Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 10:49, реферат
Оңтүстік-Шығыс Азия - бұл Қытай, Үндістан және Австралия елдері арасындағы біршама үлкен континенталдық түбек
Оңтүстік- Шығыс Азия
Библиография:
Оңтүстік –
Шығыс Азия термині екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін
кеңінен таралды. Шығыс бөлігінде
Үндіқытай, Индонезияны, Филиппинді
алып жатқан Азиялық материк.
Оңтүстік-Шығыс Азия - бұл Қытай, Үндістан және Австралия елдері арасындағы біршама үлкен континенталдық түбек.
Континенталдық бөлікте Вьетнам, Лаос, Мьянма,Камбоджа, Тайланд, ал түбегінде- Бруней, Шығыс Тимор, Индонезия, Сингапур, Филиппин жатыр.Оңтүстік Малаккск түбегі мен солтүстік бөлігіндегі Борнео аралын Малайзия алып жатыр. Вьетнам, Лаос, Камбоджа елдерін Үндіқытай мемлекеттері, ал түбектік мемлекеттерді Нусантара деп те атайды. Бұл аймақтың шекарасы Солтүстіктен Оңтүстікке 3,2мың км, ал Батыстан Шығысқа 5,6мың км жерді құрап жатыр.Мұнда жүздеген ұлттар түрі өмір сүріп және де әртүрлі дінді ұстанып, әртүрлі тілде сөйлеп келе жатыр. Олар бүкіл дүние жұзіндегі адамдар санының 8 %-ын құрайды. Бұл аймақтағы мемлекеттер өздерінің келіссөздерін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер ассоциациясы ( АСЕАН) арқылы жасайды.
Оңтүстік –Шығыс
Азия елінің территориясында
599 млн адам мекен етеді, бірақ
соңғы көрсеткіштер бойынша,
адам саны қарқынды түрде
азаюда, дегенмен де абсолюттік
көрсеткіші әлі сақталуда. Адамдардың
басым көпшілігі Ява аралында
орналасқан.
Оңтүстік –Шығыс Азия бұрыннан бері Еуропалықтарды қызықтыруда. Молукктық түбектен Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропаға көптеген дәмділіктер әкелініп отырды, олар ортағасырлықта алтыннан да қымбат болып есептелді.
Көптеген
ғалымдардың айтуы мен зерттеуі
бойынша, бұл елге баю үшін
адамдар тура жететін жолды
ашқысы келді. Соған мысал
ретінде: Американы ашқан - Христофор
Колумбты, бүкіләлемдік саяхатшы- Фернан
Магелланды, Португалдық теңізші-
Васко да Гаманы келтіре
аламыз. Және де сол тура
жолды бірінші болып ашқан
португалдықтар болды, олар
елді отарлап, сауда қатынастарын
орнатты. Кейіннен оларға голландықтар
мен ағылшындар қосылды. Бұл
ХХ ғасырдың соңына дейін
созылды, содан соң отаршылдар
өз тәуелсіздіктерін алды. Енді
бұнда Еуропалықтар отаршы ел
ретінде емес, саяхатшылар мен қонақтар
ретінде келуде.
Бруней, Бруней/Даруссалам-
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет
(сұлтанат). Калимантан түбегінің
жиегінің Солтүстік –Батыс бөлігінде
орналасқан. Малайзиямен шекаралас.
Шекарасының аумағы – 5,8 мығ
кв км.Адам саны-372 мың. Астанасы-
Бандар- Сери - Бегаван. Ұлт бірлестіктеріне
мүше.
Шығыс Тимор,
Тимор-Лешти-Оңтүстік-Шығыс Азиядағы
түбектік мемлекет. Тимор түбегінің
Шығыс бөлігін,сонымен қатар Атауру(солтүстікте)
және Жаку(шығыста)түбектерін
алып жатыр.
Вьетнам, негізгі
атауы- Социалдық вьетнам Республикасы-
Үндіқытай жерінде орналасқан
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеті.
Батыста - Лаос пен Камбоджа,
Солтүстікте- Қытаймен шекаралас.
Индонезия
Республикасы- Батыста-Жаңа Гвинеямен
және Малайлық аралдарында орналасқан
Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеті.
Солтүстікте- Малайзия, Шығыста- Папуа
Жаңа Гвинеямен, Тиморда- Шығыс Тимормен
шекаралас.
Камбоджа Корольдігі- Үндіқытай түбегінің Оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеті. Ауданы- 181 мың кв км. Адам саны- 13 млн. Билеу түрі- конституциялық монархия, мемлекет билеушісі- король. Заңдық орган- екіпалаталық парламент (Ұлттық ассамблея және Сенат). Батыста- Вьетнаммен, Солтүстікте- Лаоспен, Солтүстік-Батыста- Тайландпен шекаралас .
Лаос( Лаостық Ұлттық- Демократиялық Республика) – астанасы Вьентьян , теңізге шығу мімкіншілігі жоқ Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Батыста- Тайландпен, Шығыста- Вьетнаммен, Оңтүстікте- Камбоджамен, Солтүстікте- Қытайдың Юньнань провинциясымен шекаралас.
Малайзия Федерациясы-
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Оңтүстік-
Қытай теңізі бөліп тұрған
екі бөліктен тұратын мемлекет.
Батыс Малайзия-
11 штаттан және екі федеративтік
шекарадан құралған Малакка түбегінде
орналасқан мемлекет. Солтүстікте-
Тайландпен, Оңтүстікте- Сингапурмен
шектесіп жатыр.
Шығыс Малайзия-
Солтүстік Борнео түбегінде
орналасқан, федеративті шекара
Лабуан мен Сабах, Саравак
штаттарынан құралған. Бұл штаттар
Индонезия және Бруней Даруссалам
сұлтанатымен шекаралас.
Мьянма, Мьянма
бірлестігі( 1989 жылға дейін Бирма,
Бирма бірлестігі)- Үндіқытай түбегінің
батысында орналасқан Оңтүстік-Шығыс
Азия мемлекеті. Кейбір деректерде
бұл ел атауы «мранма» ( ауызекі
тілде «бама») этнониміне байланысты
аталған деседі.
Сингапур
Республикасы- Джохорск ағысы
арқылы Оңтүстік Малайск түбегінен
бөлінген Оңтүстік-Шығыс Азия
мемлекеті. Тайвань мемлекетіне кіретін
Джохор сұлтанаты- Оңтүстік-Батыста-
Үндіқытай түбегімен және де
Солтүстікте- Малаккамен шекаралас.
Шығыста- Лаос пен Камбоджа, Батыста-
Мьянмамен, Оңтүстікте- Малайзиямен
шектесіп жатыр.
Филиппин
Республикасы- Тынық мұхитында
Индонезия мен Тайвань арасында
орналасқан көптеген түбектерден
құралған Оңтүстік-Шығыс Азия
мемлекеті.
АСЕАН
Оңтүстік-Шығыс
Азия елдер Ассоциациясы(ағылш.
Association of SoughtEast Asian Nations)-
Оңтүстік-Шығыс Азия жерінде орналасқан
саясаттық, экономикалық және
мәдениеттік елдер арасындағы аймақтық
халықаралық ұйым.
«Бангкоктық декларация» деген басқа атпен де белгілі АСЕАН ұйымы 1967 жылы 9 тамызда Бангкок қаласында құрылды. Ұйымға 10 ел мүше. Олар: Малайзия,Тайланд, Сингапур, Камбоджа, Бруней, Индонезия, Мьянма,Лаос, Вьетнам, Филиппин.Сондықтан да АСЕАН рәмізінде он күріштің масағы салынған. 1993 жылы АСЕАН кезінде Азиаттық аймақтық форумы-ААФ құрылды. Бұл форум оған қоса 13 елді біріктірді. Олардың қатарында: Ресей, АҚШ,Жапония мен Қытай, Оңтүстік, Солтүстік Корея кіреді.
АСЕАНның жоғарғы билік органы – саммит көшбасшысы болып саналады. Ол 2001 жылдан бастап әр жыл сайын және де үш күнге созыла өтіп келуде. Басшылық пен аралық теңдік пен қалыптықты сақтап отыру үшін Ішкі Істер Министрлігі әр жыл сайын жиылыс өткізіп отырады және де қаржы министрлері, ауылшаруашылық, экономика министрлері де әр жыл сайын жиналыс өткізеді, бірақ олардың қарастырған мәселелерін қолға алу- алмауын Ішкі Істер Министрлігі шешеді. Бірқалыпты Секретариат Джакарта қаласында орналасқан, басшысы- генералдық секретарь( 2008 жылдың қараша айының бұрынғы Ішкі істер министрі Таиланда Сурин Питсуван).
Сонымен қатар
жұмыс 29 комитетте, 122 жұмысшы топта
жүргізілуде, соның арқасында АСЕАН
төңірегінде 300-ден аса
іс -шаралар жасауға мүмкіншілік
береді.
Азиаттық жолбарыстар: экономикалық ғажайып тарихы.
«Экономикалық жолбарыстар»- экономикалық өсудің өте биік екпіндерін көрсететін мемлекеттер үшін бейнелі атау.
Бірнеше экономиктер атап көрсетілуде:
Ерекше экономикалық түрлілікке ие «Анатолиялық жолбарыстар»- индустриясы ерекше қарқынды дамып келе жатқан Түркия елінің экономикасы.
Бірінші
қатардағы «жолбарыстар»
1960-1990 жылдарда Шығыс Азиядағы болған өзгерістер «Ғажайып» деген атқа шынымен де тиесілі. 1960-1990 жылдардағы ВВП-ның ортажылдық өсу көрсеткіші Тайваньда және Гонконгта 6,3%-ды, Оңтүстік Кореяда 6,9%-ды , Сингапурда 7 % -ды көрсетті.
Екінші топ елдерінің дамуы басқаша болды. Малайзия, Индонезия, Тайланд елдерінде конфуциандық және еңбектік белгілер болған жоқ, дегенмен де конфуцийлік белгілер байқалды деседі. Бұл елдерге Қытай эмигранттары көптеп келгендіктен, олардың дәстүрі, экономикаға қатысты саясаттары қарастырыла бастады.
Оңтүстік- Шығыс Азия тәуелсіздігін алғаннан бері хуацяо этнонимі заңды түрде орнықты. Индонезияда қытайлықтар 2,8 %-ды құрайды, жеке кәсіпкерлік капиталының 75%-ын құрап отыр. Тайландта 10%-ын қытайлықтар құраса, жеке кәсіпкерлік капиталдың 50 %-ын құрауда. Сонымен қатар, этникалық қытайлықтар жоғарыквалификациялы мамандар. 80- жылдардан бастап ОША елдеріндегі « Төрт жолбарыстар» тобы өте биік шыңдарға жетті. Шетелдік инвесторлар Шығыс Азия елдеріне инвестиция салуды қолдап, кәміл сеніммен келіссөздер жасап, көптеген келісімшарттарға қол қойды.
Екінші топтағы жолбарыс : Малайзия, Тайланд, Индонезия мемлекеттерінде барлық жұмысты менеджерлер мен қытай кәсіпшілері атқарды. Қытай кәсіпшілері өздерінің кәсіптерін жалғастырып, табыс әкеліп отырды, ал авторитарлы режим оларға саяси қамқорлық пен қорғау жұмыстарын жүргізді. Билік басындағылар мен кәсіпшілер арасындағы келісім бұрынғыша жүріп отырды, кәсіпшілер оларға пара беріп, ал билік басындағылар оларға өз кәсіптерін жалғастырып, жасай беруге мүмкіндік беріп отырды. Кімде сондай келісім жасалынып жатса, олардың ойынша енді барлық мемлекеттік мәселелерді шешуге болатынын ойлады. Билікте таныстары болса, банктен несие алу мүмкіндігі оңайырақ және тез болады деп ойланды. Шынымен де солай болды, несие алушылардың саны күрт артып, мемлекетке қарыз болып қалғандар күннен күнге артты. Соған қоса экономиканы дамыту сонша жақсы жүре қойған жоқ, зауыттар мен зәулім мұнаралар басқа саясатқа байланысты да салынып отырды. Мысалға: елдегі жұмыссыздықты жою , зауыттар салып халықты жұмысқа жұмылдыру болды. Ерекше ашық коррупциямен көзге түскен - Индонезия. Әртүрлі кәсіпкерліктерге президент өзі қатысты, тек қана оның отбасының қоластына 1247 кәсіпорындар тиесілі болды. Бұл жерде мәселе тек коррупцияда емес, сонымен қатар Тайландта экономикалық секіріс жылжымайтын мүліктің күрт қымбаттап келуіне әкеліп соқты.