Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 10:47, курсовая работа
Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі оның онімі. Ол қоғамдық сипатта,өйткені қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оның өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатынасады. Әрбір өнімнің өзіне тән сипаты болады: тұтыну құны,айырбас құны немесе құн. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі
1.Қоғамдық өндірістің теориялық негізі.
1.1. Өндіріс, оның мәні және факторлары.
1.2. Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері.
1.3. Қоғамдық өндірістің дамуының шетел тәжірибелері.
2.Қоғамдық өндірісті талдау.
2.1. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
2.2. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштерін талдау.
3.Қоғамдық өндірісті жетілдіру жолдары.
3.1. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.
3.2. Өндірістік қуатты қарқынды пайдалану.
Материалдық өндіріс | Материалдық емес өндіріс |
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. | Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. |
2.2 Адам мен қоғам өмірінің
негізінде шаруашылық қызмет,өндіріс
жатыр. Өндіріс - адамдардың табиғи
заттарға әсер ете отырып,материалдық
және рухани игіліктерді өндіру процесі.
Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын
заттарды айтамыз.өндіріс үш элементтің:
адам еңбегі,еңбек заты мен еңбек құралдары
өзара әрекеті арасындажүзеге асырылады.
Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері
деп атайды. Еңбек - адамдардың материалды,рухани
игіліктер өндіруі мен қызмет көрсетуіне
байланысты мақсаты,нәтижелі қызметі.
Еңбек заты - адамның дайын өнім өндіру
мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін
зат. Еңбек құралдары-бұл адамның еңбек
затына әсер ететін қаруы. Қандайда бір
тауарды өндіруг қажет еңбек заттары мен
құралдарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын
құрайды. Игіліктер өндірісі, біріншіден,
адам мен табиғаттың қарым-қатынасын,
екіншіден, өз шаруашылық қызметтері барысындағы
адамдардың өзара қарым-қатынастарын
бейнелейді. Өзара қарымқатынастың бірінші
типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін
- экономикалық қарым-қатынастар дейміз.
Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің
жеке және заттық факторларының өзара
әрекеті адам мен табиғат қатынасының
шешуші,белсенді элементтері. Ғылыми-техникалық
революция өндіріс факторларын өзгертеді.
Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика,
электронды-есептеуіш және компьютерлік
техникамен байытылады. Өз кезінде жұмыс
күші құрылымында да сапалы өзгерістер
жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда
болып , жұмыскерлердің біліктілік және
интелектуалдық деңгейлері көтеріліп,
адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің рөлі
мен маңыздылығы арта түседі. Экономикалық
қатынастар-бұл адамдар арасындағы қызметтер
мен материалды,рухани игіліктерді өндіру,
бөлу, айырбастау мен тұтыну прцесі барысында
пайда болатын қатынастар. Экономикалық
қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына
меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық
базис деп атайды. Өндірістік қатынастар
біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын
қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік
емес сферада қалыптасқан қатынастардан
тұрады. Құрылымы бойынша экономикалық
қатынастар ұйымдастыру-экономикалық
болып бөлінеді. Ұйымдастыру-экономикалық
қатынастар өндірілген өндіріс өнімінің,
бөлінуі және айырбасталуының қалайша
ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады.
Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі,
еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы,
өндірістің орталықтандырылуы және т.б.
жатады. Осы қатынастардың дамуы мен қалыптасу
тарихында үш кезенді бөліп қарастыруға
болады: еңбектің қарапайым кооперациясы,
мануфактура, машиналы өндіріс. Еңбек
кооперациясы бір ғана адамның нұсқауымен
біртектес жұмыс атқаратын адамдарды
біріктіреді, бұл бір адамның қолынан
келмейтін жұмысты атқару үшін көптеген
адамдардың күштерін жұмылдыруға мүмкіндік
бере отырып, күмәнсіз экономикалық нәтиже
берді. Мануфактура ( manes-қол, facere - жасау)
– бұл да еңбек кооперациясы, бірақ бір
айырмашылығы мұнда өнімділікті едәуір
арттыратын еңбек бөлінісі бар. Мануфактура
қол еңбегіне негізделген. Машиналы өндіріс
– еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін
арттыру жолындағы келесі бір маңызды
қадам. Ол өндіріс техникасы мен технологиясын
түбірлі түрде өзгерте отыра, өндірістің
жаңа технологиялық тәсіліне көшуге себепші
болды. әлеуметтік –экономикалық қатынастар
өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен
анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты
адамдар арасында қалыптасады. Меншік
формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу,
айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық
мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың
дамуы мен меншік иелерінің жеке мүддесіне,
сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.
Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық
қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім юолып
табылады. Өзінің қозғалысына ол төрт
сатыдан өтеді:өндіріс, бөлу, айырбас және
тұтыну. Өндіріс пайдалы өнім шығару процесі.
Бұл бастапқы саты. Оның қоғамдық өнім
қозғалысындағы орнына қарай экономистер
әр түрлі бағыттар ұсынады. Біреулері,
бұл саты шешуші мағынаға ие, себебі, егер
материалды және рухани игіліктер өндірілмесе,
нені бөліп, айырбастап және тұтынылар
еді. Кейбір зерттеушілер пікірінше, экономика
дек айырбас болғанда қалыптасады, сол
себепті тек айырбас пен бөлу шешуші сфераларға
жататындығын айтады. Өз пайымдауларында
олар, әдетте , айырбас пен бөлуден басталатын
батыстық зерттеулерге суйенеді. Көпшілік
санасында қалыптасқан өндірісті екінші
кезекке қою экономикаға орасан зиян тигізетіні
түсінікті. Көз алдымызда еңбек өнімділігінің
ролі, мазмұны мен беделі жойқын жылдамдықпен
төмендеді, ал бұл тұтастай қоғамның жасампаз
еңбегінің де құлдырауын білдіреді. Бөлу
өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін
анықтауды білдіреді. Айырбас – бұл бір
өнімнің өнімге айырбассталу процесі.
Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен
байланысты, олар бір тізбектің бөліктері
болып табылады. Бөлу мен айырас өндіріс
пен тұтыну арасын жалғайды. Тұтыну- адамның
қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген
игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың
тәмамдаушы кезеңі болып табылады. Тұтыну
екі сипатта: өндірістік және өндірістік
емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну
дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс
құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану
ұдайы өндіріс негізін құрайды. Өндірістік
емес тұтыну жеке және қоғамдық болып
екіге бөлінеді. Жеке тұтыну - бұл адамдардың
тамаққа, киімге, білім, демалысқа және
т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну –қоғамның ғылымға, білімге,
мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және
т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде, олар оң мағынада
жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру
қажет. Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің
қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және
ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс-
бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында
қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс
– ұлғаймалымөлшерде өндірістің жаңартылып
отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін
төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз
байланысады және қоғамдық өндірісті
құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің
маңызды көрсеткіші - оның тиімділігі.
Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің
оның шығындарына қатынасымен анықталады.
Қоғамдық
сананың
басқа
формалары . Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым
да шындықтың адам санасында
бейнеленуі. Ғылымның мәнін түсіну үшін оның шығу себептерін, шындықты
бейнелеу ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы
ролігі білу қажет.
Ғылым дегеніміз
табиғат және қоғам құбылыстары мен процестері
жайындағы теория түрінде
бір жүйеге келтірілген
білімдер. Бірақ ғылым дегеніміз
тәжірибеде тексерілген
теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар,
жаңа білімдер алуға
бағытталған қызметті де, эксперимент
жүргізу базасын,
түрліше прибор, аспаптар
сияқты таным құралдарын
да қамтиды.
Сондықтан, оқушылар мына жағдайды
ескерулері қажет ғылыми қоғамдық сананың бір формасы ретінде қарастырғанда
біз оны шындықты бейнелендірудің
формасы, дүниетанудың
формасы ретінде ғана аламыз.
Дүние - ғылыми бейнелендірудің
ерекшелігі неде, Оның қоғамдық сананың басқа формаларынан,
мәселен өнерден, діннен
айырмашылығы неде? Бұл
жөнінде жоғарыда
жеткілікті айтқанбыз, бірақ
тағы да айта кетсек
артық болмас. Дін сыртқы
дүниенің бұрмаланғану жалған бейнесі ал ғылым
– дәл, ақиқат бейнесі. Өнер
шындықты көркем образ, типтік
образ түрінде бейнелендіреді,
яғни жалпыны жеке,
нақты образ арқылы
көрсетеді.
Ғылым шындықтың
абстракциялық формада, ұғым,
категория, заң түрінде — бейнеденуі. Ғылым
дүниені білудің
негізгі формасы болып табылады.
Ғылымның ерекшелігі ең
алдымен оның пәнімен анықталады.
Адамды қоршаған сыртқы дүние — табиғат
пен қоғамның, сондай-ақ
ойлаудың да объективтік
заңдары бар. Ғылымның
міндеті — міне осы заңдарды танып білу.
Адамның мақсатты қызметі үшін, материалдық өндірісті
жүзеге асыру үшін ғылым
заңдарында бейнеленетін
сыртқы дүниенің объективтік заңдарын
білу қажет.
Дүние-біртұтас
дүние оның бірлігі материалылығында.
Олай болса, ғылым да біртұтас
материалдық дүние туралы өзара
байланысты, біртұтас, үнемі дамып отыратын
білімдер жүйесі. Бірақ ғылым
сонымен қатар, көптеген білім салаларына,
яғни нақты I ғылымдарға бөлінеді. Нақты ғылымдардың
бір-бірінен айырмашылғы олардың
объективтік шындықтың қай жатан, материя қозғалысының қай
формасын зерітейтініне қарай айқындалады. Демек,
нақты ғылымдардың
көп түрлілігінің
негізін, идеалистер сияқты, адам санасының қасиеттерінен
іздемей, обиъективтік дүниенің қасиеттерінен, материя қозғалысы,
формаларының көп түрлілігінен іздеу
керек.
Ғылым қоғамдық-өндірістік практиканың қажеттерінен
туындайды. Ф. Энгельс 1894 ж. 25 қаңтарда В. Боргауске
жазған хатында ғылымның өндіріске
тәуелділігін ашып
көрсете келе: «Егер,
Сіз айтқандай-, - техника
айтарлықтай дәрежеде ғылымның жағдайын тәуелді болса, онда ғылым
техниканың күйі мен қасиетінен әлде қайда
көбірек тәуелді. Егер қоғамда
бір техникалық қажет туса, онда
ол ғылымды ондаған
университеттерден гөрі қөбірек алға
бастырады», - деп жазды. Энгельстің
бұл айтқаңдарын ғылымдардың
даму тарихы толық дәлелдеді.
Ғылымның практикаға өндіріске
тәуелділігін атап
көрсете отырып, тарихи
материализм сонымен қатар біріншіден, ғылымның
дамуындағы салыстырмалы
дербестікті және, екіншіден, ғылымның
практикаға, өндірістің
дамуына тигізетін кері әсерін де мойындайды.
Ғылымның дамуы сайыл келгенде
"ғана қоғамдық-тарихи практиканың, өндірістің қажеттерімен
анықталады. Бірақ
оның дамуының өз
ішкі логикасы бар: ғылым өзінің ішкі қайшылықтарының негізінде дамиды, өйткені
эксперименттің, тәжірибенің
жаңа мәліметтері мен ескі
теориялардың арасындағы қайшылықтардың
нәтижесінде ғылымда
жаңа проблемалар,
гипотезалар (ғылыми жорамалдар)
туып отырады. Ал бұл соңғылар дүниені бұрынғыдан тереңірек
танып білу қажетін тудырады.
Мәселен, ғылымның көптеген ұлы жаңалықтары, (айталық,
атомдық физиканың
ашқан жаңалықтары) өңдірістің қажетінен тікелей
туған жоқ, ең алдымен ғылымның
ішкі даму заңдылықтарының нәтижесіңде туып, адамдар
оларды практикада пайдаланудың
жолдарын кейін ғана тапты. Оқушылар ғылым
дамуының бұл диалекгикасын ұғына
білуі тиіс, өйткені дүниетанудың
дамуындағы әрбір жаңа қадам жаңа проблемалар тудырады. Ғылымның
дамуындағы салыстырмалы
дербестік дүниетанудағы
сабақтастық байланыстан айқын
көрінеді. Ғылым қоғамның бүгінге дейін қол
жеткен біліміне сүйене отырып қана
дами алады. Мұңсыз қоғамдық прогресс жүзеге
аспас еді.
Ғылымның дамуындағы
салыстырмалы дербестік оның өндіріске тигізетін
кері әсерінен ерекдій
айқын көрінеді. Ғылым қоғамдық өндірістің
дамуында қуаныш күш болып табылады, өйткені ғылымның
күші, адамның
ақиқатын танып білуден
күш-қуат практикада
"ғана айтқан көрінеді. Ол өндіріс құрал,
техникасының дамуында, қоғамның
бүкіл өңдіргіш күштерін
жетілдіруде аса зор роль атқарады. Маркс ғылымды өндірістің
және, тұтас алғанда, бүкіл қоғамның дамуының
рухани күш-қуаты деп атады.
Ол өзінің бір қолжазбасында былай
деп жазды:». Табиғат машиналар, паровоздар,
темір жолдар, электр телеграфтарын, сельфакторлар
т.б. жасамайды. Мүның бәрі адам миының
адам қолымен жасаған
органы, білімнің затқа айналдырылған
күші.
Бірақ ескеретін бір
жағдай, бұл айшылғандардан ғылымның
маңызы мен ролін асыра
бағалаушылық
сияқты теріс қорытыңды
жасауға балмайды. Ондай
асыра бағалау буржуазия
социологиясына тән. Қөіптеген буржуазия,
социолистары қазіргі атом қуаты
мен кибернетика дәуірінде ғылым
мен техника қоғамнан жоғары
тұрған, қоғам тағдырын билейтін
бірден-бір қуатты күшке айналды деп
дәлелдейді. Олардың
пікірінше, ғылым қоғам өмірінің жетекші және
шешуші күші, өңдірісті де, экономика
мен саясатты да айқындап беретін сол, ғылым
мен техниканың құдіретті күші
адамдарды "дәрменсіз, әлсіз
тобылған" айналды.
Олай болса, тарихтың тағдыры, олардың
пікірінше, ғалымдардың
және ғылым мен техника
жасаған барлық құралдардың
иесі — дәулетшілердің қолында.
Мұндай идеалистік
көзқарас, түсініктердің әлеуметтік
түптамыры бар: монополистік
буржуазияның идеологтары ғылым
мен техниканы асыра дәріптеу арқылы
капиталистердің саясатын ақтауға,
капиталйстік қасиеттер тудырып
отырған жұмыссыздықты,
экологиялық
дағдарысты т.б. қасіретті
жағдайларды осы күнгі ғылым
мен техника дамуының қажетті нәтижесі
деп түсіндіруге тырысады.
Олар, сөйтіп, ғылыммен техниканы
адамға, бүкіл адамзат дамуына қарсы қояды:
Қазіргі кезде ғылымның
дамуының өндіріс пен техника үшін
шешуші маңызы бар, өйткені ғылымның
даңқы өндірістің
дамуынан алда келеді, сөйтіп осының
негізінде өңдірісті түбірінен қайта құруға,
сапа жағынан жаңа техника жасауға
мүмкіндіктер туады. Қазіргі ғылым
мен техника адамзат мүддесіне қызмет
жасауда, еңбекті жеңілдетіп,
тұрмысты жақсаруда.
Рас, буржуазияидеологтары айтып отырғандай, ғылым
мен техниканың теріс нәтижелері де жоқ
емес, бірақ ол нәтижелсрді тудырып
отырғам ғылым мен техниканың
дамуы емес, оларды пайдаланудың
капиталистік әдістері. Шынында
да, ғылым мен техниканың
жаңалықтары капитализм
жағдайларында барынша
мол пайда табу мүддесіне қызмет
етіп, еңбекшілердің
мүддесіне қарсы
келеді, өйткені оларды өндіріске
енгізу жұмыссыздықты
молайтады. Жалпы алғанда, антагонистік қоғамда
ғылымның дамуы қайшылықты сипатта жүзеге
асады. Мұңы түсіну үшін қазіргі кезде жүзеге
асып отырған ғылыми-техникалық
революцияның мәнін, оның түрлі қоғамдардан ерекшеліктері
мен әлеуметтік нәтижелерін
білу керек.
Қоғам дамуының
белгілі бір тарихи дәуірінде ғылым өндіріс
дамуының қажетті бір шартына
айналды. Ол - капиталистік ірі машина өндірісінің
дәуірі. Ірі индустрияның
дамуына байланысты, деп атап көрсетті Маркс, онда
машинамен қатар, барған
сайын бу және электр сияқты
нәрселердің
маңызы артады, ал олардың
бұл өнімділігі ғылымның
жалпы даму және өндірісте пайданылу
дәрежесіне байланысты.
Капиталистік өнді-рістің
даму барысына талдау жасай отырып, Маркс
еңбек құралдарының
даму дәрежесі бұдан
былай жалпы қоғамдық білімнің
- ғылымның - тікелей өндіргіш
күшке қаншалықты айналғандығының
көрсеткіші болады
деп
Маркстің бұл өздері бұдан бір ғасырдан астам бұрын
жазылған еді. Содан бері ғылым
мен техника саласында орасан зор өзгерістер
болды шын мәнінде ғылми-техникалық
революция жүзеге асып келе
жатыр. Біздің заманымызда ғылымның
жетнтіктері техникада барған сайын кеңінен қолданылып, өңдірісті
комплексті түрде автоматтандыру,
атом кучтын пайдалану, ғылыми эксперименттің өндіріспең
бірігуі, сөйтіп ғылымның ішкі мәніне тікелей өңдіргіш
күшке айналуы кеңінен өріс
алып келеді.
Ғылымның тікелей өндіргіш
күшке айналуы дегеніміз
не? Ғылыми теориялар
мен идеялар материаддық игіліктер өндіреді
деп түсінуге бола ма? Әрине,
болмайды. Бұлай деу тартаза
идеалистік көзқарас болар еді.
Тарихи материализ ғылымның тікелей өндіргіш
күшке айналуын шынадай
тұрғын түсіну керек деп үйретеді:
а) ғылымын ашқан
теориялар мен заңдар өндіріске енгізіле
отырып, өндіріс құралдары мен техникасына,
технологиялық процестерге айналады,
ал мұның бәрі өндірісті комплексті
түрде механикаландыру
және автоматтаңдыру,
электрониканы, жаңа химиялық
материалдарды, энергияның барлық жаңа түрлерін кеңінен
пайдалануды тудырады, сөйтіп техникалық.
прогресті тездетеді. Бұл істің барысында өндірісте
жүргізілетін ғалыми
эксперимент өндіріспен, материалдық
игіліктер өндіру процесімен
тұтас бірігіп кетеді;
е) ғылым мен техникада
болған түбірлі өзгерістер, ашылған
жаиалықтар өндіргіш күштердің
екінші жағы — адамды да өзгертеді, ғылым
мен техниканың жаңалықтары адамның
біліміне, тәжірибесіне, дағды-іскерлігше
айналуы тиіс, яғни адамның
рухани күшіне де айналуы
тиіс, өйткені мұңсыз
ол хана техниканы басқара алмады, ал бұл
техникалық прогреске кедергі
болар еді. Кең көлемді ғылыми-техникалык,
білім алған еңбекші адам жаңа
техниканы жай басқарып қана коймайды, ғылыми-техникалық
творчествоға белсене қатыса
отырып, еңбек өнімділігін арттырады.
Демек, еңбекші адамның ғылыми-техникалық
дәрежесін ұдайы
арттырып, отыру - ғылыми-техникалық
революциядан туып отырған объективтік
заңдылық.
|
Информация о работе Қоғамдық өндірістің дамуы және ұдайы өсуі