Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 12:38, реферат
Олигополия (гр. olіgos – аздаған және poleo – сатамын‚ сауда жасаймын)[1] – рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді.
Олигополия (гр. olіgos – аздаған және poleo – сатамын‚ сауда жасаймын)[1] – рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. Рыноктағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі. Егер қайсыбір компания рыноктағы өзінің жайғасымын жақсартқысы келіп‚ бағада жетекшілік жасайтын болса‚ онда ол мұны пайданы азайту есебінен жүзеге асырады.Олигополияның дамуына септігін тигізетін факторлар: фирмалардың қосылуы жолымен өндіріс пен капиталды үдемелі түрде шоғырландыру және осы орайда өнімнің бір өлшеміне жұмсалған шығынды азайтудан алынған нәтиже; рынокқа билік жүргізу – рынок пен бағаны бағалау қабілетіне ие болу; баға мен өндіріс көлемін айқындау кезінде бәсекелестердің іс-әрекетін мұқият ескеру.[2]
Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.[1] [2]
Бәсекелестік және монополия
Нарықтық экономиканың
басты принципі – тауар өндірушілердің
еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік –
бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе
жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар
арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді
өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар
үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты
орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы
мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін
бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық
сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның
ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың
талабымен есептесіп, тауардың сапасын
жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға,
өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды
азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің
негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл
бір саланың тауар өндірушілері арасында
болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі
бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын
жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған
кәсіпорындардың табыстары төмен болады,
тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық
шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда
төмен деңгейдегі пайда табатын саладан
капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады.
Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар
көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты
жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер
негізінен жаңа тауарлар пайда болады,
сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген
сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға
өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері
– бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың
әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен
болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті
қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан
түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды,
екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі
– акция, облигация сатып алады, төртіншісі,
ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті
қаржыландырады т.б
Монополия –
грек сөзiнен
«монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни «жалғыз сатамын» деген ұғымда.
Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылықтан
тұрады:
а) Еркiн бәсеке капитализмi. Бұл ХVІІ –
ХIХ ғ.ғ арасы.
б) Монополистiк капитализмi. Бұл ХХ ғасырдың
басынан осы уақыт iшiнде.
Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың
үш кезеңiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым
кооперация; б) мануфактуралық шаруашылық;
в) көліктендiрiлген өндіріс.
Жай, қарапайым кооперациялық шаруашылық.
Мұнда капиталист - кәсiпорын иесi бiр түрлi
жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң
бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады,
ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты
орындауға мүмкiндiк тудырады.
Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс
Еуропа елдерiнде ХVІІ ғасырдың ортасынан
ХVІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын
алады. Бұл да еңбек кооперациясы. Бiрақ
мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi еңбек
бөлiнiсi арқылы өндiрiледi. Әрбір жұмысшылар
тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн
жасайды (көліктіңiң тек дөңгелектерiн,
моторын, т.б).
Көліктендiрiлген өндiрiс. ХVІІІ ғасырдың
соңында, ХIХ ғасырдың ортасында Батыс
Еуропада, АҚШ-та өнеркәсiптiк революция
болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың
және қол еңбектiң орнына әр түрлi көліктер
келедi.
Кәсiпорындарда ендi қарапайым болмаса,
қиын машиналар адамның бақылауымен жұмыс
iстейтiн болды. Мұны «фабрика» деп атайтын
болды.
Көліктендiрiлген өндiрiс - техникалық төңкерiстiң
негiзi болды. ХIХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың
басында электротехникада, көлік жасау
саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш
мотор – автомобиль, самолет), химиялық
өнеркәсіпте төңкерiс болды.
Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың
басында буржуазиялық қоғам монополистiк
сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай,
сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан
тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін
өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар
болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм
– капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтапшасы
(1917ж). Онда монополизмге жан-жақты және
обьективтi саяси-экономикалық талдау
жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы
тұжырымдар берiлген.
Монополизм –жеке қоғамдық экономикалық
формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы
сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық
қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық
заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.
Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң,
капиталдау шоғырлануының нәтижесiнде
iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды.
Олар өндiрiсте және нарықта үстемдiгiн,
билiгiн жүргiзе бастады, өйткенi iрi кәсiпорындары
өнiм өндiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына
жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi-тауардың
денiн, көбiн өндiретiн, оны сататын тек
бiр, болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар болды.
Ал өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпорындарының
құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң
дамуы, оның жаңа жетiстiктерi және бәсекелiгі
себеп болған. Бәсекелiктi кiмнiң шаруашылығы
күштi, мықты болса сол жеңедi. Ал күштi
болатындар – iрi кәсiпорындар. Олардың
пайда болуына жаңа технология мен өндiрiстiк
қондырғылар себеп болып отыр.
Монополияға қарсы заңдар мыналар:
1. Монополияға қарсы заңдар Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi
және Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексiнiң , осы Заңның нормаларынан және
монополистiк қызметтi, жасықсыз бәсекенi
болғызбау, шектеу мен тыю және табиғи
монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу
жөнiндегi ережелерi бар.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше
ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
Тауар рыноктарымен бәсекенi дамыту, монополистiк
қызметтi болғызбау, шектеумен тыю, бәсекенi
және тұтынушылар құқықтарын қорғау, монополияға
қарсы заңдардың сақталуын бақылау, бағаларды
реттеу, сондай-ақ мемлекеттiк, басқа да
органдардың осы саладағы қызметiн үйлестiру
жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзудi,
бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi
шектеу жөнiндегi өкiлеттi орган - Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы органы
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы монополияға қарсы
органының негiзгi мiндеттерi, атқаратын
қызметi, өкiлеттiктерi және жауапкершiлiгi
осы Заңда және Қазақстан Республикасының
басқада Заң актiлерiнде айқындалады.
Монополияға қарсы саясат саласындағы
орталық атқарушы органмен оған бағынысты
аумақтық бөлiмшелер монополияға қарсы
органның бiрыңғай жүйесiн құрайды. Аумақтық
бөлiмшелер өз қызметiн - монополияға қарсы
саясат саласындағы орталық атқарушы
орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге
асырады.
Монополияға қарсы саясат саласындағы
орталық атқарушы орган туралы ереженi
және оның құзыретiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтедi.
Монополияға қарсы органның мiндеттерi:
1) кәсiпкерлiктi қолдау, тауарлар рыногында бәсекенi дамыту;
2) монополиялық қызметтi, тауар рыногындағы монополиялық жағдайын қиянат жасап пайдалануды болғызбау, шектеу мен тыю, жасықсыз бәсекенi тыю жөнiнде шаралар қабылдау;
3) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу;
4) мемлекеттiк органдардың қызметтер көрсету тәртiбiн реттеу мен бақылау;
5) монополияға қарсы заңдар мен баға белгiлеу тәртiбiнiң сақталуын бақылау;
6) рынок субъектiлерiнiң тауар рыноктарындағы монополиялық жағдайын бақылау;
7) мемлекеттiк органдардың
тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi
қызметiн үйлестiру.
Монополияға қарсы орган өзiне жүктелген
мiндеттерге сәйкес өз құзыретi шегiнде
мынадай жұмыстарды орындайды:
1) тауар рыногында монополиялық жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзедi;
2) тауар рыногының
жұмыс iстеуiне, бәсекенi дамытуға, баға
белгiлеу және тұтынушылардың мүдделерiн
қорғау мәселелерiне қатысы бар заңдар
мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер
жобаларына сараптама жасайды;
3) Қазақстан Республикасының Президентiне,
Қазақстан Республикасының Парламентi
мен Үкiметiне тауар рыногының, ондағы
бәсекенiң жай-күйi туралы баяндамалар,
монополияға қарсы заңдарды және оларды
қолдану практикасын жетiлдiру туралы
ұсыныстар жiбередi;
4) өз құзыретi шегiнде монополияға қарсы
заңдарды бұзушылық туралы iстердi қарап,
олар бойынша шешiм қабылдайды;
5) рынок субъектiлерiнiң монополияға қарсы
заңдарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асырады;
6) рынок субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi
нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп,
бекiтедi.
Монополияға қарсы органның қызметi:
1. Монополияға қарсы орган бәсекенi сақтап
тұру және дамыту мақсатында;
а) тауар рыногының жай-күйiн, ондағы бәсеке
деңгейiн зерттейдi және осы негiзде кәсiпкерлiктi
қолдау жөнiнде, монополистiк қызметтi
болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөнiнде
шаралар әзiрлейдi;
ә) мемлекеттiк органдарға тауар рыногын
және ондағы бәсекенi дамытуға бағытталған
шаралар өткiзу жөнiнде ұсыныстар бередi;
б) қосарлас құрылымдар құру, сондай-ақ
тауар рыногында монополиялық жағдайға
ие заңды тұлғаларды бөлу жөнiнде шаралар
әзiрлейдi.
2. Тиiстi мемлекеттiк органдарға қаралуы
мiндетi мынадай:
а) жеткiлiктi бәсеке жоқ, сондай-ақ басым
дамытуды талап ететiн салаларда баға
саясатын жетiлдiру туралы, соның iшiнде
монополиялық қымбат бағаларды болғызбау
мақсатында Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртiппен тауарларға
тiркелген мемлекеттiк бағалар (тарифтер)
белгiлеу туралы;
ә) инвесторлар тарту және бiрлескен кәсiпорындар
ашу туралы, мiндеттi лицензиялауды енгiзу,
рынок субъектiлерi монополияға қарсы
заңдарды бұзған жағдайда, олардың экспорт-импорт
операцияларына тыйым салу не мұндай операцияларды
тоқтата тұру туралы ұсыныстарды қоса
алғанда, экспорт-импорт операцияларын
лицензиялау тәртiбiн өзгерту және кеден
баждарын жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзедi.
Монополияға қарсы орган өз өкiлеттiгi
шегiнде осы Заңға сәйкес:
1) мемлекеттiк органдар мен рынок субъектiлерi
орындауға мiндеттi монополияға қарсы
заңдар мәселелерi жөнiндегi нормативтiк
құқықтық актiлер әзiрлеп, бекiтуге;
2) рынок субъектiлерiнде монополиялық
жағдайдың бар-жоғын анықтауға;
3) егер тиiстi тауар рыногында үлесi отыз
бес проценттен асатын рынок субъектiлерiнiң
пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ
тиiстi тауар рыногында монополиялық жағдайға
ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға,
таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн
құруға қорытынды беруге;
4) монополияға қарсы заңдарды мемлекеттiк
органдардың, рынок субъектiлерiнiң сақтау
мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге;
5) мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды
адамдарына, тиiстi тауар рыногында үлесi
отыз бес проценттен асатын не тиiстi тауар
рыногында монополиялық жағдайға ие рынок
субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау
үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
6) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы
органның нұсқамаларын орындауға кедергi
келтiретiн және осы Заңда және басқа да
заң актiлерiнде көзделген өзге де тәртiп
бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен
олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттiк
органдардың лауазымды адамдарына айыппұл
салу туралы шешiмдер қабылдауға;
7) монополияға қарсы заңдарды, тұтынушылардың
мүдделерiн қорғау жөнiндегi заңдарды бұзушылықты
жою мақсатында талаппен сотқа жүгiнуге;
8) тиiстi құқық қорғау органдарына жүгiнiп,
оларға монополияға қарсы заңдарды бұзушылыққа
байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық
iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдар
жiберуге;
9) монополияға қарсы заңдар мәселелерi
бойынша түсiндiрме беруге;
10) мемлекеттiк органдарға монополияға
қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған
актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту
туралы ұсыныстар енгiзуге;
11) заңдарға қайшы келетiн материалдар
мен нормативтiк құқықтық актiлердi прокуратура
органдарына жiберуге;
12) монополияға қарсы органның отырыстарында
мемлекеттiк органдардың, тиiстi тауар
рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын
не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды
адамдарын монополияға қарсы органның
құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асыруға құқылы.
Монополияға қарсы органның ақпаратқа
қол жеткiзу құқығы:
1. Монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң
өздерiнiң құзыретi шегiнде және өздерiне
жүктелген жұмыстарды орындау мақсатында
мемлекеттiк органдарға және рыноктың
басқа да субъектiлерiне кiруге құқығы
бар.
2. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарынан,
рынок субъектiлерi мен олардың басшыларынан,
жеке тұлғалардан қажеттi ақпараттарды,
құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн,
монополияға қарсы заңдарды бұзушылыққа
жол берiлгендiгi жөнiнде жазбаша (ауызша)
түсiнiктеме алуға құқылы.
3. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi отыз бес
проценттен асатын не тиiстi тауар рыногында
монополиялық жағдайға ие рынок субъектiлерi,
олардың басшылары, мемлекеттiк органдар,
олардың лауазымды адамдары монополияға
қарсы органның талап етуi бойынша монополияға
қарсы орган өз қызметiн жүзеге асыру үшiн
қажет сенiмдi құжаттар, жазбаша және ауызша
түсiндiрмелер және өзге де ақпарат табыс
етуге мiндеттi.
4. Осы Заңмен белгiленген құқықтарды iске
асыру барысында алынған коммерциялық
құпиясы бар мәлiметтер жария етiлмеуге
тиiс.
Монополияға қарсы органның қызметкерлерi
коммерциялық құпиясы бар мәлiметтердi
жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жауапты
болады. (РҚАО-ның ескертуi:қараңыз. (126-бап);
(200-бап); К010155_ (158, 383-баптар).
Монополияға қарсы орган жанындағы сарапшылар
кеңестерi:
1. Монополияға қарсы органның жанынан
ғалымдар мен мамандардан, мемлекеттiк
органдардың және рынок субъектiлерiнiң
өкiлдерiнен жасақталатын сарапшылар кеңестерi
құрылып, жұмыс iстейдi.
2. Сарапшылар кеңестерi өз қызметiн белгiленген
тәртiппен бекiтiлген Ережеге сәйкес жүзеге
асырады.
Қазақстанның монополияға қарсы органының
қалыптасуы «Бәсекелестікті дамыту және
монополистік қызметті шектеу туралы»
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының
1991 жылғы 11 маусымдағы Заңын қабылдағаннан
бастап бастау алады. Бұл экономикалық
реформаның жаңа жағдайында кәсіпкерлікті
дамытуға жәрдемдесетін елдің ең алғашқы
«нарықтық» заңдарының бірі болатын.
Қабылданған заңға сәйкес Қазақ ССР Президентінің
Жарлығымен Қазақ ССР-дің Жаңа экономикалық
құрылымды қолдау және монополистік қызметті
шектеу жөніндегі мемлекеттік комитеті
құрылды және 1991 жылғы 31 тамызда «Қазақ
ССР Жаңа экономикалық құрылымды қолдау
және монополистік қызметті шектеу жөніндегі
мемлекеттік комитетінің мәселелері»
туралы № 428 қаулысына қол қойылды.
Комитет Республика Президентінің қарамағында
болды, Жоғарғы Кеңеске есеп берді. Комитет
өте жоғары мәртебеге ие болды, ел басшысы
кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне үлкен
мән берді.
Комитеттің бірінші төрағасы болып Христиан
Давидович Дриллер тағайындалды.
Комитеттің негізгі
міндеттері кәсіпкерлікті қолдау, бәсекелестікті
дамыту, монополиялық қызметтің алдын
алу және жолын кесу, үстем жағдайды теріс
пайдалану, монополияға қарсы заңнаманың
сақталуын бақылау болып белгіленді. Комитеттің
функциялары мен өкілеттіктері аса ауқымды
болды. Ол нарықтың жұмыс істеуіне және
бәсекелестікті дамытуға қатысты заң
жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық
актілерге сараптамалар жүргізді. Кәсіпкерлікті
қолдау, жаңа экономикалық құрылымдарды
құру, нарықта бәсекелестікті дамыту жөнінде
шаралар әзірледі. Бұдан басқа, Комитет
Жоғарғы Кеңеске, Президентке және елдің
Министрлер Кабинетіне нарықтың және
ондағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы
баяндамалар, монополияға қарсы заңнаманы
жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынды.
Комитеттің жанында жаңа бәсекелес өндірістерді
құруға және дамытуға жеңілдік кредиттерін
ұсынатын Кәсіпкерлікті қолдау қоры жұмыс
істеді.
1992 жылы Комитет Монополияға қарсы саясат
жөніндегі мемлекеттік комитет болып
қайта құрылды және Министрлер Кабинетінің
құрамына енгізілді. Комитет төрағасы
болып Петр Владимирович Своик тағайындалды.
Осы кездерде мынадай министрліктерге:
ұлттық холдингтер болып қайта құрылған
Жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық қызмет
көрсету министрлігіне, Тамақ өнеркәсібі
министрлігіне, ҚазССР-нің Главснабқа
монополиясыздандыру жүргізілді.
Одан әрі Комитет 1994 жылы Бағалар жөніндегі
комитетіне бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды
және ұзақ уақыт баға және монополияға
қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет
(БМСМК) ретінде жұмыс істеді. 1996 жылы Комитетті
Николай Владимирович Радостовец басқарды.
Комитет тұрғын үй-коммуналдық реформасын
іске асыруды жүзеге асырды, қалалық жолаушылар
көлігі мен қалааралық жолаушылар тасымалын
монополиясыздандыруды жүргізді, сондай-ақ
«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы»
Заңның нормаларын іске асыру жөнінде
үйлестіру функцияларын орындады. Осының
арқасында республикада 100-ден астам тұтынушылар
құқығын қорғау жөніндегі қоғам пайда
болды және Жоғарғы Сотпен ынтымақтастықта
Қазақстанда консьюмеризмді одан әрі
дамытуға жәрдемдесетін «Тұтынушылар
құқын қорғау туралы заңдарды соттардың
қолдану тәжірибесі туралы» 1996 жылғы 25
шілдедегі № 7 қаулысы қабылданды.
1998 жылы Комитеттің бастамасы бойынша
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы әзірленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 13 қазандағы Жарлығымен Комитет
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын
бизнесті қолдау агенттігі болып қайта
құрылды. Жүктелген функцияларды жүзеге
асыру үшін Қазақстан өңірлерінде Агенттікке
тікелей бағынысты болатын аумақтық монополияға
қарсы департаменттер құрылды.
Агенттікті Алтай Абылайұлы Тілеубердин
басқарды.
Одан әрі 2000 – 2004 жылдар аралығында Агенттікті
Берік Мәжитұлы Имашев, Ерболат Асқарбекұлы
Досаев, Ораз Әлиұлы Жандосов және Бақытжан
Әбдірұлы Сағынтаев басқарды.
Президенттің 2003 жылғы 13 маусымдағы №
1107 Жарлығымен Агенттік Президенттің
бағынысына берілді, бірақ бір жылдан
кейін Президенттің 2004 жылғы 9 маусымдағы
№ 1382 Жарлығымен Агенттік Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құрамына қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына
сәйкес табиғи монополияларды реттеу
жөніндегі және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі функциялар бөлінді. Табиғи
монополияларды реттеу агенттігіне бағалық
реттеу функциялары, ал бәсекелестікті
қорғау жөніндегі функциялар Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне
берілді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы №
425 Жарлығына сәйкес таратылған Бәсекелестікті
қорғау комитетінің орнына Қазақстан
Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(монополияға қарсы агенттік) құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 23 қаңтардағы № 50 қаулысымен Агенттік
Төрағасы болып Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев
тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен Қазақстан
Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(монополияға қарсы агенттік) туралы ереже
бекітілді.