Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:58, реферат
Салық туралы ғылым қаржы ғылымының мамандырылған бір бөлігі. Мемлекетте қаржы туралы оқу салық мәнінің және салық механизмінің теориялық негізін салуды зерттеу және оларды ұйымдастырушы зерттеудің қажеттілігі.
Қазақстандағы салық жүйесін екі түрге бөліп қарастыруға болады. Жалпы мемлекеттік және жергілікті. Жалпы мемлекеттік салыққа кіріс салығы, акциз, құнды қағаз, тіркеудегі жинақ, жергілікті салыққа жер салығы, жеке тұлға және мүлкіне салынатын салықтар болып табылады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері
Қорытынды:
Салықтар мемлекеттің бюджеттік кірістерін толықтырып отырады
Кіріспе:
Салық туралы ғылым қаржы ғылымының
мамандырылған бір бөлігі. Мемлекетте
қаржы туралы оқу салық мәнінің
және салық механизмінің теориялық
негізін салуды зерттеу және оларды
ұйымдастырушы зерттеудің қажеттілігі.
Қазақстандағы
салық жүйесін екі түрге бөліп қарастыруға
болады. Жалпы мемлекеттік және жергілікті.
Жалпы мемлекеттік салыққа кіріс салығы,
акциз, құнды қағаз, тіркеудегі жинақ,
жергілікті салыққа жер салығы, жеке тұлға
және мүлкіне салынатын салықтар болып
табылады.
Салықтық есеп
берудің электронды формасының маңызы
мен даму жолдары қазіргі кезде нығайып
келеді.
Әдеттегі салыққа
қарағанда алдын ала кіріс салығы бухгалтерлік
есептеме емес, физикалық көрсеткіштердің
(кәсіпорын тепкен жер, жергілікті жердің
көлемі, қаланың ішіндегі мекен-жайы, қызмет
түрі, кәсіпорынның сыртқы кейпі және
т.б.) біріктірілуімен анықталады. Салық
бір жылға есептелініп, ай сайын төленеді.
Негізгі бөлім:
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
даму және құрылу кезеңдері
Салықтар бұрыннан белгілі мемлекеттің қызметінің
барлық бағыттарын қаржыландыру көзі
және мемлекеттік мүдделерді іске асырудың
экономикалық құралы болып табылады. Салықтар
заңдық тұрғыдан мемлекеттің тәуелсіз
құқығының бірі ретінде көрсетіледі.
Салықтар болашақ
экономикалық жағдайлардың туындауында
үлкен рольді атқаруға орындауға қабілетті.
Олардың түрлері ставкаларын реттей отырып,
экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік
туғызуға болады.
Салықтардың проблемалары
күрделі және қарама қайшылықты болып
отыр. Алайда, қазіргі күнде салық жүйесіне
енгізілген салық төлеушілердің заңды
құқығы мен мүдделерінің толық әлеуметтік
қорғалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің
мінсіздігі туралы айту әлі ерте. Өз кезегіңде
соңынан салықты төлемеудің жетілдірілген
нысандары іздестіріледі, содан соң «оң
тәжірибе», яғни олардың мемлекеттің қазынаға
түспей қалуын қамтамасыз ететін әртүрлі
қоғам шеңберінде қарастырылады. Бұл облыстағы
жүргізілген қайта қалыптастырулар салықтар
және алымдар жүйесінің «тармақталуы»
сипатына мән береді.
Қазақстан Республикасының
2006 жылдың 12 маусымындағы №210-П «Салықтар
және бюджетке түсетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» заңының шығуымен байланысты
салық заңдылығы жетілдірілді, жетіспеушіліктер
жойылды, салықтар мен алымдар құрылымы
жеңілдетілді. Бірақ қазір де салық жүйесін
мінсіз деп айтуға болмайды, онда әлі де
болса, кемшіліктер қатары жеткілікті.
Әлеуметтік салықтар
Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне
маңызды әсер етеді, олар бюджеттің тұрақты
түсімі болып отыр. Бюджет түсімдерінің
өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды,
қызмет пен жұмысты өткізу көлемінің артуы.
Кейбір экономистердің айтуы бойынша
әлеуметтік салықтар өтпелі экономикалы
мемлекеттің дамуына экономикалық түрткі
болады.
Әлеуметтік салық
экономикалық мәні жағынан салық салу
жүйесіне кіреді. Әлеуметтік салықтардың
тауар бағасын ставкаға тең сомаға арттыратыны
белгілі, яғни егер әлеуметтік салық ставкасы
жоғары болса, отандық кәсіпкердің бәсекеге
қабілеттілігіне кері әсер етеді және
сауда көлемін азайтады. Ал салық ставкасының
төмендеуі салық төлеушілердің салықтық
ауыртпалығын төмендетеді, соынмен қатар
кәсіпорынның айналым құралдарын үнемдеуге
және бейресми экономиканың бір бөлігінің
ресми экономикаға өтуіне алғысшарт болып
табылады.
Сондықтан әлеуметтік
салықтың әрекет етуін жетілдіру салық
төлеушілер үшін де, бюджеттің кіріс бөлігіне
де оң жағынан әсер етеді.
Салық жүйесіндегі
салықтардың пайда болуы мемлекеттің
қалыптасуымен тікелей байланысты. Әрбір
салықтың пайда болуының өзіндік ерекшеліктері
бар.
Алғашында әлеуметттік
салықтың анықтамасындағы әлеуметтік
салық көрсеткіші статистикалық мақсатта
қолданыла бастады. Мысалы, 2005 жылдары
АҚШ-та өнеркәсіп өнімдерінің көлемін
сипаттау үшін, ал Ресейде жаңа экономикалық
саясат ретінде аналитикалық мақсатта
қолданылды.
Әлеуметтік салықтың
көрсеткішінің обьектісі ретінде қолдану
қажеттілігі Еуропалық елдердегі жалпы
қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік салық
Қазақстанның салық жүйесіне жақында
енгізілген салық болып табылады. Бастапқыда
бұл салық түрін алудың мақсаты азаматтардың
мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік
қамтамасыз етуге және медициналық көмекке
құқығын жүзеге асыру үшін құралдарды
жұмылдыру болып табылды. 1999 жылы қаңтар
айында әлеуметтік салықты енгізу сонымен
бірге әлеуметтік салықтың кішкене уақытында
ставкі мөлшеріне, салық салынатын база
және есептілікке көптеген өзгертулер
мен толықтырулар енгізілді. Әлеуметтік
салық стакасын 26-дан 21 пайызға төмендету
(01.07.2001 ж бастап) 03.05.2001 ж №183 Қазақстан
Республикасының заңымен қарастырылған.
Бастапқыда әлеуметтік
салықтың ерекшелігі болып еңбек ақыны
төлеу қоры табылды, сәйкесінше ол қаржыландыру
көзіне тәуелсіз, сәйкес салықтарды ұстағанға
дейін алынды. Бұл жағдайда салық төлеушілер
болып материалды және әлеуметтік жеңілдік
түрінде ақшалай және табиғи нысанда есептеліп,
жұмысшылар төлемдеріне белгіленген ставка
бойынша осы салықты есептейтін жұмыс
есептеліп, жұмысшылар төлемдеріне белгіленген
ставка бойынша осы салықты есептейтін
жұмыс беруші ұйымдар танылады. Еске алатын
болсақ Қазақстанда салық салудың екі
түрі бар: еңбек ақыға әлеуметтік салықты
есептеу және жұмысшылардың еңбек ақысынан
табысқа салықты ұстау.
Әлеуметтік салық-
мемлекетте алынатын салықтардың бірі.
Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып
келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы,
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті
медициналық сақтандыру, халықты әлеуметтік
қамту қорларына аударылатын сақтық жарналарды
аударымдардың орнына енгізілген. Аударымдардың
жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу
қорының 28 % мөлшерлемесінде белгіленеді,
ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс
шығындарына жатқызылады.
Әлеуметтік салық
түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің
15,7% алады.
Әлеуметтік салық
төлеушілері тұрақты мекемеде, олардың
филиалдары мен өкілдіктерінде қызмет
ететін заңды тұлғалар, соның ішінде шетел
тұлғалары және жеке кәсіпкерлер болып
табылады.
Салық салу обьектісі
болып жалақы және басқа жұмысшыларға
төлемдер, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын жұмысшыларға, шетел азаматтарына
және азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін
жалақы және басқа да төлемдер болып табылады.
Жалақыға қосылатын төлемдер жеке тұлғалардың
жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын
міндетті зейнетақы жарналарының бөлігі
ретінде, әртүрлі өтемақы төлемдері, қосымша
төлемдер және үстеме ақылар, босануына
байланысты уақытша еңбек етуге жарамсыздығына
әлеуметтік жәрдемақы, баланың тууы кезінде
материалдық көмек, әлеуметтік қолдау
бойынша төлем, басқа мемлекеттерден грант
есебінде төлемдер, қоғамдық жұмысқа және
қаражаттар есебіне оқыту төлемдері, кейбір
басқа төлемдер ретінде түзетулерге жатады.
Салық мөлшерлемесі
регрессивтік ставкамен белгіленген.
Жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар
үш айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде
және әр жұмысшыға екі айлық есеп көрсеткіші
мөлшерінде салық төлейді.
Бюджетке салық есепті
кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей төленеді.
Әлеуметтік салықтар
өзінің экономикалық мазмұны жағынан
салықтарға жатады. Әлеуметтік салықтар
бюджет кірістерінің тұрақты көзі болып
табылады. Кейбір экономистердің айтуы
бойынша әлеуметтік салықтар мемлекеттің
ауыспалы экономикалық дамуына экономикалық
жағынан тірек болады.
Әлеуметтік салықтар
тұрақты мекемелер мен өкілдіктерде, филиалдарда
қызмет ететін заңды тұлғаларға салынатын
салықтың айналым құнының бір бөлігін
бюджетке аударуды көрсетеді. Салық салынатын
айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті
әлеуметтік салықтар арасындағы айырма
ретінде анықталады.
Салық салынатын айналым
және салық салынатын импорт қосылған
құн салығын салу обьектілері болып табылады.
Әлеуметтік салық
бойынша есепке қойған кезде салық органы
тұлғаға оның әлеуметтік салық төлеуші
ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік
беруге міндетті:
-тұлғаның атауы және деректемелері;
-салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
-әлеуметтік салықты төлеуші болып тіркелген
күні;
Егер әлеуметтік салықты
төлеушінің он екі айлық кезеңдегі салық
салынатын айналым мөлшері салық салынатын
ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол
тіркелген жеріндегі салық органына өзін
әлеуметтік салық бойынша есептен шығару
туралы өтініш беруге құқылы. Әлеуметтік
салықты төлеуші мұндай құқықты өзін әлеуметтік
салық бойынша есепке қойған кезден бастап,
кем дегенде екі жыл өткен соң пайдалана
алады.
Салықтар барлық елдерде
олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы
мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық
табысты қайта бөлудің басты қаржылық
құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің
кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі
болып табылады. Салықтарда мемлекеттің
экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді,
ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық
мәні олардың түрлері мен ролі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің
табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Белгілі философ Фрэненк Бэкон салықтарды
төлеу әрбір адамзаттың қасиетті борышы
деген еді.
Салықтар- көп қырлы,
мемлекеттің даму кезеңдері өзгерген
сайын нақтыландырылатын, ұдайы жүзеге
асырылатын ақшалай төлем болып табылады.
Экономиканың қазіргі
даму мүмкіндіктерін есепке ала отырып
мемлекеттік қажеттіліктерге сай айқындалған
салықтардың функциялары мемлекет белгілеген
бағыт бойынша іске асырылады.
Салықтар мемлекеттің
бюджеттік кірістерін толықтырып отыратын
болғандықтан, оның ішінде мүлік салығы
да орын алады. Заңды тұлғалар (оның ішінде
резидент еместер), олардың филиалдары,
өкілдіктері және өзге де оқшауланған
бөлімшелері мүліктің тұрған жері бойынша
әр жыл үшін төлейтін мүлік салығының
сомасын анықтау бухгалтерлік есепте
амортизацияланатын активтердің қалдық
құнынан 1 процент ставка бойынша жыл ішіндегі
ағымдық төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі.
Тікелей нақты салықтардың
қатарындағы мүлік салығы есептеу кезінде
обьектінің жаңа ұғымы пайда болды-амортацизацияланған
активтер.
Мүлік салығы мемлекеттік
бюджет кірістерінің басты көздері іспеттес,
сонымен қатар салықтарға қарағанда халықтың
өміріне тікелей әсер ететін салықтың
бір түрі саналады.
Тікелей салықтардың
қатарына жататын мүлік салығына салынатын
салық мемлекеттің салық жүйесінде қызмет
жасайды. Осы салықтың алыну механизмі
көптеген елдерде бір-біріне ұқсас болғанымен,
жекелеген айырмашылықтары бар.
Мүлік салығын төлеушілердің
табысынан алынатын салық базасы өскен
сайын салықтың ставкасы да артады. Әрбір
мемлекет өзінің салық саясатына байланысты
салық ставкаларының түрлерін өз қалауынша
қолдана алады.
Қазіргі кезде Қазақстан
республикасында халықтың әлеуметтік
жағдайын көтерудің көптеген бағдарламалары
іске асуда. Мүлік салығын төлеу біздің
елімізде заңды және жеке тұлғалардың
мүлік құнына байланысты. Нәтижесінде
біздің еліміздегі мүлік салығының ставкасы
ең төмені болып табылады.
Мүлік салығында
салық салу обьектілерінің тұрған жері
бойынша салықтың төленетіні жаңалық
емес. Бірақ таралып жатқан филиалдар
тараптары бар, яғни салық салу обьектілері
басқа облыстардың аумағында орналасқан
заңды тұлғалар салықтың осы түрі бойынша
есептеме беру тәртібіндеге өзгерістер
белгіленді. Бұл ретте төлемдер обьектінің
тұрған жері бойынша жүргізіледі, ал заңды
тұлғаның филиалдары, өкілдіктері мен
басқа құрылымдық бөлімшелері тұрған
жері бойынша ағымдық төлемдердің есептерін
және салық бойынша декларация тапсырады.
Бірақ бұл орайда олар бас ұйымға көшірмелерді
жібереді. Олардың негізінде заңды тұлға
жыл аяқталғаннан кейін құрылымдық бөлімшелері
бөлігінде есептелген және төленген салық
сомалары бойынша жинақтаушы тізілім
жасайды.
Мүлік салығын төлеудегі
декларация нысан бойынша есепті кезеңнен
кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей
тапсырады. Қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес мүлікке салынатын салықты төлеуге
төлеуші жауапты.
Салықтар мемлекет
үшін ең негізгі қаражат көзі, сол салықтардың
бірі мүлік салығы болып табылады. Қазіргі
уақытта салықтар арасында мүлік салығының
маңыздылығы жоғары.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
даму және құрылу кезеңдері
Қорытынды:
Салықтар мемлекеттің бюджеттік кірістерін толықтырып отырады