Салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 20:23, курсовая работа

Описание

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I Қазақстан Республикасының салық жүйесі
1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері
1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар
1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көзқарастар
II Жанама және тікелей салыққа сипаттама
2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Салық жүйесі.doc

— 124.50 Кб (Скачать документ)

      Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқаумызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет : мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.

      Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі  байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып  табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.

      Үкімет  басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұндайды экспорттау тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерін құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттардың мөлшерін қандай болар екен ?

      Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен  еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге  аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.

      Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен  салық заңына жаңадан  өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министірінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. әрине енгізілетін өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш – бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады.

      Тұрақсыз  экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы  ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қиынға соғады.

      Қорыта  айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды  жүзеге асыру қиынға соғады, ал олардан  түсетін экономикалық тиімділік  айтарлықтай болары анық. 
 
 
 
 

 

 II тарау: Жанама және тікелей салықтарға сипаттама.

2.1 Тікелей салықтар  және жанама салықтар

     

            Салықтардың анықтамасы; мәні және  мазмұны жоғарыда айтылған болатын.  Оған тоқталмай, енді салқтарды  топтастыру туралы айтып өтеміз.

            Салықтарды мынадай нышаны, белгілері  бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:

            1) салық салу объектісіне байланысты;

         2) қолданылуына қарай;

         3) салық салу органына  байланысты;

         4) экономикалық ерекшелігіне  байланысты;

         5) салық салу объектісін  бағалау дәрежесіне қарай.

         Салық салу объектісіне  қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

         Тікелей салықтар жалғаусыз  немесе тікелей табысқа немесе мүлікке  салынады.

         Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

  • заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
  • мүлік салығы;
  • жер салығы;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

         Жеке тура салықтар-бұл  жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын  салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

         Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген  салық төлеушінің кірістері мен  мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

         Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.

         Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

         Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай  орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

         Пайдалану тәртібіне  қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы)болып бөлінеді.

         Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді  қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.

         Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын  салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын  салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

         Бірінші жағдайда салықты  есептеу мен оны алу, салық  салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы)нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

         Мағлұмдамада салық  төлеушілер табыстың көлемін, қажетті  жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді  және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.

         Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық  төлеушілер:

         Төлем көзінен салық  салынбайтын табыстары барлар;

         Тұрғын үй салу мен  осындай құрылыс үшін құрылыс  материялдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік  көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;

         Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

         Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлердегі шетел  банктеріндегі шоттарда ақшасы бар  жеке тұлғалар;

         Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

         Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судъялар табыс етеді.

         Салық төлеушіден салық  мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген  мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік  орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.

         Үшінші әдіс бойынша  салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы  одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).

         Төртінші әдіспен  салық кәсіпкерлік қызметтің  сан алуан түрлеріне берілетін  патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы  салық режимін қолдану құқығын  куәландыратын және салық соммасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.

         Салық есебінің екі  әдісі қолданылады:

         1) кассалық;

         2) есептеу әдісі;

         Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты  орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту  мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

         Есептеу әдісі бойынша  табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл  әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оның Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады. 

         Қазақстан Республикасының  салық жүйесі салықтардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

         Қазақстан Республикасындағы  салықтардың,салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:

         1. Салықтар:

         1. корпорациялық табыс салығы.

         2. жеке табыс салығы.

         3. қосылған құн  салығы.

         4. акциздер.

         5. жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен  арнаулы төлімдері.

         6. әлеуметтік салық.

         7. жер салығы.

         8. көлік құралына  салынатын салық.

         9. мүлікке салынатын  салық.

         2. Алымдар:

         1. заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркегені үшін алынатын  алым.

         2. жеке кәсіпкерлерді  мемлекеттік тіркегені үшін алынатын  алым 3. жылжымайтын мүлікке құқықтарды  және олармен жасалған мәмілелерді  мемлекеттік тіркегені үшін  алым.

         4.радиоэлектрондық  құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

         5. механикалық көлік  құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік  тіркегені үшін алым.

         6. теңіз, өзен кемелері  мен шағын көлемді кемелерді  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

         7. азаматтық әуе  кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

         8. дәрі-дәрмек құралдарын  мемлекеттік тіркегені алым үшін.

         9. автокөлік құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағы  арқылы жүру алымы.

         10.аукциондардан  алынатын алым.

         11.елтаңбалық алым.

         12.жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым.

         13.телевизия және  радио хабарларын тарату ұйымдарына  радио жиелік спектрін пайдалануға  рұқсат беру үшін алым.

         3. Төлемақылар:

         1. жер учаскелерін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

Информация о работе Салық жүйесі