Орталық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 22:58, реферат

Описание

Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан. Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін көмірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады, ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығы сезінуіне себепші болды.

Работа состоит из  1 файл

Орталық Қазақстан.docx

— 51.70 Кб (Скачать документ)

Орталық Қазақстан 

Аумағы – 428 мың шаршы км. 
Құрамы – Қарағанды облысы. 
Халқы – 1411,7 мың адам. 
Халқының тығыздығы. 
1 шаршы км-ге 3,6 адамнан 
Қала халқы – 86% 
ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады.

Географиялық орны. Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан. Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін көмірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады, ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығы сезінуіне себепші болды.

Табиғат байлықтары. Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері , полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді балшықтар, басқа да құрылыс материалдары бар. 
           Табиғат жағдайлары. Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес. Жердің климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті , жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз, күшті жел соғып тұрады. Жауын-шашын аз жауады. Солтүстігінде Қарағанды және Қарқаралы ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді.  
Осы жерден астық тұқымдастар өсетін құрғақ дала зонасының жіңішке алқабы өтеді, топырағы қоңыр қызыл, ал ауданның бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл қызғылт топырағы бар шөл, дала зонасы алып жатыр, оңтүстік бөлігі жусанды , күйреуікті шөл зонасына өтеді, бұл зона, негізінен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады. 
  Жер суаруға қажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ. Сондықтан Орталық Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық маңызы бар. Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі. Ауданның сумен жабдықталуын жақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған. 
Мысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды. Ол Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады. 
Шаруашылық географиясы. Орталық Қазақстанның экономикалық негізін кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия құрайды, сонымен бірге машина жасау мен химия өнеркәсібі дамып келеді. Өнеркәсіптік тұрғыдан алғанда, өзара тығыз байланысты ірі кен өндіруші және өндеуші өнеркәсіптің дамуы Орталық Қазақстанда бірыңғай аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына себепші болды. Оны негізінен, 2 өнеркәсіп торап  (Қарағанды-Теміртау, Балқаш-Жезқазған ) құрайды. Орталық Қазақстандағы өнеркәсіп торабының ең қуаттысы әрі дамығаны  –  Қарағанды-Теміртау торабы. 
  Қара металлургия: Қазақстан экономикасының серпінді дамуын айқындайтын факторлардың бірі дамыған тау-кен металлургия кешенінің болуы болып табылады. Бұл ретте өндірілетін қара және түсті металлургияның айтарлықтай үлесі Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсіпорындарға тиесілі. 
Қарағанды облысы жеткілікті өңдеуші кәсіпорындар жинақталғандықтан металл өңдеу жөніндегі кластерінің кәсіпорындарын ұйымдастыру үшін барынша дайын, бұл олардың арасындағы тиісті ынтымақтастықты ғана емес, өз кезегінде өнім сапасын жоғарылатуға алып келетін бәсекелестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. 
«Металлургия» пилоттық кластерін жасау және дамыту жоспарында ұсынылған іс-шаралар металлургияның 4-5 қайта бөліс өнімдерінің, машина жасау өнімдерінің экспорты өсімін ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы секторына ірі металлургия корпорацияларымен бірігу қағидаты бойынша шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндігінше көбін тартуға бағытталған шойын, болат қорытып, прокат шығаратын Қарағанды-Теміртау комбинаты. 
  Түсті металлургия: Балқаш-Жезқазған кен металлургия комбинаты, вольфрам мен молибден өндіретін Қайрақты-Көктемкөл кен байыту комбинаты. 
  Машина жасау: кен шахта және металлургия жабдықтары, электр энергиясы жабдықтарын өндіру. 
  Химия өнеркәсібі: көмір өнеркәсібі мен қара металлургия бірлесу (кооперация) арқылы өркендеді. Синтетикалық каучук және резеңке-техникалық бұйымдар зауыты. Кокс химиясы өнеркәсібі азот тыңайтқыштарын, тас көмір смоласын, күкірт қышқылын өндіреді. 
  Жеңіл өнеркәсіп:  Қарағанды аяқ киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы, сыртқы трикотаж, тігін және шұлық бұйымдары кәсіпорындары. 
  Тамақ өнеркәсібі: Қарағанды ет комбинаты, Қарағанды кондитер фабрикасы, диірмен комбинаты, Балқаш балық зауыты. 

Ауылшаруашылығы 
  Егін шаруашылығы: Қарағанды облысының солтүстік аудандарында жаздық дәнді-дақылдар егіледі. . 
  Мал шаруашылығы : қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен бірге ірі қара, ешкі, жылқы, түйе және шошқа өсіріледі. 
Көлік географиясы:  Қарағанды облысының аумағын бойлық (меридиандық) бағытта 1205 км-ге созылатын Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді . Аса маңызды жүк тиеу мен түсіру станциялары : Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Жарық, Мойынты, Осакаровка және т.б. 
Проблемалары  
1. Жезқазған кешенін дамыту оны сумен қамтамассыз ету. 
2. Кен орындарын игеру барысында табиғатта қалатын көң-қоқыс.  
 

Табиғат жағдайы

Наурызым қорығы

Ауданның құрамы:

  • Қарағанды облысы
  • Ауданы 428 мың км2
  • Халқы 1339 мың адам
  • Орташа тығыздығы:3,1 адам/км2

Орталық Қазақстан - республикамыздағы  су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі. Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз өсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм, Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.

Табиғат ресурстары

Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

Су ресурсы

Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.Судың жетіспеуі өнеркөсіп жөне ауыл шаруашылык салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен камтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары жөне канал салынды.

 

 

Орман ресурсы

Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері - қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.

Халқы

Орталық Қазақстанның халқы  ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметінің батыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орында Теміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды қарайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.

Өнеркәсібі

Орталық Қазақстан - республикамыздағы  ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының  барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді. Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады.Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск калалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді. Бұл кешенде металды көп кажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.АӨК-ні сумен Ертіс - Қарағанды каналы жөне Нұра су қоймасы камтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазган өнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты (оның құрамына кен орны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары) жұмыс істейді.Орталык Қазакстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт кышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы, тас көмір шайыры, бензол шығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталык Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.

Электр қуаты  саласы

Электр қуаты саласында жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і жәнө Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның көсіпорындарын, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданының кейбір кәсіпорындарын электр куатымен қамтамасыз етеді

Машина жасау саласы

Машина жасау өндірісі көмекші салалардың рөлін атқарады. Қарағанды тау-кен жабдығы машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие. Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, токыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік түрлеріне келетін болсақ, негізгі рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес, солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған (Жезказған, Қаражал, Теміртау,Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын (Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы) байланыстырады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі. Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.

Экологиялық проблемалары

Республика аймағында  бірнеше ірі экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды облысы (орталық аудан). Экологиялық тепе-тенсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде.

Қалалары

Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы казбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.

  • Қарағанды (453 мың адам). Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, бірак экономикалық өлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.
  • Теміртау (170 мың адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.
  • Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.
  • Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет корғасын концентратын шығарады.Мыс балқыту өнеркәсібінен баска кұрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.
  1. 1,0 1,1 1,2 1,3 1,4 1,5 1,6 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7

Информация о работе Орталық Қазақстан