Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы

Автор работы: e**********************@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 01:35, курсовая работа

Описание

Мұнай негiзгi отын ресурсы болғандықтан, ағымдағы ұзақ мерзiмде, қазiргi заман энергетикасының шикiзат көзi болып қалады және осы ресурстармен қамтамасыз ету сұрақтары немесе жеткiзу кепiлдiктерi белгiленген бағада негiзгi стратегиялық даму бойынша қалыптасады, сондай-ақ әлемдiк шаруашылықтың негiзгi мәселесi болып табылады. Әлемдiк елдерде энергетикалық баланс бойынша мұнай мен газ үлесi, энергияның көздерiне қарағанда тез өседi. Егер энергияға сұраныс бiр жылда орташа 5%-ке өссе, онда мұнайға 7-8%-ке дейiн көтерiледi.

Содержание

Кiрiспе 3 - 4
I. Бөлiм. Өнеркәсіп кәсiпорынының инвестициялық стратегиясы 5 - 18
1.1 Инвестициялық үрдістiң мағынасы және экономикалық мәнi 5 - 12
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайы 12 - 14
1.3 Қазақстан Республикасындағы кәсiпорынның инвестициялық iс – әрекетiн мемлекеттiк реттеу. 14 - 18
2.Бөлiм. Кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру ..........
..............................................................................................................................19 - 29
2.1 Кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру мәселелері……………………………………………………………............19 - 23
2.2 «Торғай – Петролеум» ЖАҚ – ғы инвестициялық тартымдылығын талдау мәселелері.......................................................................................................... 24 - 29
Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 31

Работа состоит из  1 файл

Бауыржан курсовой.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

     

МАЗМҰНЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кiрiспе

 

     Қазақстан  өз  тәуелсiздiк  мезгiлiнде  көптеген  мемлекеттiк  iлгерiлеу  мен өркендеуге қол жеткiздi. Қазақстан мемлекеттiк  экономикалық  инвесторларды  өзiне  тартуда  қоғамдық  кеңiстiктегi  бiрден-бiр  жетекшi  роль  атқарды. Ол  тек  стратегиялық  шикiзат  түрлерiн  экспортқа  шығаратын  мемлекет  қана  емес, сондай-ақ  инвестицияны   жүзеге  асырудағы  қолайлы  орта  мен құқықтық  база  болып  табылады.  Қазiргi  кездерде Қазақстан экономикасының  негiзгi инвесторлары  болып АҚШ, Азия  және  Еуропа  компаниялары  болып табылады.  Егер олармен жасалған жоба инвестициялық көлемге қолайлы болса, онда  ол  заңды деген сөз.

    Қазақстанның  өркендеуiндегi  ұзақ  мерзiмдi  басым жоспарлардың  бiрi  Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы, яғни “Қазақстан-2030”   бағдарламасы  болып отыр.  Онда  «экономикалық өсу, шетел инвесторларын жоғары  деңгейде  тарту экономикалық өркендеуде  бағытталады» - деп аталып  көрсетiлген.

        Қазақстан  Республикасының  экономикаға  көшудегi  негiзгi  өркендеуiн, қорлардың сақталуын, жоғары технологиямен  экологиялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  етуiн  инвестицияның  мәнiнсiз  елестету  мүмкiн  емес.  Әлемдiк  тәжрибе  дәлелдеп  отырғандай  ЖIӨ- нiң әрбiр  өсу  пайызына  мемлекет  кем  дегенде  3% өндiрiстiк  инвестиция  бөлуi  керек.

     ҚР  пайдалы  қазбалар қорына  кең  көлемдi  ауыл-шаруашылықтың   пайдалы жерлерiне, маманданған кадрларға,  сондай-ақ белгiлi  деңгейдегi  өнеркәсiптiк әлеуметке өте  бай,  бiрақ  оларды  тиiмдi пайдалануға  инвестиция  жеткiлiксiз .

    Қазақстан экономикасының өркендеуiне  Үкiмет қана емес, iшкi  инвесторлардың  өздерi де  толық алып кетуге дайын  емес. Сондықтан  сыртқы  инвестицияларды,  онда да отын –энергетикалық немесе минералды  шикiзат  секiлдi  стратегиялық  салаларды  тартуға  тура  келуде.

    Бүгiнгi күндерi халықаралық қорды  импорттау Қазақстан экономикасын  жылдам өсiрудiң бiрден-бiр жолы  болып отыр. Бiздiң республикаға  инвестицияларды  тарту  тиiмдi  болу үшiн,  шетел инвесторларына  барлық  жағдайды  жасау  керек, яғни  қолайлы  инвестициялық  ахуал  туғызу  қажет.

    Инвестициялық  ахуалды  жақсарту  үшiн  шетелдiк  және  отандық   қормен  технология  масштабын   қамтамасыз ету керек.  Егер  республикалық кен ресурстары жоғарғы потенциалдық  мүмкiндiктермен  бiрге  пайдалы  қазба  бағамының  саны  мен  коммуналдық  меншiк  құны  нақты  облыстық  қарыз – несие  қорымен  есептелсе,  онда  iшкi және  шетел  инвесторларын  тарту  нақтылы  алғы  шарт  бойынша  жүзеге  асады.

      Мұнай  негiзгi  отын  ресурсы болғандықтан, ағымдағы  ұзақ  мерзiмде, қазiргi заман энергетикасының шикiзат көзi болып қалады және осы    ресурстармен қамтамасыз ету сұрақтары немесе жеткiзу кепiлдiктерi  белгiленген  бағада  негiзгi стратегиялық даму бойынша қалыптасады, сондай-ақ әлемдiк шаруашылықтың негiзгi мәселесi болып табылады. Әлемдiк елдерде энергетикалық баланс бойынша мұнай мен газ  үлесi, энергияның көздерiне  қарағанда тез өседi. Егер энергияға сұраныс бiр жылда орташа 5%-ке  өссе, онда мұнайға  7-8%-ке  дейiн  көтерiледi.

     Экономикалық дағдарыстағы  Қазақстанның  өркендеуiнiң  негiзгi мөлшерiн  мұнай  құрап  отыр.  Мұнай  мен газдың  қосалқы  қоры  жуықтағанда 2,1 млрд тонна  мұнай  мен 1,65  триллион м3 газды құрайды.

     Мұнайдың    негiзгi  шығатын  жерi  Батыс  Қазақстан (Маңғыстау,  Атырау облыстары) және 80 жылдардағы Қызылорда облысының  территориясындағы Құлкөл кенiшi болып табылады. Бұлар Қазақстанның жылдық мұнай  деңгейiнiң  өсуiн  сипаттайтын  бiр ғана  өнiм.  Мұнай  өнiмi  жаңа  ұңғыларды  енгiзуге  байланысты,  қазiрше  тек интенсивтi ғана емес, сондай-ақ  экстенсивтi  сипатта  болып  отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I. Бөлiм. Өнеркәсіп  кәсiпорынының инвестициялық стратегиясы

1.1  Инвестициялық  үрдістiң  мағынасы және экономикалық  мәнi

 

       Экономикалық жүйенiң үздiксiз жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн өндiрiстiк процесс ресурстар шығынын әрдайым жаңғыртып отыруы керек. Экономикалық ресурстардың бiрi өндiрiстiк қор жиынтығы – капитал  (қор) болып табылады. Өндiрiстiк қорды (негiзгi капиталды) iске асыру, кеңейту, оған жағдай жасау инвестицилық процесс кезiнде жүредi. Инвестициялық процесс 2 түрде қарастырылады: кәсiпорынның негiзгi қорындағы құндық ағын бойынша және келешек қосымша қор түрiнде. Сондықтан,  инвестицияны кейде iс-әрекетiне қарай күрделi қаржы жұмсау процесi, ал оның нәтижесi - “капитал (қор) игiлiгi“  деп түсiндiрiледi.

Инвестиция   объектiсi  келесi  түрде  болады:

  • жоба  масштабы (шағын  жобалы  және  мега жобалы);
  • жобалық бағдар (коммерциялық, әлеуметтiк, мемлекеттiк қызығушылыққа байланысты, т.б)
  • инвестициялық  циклдың  мағынасы  және  сипаттамасы  (өмiрлiк  циклдың  барлық  этабында немесе  бiр  ғана  этапта);
  • Мемлекеттiң қатысу деңгейiне және сипатына қарай  (мемлекеттiк күрделi қаржы, акция  пакетi, салық жеңiлдiктерi, кепiлдiк, т.б.  формалар);
  • қор  салудың   негiзгi  құндылығы  және  деңгейi;

      Инвестициялық қызмет субъектiсi  инвесторлар (инвесторлық iс-әрекет  жүргiзетiн заңды және жеке  тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмыс атқарушылар,  инвесторлық iс-әрекет объектiсiн қолдаушылар, сондай-ақ жабдықтаушылар, заңды  тұлғалар (банктiк  сақтандыру  және делдалдық ұйымдар, инвесторлық қорлар) және инвесторлық процесстiң басқа да қатысушылары болып табылады.

     Инвесторлық қызмет субъектiсiн  тұтынушылар болып, инвесторлар сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және  мунипалдық ұйымдар, инвесторлық объектiсi  қалыптасқан шетел  мемлекетi және халықаралық ұйымдар табылады.

     Инвесторлық қызмет объектiсi инвестицияны тәжiрибелi өткiзудегi инвестициялық аяда ( салада) iске асырылады.

      Инвестициялық  ая ( сала) құрамына  кiретiндер:

  • негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қор саласындағы инвестициялық қаржы  жүретiн күрделi құрылыс аясы;
  • ғылыми техникалық өнiм мен интеллектуалдық капитал өндiретiн инновациялық  ая;
  • қаржы капиталы айналысының аясы (ақшалай, саудалық және әртүрлi  жағдайлардағы  қаржылық  мiндеттер).

    Инвестиция  бiр жағдайдан екiншiге ауысуға  қолайлы экономиялық жүйенiң даму көзi  болып табылады. Мағынасына қарай, инвестициялық процесстi өндiру әлеуметтiк-экономиялық жүйе жағдайындағы анықталған өзгерiстерге байланысты және инвестиция мақсатын сипаттайтын параметрлер көмегiмен көрсетiлген, белгiленген жағдайдағы  мақсатты бағыттағы процесс.

     Инвестициялық процесстiң өзiн экономикалық жүйе негiзiнде көруге болады. Оның жұмыс iстеуi күрделi өзара iс-әрекеттегi кешеннiң iшкi және сыртқы факторы бойынша жүзеге асады.

                      Инвестициялық  процесс кестесi 

                      SH   IYI                Sk

                            IXI                                                                              

                                              IZI                                                                               

                                                                  

                                                                   IZ1I                                                   

                                                        

                                             

IXI -  бастапқы жағдайдағы вектор

-   нәтижелер векторы

IZI-   iшкi факторлар векторы

IZ1I -  iшкi қоршаған орта әрекетiнiң векторы

ISkI-  кәсiпорынның соңғы ( қалауы бойынша) жағдайы

ISHI-  кәсiпорынның бастапқы жағдайы. 

     Инвестиция – экономиканың  әр  түрлi  саласындағы ұзақ  мерзiмдi   сақтауға  және  ұлғайтуға салынған  күрделi   қаржы.  Елдi  қызықтыратын  инвестициялық   капиталды қолдану белгiсiне,   ұсыну жағдайына үш  түрлi   каналға бөлуге  болады.

 А  тобы,  экспорттық  несиенi  құрайды, яғни  тек  экспорттық  елдердiң  қызметi  немесе  тауар   сатып  алуына  қарай  берiлген  несие  түрiндегi   бiр  немесе  топтасқан  жоба. Олар 2  негiзгi  түрде  жүзеге  асырылады:

  1. Инвестициялық, яғни 3 жылдан жоғары  ұсынылған технология, құралдарды  жеткiзу  мақсатындағы;
  2. дайын  тұтыну  тауарын, сондай-ақ  инвестициялық  жобаға  негiзсiз  құралдар  мен  қосымша  бөлшектердi  жеткiзу

       (3 жылға  дейiнгi  мерзiм).

     Әлемдiк  тәжiрибеде  ыңғайлы экспорттық несиелер iрi, сенiмдi  банктердiң кепiлдiгiмен ғана берiледi. Бiрақ, экономикалық  өтпелi  елдерде саяси және экономикалық тәуекелдiлiк бойынша  экспортерлар   үкiметтiк  кепiлдiктi қажет  етедi.  Бұл  жағдайда  кепiлдiк  үш  деңгейдi  қамтиды:

Соңғы қарызгердiң қарсы  кепiлдiгi;  қарызгер  елдердiң  банктiк  қарсы  кепiлдiгi;   қарызгер  мемлекет  кепiлдiгi. Бұдан  несиенi  өтеу  жауапкершiлiгi  ең  бiрiншi  қарызгерге, тәуекелдiлiк  есебi  бойынша  банкке, содан  кейiн  бюджетке  жүктеледi.  Үкiметтiк  кепiлдiк – банк  бекiткен  несие туралы  келiсiмнiң негiзгiсi   болып    табылады.

Б  тобы, дамуға  байланысты арнайы  көмектi (ДАК)  құрайды.  Экономикалық  дамудағы арнайы  көмек  мемлекетке үкiмет аралық  деңгейде ұсынылады  және  оның  екi  формасы  бар:  техникалық  және  қаржылық.

    Техникалық  көмек әртүрлi  аумақтағы қызмет  көрсету: оқуға, кеңес беруге,  құрал-жабдықтарды   сатып алуда жүргiзiледi. Бұндай  көмек 2 түрде жүредi:

    1. Грант – техникалық көмек  алушы  елдерге өтеусiз, тегiн  беру;
    2. Қарыз – техникалық  көмектi   төлеммен  жылдам  және  қайтарылым  негiзiнде  беру.

      Қаржылық  көмек   әлеуметтiк – экономикалық  мiндеттердi  шешуге  қажеттi  инвестициялық  жобасындағы  импорттық  тауар  мен төлемдiк  байланысты қолдануға  жүргiзiледi.

В  тобына, шетел  қаржыларының  елдiң  экономикасына   келiп  түсуiндегi  қосымша  құн  бөлiмi  бойынша   қаржыланған  инвестиция  жатады. Ол  2  түрге  бөлiнедi:

Тура  инвестиция (нақтылы  немесе  қаржылық  үлгiдегi)- кәсiпорынның  жеке  тәуелдiлiгi  бойынша  ел  экономикасына  шетел  қаржыларын  салу  және  қоржындық инвестиция қаржыларын салу және қоржындық  инвестиция (қаржылық) - жалған  капиталға қаржылық  қор салу:  акция және  т.б бағалы  қағаздар. В тобындағы инвестицияның тартымдылығы (үкiмет үшiн)  кепiлдiктi  қажет ететiндiгi  болып табылады.

  Халықаралық   қоржындық  инвестиция мемлекеттiк   төлем  балансы  бойынша   мемлекеттiң  қаржысын  әр  түрлi  iшкi  және  сыртқы  факторлардың   әсерiнен  реттеп  отырады. Инвестицияланатын   экономикалық  даму  бойынша ұзақ  мерзiмдi  тура  инвестициядан айырмашылығындағы басты мақсаты   элемент бойынша   жеке  және  қарыз капиталы  көлемiнiң өсуiне  байланысты  қаржылық  қор алу.

        Олар  қысқа  мерзiмдi толқу бойынша макроэкономикалық   жағдайдағы өте сезiмтал, әрi  әсерлi  және  де  әлемдiк нарық жағдайының өзгеруiне  байланысты   көп жұмылдыруымен   сипатталады.   Төлемдiк байланыстағы  қоржындық инвестиция  акция бойынша, сондай-ақ орталық  банктiң  валюталық  және  тура  активтер  құрамы арқылы  келетiн ұзақ  және  қысқа мерзiмдi  қарыздық  бағалы  қағаз бойынша операция жүргiзiледi.  Қоржындық инвестициядағы   компанияның   акционерлiк   қорына   иелiк үлес  құқығын беретiн бағалы  қағаздарға  100%  акциядан аз  бейрезиденттер немесе   кәсiпорынның  акционерлiк  капитал  көлемiне  байланысты  американдық  ғалым  депозиттiк  қолхаттар  жатады. Қазақстандағы  бағалы  қағаздар  нарығы  жергiлiктi  нарық  қорындағы   еркiн  тәртiптегi  бейрезидентке  қол  жеткiзу бойынша түсiндiрiледi. Шетелдiк қоржындық инвестиция  республикада  шексiз. Қазақстандағы   нарықтық  жағдайдың дамуындағы  негiзгi  факторлар   шетел инвестицияларын тарту болып табылады. Сыртқы  инвестицияларды    тартудың  негiзгi  себебi экономикалық  саладағы   көптеген  шаруашылық субъектiлердiң қаржылық – экономикалық  жағдайына  байланысты  болып  отыр.   Бiрiншiден,   осы  кәсiпорындағы  өндiрiс  көлемi  50  пайызға  және  одан да  көпке  төмендеген.  Құнсыздықтың өсуi айналым  капиталын  қысқарта  отырып, жеке айналым  қорынсыз  қалуда. Екiншiден, амортизациялық саясаттың болмауы. Үшiншiден, ТМД елдерiндегi, сондай-ақ Қазақстанда қазақстандық өнiмдердi   тұтынушылар  ауыр  жағдайға  душар  болуда  және  уақтылы  төлем  мүмкiндiгi  жоқ  болғандықтан  төлемнiң  өсу  жағдайына  әкелуде. Бiрақ  шетелдiк  инвестициялық  ресурстарды  тарту  мүмкiндiгi   тек  таза  қаржылық  аспект  бойынша  анықталынады. Отандық  машина   құрылымын  қолданбау және өндiрiстiк құралдардың тозуы көптеген  экономикалық салалардың құрал-жабдықтарды шетелдерден  валютаға  сатып  алуына  әкеп  соғуда.  Бұл  жағдайда  шетелдiк  инвестиция iшкi дамуды  жылдамдатқыш  болып  есептеледi.

Информация о работе Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы