Саяси жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 23:30, реферат

Описание

Қазіргі кезеңде қоғам дамуының әр түрлі салаларында күрделі өзгерістер жүруде. Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, оның орнына тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, ол елдерде өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншікке негізделген қатынастармен орталықтандырылған жоспарлы шаруашылықтың орнына меншіктің көптүрлілігіне, нарықтық қатынастарға негізделген қайта құрылыстар іске асырылуда.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Саяси жүйе ұғымының қалыптасу кезеңі
ә) Саяси жүйенің түрлері
б) Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметі

III. Қорытынды

IV. Падаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

саяси жүйе 2.doc

— 127.50 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

I. Кіріспе

 

II. Негізгі бөлім

   

    а) Саяси  жүйе  ұғымының  қалыптасу  кезеңі

    ә) Саяси жүйенің түрлері

  б) Саяси жүйенің  құрылымы, атқаратын қызметі

  

III. Қорытынды

 

IV. Падаланылған әдебиеттер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Кіріспе

Қазіргі  кезеңде  қоғам  дамуының  әр  түрлі  салаларында  күрделі  өзгерістер  жүруде.  Бұрынғы  Кеңес  Одағының  ыдырап,  оның  орнына  тәуелсіз  мемлекеттердің  пайда  болуы,  ол  елдерде  өндіріс  құрал-жабдықтарына  қоғамдық  меншікке  негізделген  қатынастармен  орталықтандырылған  жоспарлы  шаруашылықтың  орнына  меншіктің  көптүрлілігіне,  нарықтық  қатынастарға  негізделген  қайта  құрылыстар  іске  асырылуда.  Бұндай  жағдайлар  Қазақстан  Республикасына  да  тән.  Осындай  өтпелі  кезеңде  қоғамның  тек,  экономикалық,  саяси-әлеуметтік,  рухани  өмірінде   ғана   өзгерістер  болып  жатқан  жоқ,  сонымен  қатар   бүкіл  мемлекеттік  құрылым.  Басқару   саласы,  жалпы  алғанда  қоғамның  саяси  жүйесі түгелдей   өзгерістерге  ұшырауда.  Кез-келген  қоғамның   дамуында  саяси   жүйенің  рөлі  зор.  Себебі,  қазіргі   мүдделері  әр  түрлі  таптар  мен  топтардан,  ұлттар   мен  ұлыстардан,   партиялар  мен  қауымдастықтардан,  жеке  адамның  өзіндік   мүдделерінен  тұратын   қоғамда  оны   дұрыс  жүйелі  басқарудың   үлкен  мәні  бар.  Қоғамды  басқаруға  әртүрлі   мемлекеттік  ұйымдар  мен  мекемелер,   саяси  партиялар,   қоғамдық  ұйымдар,   қауымдастықтардың   ұйымдары  мен  мекемелері  қатынасады.  Олар  бірін-бірі   қайталамау  және  өздерінің  атқаратын  қызметтеріне   араласпау  үшін   белгілі  жүйеге  келтіруге  тиісті.  Осындай  жүйені  қоғамның  саяси   жүйесі  деп  атайды.  Социализм   жағдайына  саяси   жүйенің  мәні  бұрмаланып,  коммунистік   партияның   басшылығына  негізделген   тоталитарлық  жүйе  қалыптастырылады.

Қазіргі  Одақ   ауқымындағы  елдердің   тәуелсіздік  алып,   нарықтық  қатынастар  мен  демократияға  негізделген  қоғам  құру   мәселесін  мақсат  етіп  қойып   отырған  жағдайда  сол  өзгерістерге  байланысты   саяси  жүйені   қалыптастыру   актуальды  мәселеге  айналып  отыр.  Әсіресе,   қазіргі  қоғамның   барлық  өмірі  саясаттандырылған,  әрбір   адамның   саясатқа  деген   құштарлығы  артқан,  олардың   демократияландыру  процесіне   байланысты   шынайы  ел  басқару   ісіне  жағдай   жасалған  қоғамда  саяси  жүйе   проблемасының  актуальдылығы   бұрынғыдан  да  арта  түсуде.  Сонымен   қатар  қазіргі  жоғарғы  оқу  орындарының   барлық  мамандықтары   үшін  саясаттану   ғылымы  жеке  пән  ретінде   оқытылу  мәселесі  іске   асырылып  жатқан  жағдайда   аталған   проблеманы   кең  зерттеудің   қажеттігі   Елбасының  тәуелсіздік   алғаннан   кейінгі   елде  болып  жатқан   өзгерістерге  талдау  жасаған   бірнеше   еңбектері  мен   жаңа  Конституцияның   қабылдауына  да  байланысты.  Атап  айтқанда,   Президент  Н.Ә.Назарбаев  1992  жылы  жарық  көрген   “Қазақстанның  егеменді   мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы”  деген   еңбегінде  жаңа  тарихи  жағдайға   байланысты  еліміздің   егеменді  мемлекет  болуының   стратегиялық  міндеттерін   көрсетіп  берді.

Бұдан  кейін  мемлекет   алдында  бой  көтерген   жаңа  тактикалық   мақсаттардың  іске   асу  шаралары   белгіленді.   Оны  Президент  өзінің   1993  жылғы  “Қазақстанның  болашағы”  деген,  1996  жылғы “Ғасырлар  тоғысында”,  1999  жылғы - “Тарих  толқынында”  атты  аса  күрделі   еңбектерінде  қазақ  халқының   өткен  тарихын  ой  елегінен  өткізіп,   болашағына  батыл   болжамдар  айтады.

Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі   кезеңде  елдің  негізгі  даму  бағыты   белгіленген  Ата  Заңымыз  екі  рет  қабылданды.

Мемлекетіміздің   Конституциясы  талаптары  мен   қағидаларын  іске  асыруда   Н.Ә.Назарбаевтың   “Қазақстан – 2030”  бағдарламасының  маңызы  зор.  Бұл  стратегиялық  бағдарламада  еліміздің   дамуының   әртүрлі  салаларындағы   іс-қимылдың  жобалары  белгіленген.

Бұл  жұмыста  жоғарыда  айтылған  құжаттардан  туындайтын  міндеттердің   негізнде  өтпелі  кезеңдегі  Қазақстандағы  қоғамның   саяси  жүйесінің   қалыптасуы  мен  дамуы  проблемаларына  арналады.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Негізгі бөлім

а)Саяси  жүйе  теориясы  1950 жылдың  ортасынан  бастап  қалыптаса  бастады.  Оның  қалыптасуына  негіз  болған  екі  көзқарасты  айтуға  болады:  Бихевиористік,  жүйелік  және  құрылымдық – функционалдық  көзқарас.  Бихевмористердің  түсінігінше  саясат – ол  ең  алдымен  адамдардың  саяси  өміріндегі  саяси  әрекеттері.  Сондықтан,  бихевиористік  көзқарастардың  өзіндік  ерекшеліктері  ретінде  мыналарды  айтуға  болады:

1)Саяси  мінез-құлықты  саяси  зерттеудің  негізгі  объекті  ретінде  қарастыру;

2) Статистикалық  және  сандық  көрсеткіштердің  барынша  көп  максимальды  түрге  қолдану;

3)Саяси  жағдайларды  түсіндіруге  қабілетті  теорияларды  жасау;

Сасаттануда  жүйелік  көзқарасты  алғаш  қолданған  ғалым  саясаттанушының  бірі  Д.Истон.  Ол  саяси  жүйені  қоғамдағы  құндылықтарды  ресми  түрде  бөліп  отыратын   өзара  қатынастар  жүйесі  ретінде  қарастырады.   Материалдық  және  рухани  құндылықтарды  осылайша  бөлудің  негізінде  қоғам  мүшелері  арасында   әртүрлі   конфликтердің  алдын  алып  отырды  деп   көрсетеді.  Ол  саяси  жүйенің  екі  негізгі   қызметін  бөліп  алады:

1)саяси  жүйенің   қоғамдағы   құндылықтарды  бөлу  қабілеті  болуы  керек;

2)саяси  жүйе  құндылықтарды  бөлісудің  міндетті  әрекет  екендігіне  халықтың  көзін  жеткізуі  тиіс;

Бұл  екі  сапалыққасиет,  Истонның  пікірінше,  саяси  жүйенің  басқа  әлеуметтік  жүйеден  айырмашылығын  көрсететін  болды.

Истонның  көзқарасы  бойынша    саяси  жүйе  дегеніміз – ол  саяси  құрылымдардың  жай  ғана   өзара  қарым-қатынастар  жүйесі  емес,  керісінше,  үнемі  өзгеріп  отыратын,  қызметтік  немесе  қызмет  атқаратын  динамикалық  жүйе.

Қорыта  айтқанда,  Истонның  пікірінше,   саяси  жүйе – қоғамдағы  құндылықтарды  бөлу  туралы  өзара   ықпалдардың  жиынтығы.  Мәселен,  егер  саясат  құндылықтарды  авторитарлы  түрде  бөлуді  көрсететін  болса,  ал  саяси  жүйе  сол  құндылықтарды   бөлуге  байланысты  туатын  іс-әрекеттерді   ұйымдастыру   организмі   және  соған  байланысты   әртүрлі   конфликтерді  алдын  алып  отырады.

Ал  енді    саяси  жүйе  теориясының   қалыптасуы  мен  дамуындағы  құрылымдық – функционалдық   концепцияға  келетін  болсақ,  бұл   концепция  саяси  өмірге  жүйелік  көзқарасты   біршама  толықтыра  түсті.

Құрылым – функционалдық   концепцияның   өкілдерінің  бірі – американдық  ғалым  Г.Алмонд.  Алмонд   саяси  жүйені   өзара  ықпалдардың  жүйесі    ретінде  қарастырады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  ол

саяси  жүйені  саяси  шешімдерді   қабылдауға  қатысты   іс-әрекеттердің  түрлерінің  жиынтығы  ретінде  өзара  ықпал  ететін  саяси   рөлдердің  жиынтығы  тұрғысынан  қарастырады.   Демек,  Алмондтың   пікірінше,  саяси  жүйе – қоғамдағы  реттілікті  ұстап  тұратын  және   жасампаздық   қызмет  атқаратын   заңды  түрде   мойындалған  (легитимдік)  күштердің  жиынтығы.

Истон  концепциясынан,  Алмонд  концепциясының  ерекшелігі  сонда,  егер  Истон  қоғамдағы  болып  жататын процестерді   талдауда  басты  назар  аударған  болса,  ал  Алмонд  саяси  өмірдегі   тұрақты  құрылымның  маңызын   анықтауға  баса  көңіл  бөледі.  Алмонд  концепциясында   “құрылым”  мәселесі  басты  рөл  атқарады.  “Құрылым”     ұғымы,  Алмондтың  түсінігінше,  саяси  жүйені   құрайтын  негізгі  күштердің   іс-әрекеттері  мағынасын   береді.  Саяси  процестерге  қатысатын  субъектілердің  іс-әрекеттерінің   нақтылы  бөлігін  Алмонд  рөл  деп  атаған.  Сондықтан  Алмонд  үшін  саяси  жүйенің  негізгі   компонентерінің  бірі – саяси  рөл.  Демек,  өзара  байланысты   нақтылы   рөлдердің  жиынтығы  құрылымды  құрайды.

Бұл   концепцияның   басты  ерекшелігі   жүйені  құрайтын   элементтердің   функционалдық  сипатын  негізге   алынуы.  Алмондтың   пікірінше,  саяси  жүйені  оны   құрайтын  элементтердің  қызметі  тұрғысынан  талдау  қажет.

Саяси    өмірге  жүйелік  көзқарастың   марксистік  концепциясына    тоқталатын  болсақ,  мұнда  да  билік   элементтерінің  өзара   байланыстылығына    негізделгендігін   байқаймыз.  Мәселен,  В.И.  Ленин  билікті  адамдардың  және   олардың  топтарының  еркін,  партия  құрылымдарын,  институттарды,  күштеу  органдарын,  идеологияны   біріктіру  тұрғысынан  қарастырады.  Сөйтіп,   пролетариат   диктатурасының  маркстік  идеясын,  Ленин  нақтылы  билік  құралдарын   ұйымдастыру  жүйесі  деп  қарастырды.

Жаңа  билік  Советтер  жүйесінде   негізделетін  болды.  Бұл  механизмдегі  партияның   Орталық   Комитетінің  нұсқауы  мемлекеттік  органдар  үшін  басты  міндетті   нұсқау  болып  есептелінді.  Демек,  Ленин   биліктің  жүйелілігін  осыдан  көрді.

Сонымен        саяси  жүйенің  пайда  болуына  негіз  болған  дәлелдерге  келетін  болсақ,  олар  төмендегідей:

1) қоғамда   саяси  ұйымдардың  пайда  болуы  және  саяси  биліктің   белгілі – бір  дәрежеде  бөлінуі;

2) қоғамдағы  әртүрлі  саяси  топтардың   мүдделерінің  арасындағы   үнемі  болып  отыратын  қайшылықтарға   байланысты,  өйткені  мүдделер  арасындағы  қайшылық   толық  шешілмейді,  тұрақты  болып  отыратын  нәрсе  және   қайшылықты  болдырмауға  болмайды.

Міне,  сол  әртүрлі   қайшылықтарды  реттеп  отыру  саяси  жүйенің  негізгі   қызметтеріне   жатады.  Сонымен,  қоғамдағы   әртүрлі  таптар  мен  топтардың  орны  мен  рөліне    қарай,  олардың  саяси  билікке  қатысына  қарай,   олардың  арасындағы   қарым-қатынастарын  реттеу  үшін,  қоғамды   басқару  үшін   саяси  жүйе  пайда  болды.

Саяси  жүйе  дегеніміз – қоғамдағы  көпшілік   билігін  жүргізетін  және  азаматтардың   мемлекеттегі  байланысын   ұйымдастыратын  әлеуметтік – саяси   институттар   мен  құндылықтар  жиынтығы.

Әрбір  саяси   қоғамдық  бірлестіктер  өздерінің  саяси   тұрақтылығына  байланысты   қоғам  өмірінде  белгілі  бір  қызмет  атқарады.  Бұл   қоғамның  саяси  жүйесін  құрайды.  Саяси  жүйе  қоғамның  саяси   өмірінің   негізгі  мазмұнын  көрсететін  және  оның  даму  деңгейін,  сапалы  деңгейін,   жүйелігін,  дәрменділігін  және   тұрақтылығын  көрсететін  бірыңғай  құбылыс.

Екінші  сөзбен  айтқанда,    саяси  жүйе  дегеніміз – қоғамдағы  саяси  билікті   жүргізетін  әлеуметтік  организм.  Саяси  жүйе  арқылы  әртүрлі  ұйымдар,  қозғалыстар,  партиялар,  саяси  билікке  өз  ықпалдарын  тигізіп  отырды.  Сондықтан   қоғамның    саяси  жүйесі  бүкіл  қоғамдық  әлеуметтік – экономикалық   саяси  және   рухани  өмірдің   қозғалу  механизмін  көрметеді.

Біріншіден,  ол  қоғамның  саяси  өмірін,  адамдардың  мінез-құлықтарының  жүйесі  ретінде   қарастыруға,  саяси  институттар  мен  құрылымдар  сипатына  ықпал  ету  механизмдерін   анықтауға  көмектеседі.

Екіншіден,  саясатқа  тұтас  құбылыс  ретінде   түсінік  береді  және  оның   сыртқы   (табиғат,  экономика,  мәдениет,  әлеуметтік  құрылым,  мораль,  идеология,  дін,  т.б.)  ортаға  ықпал  ету  тәсілдері  мен  түрлерін  талдауға   мүмкіндіктер  жасайды.

Саяси  жүйенің  өзіне  тән   белгілерін  көрсететін  болсақ,  олар:

1)оның  әр  түрлі  элементтерінің   арасындағы   тұрақты  өзара  тәуелділік  болмаса   саяси  жүйенің   тұтастығы  жойылады;

2) саяси  жүйе  саяси  қатынастардың  реттелген  және  олардың  біршама   тұрақтылығы  мен  дамуын   көрсетеді.  Саяси  қатынастардың   реттілігінің  маңызы   олардың  әлеуметтік  қатынастарды  белгілі – бір  мақсатта  нәтижелі   түрде  өзгертуге  жағдай  жасалуы  арқылы   анықталады.

3) саяси  жүйенің   мәдени  негізі  болады.  Ол  қоғам   мүшелері  өзара  қабылдаған  және  мойындаған  ортақ  құндылықтар,  символдар,  нанымдар  жиынтығы.  Өйткені  адамдардың  саясаттағы   бірлігі  тек  олардың  өзара  рухани  тұтастығы  ғана  арқылы  болатын  құбылыс.  Ортақ  рухани  құндылық  болған  жерде   ғана    саяси  жүйенің  тұрақтылығы   бола  алады.

4) саяси  жүйеге  оның  барлық  элементтерінің  сыртқы  ортаға  (күштерге,  құбылыстарға)  жауап  беру  қасиеттері  тән.  Сонда  ғана  саяси  жүйе  сыртқы  әсерлерге  жинақы  түрде  жауап  беріп,  оған  негізгі  ресурстарды  жұмылдыра  да,  жұмсай  да  алады.

ә)Саяси  жүйенің  сипаты,  сапалық  белгілері  қоғамдық  қатынастардың  даму  ерекшеліктеріне,  типтеріне  байланысты.  Қоғамдық  даму  дәрежесі  қандай  болса,  саяси  жүйесі  де  сондай.  Себебі  ол   қоғамның  бөлігі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  ғылымда  саяси  жүйенің  түрлері  туралы  әртүрлі  көзқарастар  бар.

Соңғы  кездерге  дейін  саяси  жүйенің   тек  қана  демократиялық  түрі  ғана  мүмкін,  басқалары,  мысалға,  демократиялық  емес  түрлері  қоғам  дамуының  объективтік  заңдылықтарынан  аутқушылық,  теріс  нәрсе  деп  түсіндірушілік,  бұл  мәселені  ғылыми  тұрғыдан  жан-жақты  зерттеуге  кедергі  келтіріп  келді.

Саяси  жүйені  бір  өлшеммен  түрге  бөлуді,  жіктеуді  ғылыми  деуге  болмайды. Себебі  әр  елдің  экономикалық,  саяси - әлеуметтік,  мәдени  дамуының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Сондықтан  олардың  саяси  жүйесінің   қалыптасуының  да   ерекшеліктері  болады,  оны  әртүрлі  өлшем  тұрғысынан   жіктеу  керек.  Осы  тұрғыдан  алып  қарап  Т.Мұстафин  жетекшілік   еткен  авторлар  ұжымы   шығарған  “Саясаттануға  кіріспе”  деген  еңбекте  саяси  жүйені   мынандай  түрлерге,  жіктерге  бөледі:

      Формация  мен  әлеуметтік-экономикалық  құрылымы  жағынан  қарау (маркстік  тәсіл:  құл  иеленушілік,   феодалдық,  буржуазиялық,   коммунистік – саяси  жүйелер);

      Мемлекеттегі  орныққан  саяси  тәртіп (режим)   тұрғысынан  (демократиялы,  тоталитарлы  және  авторитарлы);

Информация о работе Саяси жүйе