Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 14:52, лекция

Описание

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактірлері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілу қажет. Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенің көрсетіп отыр.

Содержание

1.Қоғам өміріндегі өндірістің мәні. Өмірдің табиғи және әлеуметтік жағдайлары. Игілік, өнім, қызмет. Қажеттіліктердің жіктемесі. Ресурстардың түрлері. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.
2.Еңбек процесінің қарапайым сәттері. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар. Кооперация, мамандану, еңбек бөлінісі.
3.Өндірістің негізгі факторлары: еңбек, капитил, жер және кәсіпкерлік қызмет. Өндіріс факторларының өзара орын алмастырушылығы. Еңбек өнімділігі мен қарқындылығы.
4.Өндірістің өсуінің өндіріс факторларын пайдаланудан тәуелділігі. Өндірістік функция.
5.Өндірістің мақсаттары мен нәтижелері. Өндірістін тиімділігі.
Қоғамдық өндіріс. Ұдайы өндіріс. Қоғамдық өнімнің қозғалыс сатылары.
Ресуртардың, өнімдер мен табыстың ауыспалы айналымы

Работа состоит из  1 файл

Экономика.docx

— 25.03 Кб (Скачать документ)

Практикалық сабақ 2.

Қоғамдық өндіріс  және оның құрылымы

 

1.Қоғам өміріндегі өндірістің  мәні. Өмірдің табиғи және әлеуметтік  жағдайлары. Игілік, өнім, қызмет. Қажеттіліктердің  жіктемесі. Ресурстардың түрлері.  Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.

2.Еңбек процесінің қарапайым  сәттері. Өндіргіш күштер мен  өндірістік қатынастар. Кооперация, мамандану, еңбек бөлінісі.

3.Өндірістің негізгі факторлары: еңбек, капитил, жер және кәсіпкерлік қызмет. Өндіріс факторларының өзара орын алмастырушылығы. Еңбек өнімділігі мен қарқындылығы.

4.Өндірістің өсуінің өндіріс  факторларын пайдаланудан тәуелділігі.  Өндірістік функция. 

5.Өндірістің мақсаттары  мен нәтижелері. Өндірістін тиімділігі.

Қоғамдық өндіріс. Ұдайы  өндіріс. Қоғамдық өнімнің қозғалыс сатылары.

Ресуртардың, өнімдер мен табыстың ауыспалы айналымы.

 

1.Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактірлері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілу қажет. Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенің көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл иеленушілік немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түндегі сипатта болады – өнім қауым мүшелері, құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды, ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады.

Қоғамдық өндірістің тіпкі нәтижесі оның өнімі. Ол қоғамдық сипатта, өйткені қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатынасады. Әрбір өнімнің өзіне тән сипаты болады: тұтыну құны (белгілі бір қажеттілікті өтеу сипаты) және айырбас құны немесе құн (еңбек шығыны, оны өндірумен байланысты адамның физиологиялық мағынада жұмыс күшін жұмсау).

Қоғамдық өнімге әр қилы материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсету  кіреді. Материалдық өндіріс құрамына материалдық игіліктерді өндіру саласы (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс) сонымен қатар материалдық қызмет көрсету – өндірістен тыс игіліктер (рухани) өндіру мен қызмет көрсету (денсаулық сақтау, ғылым, кеңестер беру) жатады. Қоғамда белгілі бір уақыт ішінде (мәселен бір жылда) өндірілген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы қоғамдық жиынтық өнімді құрайды. Ол материалдық өндіріс саласындағы қызметкерлердің еңбегімен өндіріледі.

Экономикалық  ресурстар дегеніміз – тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи және адамның қатысуымен өндірілген ресурстар (игіліктер). Оған ғимарат, құрылыс, жабдықтардың барлық түрлері, жер және әр түрлі табиғи байлықтар жатады. Экономикалық ресурстар (өндіріс факторлары) былай бөлінеді: 1.Табиғи ресурстар – («жер»). 2.Материалдық ресурстар – (капитал). 3.Адамдар ресурстары – (еңбек пен кәсіпкерлік қабілет). 4.Қаржы ресурстары. 5.Ақпараттық ресурстар. Ресурстар жиынтығының ішінде әрбір фактордың өз орны және нақтылы қызметі бар.

Табиғи ресурстар – бұл тауарлар мен игі қызметтерді (игіліктерді) өндіру кездегі пайдаланылатын табиғи заттар. Оған жанды табиғат, минералды және орман-су ресурстары, күн қуаты, сондай-ақ өзіміз тыныстайтын ауа да кіреді.

2. Еңбек – дегеніміз мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасындағы заттардың өзгеруіне себепкер болады, бұл алмасуды реттеп, бақылап отырады. Еңбек – бұл адамның саналы әрекеті. Оның басты ерекшелігі – алдын ала ойланып істелінеді, мақсатты іс-қимыл, белгілі бір нәтижеге жету көзделеді. Мысалы, хайуанаттар табиғатта бармен ғана қоректенеді. Ал адамның еңбек етудегі басты ерекшелігі – табиғаттан ала да біледі, оны өзгерте де, сақтап, қорғай да біледі. Осыған байланысты адамдардың тәжірибесі жинақталады. Белгілі бір білімді, мамандықты игереді, оны жетілдіре түседі. Адамды адам еткен еңбек деген ой осыдан туған, еңбек адамның дамуының және жетілуінің басты факторы. Еңбек ете отырып адам жұмыс күшін жұмсайды. Ал жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеттігі. Жұмыс күшінің тұтынудың өзі еңбек.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің  тереңдеуімен байланысты жұмыс күші өзінің жеке ерекшелігін сақтап, дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа  ие бола бастайды. Сөйтіп жиынтық жұмыс  күші пайда болады. Жұмыс күшін  пайдалану тек белгілі бір  қоғамдық іс-қимыл негізінде ғана мүмкін. Ол өндірістің жеке факторы ретінде орын алады. Жұмыс күші – қоғамдағы ең басты, жасампаз күш. Қоғамдық дамудың бүкіл тарихы көрсеткендей, қоғамдық өндірістің дамуында, әсіресе ғылыми-техникалық процестің қарқындылығымен байланысты жеке фактор рөлі барған сайын өсіп келеді, ол заңды да.

3.Өндірістің негізгі  факторлары: еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қызмет. Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажет өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықты икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтқаны жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.

Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы деген ұғымдарға да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы – белгілі бір ауқыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшандатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады.

Өндірістің келесі бір  факторы капитал. Капитал көп мағыналы өғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономиканың классиктерінен тараған. А. Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П. Самуэльсон мен Нордхаустың «Экономикс» деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, прокат стандарты, өндірістік үйлер т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы: Д. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы» деген еңбегінде, «Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», – деп жазды.

Өндірістің үшінші факторы  – жер. Бұл фактордың мәнің қалай түсінуге болады? Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуды пайдаланылатын игіліктер капиталға жатады, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игіліктер жерге жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның ауданың шектеулілігінде. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, оны сол сияқты өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы. Белгілі жер учаскесін пайдалану әуел бастан адамның қолынан келер істің бәрі. Әр уақытта есте болатын жәйт, «жер» ұғымы ең кең мағынада қолданылады. Ол жердің өзі, су ресурстары немесе қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір учаскілері адамның өндірістік қызметіне ықпал етеді. Алайда жер туралы әңгіме ең алдымен оны ауыл шаруашылығында пайдаланумен байланысты болды.

4.Өндірістік функция. Өндіріс факторларын қарастырып болғаннан кейін, өндірістің өзара әрекет ететін факторлары ретінде өндіріс процесінің өзін талдауға кірісеміз. Өнімдерді өндірумен байланысты проблемалар үш дәрежеге бөлінеді.

1. Кәсіпкерлердің алдында белгілі бір кәсіпорында белгіленген көлемдегі өнімді қалай өндіру керек деген мәселе тұруы мүмкін. Бұл мәселе өндіріс шығындарын қысқа мерзімде азайтумен байланысты.

2. Кәсіпкер белгілі бір  кәсіпорында көп мөлшерде пайда  әкелетін, өнім өндіретін оптималды  (тиімді) өндірістің мәселесін шешуі  мүмкін. Бұл пайдалы қысқа мерзімде  көп мөлшерде алумен байланысты  мәселе.

3. Кәсіпкерлердің алдында  кәсіпорынның оптималды шамасын  анықтау міндеті тұруы мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді көп мөлшерде  пайда табу мәселесі.

Өнім өндіру үшін өндірістің барлық факторларының өзара әрекеті  қажет, олардың жеке дара өнім өндіруге де, пайда табуға да қабілеті жоқ  екндігі даусыз. Өндіріс процесінде оның факторлары өзара байланысты әрекет етеді, кей жағдайдабірін-бірі толықтырады, алмастырады.

Нақты өндіріс жағдайында кәсіпкерлерді әрдайым толғандыратын мәселе – өндіріс процесінде белгіленген өндіріс факторларымен өндірілетін өнімнің саны мен сапасы. Техника мен еңбек өнімділігінің белгілі бір даму кезеңінде белгіленген өндіріс факторларының қуатымен өнім өндірудің максималды шамасына жетуі мүмкін.

Бұл өндірістің екі факторының өзара байланысын сипаттайтын өндірістік функцияның қарапаым мысалы. Өндірістік функция деп отырғанымыз өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен максималды өнім өндіруде өзара байланысын сипаттайтын техникалық арақатынас. Математикалық белгілермен былайша анықтауға болады.

 

Мұндағы у – шығарылатын өнім көлемі, – өндіріс факторлары.

Өндіріс функциясының мән  маңызы альтернативті (бірдей) мүмкіндіктің барлығына әр қилы өндіріс факторларының  үйлесімдігі. Өндірістің әр қилы факторлары орын алатындықтан, олардың оптималды арақатынасын қамтамасыз ету мүмкіндігі де бар. Өндірістік функция өндіріс факторларының бір-бірімен алмасу мүмкіндігі болатындығын көрсетеді.


Информация о работе Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы