Шаруашылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 20:32, курсовая работа

Описание

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ 3
I ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ, ҚОР ЖӘНЕ АҒЫМ
1.1 ЖҰӨ-нің жалпы сипаттамасы...................................................................... 4
1.2 ЖҰӨ-нің көрсеткіштері.................................................................................8
1.3 ЖҰӨ-нің даму жолдары..............................................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................16

Работа состоит из  1 файл

ШАРУАШЫЛЫҚ.doc

— 88.00 Кб (Скачать документ)

      Көптеген  өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден  өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін  басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Біз осындай тауарларды ЖҰӨ есебінде қалай есептеуіміз керек? Айталық, фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ-ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургерді 1,50 долл. деп алу керек пе? ЖҰӨ-ге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді. Сондықтан гамбургердің бағасы ЖҰӨ-ң бөлігі болып табылады, ал еттің бағасы енгізілмейді. ЖҰӨ тек 1,5 долл-ға көтеріледі. Мұның себебі, аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің бағасына кіргізіліп қойылған. Фирманың қосымша қосқан құны өндірілген өнімнің құнының фирманың аралық өнімге, өзі жасаған құнынан алып тастағандағы айырмасына тең. Гамбургермен байланысты жағдайда фермер қосқан құн 50 центке тең (бұл жағдайда фермер аралық өнімді иемденбейді, ал Мак Дональдстің қосқан құны (1,50—0,50 долл.), яғни 1,00 долл.-ға тең. Жалпы қосылған құн 0,50 долл.+1,00 долл., яғни 1,50 долл. тең болады. Экономика үшін жалпы қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ-ді барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.

     Көптеген  тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген қүн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ-ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне "төлейтін", "жалдау ақысы" енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін ЖҰӨ-ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн — жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн ЖҰӨ-ге енгізілмейді. Сондай-ақ ЖҰӨ-ге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді. Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем ЖҰӨ-ге енгізілмесе, онда ЖҰӨ - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен осы қателіктер ЖҰӨ-ге онша әсер етпейді [2, 144 б]

       1.3 ЖҰӨ-нің даму жолдары 

     Ұлттық  өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы  ішкі өнім көрсеткіші колданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын  құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс фактоларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.

ЖІӨ = ЖҰӨ

- сыртқы  экономика операция бойынша сальдо  ЖІӨ өзіне тікелей сол елде  өндіріген өнім мен қызмет  көрсетуді және бұл елдегі  өндіріс факторын қолданғанда  ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға  жататын өндіріс факторын АҚШ-да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.

     Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі: американдық өндіріс факторы  басқа елде қолданылса, онда олардың  құныда ЖІӨ-ге енбейді (енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, сондай-ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.

     Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің жылдық ағымдағы бағасы 1995 жылы 992.5 млрд. теңге  мөлшерінде бағаланды немесе, бір тұрғынына 60,2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-імен пара-пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша. Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда - 18.7%. бұрынғы Одақпен салыстырғанда — 69.3% деңгейін құрады.

     Ұлттық  есеп-шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. ЖҰӨ тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтыныска түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина,ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

     Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің максаты мынада: а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;

ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;

б) мемлекеттік  саясатты қалыптастыру.

     Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методология  бойынша статистикалық органдары  есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың (с1 амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласынын таза өнімін (v+m) және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс (m) — енгізіледі:

ЖҮӨ = с1 + (v+m) + m

     ЖҰӨ-нің  көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет  елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік  туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988-ші жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.

     Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол енбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын өндірмейді. Қайталанған есеп-шоттың өнбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз, кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді [3, 33 б]

     .Келесі  ең маңызды көрсеткіштердің бірі  өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен  кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын  жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік  табысты анықтау үшін біз ұлттық  табыстан корпорация пайдасы  салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.

     Орнықтылған табыс тұрғындардың билігінде болатын  табысты айтамыз. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.

     ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.

     ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл-ауқаттылық ұғымына коршаған ортаның жай-күйі, қылмыстың аукымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп-шотын есептеу де бұл параметрлер ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл-ауқаттылық» көрсеткіші қолданылады.

       Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға  енгізген американ экономистері  В. Нордхаус пен Дж. Тобин еді.  Ол төмендегідей формуламен анықталады:

ТЭӘ = ЖҰӨ + КЭ + ӨҚҚ+ Д - Э

мүндағы  ТЭӘ — таза экономикалық әл-ауқаттылық,

         ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім,

         КЭ  — көлеңкелі экономика,

         ӨҚК - өзіне-өзі қызмет көрсету,

         Д – демалыс,

         Э - экология.

     Жоғарыда  көрсетілген макроэкономикалық  көрсеткіштер бір-бірімен өзара  байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Тәуелсiздiк  алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық  экономикада әлемдiк тауар рыноктарына  мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек  кездесетiн және қымбат металдар мен  уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.

     Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика  сценарийi бойынша дамуда.

     Өндiрiстiң  және шикiзат ресурстары экспортының  қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда  экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

     Өнеркәсiптiң  шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.

     Ашық  экономикалы шағын ел болғандықтан, Қазақстан әлемдiк бағаларға әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол  қалпында қабылдауға тиiс. Осының салдарынан ел өз экономикасына пәрмендi ықпал ету құралдарының шектеулi мөлшерiн ғана қолдана алады. Осыған байланысты экономиканың сыртқы факторларға дәрменсiздiгiн азайту үшiн елде жоғары технологиялық өндiрiстердi құру аса өзектi мәселеге айналуда.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

    1. Берденов  Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998.-300 б.
    2. Сахариев С.С., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 1 бөлім,2003.-250 б.
    3. Сахариев С.С., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 2 бөлім,2003.-145 б.
    4. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003. 23-28б
    5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002. 202 б.
    6. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері  Алматы-2002ж 123б.

Информация о работе Шаруашылық