ҚР бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 21:34, курсовая работа

Описание

Бағалы қағаз ─ бұл, заңмен анықталатын және сол тәртіпте орнатылатын, мүліктік құқық түрлерін куәландыратын құжат.
Нарықтық экономикада қаржы нарығы аса маңызды мәнге ие болады. Оның механизмін қолдану, ағымдағы қажеттіліктерінен асатын, кәсіпорындардың, мемлекеттің, жеке тұлғалардың ақша құралдарын тартуға және несие беруші ретінде өндірістің дамуы мен экономиканың басқа сфераларына бағыттауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері.........................5

1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні....................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.......................................................11

2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау.........................17

2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.....17
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау..................19

3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары............23

3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері..................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары...................................................................................................25

Қорытынды............................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа макро ценные бумаги.doc

— 268.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 
 

Кіріспе......................................................................................................................3 

1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері.........................5 

1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні....................................5

1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.......................................................11 

2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау.........................17 

2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.....17

2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі  жағдайын талдау..................19 

3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары............23 

3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері..................23

3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары...................................................................................................25 

Қорытынды............................................................................................................27 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

      Қазақстанның  орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің курстық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.

      Бұл жұмыстың өзектілігі - жетекші қор нарықтарының  мысалдары, олардың ҚР-дағы қор нарықтарымен салыстырмалы сараптамасы және біздің еліміздегі бағалы қағаздар нарығын одан әрі жетілдіру ұсыныстары келтіріледі. Бүгінгі күнде бұл актуальды проблемалардың бірі, себебі дамыған нарықтық экономикада бағалы қағаздар және оның нарығы еркін мобилизацияланған ақша айналымында жеке меншікке және мемлекетке үлкен роль атқарады. Өтпелі экономикада және ТМД мемлекеттерінде мұндай функция бағалы қағаздар тез арада қалыптасқан. Өтпелі экономикада бағалы қағаздар табысы - жоғарғы инфляция шығынын жаба алмады. Инвесторлардың қаржысы бағалы қағазға емес, шетел валютасына салынды. Валюта коридорлары болғанымен инфляцияның түсуі 1996 жылы ТМД мемлекеттерінде шетел валютасына сұраныс  ұсыныстан артық болды. Бұндай бағытта нарық қорында үлкен ақша шығысы болуы қаупі болды. Бағалы қағаздар нарығы Қазақстанда 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде бағалы қағаздар тек акционерлік қоғамдар құрамында, облигациялар түрінде болды.

      Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты  - бағалы қағаздар нарығының негізгі мәнін ашып, оның құрамдас бөліктерін және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын зерттеу болып табылады.

      Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:

  • Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы;
  • Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау;
  • Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективаларын анықтау.

      Бағалы  қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз беретінге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.

      Бағалы  қағаздар – бұл капитализмнің бас кезінде қалыптасып және мемлекеттік монополиялық капитализмнің кезінде дами бастады. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында түбегейлі өзгерістер енгізіле бастады. Оның нарық құрылымында,  функционалдық механизмінде және бағалы қағаздар сату нарығында өзгеріске ұшырады.

      Бағалы  қағаз ─ бұл өзінің тауарлық, өндірістік және ақшалық формасынан ерекшеленетін капиталдың бар болуының ерекше түрі, ол нарықта тауар сияқты айналады және табыс әкеле алады.

      Бағалы  қағаз ─ бұл, заңмен анықталатын және сол тәртіпте орнатылатын, мүліктік құқық түрлерін куәландыратын құжат.

      Нарықтық  экономикада қаржы нарығы аса маңызды мәнге ие болады. Оның механизмін  қолдану, ағымдағы қажеттіліктерінен асатын, кәсіпорындардың, мемлекеттің, жеке тұлғалардың ақша құралдарын тартуға және несие беруші ретінде өндірістің дамуы мен экономиканың басқа сфераларына бағыттауға мүмкіндік береді.

      Бағалы  қағаздар нарығы қаржы нарығының  бір бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы дамуының негізгі мақсаты ─ инвестицияларды тартудың эффективті механизмін және Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субъектілер мен экономика салалары арасындағы капиталды тиімді қайта үйлестіру аккумуляциясын құру. Отандық бағалы қағаздар нарығын жаңа, әлемдік стандартқа сәйкес, деңгейге шығарудың негізі бағалы қағаздар сату көлемінің ұлғаюы, олардың потенциалды инвесторлар үшін өтімділігі мен тартымдылығын жоғарылату болып табылады. Бүгінгі күнде маңызды мәселе, инвестициялық тартымдылығы жоқ, "екінші эшелондық" кәсіпорындардың акцияларын биржалық нарыққа шығару болып қала береді.

      Бірақ осының бәріне әлемдік қаржы нарығындағы, соның ішінде ҚР-дағы, қор сегментінің маңызды элементі ─ бағалы қағаздар табиғатының мәні мен ұғымын толық және мүлтіксіз түсіну негізінде жетуге болады.

      Курстық жұмыстың зерттеу  пәні – еліміздің бағалы қағаздар нарығының мәні, қызметі және қазіргі мәселелері болып табылады.

      Курстық жұмыстың зерттеу  объектісі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк және KASE Қазақстанның қор биржасының бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызметтері. 

      Негізгі ақпарат көздері - ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер.

    1. Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері

1.1Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні 

      Нарықтық  экономика көптеген нарықтардың  жиынтығы болып келеді.Соның бір  құраушысы қаржы нарығы. Қаржы  нарығы - экономикалық қатысушы субъектілер арасында ақшалай құралдардың бөлінуін қарастырады.Оны экономиканың “жүрегі” деп айтуға болады, өйткені ол бос қаржылай ресурстарды анықтап, анағұрлым тиімді қолданатын тұлғаларға бағыттайды.

      Қаржы нарығының бір бөлігі болып, бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы  табылады. Бағалы қағаздар нарығы (БҚН) – несиелік қатынастарды және бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын қатынастарды зерттейді. Бұл нарыққа тән ерекшелік  бағалы қағаздардың еркін айналыста болуы. Сондықтан, қандай да бір өндіріске бағалы қағаздарды сатып алу арқылы араласқан тұлға, оны сату арқылы қайтарып  ала алады.

      Бағалы  қағаздар нарығы экономикада келесі функцияларға ие:

  • Бағаны қалыптастырушы – бұл нарықта сату объектілеріне (бұл жағдайда, бағалы қағаздарға) нарықтық баға белгілейді;
  • Реттеуші – қаржы нарығында сұраныс және ұсыныс тепе – теңдігін қалыптастырады, нарықтық экономикада өзін - өзі реттеу процесіне болысады;
  • Ынталандырушы – экономикада субъектілердің бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болуына итермелейді, экономикалық өсуге болысады.
  • Ақпараттық – нарықтық конъюктура жайында ақпарат береді, бағалы қағаздарға сұраныс және ұсыныс арақатынасын анықтайды; экономиканың жалпы жағдайын бейнелейтін барометр қызметін атқарады;
  • Коммерциялық-бағалы қағаздар нарығында жүргізетін операциялардан пайда табуға мүмкіндік береді.   

      Кез келген басқа нарық түріндей, бағалы қағаздар нарығында сұраныс, ұсыныс және баға тепе-теңдігі қалыптасады. Сұраныс, негізінен, инвестициялауға өзінің қаражаты жетпейтін компаниялар және мемлекет тарапынан болады. Олар қарыз алушылар болып саналады. Ұсынысты қалыптастыратын көбінесе халық, яғни табысы тұтыну шығынынан артық болатын кредитор саналады. \№5,80бет\

      Бағалы  қағаздар нарығы келесі деңгейлерге  бөлінеді:

  1. Бірінші ретті нарықта жаңа бағалы қағаздардың эмиссиясы жүреді және эмитент бағалы қағаздарды  номиналды құны бойынша орналастырады;
  2. Екінші ретті нарықта бұрын шығарылған бағалы қағаздардың қайта сатылымы жүреді. Бұл жерде олардың курстық бағасы анықталады.Курстық бағасы анықталуы барысында девидент мөлшері, банктік пайыз норасы, төлемнің периодтылығы, айналым ұзақтығы, өтеу бағасы.

    Бағалы  қағаздардың нарықтық курсы сұраныс және ұсыныс арасындағы

қатынасқа тәуелді ауытқып отырады. Оған әсер ететін негізгі экономикалық факторлар: қарыз пайызының мөлшері, табыс деңгейі, жинақтау мөлшері, инфляция темпі және т.б. Мысалы, қарыз пайызының төмендеуі бағалы қағаздарды сатып алуға, ал, жоғары пайызы, керісінше банкте салымдардың көбеюіне алып келеді. Инфляция жағдайында акцияға сұраныс көбейеді, ал облигацияға азаяды. Дағдарыс жағдайында кері процесс көрініс табады.

    Кейбір жағдайларда бағалы қағаздарға деген сұраныс психологиялық факторларға да тәуелді болады. Яғни, акциялардың нарықтық курсының төмендеуі сол бағалы қағаздардың иесінің оны сатып жіберуі, ал егер курстық бағасы жоғарылайтын болса, бағалы қағаздарға сұраныс арта түсуі көрініс тауып отыр.

    Бағалы  қағаздар ұсынысы да жалпы  экономикалық факторлармен айқындалады: пайыз мөлшерлемесі, экономикалық өсу темпі, инфляция дәрежесі және т.б. Экономикалық өсу қарқынды жүріп, қарыз пайызының мөлшерлемесі жоғары болғанда бағалы қағаздар ұсынысы артады. Және керісінше, экономикалық өсу темпінің баяулайтын жағдайында ұсыныс кемиді.

    БҚН-ң  негізгі объектісі  болып бағалы қағаздар табылады. Бағалы қағаздар - бұл иелік ету немесе қарыздық қатынасты білдіретін, ақшалай құжаттар. Бағалы қағаздарды көрсету ол алдын-ала анықталған табысты алу үшін, басқадай ақша сомаларын немесе мүліктік құқықтарды иемденуге мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар жекелей тәртіпте мысалы, вексель және сериялық түрде, мысалы, акциялар шығарылуы мүмкін.

    Барлық бағалы қағаздар айналу бейімділігіне байланысты:

  • Атаулы (белгілі бір тұлғаға);
  • Көрсетуші немесе нұcқаушы( нақты тұлғаны көрсетпей);
  • Ордерлік(белгілі бір тұлғаға, сонымен қатар басқа кез-келген тұлғаға да болуы мүмкін )

    Бағалы  қағаздарды 3 топқа жіктеуге болады:

    1. Акциялар;
    2. Облигациялар;
    3. Арнайы бағалы қағаздар.

    Акция - белгілі бір соманы акционерлік қоғамның жарғылық қорына, банктің, басқа ұғымның жарғылық қорына, дивиденд түріндегі пайда алу, оны басқаруда үлес қосу және ол ыдырағанда мүліктің бір бөлігін иемденуге мүмкіндік беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Акцияның белгілі бір қызмет ету (айналу) мерзімі бекітілмейді. Яғни, ол оны  шығарған акционерлік қоғам жойылғанша  қолданыста болады.

    Акцияда көрсетілген ақшалай сома оның номиналды  құны, ал оның нарықта сатылу бағасы – акция курсы деп аталады. Номиналдық құндардың жиынтығы жарғылық капиталды (АҚ-ң)  құрайды.

       Акцияның келесідей  түрлері бар:

  1. Қарапайым (жай) - оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді.
  2. Артықшылығы бар - тұрақты пайыз негізінде корпорацияның таза пайдасынан біріншілік табыс алуға құқық береді.
  3. Құрылтайшылар акциялары - тек АҚ-ды құрушылар арасында таралып, оларға басымдық береді. Олардың үлесіне әдетте пайданың басым бөлігі тиеді.
  4. Еңбек ұжымының акциялары- меншіктің әртүрлі формалары түрінде шығарылады және тек еңбек ұжымы мүшелеріне тиесілі;
  5. Кәсіпорын акциялары- тек еңбек ұжымы ғана емес, басқа да кәсіпорындар арасында таралады;
  6. Акционерлік қоғам акциялары- ашық жазылу арқылы және қоғам құрылтайшылары арасында бөлінеді.

Информация о работе ҚР бағалы қағаздар нарығы