Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:52, реферат
Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіретін және материалдық өндірісте, сонымен қатар өндірістік емес салаларда да еңбек құралы ретінде пайдаланатын материалдарды активтер, негізгі құралдар болып саналады.
Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіретін және материалдық өндірісте, сонымен қатар өндірістік емес салаларда да еңбек құралы ретінде пайдаланатын материалдарды активтер, негізгі құралдар болып саналады.
Негізгі құралдарға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жылжымайтын мүліктер, көпжылдық жеміс ағаштары, жер учаскелері, өнім беретін малдар және басқа да негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдардың нақты бағасы, сатып алу үшін жұмсалған шығындармен, импорттық баж салығынан және басқа төленбеген салықтардан, активті жұмысқа пайдалануға жарайтын деңгейге жеткізу үшін тікелей жасалған шығындардан құралады. Сатып алу кезінде баға бойынша жасалған жеңілдіктер сатып алу құнынан шегеріледі.
ХҚЕС пен ҚЕҰС стандарттары бойынша амортизация есептеудің бірнеше тәсілі қарастырылыда. Ұйым негізгі құралдарды экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану мақсатында, басқа тәсілді таңдап алғанға дейін, жылдар бойы өзгеріссіз қолданылады. Таңдау кезінде табыс пен кіріс тең болу принципі сақталуға тиіс. Мысалы,өндірістік кешенді пайдаланудан түсетін табыс жылдарға тең бөлінген, олай болса, шығындар қатарына жатқызылатын амортизацияны есептеу үшін бірқылыпты тәсіл пайдаланылады. Егер объектіні пайдаланудан ол біртіндеп тозатын болса, онда амортизация есептеу үшін басқа тәсіл таңдалуы мүмкін. Негізгі құралдардың әр тобы бойынша төмендегі тәсілдердің бірі таңдап алынады:
Материалды емес активтер
Кейбір қаржылардың түрі де, айталық дебиторлық қарыздар мен төленген аванстар, көзге көрінбейтін активтер болып саналады, бірақ олар қысқа мерзімді болғандықтан материалды емес активтердің қатарына жатқызылмайды. Материалды темес активтер төменгі бағамен сатып алынуы мүмкін және кейіннен олардың бағасының өсуіне қарамастан, баланстағы құнын өзгертпейді. Материалды емес активтер нарықтық баға бойынша сатпы алынған болса, есеп жүйесінде сол сатып алынған бағасымен көрсетіледі.
Жаңа өнімдерді өндіруге байланысты жасалған шығындарды, өнімнің өзіндік құнына, келешектегі шығындар ретінде, белгіленген уақыт ішінде бөлшектеп қосып отыру туралы шешім қабылданған. Ондай шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу есебін, оларды топтап шығаруды бастаған кезде, шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай, сметалық шығындарды ескере отырып жүргізеді.
Ұйымның материалды емес
Материалды емес активтер бастапқы кездегі жасалынған шарттағы бағамен немесе арнайы құрылған комиссияның қойған бағасымен кіріске алынады. Кей жағдайда материалды емес активтер өздерінің нақты құнынан әлдеқайда жоғары бағаланады. Бұл активтердің материалдық үлесі болмағанына қарамастан, олар келіп түскен құжаттарына сай, материалды емес активтердің амортизациясы көрсетіле отырып, есепке алынады.