Саясаттану пәнінің кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 17:13, реферат

Описание

"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықша аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Саясат: ұғымы, мәні, негізгі белгілері.
б) Саясаттың қоғамдық дамудағы рөлі
3. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

саясаттану пәнінің негізгі кезеңдері.docx

— 38.31 Кб (Скачать документ)

     Саяси идея — шоғырланған (концентрацияланған) саяси ой. Ол, сонымен қатар практикада базалық саяси элемент ретінде іске асуыменде мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені идеяда ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс табады деп Гегель жайдан-жай айтпаса керек. Міне, осы саяси нақтылықпен байланыс саяси идеяны саяси тәжірибенің шығармашылық элементі ететіндіктен саяси ойды саясаттың шығармашылық элементі деп есептеуге болады. Саяси идеяның саясат субъектілерінің өте кажетті мүдделерімен байланысы, сондай-ақ осы процесте идеяларды саяси іске асыру және реттеу процесі саяси идеяға күш, өміршеңдік, динамика береді.

     Саяси идеяларды жүйелі түрде жасақтау саяси практиканың концептуалды негізін анықтауға мүмкіндік беретін, стратегиялық мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат субъектілері ретіндегі адамдар санасын жандандырады және жеткілікті деңгейде олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси көзқарастарының мәнді компоненттері ретінде көрінеді. К. Маркс айтқандай: "...теория бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық күшке айналады".

       Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат құрылымы мен саяси практиканың рационалды аспектілері болып саналады. Бұл рационалды аспект ғылыми білімдер жүйесі түрінде танылып көрінуі мүмкін. Осы білімдер негізінде бүкіл саясатты, оның барлық құрылымдық элементтерін, саясат субъектілерінің саяси мәдениетін көтеруде, олардың саяси жүріс-тұрысына саналы түрде ықпал етуде, қызмет атқарып отырған саяси мәдениетті демократияландыруда, демократияны кең көлемде институциаландыруды іске асыруда, институттардың, формалардың, жүріс- тұрыс акцияларының идеалды моделдерін анықтауда ұтымды пайдалануға болады және оларды саяси сфераға енгізу негізінде саясатты және оның құрылымдық элементтерін жетілдіре түсуге болады.

      Алайда, саясаттың, саяси практиканың "ахилл өкшесі" тәрізді осал тұстары да бар. Ол субъектілік. Бұл субъектілік ешқандай рационалды өлшемге сыймайды, ол саясат пен саяси практикаға субъектілік даралық пен ситуативтілік беретін қайталанбас сәтке ие. Сондықтан саясат өнер деп те есептелінеді. Өйткені саясат — жасампаздық сферасы, онда тек білім ғана емес, сонымен бірге қиял, субъектінің интуициясы, оның өз бетінше шешім қабылдай алу қабілеті, еркі, субъектінің батылдығы, төтенше жағдайларға кіре білу ептілігі және одан шыға білу қабілеті іске асады. Міне, осының бәрі саяси іс-әрекетті шығармашылық процеске, өнерге айналдырады.

        Саясаттың құрылымдық элементтеріне бүкіл мемлекеттік аппарат пен оның ұйымдарының формалары, әрекет ету әдістері мен оған пайдаланатын күш-құралдар кіреді. Аппарат басқару ісін кәсіби тұрғыда жүргізуі қажет. Баскару аппаратының маңызды мәселелері — басқару объектісін, оның жағдайын, даму тенденцияларын білу. Бұл билік шешімдерін жоғары басқарушылық нәтижесіне жеткізу үшін кажет.

       Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

    Салыстырмалы әдіс  әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

         Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

    Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

   Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан 
дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| 
байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси 
окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт 
мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. 

    Бихевиористік әдісжеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.

    Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

     Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.

          Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

 

 

 

 

Қорытынды:

 

       Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

        Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. Қапесов Н. Саясаттану. А.,Жеті жарғы. 2003.

 

  1. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н. Саясаттану. Астана, 2006.

 

  1. www.FreePapers.ru

 


Информация о работе Саясаттану пәнінің кезеңдері