарастырамыз. Айталық, кәсіпорын үш түрлі өнім өндіреді және сатады. Ол жөнінде деректер келесі кестеде топтастырылған.

Жоғарыда қаралған жағдайларға қатысты басқару  есебінің қысқартылған шығындар әдісін қолданудың тиімділігі жөнінде қорытынды  жасауға болады. Бұл әдіс төмендегідей шығындарды басқарудың маңызды міндеттерін  шешуге көмектеседі:

- өнім немесе  тапсырыс бағасының ең төменгі  шегін анықтау;

- әртүрлі өнімдердің  пайдалылығын салыстырмалы талдау;

- өнімдерді  өндіру мен сатудың тиімді  жолын анықтау;

- өнімдерді  өзі өндіру мен сырттан сатып  алу арасында таңдау жасау;

- өндірістің экономикалық тұрғыда тиімді технологиясын таңдау;

- тепе-теңдік  нүктесін анықтау. 

Сонымен қатар  бұл әдістің бірқатар кемшіліктері де бар:

- өнімнің толық  өзіндік құны анықталмайды;

- дайын өнімдер  мен аяқталмаған өндіріс құны  төмендетілген болады;

- тұрақты және айнымалы шығындарды бөлудің қиындығы.

 Өнеркәсіптік   кәсіпорындарда   басқару   есебі   әдісін   таңдап   алу   олардың спецификалық  ерекшеліктеріне байланысты, яғни, олардағы өндіріс процестеріне, олардың   ұйымдық   құрылымына,   қалыптасқан   корпоративті   мәдениетке   және басқаларына тікелей байланысты.

 

әдебиеттер 

 

  1. Тишков И.Е., Балдинова А.И. Бухгалтерский учет, 1999. 7 -44 с.
  2. Алданиязов К.Н. Управленческий учет и анализ: Учебное пособие-Алматы: Юридическая литература,  2008. -368 с.
  3. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет: Учебн. пособие для вузов/Пер. с англ. Под ред. Н.Д. Эриашвили; Предисловие проф. П.С.Безруких. - 3-е изд., перераб. И доп.-М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998. 778с.

Информация о работе Өндіріс шығындары