Қоғамдық пәндер кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 14:20, реферат

Описание

Қоғамдық пәндер кафедрасының тарихы 1934 жылы құрылды. Қазақ тау-кен институты ашылған кезден басталап қоғамдық ғылымдар пәндері «Марксизм-ленинизм негіздері» деп аталған бір кафедраға біріктірілсе, 1960 жылы «КОКП тарихы» және «Маркстік-лениндік философия» деп аталған екі жеке кафедраға бөлінді.

Работа состоит из  1 файл

Қоғамдық пәндер кафедрасы.docx

— 15.99 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық  пәндер кафедрасы 

Қоғамдық  пәндер кафедрасының тарихы 1934 жылы құрылды. Қазақ тау-кен институты ашылған  кезден басталап қоғамдық ғылымдар пәндері  «Марксизм-ленинизм негіздері» деп  аталған бір кафедраға біріктірілсе, 1960 жылы «КОКП тарихы» және «Маркстік-лениндік философия» деп аталған екі жеке кафедраға бөлінді. 
Қазақстан тарихы кафедрасына әртүрлі уақыттарда доценттер И.А.Исаев, П.Ф.Потапский, профессорлар О.М.Малыбаев, А.Е.Ержанов, К.Ж.Беляев жетекшілік жасады. Философия кафедрасының бірінші меңгерушісі профессор К.Б.Бейсенбиев болды. 1964 жылдан 1995 жылға дейін кафедраға академик Д.К.Кішібеков басшылық жасады. Ғылыми коммунизм кафедрасының алғашқы меңгерушісі профессор З.И.Исмагулов болды. Кейінірек кафедраға доцент Р.И.Исатаев, профессорлар Т.С.Сәрсенбаев, Ұ.Е.Сыдықов басшылық жасады. Құқық кафедрасының жетекшісі профессор К.Н.Наменгенов болды. 
1995 жылы жоғарыда аталған барлық кафедралар Қоғамдық пәндер кафедрасына біріктірілді. Кафедраны алғашында академик Д.К.Кішібеков басқарды. 1996-2001 жылдары кафедраға профессор Ұ.Е.Сыдықов жетекшілік жасады. 2001–2008 жылдары кафедраны профессорлар Г.Ж.Кенебаев, М.С.Машан, доцент Р.Н.Мәжиденова, профессор Зайниева Л.Ю., басқарды. 2008 жылдан бастап кафедраны Чатыбекова К.К. басқасқарады. Кафедра республикамыздағы техникалық жоғары оқу орындары үшін қоғамдық пәндерді оқытатын базалық әдістемелік орталық мәртебесіне ие. Ол оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырстын университеттегі ең ірі оқу-әдістемелік және ғылыми құрылымдық бөлімдемелердің бірі болып табылады. 
Кафедра үш секцияға бөлінеді: Қазақстан тарихы (секция меңгерушісі – доцент Д.И.Салкынбек), философия (секция меңгерушісі – аға оқутіші Оразалиев Б.А), саясаттану және құқық (секция меңгерушісі – доцент Р.Н.Сырлыбаева). Кафедра құрамында 9 ғылым докторы мен профессор, 21 ғылым кандидаты мен доценті, 19 аға оқытушы және 13 оқытушы, 1 асситент, оқу көмекші құрамы 5 адам жұмыс істейді.  
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ҚазҰТУ-дың барлық институттарының, ҚазҰТУ жанындағы аспиранттар мен магистранттарға мемлекеттік және орыс тілдерінде төмендегідей пәндер бойынша сабақ жүргізеді. Оның ішінде: «Ғылымның философиясы мен тарихы», «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Саясаттану», «Инженерлік еңбектің социологиясы», «Инженерлік еңбектің педагогикасы мен психологиясы», «Құқық негіздері», магистранттар үшін арнайы курстар. Кафедрадағы әдістемелік жұмыс оқылатын курстарды оқыту әдістемесін жетілдіру және студенттердің материалдарды игеруіне және ғылыми білім қалыптастыруына көмек көрсету мақсатымен жүргізіледі. Срңғы жылдары кафедраның оқутушылары төмендегіндей оқу-әдістемелік әдебиеттерді жарыққа шығарды: Қазақстанда тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде шығып, бірнеше рет қайта басылған «Философия» оқулығы (авторлары академик Д.К.Кішібеков және профессор Ұ.Е.Сыдықов) профессор Ұ.Е Сыдықовтың қазақ тілінде жазылған «Саясаттану» атты оқу құралы және оқулығы; профессор Ұ.Е. Сыдыков пен доцент Ц.Р.Розенбергтің техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Инженерлік еңбектің социологиясы» атты оқу құралы және оқулығы. Сондай-ақ, техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Мәдениеттану» оқулығы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді, (авторлары Аденов С.Т., Жанатаев Д.Ж., Котошева К.К., Хожамкул А.К., Хожамкул А.Х.), «Құқық негіздері» оқулығы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді, (авторлары Сыдықов Ұ.Е., Оспанов Қ.И), «Саясаттану» оқулығы жарық көрді, (авторлары Кенебаев Г.Ж., Сырлыбаева Р.Н.), педагогика және психология пәнінен оқулығы жарық көрді, (авторлары Бөпебаева Р.Т., Абдиева Г.И.). Қазақстан тарихы бойынша арнайы техникалық жоғары окұ орындарының студенттеріне арналған оқулығы жарық көрді (авторы Чатыбекова К.Қ). Қашықтан оқыту үшін барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар, ал оқытудың кредиттік жүйесіне көшуге байланысты силлабустар мен ОӘК даярланды. 
Кафедра Қазақстанның жоғары оқу орындарына ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді: академик Д.К.Кішібеков пен профессор Ұ.Е.Сыдықов арнайы курстар оқиды, ғылым тарихы мен философиясы бойыншақандитаттық емтихандар қабылдайды. Олар Қорқыт-Ата атыңдағы Қызылорда мемлекеттік унивеситеті мен Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің құрметті профессорлары болып сайланды. Кафедра ұжымы магистратура мен аспирантурада ғылыми мамандар даярлау, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасау, жыл сайын студенттердің ғылыми конференциясын өткізу сияқты ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысын атқарады. Кафедра оқытушылары ғылыми конференциялардың, симпозиумдар мен семинарлардың жұмысына қатысады.  
Соңғы уақытта кафедраның оқытушылық құрамының біліктілігін арттыруға аса зор көңіл бөлінуде. Қорғалатын диссертациялардың саны да арта түсуде. Сондай-ақ, оқытушылар диссертацияларды сараптан, ғылыми еңбектерге пікір береді. Академик Д.К.Кішібеков философия ғылымдары бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі болса, профессор Л.Ю.Зайниева саяси және социология ғылымдары бойынша Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіндегі докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі болса, Чатыбекова К.Қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі болып табылады.  
М.С.Машан, Р.Т.Бөпебаева және С.Қ.Шілдебай 2002-2004 жылдары Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды. Кафедра профессоры Зайниева Л.Ю. 2009 жылы «Жылдың ерекше оқытушысы» атты мемлекеттік гранттың иегері атанды. Оқытушылардың бірқатар ғылыми монографиялары жарық көрді: Д.К.Кішібеков – «Ментальная природа казаха» және «Национальная идея и идеология»; Л.Ю.Зайниева – «Государственная молодежная политика: Казахстан в контексте мирового опыта»; К.К.Котошева – «Этнос как система целостности»; С.Қ.Шілдебай – «Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс»; «Студенты технического вуза: социологический анализ» (авторлары Ұ.Е.Сыдықов, А.Б.Мұқашева, А.Т.Омарова) кітабы орыс және қазақ тілдерінде, Г.А. Сармурзина – «История социально-экономических отношений Казахстана и Монголии во второй половине ХХ столетия», К.К. Чатыбекова «История профсоюзов Казахстана: образование и становление конец ХІХ –первая четверть ХХ вв». 
Кафедра мүшелері үнемі қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысып, бел ортасында жүреді. Профессор Ұ.Е.Сыдықов ҚР тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлар кеңесінің төрағасы болып тбылады.Академик Д.К.Кішібеков пен профессор Ұ.Е.Сыдықов өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелер қатысты өздерінің пінірлерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді түрде білдіріп отырады. Инженер мамандары даярлауды үлкен еңбегі мен жемісті ғылыми зерттеу қызметі үшін кейбір оқытушылар жоғарғы атақтарға ие болды. Мысалы, академик Д.К.Кішібеков пен профессор М.Б.Батырбеков жоғарғы мектептің еңбек сіңірген қызметкерлері болып табылады,профессор Ұ.Е.Сыдықов – ҚР мәдениет қайраткері, жоғарғы мектептің үздігі, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, профессорлар Г.Ж. Кенебаев, З.И. Исмагулов- жогарғы мектептің үздіктері.  
Кафедра жанында тарих ғылымыныңөзекті мәселері жөніндегі «дөңгелек стол», «Ғибрат» эстетиқалық-танымдық клубы, «Дилемма» саяси клубы, заңи кенес беру кабинеті жұмыс істейді. Кафедраға қарасты профессор А.Е. Ержанов атындағы Қазақстан тарихы кабинеті және философия мен саясаттану бойынша оқу кабинеті жұмыс істейді.

Информация о работе Қоғамдық пәндер кафедрасы