Парламент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 09:04, реферат

Описание

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.

Работа состоит из  1 файл

Парламент.doc

— 35.50 Кб (Скачать документ)


1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Сөйтіп, мемлекетті басқаруды оңтайлы ұйымдастыру, меншік, адам құқықтары мен бостандықтары секілді көптеген маңызды мәселелердің түйіні тарқатылды. Билік тармақтарының өзара тиімді іс-қимылы үйлестірілді. Саяси және экономикалық дамудың кепілі - ішкі бірлік пен қоғамдағы тұрақтылық деп жарияланды. Стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті реформаларға жол ашылды.

Халық тұрақтылықты, заңның үстемдігін, күшті әрі бақыланатын билікті таңдады. Бұл ел азаматтарының алғаш рет өзінің саяси таңдауын жасаған, Конституция арқылы мемлекеттің мұрат-мүддесін, стратегиялық бағыт-бағдарын айқындаған демократиялық қадам еді.

Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Қазақстанның жаңа Конституциясы егеменді мемлекетіміздің дамуына серпін беріп, қазіргі заманғы парламентаризмнің негізін қалады, "Парламент" ұғымы, еліміздегі заң шығару билігінің қызметі ресми түрде айқындалды. Жаңа Ата заңға сәйкес 1995 жылғы желтоқсанда сайлау өткізіліп, Мәжілістің 67 депутаты және Сенаттың 40 депутаты сайланды.

1996 жылғы 30 қаңтар қос палаталы Парламенттің алғашқы отырысы өткізіліп, қызметі басталған күн ретінде тарихқа енді.

Нақ осы алғашқы сайланым депутаттары республика қызметінің негізгі салаларын реттейтін нормативтік базаны жасап, Қазақстан экономикасының нарық жағдайында одан әрі өркендеуін қамтамасыз ететін құқықтық негіз қалады.

1998 жылы парламентаризм институтын елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында одан әрі жетілдіру жолында тағы бір үлкен қадам жасалып, Конституцияға өзгерістер енгізілді.

Ата заңымызға енгізілген түзетулерге сәйкес палаталардың өкілеттіктері, депутаттық корпусты қалыптастыру тәртібі өзгертілді, депутаттық мандаттар саны көбейіп, Парламент өкілеттігінің мерзімі ұзартылды.

Мәжіліс сайлауын бір мандатты сайлау округтерінен және саяси партиялардан, яғни аралас схема бойынша өткізу мүмкіндігі туды. Енді саяси партиялар Парламентке пропорционалдық өкілдік жүйесі негізінде партиялық тізімдер бойынша сайлана алатын болды. Соның нәтижесінде екінші және үшінші сайланған Парламент Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша 67 депутат және саяси партиялардан 10 депутат сайланды.

Осы өзгерістерге толы жылдардың қоғам өміріндегі маңызы ерекше еді. Республика Президенті ұсынған саяси-экономикалық идеялардың жаңа Конституцияда көрініс табуы, Парламенттің сол идеяларды жүзеге асырудағы ықпалының артуы тиісті нәтижесін берді. Республика жаңа даму кезеңіне өтті. Қазақстан экономикалық даму қарқыны жағынан ТМД елдерінде көш бастады. Нарықтық қарым-қатынастың қазақстандық үлгісін жасай отырып, оны әлемдік озық тәжірибемен байыта алды. Бұл қоғамдық қатынастардың даму деңгейіне сай әлеуетке ие болған, өміршең Конституциямыздың көп игіліктерінің бірі ғана еді.

Бұдан кейінгі мерзім жаңа Конституцияның мүмкіндіктерін одан әрі ашу жолындағы ізденістерге толы болғаны белгілі. Біз енді дамыған елдердің деңгейіне қол создық. Республиканың табиғи байлығын осы заманғы жоғары инновациялық жетістіктер арқылы игеру, Қазақстанды индустриялық елге айналдыру, білім мен ғылымды дамыту мақсаттары саяси және атқару билігінің қызметін ұдайы жетілдіруді талап етті. Сонымен бірге осы аса маңызды әрі күрделі мақсатқа саяси партиялар мен қоғамның барлық тараптарын жұмылдыру қажет еді. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік басқару конфигурациясын Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейту, партиялардың мемлекет және қоғам өміріндегі ықпалын арттыру жағына қарай өзгерту керектігін атап көрсетті. Бүгінде бұл талап та дәйекті жүзеге асырылып келеді.

2007 жылы төртінші сайланған Парламент Мәжілісіне 107 депутат, оның ішінде 98 депутат пропорционалдық өкілдік жүйесіне негізделген партиялық тізім бойынша сайланды. Тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылды. Бүл бүкілхалықтық беделді ұйымға айналған осы органның еліміздегі тұрақтылық пен келісімді нығайту ісіне қосқан үлесін лайықты бағалау болып табылды. Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттар саны да ұлғайтылып, 39-дан 47-ге жетті.



Информация о работе Парламент