Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 16:28, реферат
Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiң кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк – кепiлдiк қызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық мөлшерiмен заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраныс көлемi реттеледi.
Кiрiспе
1. Салықтың мәнi, функциясы
1.1 Салық түсiнiгi, түрлерi
1.2 Салықтың элементтерi, қызметi
2. Экономиканы реттеу құралы
2.1 Салық – экономиканы реттеу құралы
3. Қазақстандағы салық реформалары
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесi және реформасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Салықтың күрделi iшкi құрылымы бар. Ол бiрнеше элементтерден тұрады:
1) Салықтың құқықтық негiзi,
2) Салықтың субъектiсi,
3) Салықтың объектiсi,
4) Салықтың нормасы,
5) Салық төлеу тәртiбi.
Әрбiр салық айтылған элементтердiң кешендерiнен ұсынылады. Егер элементтердiң кез келген бiрi анықталмаған болса, онда салықты бекiтiлген деп есептеуге болмайды. Кейбiр кезде осы элементтердi, өйткенi, бiрiншiден салық тек заңмен ғана бекiтiлмейдi, сонымен қатар ол заңдылық форманың басқа да құқықтық актiлерiмен бекiтiлуi мүмкiн. Екiншiден, элемент – бұл құрылымның бөлiгi, ал құқықтық норманың құрылымына дәстүрдегiдей: гипотеза, диспозиция, санкция кiредi. Салық теориясында “салық туралы заңдарының элементтерi” ұғымы “салық механизмiнiң элементтерi” ұғымына ауыстырылды. Бұл механизмде, салықтар тек заңдық актiлер мен ғана емес заң асты актiлерiмен енгiзiледi. Салық механизмiнiң элементтердiң өзiне келетiн болсақ, олар екi топқа бөлiнедi:негiзгi және қосымша элементтер. Негiзгi элементтерге: салықты төлеушi, салықты сату объектi, салықтың ставкасы кiредi. Ал қосымша элементтерге. Салық салудағы жеңiлдiктер, объектiнi санау ерекшелiктерi, салықтың төлемдерi түсетiн бюджет пен қор, салықты аударудың уақыты мен периодтығы. Салықтың механизмiнiң қосымша элементтерi маңызды рөл атқарады. Олар салық төлемдерiн реттейдi. Ендi әр элементке қысқышы тоқталып кетейiк. Салық субъектiсi – бұл салықты төлейтiн адам. Заң жоспарында салық субъектiсi салықты төлеушi болып есептелiнедi. Бұған мемлекетке салықты төлеу мiндеттiлiгi салынған. Салықтың екiншi элементi – салық объектiсi. Бұл салықтың төлеу себебi немесе мағынасы. Салықтың объектiсi кез келген нәрсе болуы мүмкiн. Мысалы: табыс, меншiк, белгiлi бiр тауардың сатуы немесе сатып алынуы және адамның өзi. Келесi элемент – ол салық нормасы – бұл салық салудың заңмен бекiтiлген мөлшерi. Салық салу бiрлiгi – бұл салық объектiсiн өлшеудiң бiрлiгi. Салық салу ставкасы – салық салу бiрлiгiндегi салықтың мөлшерi. Салық жеңiлдiктерi – бұл салық төлеушiнiң салықтан босатылуы немесе оның ауыртпалын жеңiлдету. Салық төлеу тәртiбi – салық заңымен бекiтiлген ережелер. Оларға сәйкес слық төлемдерi төлеушiден мемлекетке дұрыс өтедi. Салық төлеу тәртiбi үш негiзгi элементтерден тұрады. Субъектен мемлекетке көшкен салық сомасының: әдiсi, уақыты және формасы. Салық төлеу әдiсi – бұл салық төлеушiнiң мемлекетке салық заңымен бекiтiлген төлеу әрекетi. Қазiргi уақыттағы Қазақстанда тәртiп бойынша мынадай негiзгi салық төлеу әдiстерi жұмыс iстейдi: салықты декларация бойынша төлеу, салықты патенттi сатып алу жолымен төлеу, салықты салық төлемiн кiрiстiру арқылы төлеу. Салықты декларация негiзiнде төлеу, салықтың бiрнеше түрлерiнде қолданылады. Бiрақ оның негiзгi мақсаты – пайдаға салынатын салықты төлеу.
Салықтың элементтерiн қарастырған кезде, салықтың орнатудың шектеушiсi ретiнде азаматтардың “төлеу мүмкiндiктерi” категориясы енгiзiледi. Оның үш қажеттiлiгi бар:
1) салықтың субъектiсiне қарағанда – салық бүкiл азаматтарды қамтуы керек;
2) салықтың объектiсiне қарағанда – азаматтардың төлеу мүмкiндiктерiн ашатын жалпы табысты таңдау керек;
3) салықтың ставкасына карағанда – салық ставкасы салық төлеушiнiң меншiктiк жағдайына ықпал ететiн барлығын анықтау керек. Салық ставкасын орнатқан кезде осының барлығы есепке алынуы қажет. Салықтың негiзгi құқықтық мiндеттемесi болып, салық төлеушi салықты мемлекетке берудi жүктейтiн мiндет табылады. Салық төлеудiң екi тәсiлi бар:
1) Өз бетiмен,
2) Мемлекет күшпен алу.
Қазiргi кезде тәртiпке сәйкес салықты өз бетiмен төлеудiң төмендегiдей әдiстерi бар:
- декларация бойынша салық төлеу;
- патент сатып алу немесе белгiлi сома енгiзу арқылы салық төлеу;
- салықтық төлемдi өз бетiнше қолма-қол төлеу.
Салықты күшпен алу әдiсi:
- кiрiстi төлеу кезiнен салықты ұстап қалу;
- салықтық хабарландыру немесе салықтық ескеру негiзiнде салық төлеу;
- салық төлеуден қашатын тұлғалардан салықты күшпен алу.
Нарық жағдайында салықтар үш қызмет атқарады:
а) фискальды (мемлекеттiк табыстарды жинау);
б) қайта бөлу;
в) реттеушi.
Салықтардың фискальдық қызметi – мемлекеттiк салық саясаты тұтқаларының көмегiмен нарық конъюктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсудi тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуында тұр. Бiр сөзбен айтқанда, салық түсiмi арқылы алынатын қаражаттар, мемлекеттiң саяси – шаруашылық қызметiн атқарудың қаржы негiзi болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми–техникалық прогрестi ынталандыру, прогрессивтi технология мен өнiм түрлерiн игеру, экономикада құрылымдық өзгерiстер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеументтiк саланың объектiлерiн ұстау үшiн белсендi түрде пайдаланылады. Салықтың фискальды қызметi – қаражатты мемлекеттiк бюджетке түсуiн қамтамасыз етедi. Бұл қызмет, өндiрiстiң тауар – ақша қатынастар даму кезiндегi мемлекетке ұлғайтып түскен ақша табыстарын анықтайды.
Салықтың қайта бөлу қызметi – салық механизмi арқылы мемлекеттiк бюджетке жалпы ұлттық өнiмнiң едәуiр бөлiгiн жұмылдыруда тұр. Батыста және бiздiң елiмiзде мемлекеттiк бюджет арқылы жалпы ұлттық өнiмнiң 30 пайздан 50 пайызға дейiнгiсi қайта бөлiнедi. Салық түсiмi есебiнен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, денсаулық сақтауға, ғылымға, басқару апараттарын ұстауға, экологияға, зейнет ақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеументтiк саладағы мезгiл-мезгiл шиеленесiп тұратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесiн ескере отырып жеке табыстарды барынша бiркелкi бөлуге мүмкiндiк бередi.
Салықтың негiзгi қызметтерiнiң бiрi – реттеушi қызметi. Ол қызмет, өндiрiстiң дамуына әсер тигiзедi. Бұл кезде, салық формаларын таңдау қолданылады. Мысалы: салық ставкаларын өзгерту, салық алу әдiсi, жеңiлдiктер. Бұл реттеушiлер қоғамдық өндiрiстiң құрылымы мен пропорциясына, қорлану мен тұтыну көлемiне әсерiн тигiзедi. Мемлекет салықтың жоғары аталған функцияларын қолданып, салық жүйесiн анықтайда және бұлардың функционалдау механизiмiн ұйымдастырады. Сонымен бiрге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтiн маңызды құралдардың бiрi болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбiнесе дағдарыстық құбылыстарды тезiрек жоюға, нарық конъюктурасына әер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланылады. Бұдан басқа, мемлекет салық көмегiмен экономикаға, қоғамдық қатынастарға және саясатқа белсендi түрде ықпалын тигiзедi. Қоғамдық – экономикалық қатынастарда, салықтар:
1) мемлекет табыстарының аккумуляторы;
2) салық төлеушiнiң меншiк жағдайының реттеушiсi қызметiн атқарады.
Өзiн, төлеген салық ретiндегi қажеттi ақша ресурстарымен қамтамасыз ету үшiн, мемлекет “салық қызметiн” атқарады. Салық қызметi – бұл мемлекеттiң салықты орнату және олардың мемлекетке түсуiн орындайтын iс-әрекет. Мемлекеттiң салық қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар:
1) салықты орнату;
2) мемлекеттiң салық құрылымын ұйымдастыру;
3) салық мiндеттердiң орындалуын тексеретiн салық бақылауын құру;
4) салық төлеуiн қамтамасыз ету;
5) заңдық жауапкершiлiктi орнату және бұл заңдарды бұзғандарды осы жаупқа тарту.
Салық жүйесiнiң элементтерi:
- салық заңдылықтарының жүйесi және принциптерi;
- салық түрлерi;
- салықты бюджетке бөлу тәртiбi;
- салық органдарының жүйесi;
- салықты бақылау әдiстерi мен формалары;
- екi рет салық салу бойынша халықаралық қиындықтарды шешу.
Салық салу механизмi – кез келген экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеументтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Кез келген елде мемлекеттiк шығынар мен салық салу мәселерiне өте үлкен көңiл бөлiнедi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалды табыстарды қалыптастыруда басты рөл атқарады да, экономиканы басқарудың күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми – техникалық прогрестi жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу (төлеушiлер үшiн онша қызық iс болып келмегенмен) өте қажеттi де маңызды iс болып табылады. Дүние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай дүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу – несие – қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамының экономикасын тұрақтандырудың және әлеуметтiк теңдiктi оған қоса реформалаудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.
Қазiргi кезендегi жағдайларда салықтардың мәнi мен рөлi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр. Ендi салықтар ұлттық табысты мемлекеттендiрудiң маңызды құралы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде, салықтық төлемдерiн салыстырмалы мөлшерiнiң өсуiн қамтамасыз етiп отырады. Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiң процестерiне де қатты әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ, салықтық реттеу шаралары, әр түрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап, кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеументтiк қажеттiктерiне қанағаттандыруға ықпалын тигiзедi. Бұл мақсатта салықтарды төлеуге түрлi жеңiлдiктер пайда болады. Салықтық жеңiлдiктердiң көмегiмен мемлекет өндiргiш күштерi территориалды орналастыруға, инфрақұрылымдық объектiлердi құруға және тағы да басқа iс-әрекеттердi жүзеге асыруға толығымен мүмкiн болады. Сондай-ақ салықтар мемлекеттiң өмiр сүруiнiң барлық кезеңдерiне тән құбылыс. Олардың басты мiндетi, әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк емес салаларды қаржыландыру болып келедi.
Салық жүйесi – бұл Қазақстан Республикасының территориясындағы салықтардың бiрнеше түрлерiнiң алынуы немесе қолданылуы. Бұл жүйеге салық формалары, олардың құрылу әдiстерi және салық қызметi кiредi. Қазақстанның салық жүйесiнде салықтар келесi белгiлер бойынша бөлiнедi:
- салық салынған объекттен және төлеушi мен мемлекет арасындағы арақатынас;
- объектiнiң экономикалық белгiсi бойынша;
- қолданылуы бойынша;
- салықты алатын оганнан;
- салық салу объектi бағасының дәрежесi бойынша.
Бiрiншi белгi бойынша салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Объектiнiң экономикалық белгiсi бойынша салықтар келесiге бөлiнедi:
- табысқа салынған салық:
- тұтынуға салынған салық;
- меншiк пен капиталға салынған салық.
Қолданылуы бойынша салықтар: арнайы және жалпы болып бөлiнедi. Салықты алатын органнан, салықтар жалпы мемлекеттiк және жергiлiктi болып бөлiнедi.
Салық жүйесi мемлекеттiк қаржы ресурстардың концентрациясын қамтамасыз ету керек. Өйткенi олар республиканың экономикалық дамуының негiзгi мәселелерiн шешуiнiң, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдарын ұлғайтуының, бөлек аймақтардың даму деңгейiн түзетуiнiң негiзгi болып табылады.
Экономикалық салықтық реформаның басты мақсаты – шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негiзгiлерiн – пайда салығын, қосылатын құн салығын, акциздердi, мүлiк салығын, табыс салығын және бiрқатар басқа да салықтардың мәнiн арттыру. Ұқсас жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртiбi қолданылатын болады, ал ставкалар табыс көлемiнiң артуына байланысты қойылады. Бiртұтас тәртiп салық төлеушiнiң қай кезде қандай салық төлеудi жақсы бiлуiне мүмкiндiк бередi. Мемлекет заңды түрде өндiрушiлердiң табыстарының бiр бөлiгi, салық арқылы шегерiп отырады да бюджетке түсiрiп, белгiлi бiр қажеттiктер мақсатында қолданылады. Бұл өз кезегiнде мемлекеттiң бүкiл қажеттiктерiн қанағаттандырады.
Өзiнiң 15 жылдық тәуелсiздiгiнде Қазақстан Республикасы нарыққа көшу кезеңiнiң әлеуметтiк–экономикалық шарттарына тән болатын салық жүйесiн құрды. Бұл уақытта құқықтық актiлердiң бiр қатары қабылданды. 2003 жылдың 1-шi шiлдесiнде “Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер туралы” атты құжаты енгiзiлдi. Бұл актiлер экономиалық реформалар жолында оң қадамы болып табылады. Бұлар нәтижесiнде өнеркәсiп пен мемлекет арасындағы байланыстары тек салық заңдылығы негiзiнде өтедi. Қазақстанның салық жүйесi құрылымдық жоспарында келесi негiзгi элементтерден тұрады:
- салық пен ақша жиылымдардың қатынасы;
- салық қызметiнiң органдары;
- салық салу жолы мен әдiстерi.
Кез-келген мемлекет дұрыс жолға қойылмаған салық жүйесiнсiз өмiр сүре алмайды, дами алмайды. Қазақстан Республикасы салық жүйесiн барынша ашық, тиiмдi етуге тырысады. Әрине қандай мемлекет болмасада ол мемлекет өз бюджетiн барынша толықтырғысы келедi. Сондықтан үкiмет салық түрлерiн көбейтiп және олардың мейлiнше жоғары қойғысы келедi, бiрақ бұл қадам мемлекеттiң бюджетiне салымдардың түсуiн төмендетiп қана қоймай, сонымен қатар кәсiпкерлiктiң төмендеуiне әкеп соғады. Сондықтан үкiметтiнде және салық төлеушiлердiң қосып қарастыратын салық саясатын жүргiзу керек. Салық саясатымен мемлекеттiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерi ескiрледi, сондықтан әр салық төлеушi Қазақстан Республикасының Салық кодексiмен көрсетiлген барлық төлемдердi төлеуге мiндеттi екенiн есiнен шығармауы тиiс. Себебi салық саясаты республикамыздағы барлық экономикалық, саяси, әлеуметтiк жағдайларды ескере отырып жүргiзiлуi қажет. Тиiмдi салық саясаты әр мемлекеттiң және әр қоғамның арманы, бiрақ оған әлi ешкiм жеткен жоқ.