Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 20:30, курсовая работа
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу.
КІРІСПЕ
1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН ФОРМАЛАРЫ.
1.1 Шағын бизнестің экономикадағ мәні, ролі
1.2 Шағын бизнестің ұйымдық – құқықтық формалары
1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері..
2. ҚР-ң 2007-2009ж аралығындағы шағын кәсіпкерлікті талдау негіздер
2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
2.2 ҚР-ң 2007-2009 ж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау
2.3 ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін талдау 3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.
3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері
3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007-2009 Ж АРАЛЫҒЫНДАҒЫ
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ТАЛДАУ
2.1 Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік
мәртебесін айқындайтын заңдар және тағы басқа шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге ерекше қатынастар көзделмеген, сондықтан мемлекеттік органдар қызметінің көлеміне қарамастан, кәсіпкерлерге бірдей көзқараспен қарау; -тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша рәсімдерді нақты бірыңғай суреттеу әдістерін белгілеуді ұйымдастыру. Түрлі мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі жіктемесін қолданады; -шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың қолданыстағы тәжірибесі анықталған тәртіп бұзушылықтар саны мен салынатын айыппұлдарды нақты анықтау. -кәсіпкерлік субьектісі қызметінде төтенше жағдай және тағы басқа туындаған ретте осы обьектіде тексеру. Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің кейбір ережелері шағын кәсіпкерліктің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Дәлірек айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерде салық салу тұрғысындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды санамағанда шағын кәсіпкерлік субьектілерімен қатар ірі кәсіпкерлік үшін де бірдей етіп белгіленген. Одан қалса айыппұлдардың жоғары қойылымдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне заңға сәйкес айыппұл төлеуді немесе одан азырақ пара беріп құтылып кетуді таңдауға итермелейді. Лицензиялауға, аккредитациялауға, стандарттауға сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кең тізбесінің болуы іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерліктің бастамасының өсуіне кедергі келтіреді. Осылайша негізгі әкімшілік тосқауылдар ауыртпалығы болып табылады. -кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда қолданылмайтын заңға баіынышты келісімдердің саны едәуір; -мемлекеттік органдар уәкілеттік еткен және мемлекеттік функциялар берілген көптеген мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар жұмыс істеуде; -керексіз статистикалық және салық есебін жүргізу; -кейбір мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау, рұқсат беру және келісу функциялары мен өкіметтерін қысқартуға дайын еместігі. -көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне олардың қызметін қолдау үшін « жалғыз терезе» қағидаты бойынша тіркеу және қайта тіркеу жағдайлары жасалған. Франциядағы сияқты қазақстанда да тіркеу процесі жиырма төрт сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар он күннің ішінде « бір терезе» қағидаты бойынша тіркеледі, бұл жүйені бизнес қауымдастық та қолдауда. Кәсіпорындар Қазақстанда коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуы да жұмыс істейді. Мемлекет кәсіпорындары олардың дербестігінің сипатына қарай үш топқа бөлінеді: -бюджеттік; -қоғамдық; -аралас акционерлік қоғамдар. Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорындарға мына кәсіпорындар жатады: -Мемлекеттік шаруашылық жүргізуге құқы бар, толық шаруашылық есепке негізделген қорғаныс зауыттары, дәрі- дәрмек дайындау т.б. -Қазыналық, жедел басқаруға құқы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің әлеуетінің дамуына әсер етеді. Мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласында таралады.
2.2 ҚР- ның 2007- 2009 жж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау Шағын кәсіпкерлік республика экономикасында, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында үлкен орын алады. Бүгінгі таңда ол айтарлықтай мықты экономикалық және саяси күшке ие. Шағын кәсіпкерлік, нарықты тауарлармен және қызметтермен жабдықтауға, дұрыс бәсекенің өсуіне көмектесе отырып, экономиканың жақсы дамуының индикаторларының бірі болып табылады. Оның кейінгі бірнеше жылдағы динамикасы, бұл сектордың бастапқы кезеңінен даму кезеңіне көшкендігін көрсетіп отыр. Қазақстандағы қызмет ететін шағын бизнес субъектілерінің жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтарына 744,6 мың бірлікке жетті, оның ішінде заңды тұлғалардың (ұйымдардың) үлесіне 16,2%, жеке кәсіпкерлікке – 61,1%, шаруа (фермерлік) қожалықтарға - 22,7% келеді. Олардың шығарған өнімінің жалпы көлемі 2007 жылға, есептік мәліметтер бойынша 2001,7 млрд. тенгені құрады, яғнп ол алдыңғы жылдың мәліметтерімен салыстырғанда 30,7% өсті. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің 2009 жылғы 1 қаңтарының мәліметтері бойынша республикада шағын кәсіпкерліктің 845 737 субъектісі тіркелген, бұл 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15% көп, мұның қызмет ететіні 76% немесе 639 185 бірлігін құрайды. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан заңды тұлғалар 172 277 бірлік құрайды, оның қызмет ететіні 114 850 бірлік, жеке – 673 460 бірлік, оның ішінде қызмет ететіні – 524 335 бірлік. Тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 476601 бірлікті құрады, оның ішінде қызмет ететіні – 363016
адам. Республикада 190859 бірлік шаруа қожалықтары тіркелген, оның қызмет етеіні – 161 319. Шағын бизнес сферасындағы қызметкерлер саны 1 653 482 адамды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% көп. Қызмет ететін заңды тұлғалар 553 731 адамды (33%), жеке кәсіпкерлер – 682420 адамды (41%); шаруа қожалықтарындағы қызмет ететіндер – 417 331 адамды (25%) құрады. Сауда саласында жоғары кәсіпкерлік белсенділік байқалып отыр, барлығы 554 630 адам қызмет ететін 342 235 субъект тіркелген. Құрылыста барлығы 118307 адам қызмет ететін 32021 субъект тіркелген, тұтынушыларға қызмет көрсету, жалға алу және жылжымайтын мүлік операциялары бойынша -121354 адам жұмыс істейтін 53367 субъект тіркелген. Өнеркәсіп қызметінде 98272 адам жұмыс істейтін 27499 субъект тіркелген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімді шығаруы 2008 жылға 1532863903,8 мың тенгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 24,2% көп, оның ішінде құрылыс саласында–259206357,9 (17 %), жеке қолданыстағы заттардың және көлік жөндеу бойынша сауда саласында 387592173,6(25,4 %), өнеркәсіпте – 187368849,5 (12,3 %), кәсіпорындарға қызмет көрсету, жалға алу және жылжымайтын мүлік операциялары бойынша 181134699,2 (11,9%) құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі шағын бизнестің (шағын бизнес және үй шаруашылығының) үлесі 2008 жылы 30,9%-ды құрады. Салық Комитетінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына 179770373 мың тенгені құрады. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінен ең көбі Алматы қаласында – 60879 (35 %), Астана қаласында - 17047 (10 %), Оңтүстік Қазақстан облысында – 15068 (9 %), Шығыс Қазақстан облысында – 10668 (6 %) белгіленген. Шағын бизнес саласындағы ең көп жұмысшылар саны Оңтүстік Қазақстан облысы – 237083 адам немесе шағын бизнестегі жалпы жұмысшылар санының 15 %, Алматы қаласында – 216303 адам (13 %), Алматы облысында - 178874 адам (10 %). Ең аз саны Қызылорда облысында – 40785 адамды (3 %) құрады. 2009 жылға Шығыс Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік 61,3 мыңнан астам қызмет ететін шаруашылық субъектілерімен көрінеді, оның ішінде үлесіне 12,9% келетін кәсіпорындарды (заңды тұлғалар), жеке кәсіпкерлікті (59,6%) және шаруа (фермер) қожалықтарын (27,5%) қоса алғанда. Жалпы облыстағы шағын бизнесте, республиканың шағын кәсіпкерлігінде қызмет ететін жалпы жұмысшылар санының 8,4% немесе 154,2 мың адамға жуық қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындары. 2009 жылдың 1 қаңтарына облыста шағын бизнестің 11232 кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда 5,3% көп. Тіркелгендерден 70,3% (7891) кәсіпорын қызмет ететін болып табылған, яғни олар экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алған, олардың ішінде 65,6% - белсенді, 4,4% - әлі қызметін бастамаған, жаңа, ал 30,0% - уақытша тұруда болған. Облыстың шағын бизнесінің үлесіне республиканың 6,6% қызмет ететін және 9,3% белсенді кәсіпорындары келген. Қызмет ететін кәсіпорындар саны бойынша облыс, республикада кему шкаласы бойынша Алматы, Астана қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейінгі бесінші орында болды. Белсенді кәсіпорындар саны бойынша Шығыс Қазақстан Алматы (үлес салмағы 25,1%) және Астана (10,5%) қалаларынан кейінгі үшінші орында болды. Аяқталған жылдың кезеңі бойы шағын кәсіпкерліктің қызмет етіп түрған кәсіпорындар саны 3,0%, ал тіркелген кәсіпорындар саны 5,3% өсті. Белсенді, яғни өнімді шығаратын және қызмет көрсететін кәсіпорындар саны талданатын кезеңде 37,3% (1406 бірлікке) өсті [1-сурет]. Сол уақытта облыста тіркелген кәсіпорындардың үштен бір бөлігіне жуығы - 3341 (29,7%) әрекет етпейді, оның ішінде 3,2% ликвидация процесінде, 96,8% хабар жоқ. Қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың көп бөлігі - 3639 (жалпы көлемнен 46,1%) саудаға, көлік жөндеуге, жеке қолдану заттарына бағытталған, 1185 (15,0%) – құрылыспен шұғылданған, 1084 (13,7%) – тұтынушыларға қызмет көрсету, жал және жылжымайтын мүлік операцияларымен, 740 (9,4%) - өңдеу өнеркәсібінде қызмет еткен. Қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың өсуі құрылыста (157 кәсіпорынға), сауда саласында (166 кәсіпорынға), тұтынушыларға қызмет көрсету, жал және жылжымайтын мүлік операцияларында (58 кәсіпорынға) байқалды.
2.3 ҚР-да шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін талдау Қазақстанда 1 шілдеде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий аяқталды Еске сала кетейік, 17 ақпанда өткен үкіметтің отырысында Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Үкіметтің қаулысына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдар 2009 жылғы 17 ақпан 2009 жылғы 1 шілде аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы, жер қойнауын пайдалану туралы, ветеринария саласындағы заңнама нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді, Астана, Алматы қалаларының және облыстық маңызы бар қалалардың маңынан берілген жер мәселелері, қызметкерлерге айлық табыстарын уақтылы және толық төлеу, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту заңдылығы мәніне, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша тексерістерді қоспағанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты. Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитетінің бағалауынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы тиімсіз іске асырылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері сан жағынан жақсарғанына қарамастан, Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы өзінің күтілген нәтижелеріне жеткен жоқ. Есеп комитеті бағдарламаның тиімсіз іске асырылуын бағдарламаны іске асыруға жауапты қатысушылардың көптігімен байланыстырады. Сондай-ақ, олардың жұмыстары үйлестіріліп жүргізілмегенін әрі жауаптылық деңгейі төмен болғанын атап өткен жөн. Бағдарламаны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеп, Индустрия және сауда министрлігі іске асырған. Іс жүзінде, оның операторы бюджет қаражатын алушы "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор) болды. Индустрия және сауда министрлігі тарапынан тиісті ішкі қаржылық бақылаудың болмауына байланысты Қор шағын кәсіпкерлікті қолдаудың орнына іс жүзінде банк жүйесінің ресурстық базасына әрі банк қызметінің тәуекелін төмендететін органға айналды. Сөйтіп, республикалық бюджеттен бағдарламаны іске асыруға деп бөлінген 30 млрд. теңгенің тек 11,6 млрд. теңгесі немесе қаржыландыру көлемінің 40%-ы ғана шағын және орта бизнестің қолына тиген. Осылайша, 6 млрд. теңгеден астам қаржы тиімсіз жұмсалып, республикалық бюджет Қор басшыларының кінәсінен 3,5 млрд. теңгеге зиян шекті. Сонымен қатар, Қор бағдарламаға бөлінген қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктердің және түрлі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын сатып алған. Бюджет қаражатын екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне де салып отырған. Осы ретте шағын кредит берудің тиімді жүйесін құру, шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру сияқты іс-шаралар орындалмаған. Есеп комитеті Үкіметке мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа идеологиясын қалыптастыруды аяқтауды ұсынды. "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.
3 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН
3.1 Қазақстан
Республикасында шағын
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты аяқтай келіп ,жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығы айқын. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білімді кадрлардың жетіспеуі. Ал шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке беруге жарайтын мүлік шағын кәсіпорындаодың керектігі несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын кәсіпорындардың керектігі банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу информациялық қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпорынның артықшылықтары: бәсекелі нарықтық өрісін кеңейтеді; айрықша қажеттіліктерді(пәтерлерді жөндеу, ксерокөшірме, көлік жөндеу, ұсақ сауда т.б.) қанағаттандыру мүмкіншілігі, өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдеріне тез Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін.