Шағын кәсіпорын.Кәсіпорын түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:21, реферат

Описание

Шағын кәсіпорын — жұмыскерлерінің саны заңнамалық жолмен белгіленген мөлшерге сай келетін (экономиканың түрлі салаларында түрліше болып келеді) салық жеңілдіктерін, несие бойынша жеңілдіктер алатын басқа да мемлекеттік қолдау көрсетілетін субъект. Жұмыс істеушілер саны немесе шаруашылық қызметіне қатысты шектеулер ерекше белгілері болып саналатын заңды тұлға құқығы бар дербес әрекет етуші шаруашылық субъектісі; кәсіпкерлік қызметтің барынша икемді және өсіңкі даму нысанына ие нарықтық құрылымның маңызды элементі.

Работа состоит из  1 файл

Шағын кәсіпорын.doc

— 168.00 Кб (Скачать документ)

Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңи тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісімшарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады.

Коммерциялық  кәсіпорын – заңи тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі.

Концессиялық  кәсіпорын – мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын.

Корпоративтік кәсіпорын – меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңи субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын.Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары – шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы.

Көлік кәсіпорыны – жеке және заңи тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңи тұлға.

Муниципалдық – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын – бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезиденткорпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.

Унитарлық кәсіпорын

Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады.Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Ұжымдық кәсіпорын

Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді.

Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады.

Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым).

Ірі кәсіпорын – сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.


Информация о работе Шағын кәсіпорын.Кәсіпорын түрлері