Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 09:45, реферат
Ресей экономикасы ЖІӨ бойынша дүние жүзінде 6 орын алады (2012ж). 2011 жылы 9 орында болды. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады. Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24%-дан 60%-қа дейін ауытқыған.