ҚР агроөнеркәсіп кешенінің заманауи мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 21:33, реферат

Описание

Агроөнеркәсіптік кешен – агроөнеркәсіптік өндіріспен байланысты экономика салаларының жиынтығы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың маңызды секторының бірі. Оны дамыту үшін ұзақ мерзімді болжамдар мен бағдарламалар талдап жасалынуы тиіс. Елдің азық-түлік сферасындағы тәуелділігін кеміту мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы концепциясы мен бағдарламасын жасауды қажетсінеді.

Работа состоит из  1 файл

агрооо.doc

— 64.50 Кб (Скачать документ)


ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес жоғары мектебі

 

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР агроөнеркәсіп кешенінің заманауи мәселелері.

 

 

Тексерген: Байгісиев М.К

Орындаған: Рсалы Қарлығаш

Тобы: УиА10К2

Агроөнеркәсіптік кешен – агроөнеркәсіптік өндіріспен байланысты экономика салаларының жиынтығы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың маңызды секторының бірі. Оны дамыту үшін ұзақ мерзімді болжамдар мен бағдарламалар талдап жасалынуы тиіс. Елдің азық-түлік сферасындағы тәуелділігін кеміту мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы концепциясы мен бағдарламасын жасауды қажетсінеді. Онда елдің азық-түлік қауіпсіздігі негізделіп, Қазақстанның әлемдік азық-түлік өндіру және бөлудегі орны анықталуы тиіс. Мұның өзі, әсіресе ҚР-ның бүкіл дүниежүзілік Сауда ұйымына күруге ұмтылу жағдайында өзекті мәселе болып табылады. Ұлттық экономиканың агроөнеркәсіптік кешені күрделі биотехнологиялық жүйе болып табылады. Оның негізгі сферасы – ауыл шаруашылығында жер, су т.б. табиғи өндіріс негіздері пайдаланылады. Шаруашылық іс-әрекеті нәтижелеріне табиғи-климаттық және метеорологиялық жағдайлар үлкен әсер етеді де ауыл шаруашылығы өндірісіне тәуекелдік сипат береді . Ауыл шаруашылығы капитал мен қуатты көп қажетсінетін өндіріс, сондықтан бұл сала инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін аса тартымды емес. Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қолдау мақсатындағы мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың объективті қажеттілігі болып табылады. А.Ө.К. – күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Бұл жүйеге көптүрлі қажеттіліктері мен мүдделері бар, әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар кіреді. Мемлекеттік реттеу шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сәйкестендіру және тең құқылық жағдайында А.Ө.К-тің тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталады. Аграрлық саясат агроөнеркәсіптік өндірістің орнықты және бәсекеге қабілетті дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Ал, мұның өзі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын, сондай-ақ олардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақындатуға оңды әсер етеді.  Табиғи-экономикалық шарттардың көптүрлілігіне байланысты жекелеген өңірлердегі өндірісті ұтымды орналастыру қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық саясатты да жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізуді қалайды. Агроөнеркәсіптік кешенді дәстүрлі қалыптасқан қағидаларға сәйкес орналастыру рыноктық механизмдер, сондай-ақ салалық және аумақтық бағдарламалар негізінде реттеледі. Ұзақ мерзімді перспективада агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мақсаты рынокты тұрғындардың барлық топтарының қолы жетімді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді ауыл шаруашылығын қалыптастыру болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің бірінші кезектегі міндеті азық-түлікпен қамтамасыз етуде импорттық тәуелділікті кеміту; азық-түлікті жан басына шаққандағы тұтынуды жоғарылата отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының табысты жұмысы үшін ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары келесідей:

  • Рыноктық принциптер мен мемлекеттік реттеуді қатар қолдануға негізделген А.Ө.К.-тің қызмет ету механизмін қалыптастыру;
  • А.Ө.К.-тің тиімділігін жоғарылату және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ғылым мен ғылыми-техникалық прогресс әсері мен рөлін күшейту;
  • Отандық рынок үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін тауар өндірушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында протекционистік сырткыэкономикалық саясат жүргізу;
  • А.Ө.К.-тің өндірістік әлеуетін пайдалану тиіміділігін арттыруға бағытталған жер қатынастарын жетілдіру, интеграциялық процестер мен кооперацияны дамыту;
  • Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған әлеуметтік саясатты мейлінше жетілдіру.

Ауылдың дамуына жаңа көзқарас қажет. Ауыл тек қана ауыл шаруашылығымен байланысты аумақ деп қана емес, сонымен бірге оның тұрғындарының өмір сүру ортасы ретінде қарастырылуы қажет және олардың өмір сүру жағдайлары қала тұрғындарының жағдайына теңдестірілуі тиіс.

Табиғи-экономикалық жағдайлардың көптүрлілігіне байланысты жекелеген өңірлер мен өндірісті ұтымды орналастыруға қатысты әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыруда дербес әдіс-тәсілдер қолданылуы қажет. Агроөнеркәсіптік өндірісті орналастыру және мамандандыру мәселесі рыноктық қатынастарды реттеу механизмдері, сондай-ақ салалық және аумақтық мақсатты бағдарламалар негізінде жүзеге асады. Ұзақ мерзімді перспективада А.Ө.К.-ті дамыту мақсаты рынокты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ететін орнықты және тиімді ауыл шаруашылығы мен басқа салаларды қалыптастыру болып табылады. Аграрлық өндіріс, ешнәрсемен орнын толтыруға болмайтын, бастапқы қажеттіліктерді қанағаттандыратын азық-түлік өнімдерін өндіреді. Мұнда табиғи өндіргіш күш пайдаланылады, соның ішінде жер-бағалы және көлемі бойынша шектеулі ресурс болып табылады. Биотехникалық революция аграрлық еңбектің экономикалық өсуі үшін өз артықшылықтарын максималды пайдалануға жағдайлар жасады. Аграрлық еңбектің өнімділігі өнеркәсіп өндірісі өнімділігінен арта түсті. Сонымен бірге аграрлық өндіріс өзі үшін жасанды құрал-жабдықтар жасап беретін өнеркәсіптік салаларға тікелей тәуелділікке түсіп, өзін-өзі ұдайы өндіретін сала болудан қалды. Макродеңгейде аграрлық өндіріс рыноқтық экономиканың қазіргі моделіне сәйкес келе қоймайды және сондықтан мемлекеттік қолдаудың тиісті бағдарламасы болған жағдайда ғана одан әрі дами алады. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек негізінде жаралған жоқ, сондықтан оның өндіріс шығындары да жоқ. Ол табиғаттың сыйы. Ендеше, рынок аумағындағы жер үшін ұсыныс абсолютті икемді емес, рынокта жерге сұраныс қана едәуір белсенді.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымында үш сфераны ажыратады: бірінші – ауыл шаруашылығы, тамақ және ет-сүт өнеркәсібін, дайындау жүйесін өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптік салалар жиынтығы; екінші – ауыл шаруашылығының тікелей өзі (егін, мал және орман шаруашылықтары); үшінші – ауыл шаруашылығы шикізатын дайындауды, тасымалдауды, сақтауды және өңдеп, ұқсатуды қамтамасыз ететін салалар мен өндірістер жиынтығы. Қазақстандағы аграрлық реформа барысында А.Ө.К.-тің ұйымдастыру-экономикалық, қаржылық және құқықтық жағдайлары түбегейлі өзгертілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық формаларын, өзінің өндірістік-қаржылық қызметін жоспарлауды, өндірілген өнім мен табысты пайдалануды, өткізілетін өнімге баға тағайындауды таңдауда дербес құқыққа ие болды. Аграрлық реформаның мәні, ол – меншік қатынастарын өзгерту және соның негізінде ел экономикасында көп салалы аграрлық секторды қалыптастыру болып табылады. Заманауи ғылым мен практика шаруашылық жүргізудің талаптарға сай жолдарын ұсынады. Агроөнеркәсіптік кешенді өркендетуде өзіндік өндірістік мүмкіндіктерге басымдықтар беріледі. Бұл отандық азық-түлік рыногын қалыптастырудың негізгі шарты. Есептеулер көрсеткеніндей жақын онжылдықта отандық өнім шығару есебінен ет, құс, сүт, жұмыртқа, картоп және көкөніс өнімдері бойынша ішкі тұтынуды қанағаттандыруға мол мүмкіндіктер бар. Қазіргі кезде бұл өнімдерді өндіру бойынша мамандандырылған аймақтар кешендер ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасы үкіметі өңдеуші, ұқсатушы өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыруда материалдық, қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Мұның өзі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетіндігі анық. Сондықтан аграрлық саясат ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандырып, жоғарылату ісіне қызмет көрсетуі тиіс. Қазіргі дамыған елдердің барлығында дерлік ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды сферасы ретінде мемлекеттің қолдау объектісі болып отыр. Өндірістің бұл саласындағы басты қағида еркін рынок жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс ара қатынасын белсенді мемлекеттік реттеумен толықтыруда болса керек. Батыс елдерінде мемлекет ең маңызды деген ауыл шаруашылық өнімдеріне минималды бағалар тағайындайды және оны қайта қарап отырады. Осындай әрекеттер арқылы өндірушілер бағаның тым төмендеп кетуінен қорғалады. Аграрлық саясатты жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. А.Ө.К.-ті рыноктық экономика жағдайында реттеу көпқырлы мәселе болып табылады.

Сонымен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру, өңдеу және өткізу, сондай-ақ аграрлық секторды өндірістік-техникалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістер арқылы әсері болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттің реттеуші қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

a)                 Заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу монополдық құрылымдардың теріс әсерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Қазақстанда аграрлық реформа жүргізу барысында мейлінше монополданған ресурстық, шикізаттық, азық-түлік рыноктары қалыптасты. А.Ө.К.-пен шектес салалардың монополизмі, делдалдардың көптігі бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатып, ауыл шаруашылығында жасалған жалпы табысты монополистер мен делдалдардың пайдасына қайта бөліп, А.Ө.К.-тің негізгі саласындағы ұдайы өндіріске кедергі келтірді.

b)                Аграрлық рыноктардың барлығында бәсекелік орта қалыптастыру. Мұның өзі А.Ө.К.-тің түпкі табысын оның барлық буындарының шығындарына сәйкес қайта бөлуге көмектеседі. Бұған қоса баға теңсіздігін жою үшін энергетикалық кешен, көлік, байланыс кәсіпорындарының қызметін реттеуде мемлекет-рөлін күшейте түсетін заңнамалық негіз қажет.

c)                 Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, тауар өндірушілерді рынок шарттарына бейімдеу жағдайларын жасауды қолдау. Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің маңызды қызметіне тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарына орнықты сұранысты қолдау жатады. Мемлекет А.Ө.К. өнімдеріне, мемлекеттік тапсырысқа қажетті баға жүйесін реттеу арқылы халықтың табысын қалыптастыруға әсер етіп, тұрғындардың төлем қабілеті бар сұранысын түзуге жәрдемдеседі.

d)                Ақылға қонымды протекционизм (қолдау) саясатын жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кедендік тарифтер, импорттық азық-түлік тауарларына салықтар көмегімен жүзеге асады.

e)                 Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау, А.Ө.К.-тің біріккен кәсіпорындарын құру, озық техника мен технологияны импорттауды қолдау мақсатында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.

f)                  А.Ө.К.-проблемалары бойынша шешуші ғылыми бағыттарды қаржыландыру, әлемдік стандарттарға сай жаңа технологияларды жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.

Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу бірқатар экономикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Бұлардың ішінде бағаның рөлі ерекше. Баға – рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бағаларды ырықтандыру ұсынысты да, сұранысты да қысқартты және бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатты. А.Ө.К.-тің негізгі баға жасаушы буындары бойынша бағалар теңсіздігін реттеу қажеттілігі туып отыр. Бұл диспаритеттер: энерготасушылар – транспорттық тарифтер - А.Ө.К. үшін машина жасау салаларының өнімі – ауыл үшін қызмет көрсету – ауыл шаруашылығы шикізаты – өңдеу, тамақ өнімдері саудасы тізбесі бойынша реттелуі тиіс.

Бағалар диспаритеті екі формада көрініс табады:

      Ауыл шаруашылығына тауар жеткізілімдері мен қызмет көрсетулерге шығындар деңгейінен әлдеқайда артық баға тағайындау;

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын шығындарды жабу және қажетті пайдалылықты қамтамасыз ету деңгейінен едәуір төмен тағайындау.

      Сондықтан, ауыл шаруашылығын бағалық диспаритеттің қатаң құрсауынан шығару үшін бағаларды қалыптастыру және реттеу іс-әрекеттеріне мемлекеттің белсенді түрде араласуы қажет. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың болжамды көрсеткіштерін негіздеу үшін келесі әдістер қолданылады:

      Бағдарлы-мақсатты әдіс;

      Баланстық (теңгермелі) әдіс;

      Нормативтік әдіс.

Агроөнеркәсіптік кешенді бағдарлы-мақсатты жоспарлаудың отандық тәжірибесі, сондай-ақ шетелдік практика мемлекеттік реттеудің аталған әдісін талдап жасаған. Экономикасы дамыған елдерде (Еуропалық Одақ, АҚШ т.б.) А.Ө.К.-тің мақсатты бағдарламалары шеңберінде аграрлық сфераны қолдауға жыл сайын ондаған миллиард доллар бөлінеді. Мұның сыртында сатып алу бағалары мен айналмалы қорларды несиелеу үшін субсидиялауға берілетін сома тағы бар. Агроөнеркәсіптік мақсатты бағдарламалар саланың нақты проблемасын шешуде пайдаланылады. Аталған әдісті қолдану үшін проблеманы анықтап, жан-жақты негіздеу маңызды рөл атқарады. Мақсатты бағдарламалардың басты міндеті проблеманы кешенді қарастыру негізінде жан-жақты және терең сараптау арқылы жүзеге асыру болып табылады. А.Ө.К. салаларын дамытудың пропорционалдығын қамтамасыз ету үшін баланстар жүйесі талдап жасалынады. Бұның көмегімен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемдерін ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жарақтаумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемдерін өңдеуші өнеркәсіп қуаттарымен, А.Ө.К. салаларын дамытуға жұмсалатын күрделі қаржымен баланстық байланыс қамтамасыз етіледі. А.Ө.К. баланстар жүйесіне мыналар кіреді: ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру және пайдалану материалдық балансы (астық, ет және т.б. баланстар), өндірістік қуаттар балансы, А.Ө.К.-тің салааралық балансы және т.б. А.Ө.К. үшін арнайы талдап жасалынған динамикалық моделдер көмегімен А.Ө.К. салалары мен сфераларының салааралық байланыстары мен балансталған дамуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ А.Ө.К.-тің күрделі қаржылар, еңбек және материалдық ресурстарға қажеттіліктері анықталады.



Информация о работе ҚР агроөнеркәсіп кешенінің заманауи мәселелері