Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:25, реферат
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі.
Президенттік
биліктің демократиясының эволюциялық
жолын таңдағанын анық көреміз. Саяси
партиялардың кейбірі Батыс демократиясына
тән шектеусіз сөз бостандығын, ереуілдер
мен жиналыстар бостандығын, дін бостандығын
талап етуі Қазақстанның жас демократиясы
үшін қауіпті екендігін басқарушы элита
біледі. Ғасырларға созылған тоталитарлық
саяси жүйе мемлекеттің жеке адам өмірін
реттеуі әкімшілдік-әміршілдік ойлауға
бейімділік қазақстандықтар үшін із түссіз
кеткен жоқ. Ел басшылығы мен электорат
саяси қызметтің әкімшілдік әдістеріне
бейім болады. Биліктің демократиялық
тетіктерінен гөрі, әкімшілдік тетіктері
басым жұмыс істеді. Тоталитарлық, әкімшілдік
ойлауға бейімділік Қазақстандағы саяси
партиялар құрылысына міндетті түрде
өзінің кері ықпалын жасады. Партиялар
Қазақстанда халықтық әлеуметтік тамырлардан
қарағанда, әкімшілдік жүйемен көбірек
қатыста болды.
Өтпелі
кезеңдегі саяси және әлеуметтік
шындықтарға адекватты прзиденттік билік
күшейе түсті. ТМД мемлекеттерінің транзиттік
қоғамдарын зерттеушілер пікірінше Қазақстандағы
әкімшілдік жүйенің осы жылдарда нығаюы
өзін ақтады. Ал демократиялық әдістерге
барлық есіктерін ашып тастаған Қырғызстан,
Грузия, Украина сияқты мемлекеттер саяси
тартыстардың перманентті күресу алаңына
айналды. Осындай құбылыстар Ресейде,
Молдавада да байқалды. Демократияның
эволюциялық дамуын әкімшілдік жүйенің
сақталуымен оңтайлы ұштастыра білген
Қазақстанда саяси тұрақтылық сақталып,
экономикалық модернизация саясатының
құлаш жаюына қолайлы ахуал туды. Қазақстандағы
саяси партиялардың пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктер
ретінде оған президенттік биліктің ықпалының
күшті болуын және партиялық құрылыстың
атқарушы әкімшілдік биліктің басымдылығы
жағдайында жүргенін атаған жөн. Қазақстан
авторитризмнен демократияның аралығында
тұрды. Сол себепті, сарапшылар елдегі
демократиялану үрдістеріне транзиттік
демократия немесе өтпелі демократия
деген атау берді. Шындығында тәуелсіз
дамудың бастапқы кезеңінде 1991-1995 және
одан кейінгі 1995-2000 жылдарда елде толыққанды
демократиялық мемлекет болған жоқ. Бұл
құбылыс саяси партиялардың әлсіздігінен
де байқалады. Әлеуметтік базасы ұлттық
сипатталған, бағдарламасын жалпы халық
мойындаған, мемлекеттік билікке ықпалы
бар бірде-бір саяси партия тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында болған жоқ.
90-шы
жылдардың ортасына дейін
Сондықтан
Қазақстан басшылығы және Қазақстан
халқы елдің демократиялық
Елдегі
саяси партиялардың мемлекет өмірін
демократияландыруға қатысуын эволюциялық
үрдіс ретінде зерттеуді дұрыс деп есептейміз.
Себебі, саяси партиялардың қалыптасуы
мен дамуының объективті жағдайы бұл үрдіске
биліктің белесіне араласумен сипатталады.
Қазақстанның саяси партиялары «жұмсақ
авторитаризм» жағдайында қалыптасып
дамығаны ақиқат.
Саяси
шындықта Саяси шындықта авторитаризм
мен демократияның қос қабат жүруі ақылға
сыимсыз сияқты болуы мүмкін. Саяси ғылым
дәстүрінде авторитаризм мен демократия
дихотомиялық құбылыстар болып есептеледі.
Бірақта, ТМД елдерінде, қалыптасқан саяси
- әлеуметтік ахуал жас мемлекеттердің
бірден демократияны таңдауына мүмкіндік
бермеді. Авторитарлық билік ел бірлігін,
тұтастығын сақтай отыра демократиялық
институттар біртіндеп енуіне өзі көмектесті.
Бұл құбылысты ТМД сарапшылары «басқарылатын
демократия» деп те атады. Қазақстан басшылығы
қоғамды реформалауды объективті дайындауды
мақсат тұтты.
Қорытынды.
Саяси биліктің аралық сипатта болуы саяси
партиялар қызметіне әсер етпей қойған
жоқ. Біріншіден, саяси партиялар өркениетті
елдердегідей жалпыхалықтық сипат алып
экономикалық, ұлттық және әлеуметтік
саясатта шешуші рөлге ие бола алмады.
Екіншіден,
вертикалды президенттік билік пен
атқарушы биліктің аймақтардың барлығындағы
басымдылығы саяси плюрализмді ғана емес,
митингілік демократияны да тежеді. Халық
негізінен ресми билік айқындаған саяси
экономикалық басымдылықтарды ғана жақтаумен
болды.
Үшіншіден, басқарылатын демократия, немесе транзиттік демократия жағдайында ел халқының саяси белсенділігі, саяси мәдениті мен саяси санасы әлсіз болды. Соның нәтижесінде халық үлкен саясатқа белсене араласқан жоқ. Шындығында қарапайым қазақ халқы мен қазақстандықтар өз тағдырын ресми мемлекеттік билікке тапсырды. Олардың саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарға белсене қатыспауының, саяси индеференттілігінің негізгі себебі де осында болатын.
Төртіншіден,
Қазақстандағы билік
Бесіншіден,
Қазақстанның саяси элитасы өз тағдырын
Қазақстан тағдырымен толық байланыстыра
алды. Ол өзінің саяси билігін және
экономикалық қуатын мемлекеттік мүдделері
шешуге бетбұрыс жасата білді. Билік
өзінің эгоистік мүддесін жалпыұлттық
мүдделерге біртіндеп бағындра бастады.
Бұл іске Президентің саяси еркі мен талапкерлігі
шешуші рөл атқарды. Саяси элита экономикалық
модернизацияны саяси модернизацияға
трансфармациялады. Қазақстан «жұмсақ
авторитаризмнен» демократияға бетбұрыс
жасауды қолға алды.
Алтыншы,
Қазақстандағы бизнес элитаның бизнес
олигархияға айналуы процесі
анық байқалады. Бизнес олигархтар өз
мүдделерін жақтайтын БАҚ-ты ғана емес
саяси партияларды да құруға тырысты.
Олигархтар Қазақстанның табиғат, кен
байлықтарын, еңбек ресурстарын еркін
пайдаланғанымен қоймай саяси билікті
де өз ықпалдарымен шығармауды көздеді.
Бірақта, ресми мемлекетік билік жалпыұлттық
және жалпымемлекеттік мүдделерді бірінші
кезекке қоя алды.
Жетіншіден,
Қазақстанның түрлі аймақтарындағы
этносаяси және этнодемократиялық ахуал
саяси партиялар құрылысына өз ықпалын
тигізді. Солтүстік пен Шығыс аймақтарында
славян тектес орыс тілді халықтардың
басым болуы сепаратистік пиғылдағы саяси
топтардың болуына әкелді. Орталық пен
жергілікті билік сеспаратистік топтардың
бұқаралық сеспаратистік партияларға
айналып кетпеуі үшін күресті. Оңтүстік
аймақта керсінше қазақтың ұлтшыл топтарының
ықпалы зор болды. «Азат», «Алаш» сияқты
қозғалыстар ұлтшылдық идеологиясы мен
платформасындағы партияларды құра алды.
Алайда қарапайым халық саясат акторларының
сеспаратистік пиғылдарын да, ұлшылдық
ұрандарын да қолдамады. Қазақстан халқына
қажетті татулық, тыныштық жағдайында
болатын экономикалық реформалар нәтижесінде
әлеуметтік, этникалық және тілдік мәселелердің
шешілетініне сенді.
Сегізіншіден,
70 жылдан астам үстемдік еткен этатистік
социализм құрылысы Қазақстан халқының
санасы мен саяси мәдениетіне
өз ықпалын бірден жойған жоқ. Ел халқы
бір партиялық коммунистік
Қазақстан
халқы санасы тоталитарлық, коммунистік
идеологияның нәтижесінде қалыптасты.
Коллективтік, ұжымның сана, қоғамның
дамуының перспективалары туралы біркелкі
ойлау, адамның жеке мүдделерінен мемлекеттік
ортақ мүдделері бірінші қою, ұлттық өмірдің
мақсат – мұраттарын біріккен Кеңес халқының
мақсат – мұраттарына бағындыру, коммунистік
партия көрсетіп берген ортақ линиядан
ауытқымау сияқты догмалардан құтылмайынша
Қазақстанда өркениетті елдерге тән көппартиялық
жүйені жасау қиын болатын. Маркстік –
лениндік социализм теориясында көптүрлі
әлеуметтік мүдделерге негізделген партиялық
жүйенің мәселелері мүлдем қарастырылмайтын.
Өтпелі
кезеңдегі Қазақстан халқының саяси
мәдениеті мен дүниетанымы
Информация о работе Партиялық жүйелер түсінігі және әр түрлілігі