Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:20, реферат
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
I. Сапа және оның теориясы
1.1. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
1.2. ҚР – да сапа менеджментінің даму перспективасы
II . Сапаны басқару
2.1 . Өнім сапасын басқару жүйесі
2.2. Сапаға қойылатын талаптар
2.3.Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2.2. Сапаға қойылатын талаптар
Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.
А.Жағдайлар.
тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау;
басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;
кемелге келу шексіз деген сенім;
олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн;
мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;
ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы ( стандаоттары);
фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы;
адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару;
жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім;
еңбекті мойындап, қадірлеу;
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі.)
Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ».
Б.Талаптар мынаған қойылады:
бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты;
өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;
сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі;
сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету;
сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.
2.3 Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары
Жапония, АҚШ елдері өндірушілер арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындардағы жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл мамандар кәсіпорындағы сапа мәселесін шешуде жаңа методтарды қолдану арқылы кәсіпорынның әлемдік нарықта бәсекегеқабілеттілігін артырды.
ҚР – дағы кәсіпорындардың бәсекегеқабілеттілігін жоғарылату үшін келесідей шаралар қолдану қажет:
ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу;
ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сертификаттау процесін жүзеге асыру:
Көпсалалы және аймақтық стандарттар жүйесінің талаптарын сәйкестендіру және ИСО 9000 стандарттары арқылы сапаны басқару жүйесіндегі талаптарды үйлестіру;
Сапаны сертификаттау жүйесінен, тоталдық сапа менеджментіне ауысу.
Осы халықаралық стандарттардың талаптарын қанағаттандыратын жүйелер, әлемдік тәжірибеде сапаны басқарудың ең тиімді жүйесі болып табылады. Кәсіпорындағы әрекет ететін сапа жүйелерінің ИСО 9000 стандарттарына сәйкестігі, бүкіл әлемдегі тұтынушыларға кепілдік ретінде өнім сапасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.
Отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру – халықаралық стандарттарды енгізумен тығыз байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-на кіруіне және әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.
Отандық және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, өнім сапасын жетілдірудің келесідей бағыттарын ұсынуға болады:
Өнім сапасын басқару жүйесін, өнімнің сапасын жетілдіруге, яғни тұтынушыға бағыттау. Барлық кәсіпорындардағы қызметкерлер мен жұмысшыларды «жақсы және сапалы» өнім өндіруге ынталандыру. Кәсіпорын басшылығының саясаты бірінші орында өнімнің сапасын, ал содан соң өнімнің көлеміне бағытталуы қажет;
Жоғарыда аталған бағытты үнемі жаңа инвестициялық және инновациялық саясатпен байланыстырып отыру, дәстүрлі өндірілетін өнімнің көлемін арттырудан, өнімнің сапасын арттыруға ауысу, негізгі қорларды жарақтау және жаңарту арқылы өнімнің сапасын көтеруге қол жеткізу;
Өнім өндірушінің өнімнің сапасы туралы ақпараттарды рационалды таңдап алу жүйесін, оны өңдеу, талдау және сақтау шараларын міндетті түрде жүзеге асыру;
Кәсіпорындағы әрбір өнімге талап етілген сапаны қамтамасыз ету үшін, кәсіпорында өнімнің арнайы сапасын басқару жүйесін құру;
Материалдық-техникалық жарақтануды жетілдіру. Үнемі жабдықтаушылармен тығыз байланыста болу және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру;
Басшылық ықпал нәтижелі және өнімнің әрбір өмірлік циклында орын алуы тиіс;
Өнім сапасын басқару жүйесі – тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда ғана тиімді болып саналады;
Өнімнің сапасын басқару жөнінде үздіксіз білім беру жүйесін құру және барлық оқушылар мен студенттерді, жұмысшылар мен шеберлерді тұтынушылар мен тапсырыс берушілерге оң көзбен қарауға тәрбиелеу. Өнім сапасын басқару жүйесі барлық адамға түсінікті болу керек;
Мемлекеттік және аймақтық деңгейде сапа төңірегінде дәріс беру үшін БАҚ- ты, оның ішінде радио, теледидар, басылымдарды қосу керек;
Сапа төңірегінде және өнім сапасын жетілдіру үшін білім беретін және жұмысшылардың біліктілігін арттыруда арнайы мамандандырылған орталықтарды, яғни мектептер мен сапа курстарын ашу қажет және мұнда білім беруде шет елдердің мамандарын қатыстыру. Өйткені, тек жоғары білікті мамандар, жоғары сапалы өнімді жасай алады;
Жоғары және тұрақты өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өндірісте ынталандыруды күшейту. Ол үшін жоғары сапа мен еңбекке марапаттау, сыйақы беруді ұйымдастыру. Сонымен қатар өнімнің белгілі бір талаптардан ауытқығаны үшін, нормативтік-технологиялық құжаттарға сәйкессіздігі үшін қатаң сөгістерді қолдану. Өнім сапасын жақсарту және жетілдіру мақсатында түрлі конкурстар өткізу;
Жұмысшылардың жұмыстарын жетілдіру және тиімділігін арттыру. Ол үшін арнайы сапа тобын құру қажет;
Өндірістік ортада әлеуметтік, адамдық факторды ескеру;
Өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіру. Ол үшін өнімнің сапасын басқаруда тәжірибелі мамандарды қолдану.
Қазіргі уақытта өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялардың артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Сондықтан өнімнің сапасы төңірегіндегі сұрақтар қазіргі таңда өте күрделі экономикалық және ұйымдық мәселелердің бірі болып келеді.
Мен осы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР-да өнімді басқарудың сапалық жүйесін енгізуді және оны сертификаттауды құруды ұсынғым келеді. Бұл жүйе:
Біріншіден: - ұлттық және халықаралық деңгейде отандық кәсіпорындардың бәсекегеқабілеттілігін арттыруға, өнім өндірушілерге тұтынушылардың сенімділігін артуына, өткізу нарығын, жұмыс көлемін, пайдалылықты жоғарылатады.
Екіншіден: - тауар өндірушілер қоғам мен тұтынушыға өнімнің халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сай және экологиялық таза, тұтынушылардың барлық талаптарының қанағаттануына және қызмет көрсетудегі барлық талаптарды орындайтынына кепілдік береді.
Үшіншіден: - Қазақстанда мұндай сапа жүйесін құру және оны сертификаттау ұзақ процесстер мен жеткілікті қиыншылықтарды алдынан өткереді. Сондықтан өнімнің сапасын арттыруда мемлекетпен қатар жеке кәсіпкерлер де ат салысуы керек.
Бұл жүйе мемлекетте келесідей талаптар қояды және оның негізгі принциптеріне төмендегілерді жатқызамыз:
сапа;
өнімді өндіруде үнемі тұтынушылардың талғамын ескеру;
сапалы кадрларды сақтау, бұл сапаны жетілдірудегі негізгі бағыт болып табылады;
сапаны үнемі жетілдіру арқылы жаңа бір ашылымдарға қол жеткізу;
айқындылық;
тұтынушылар мен жабдықтаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорын имиджін қалыптастыру;
сапаны басқаруда барлық кәсіпорын персоналының қатысуы;
Бұл сапа жүйесі келесі жағдайлар орындалғанда ғана жүзеге асырылады:
кез-келген кәсіпорындағы персонал өндіріс нәтижелері мен процесстері туралы ақпарат алып отырса;
белгілі бір нәтижелерге жеткен жұмысшылар аймақтық және ұлттық дәрежеде ынталандырылып отырса;
сапа төңірегінде белгілі бір дәрежеге жеткен кәсіпорындардың тәсілдері мен амалдарын көшіруге рұқсат етілмесе;
кәсіпкерлер мен басқарушылар өнім сапасына үнемдемесе;
өнім сапасын арттыру – кәсіпорынның негізгі нәтижесі болып қарастырылса және сапа жүйесін ендіру мен жасауларды жүзеге асыруда персоналды оқыту дұрыс ұйымдастырылса.
Жоғарыда жасаған ұсыныстарымды жүзеге асыруда мекемелер басшылары, кәсіпкерлермен қатар мемлекет тікелей араласу қажет. Мемлекет сапаны бақылаумен қатар, оны ұлттық дәрежеде ынталандыру жүйесін жүзеге асырып отыру қажет. Мұндай жүйелер АҚШ, Жапония, Германия, Ресей және көптеген Европалық елдерде қолданылады. Сапаны тек жүйелік және кешенді басқару – оның қажетті деңгейге жетуін қамтамасыз етеді.
Қорытынды
Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Бизнес жүйесінде өзара байланыстары бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау.
Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық жолмен дамуының нәтижесі.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы нарықтың жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жандандыруды, иайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапасын және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.
Информация о работе Сапаның кәсіпорын қызметіне тиімді әсері