Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 18:43, реферат
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.
Тікелей шығындарға өнімге қосылған материалдар құны, жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларғааударымдар. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты қылуға болады.
Жанама шығындар-бұл фирманың қызмет етуіне қажетті шығындар: құрал-жабдықты ұстау бойынша шығындар, арендалық төлемдер, коммуналдық қызметтің бағасы, коммерциялық шығындар, өнім өндірісі процесінде жұмысбасты емес персоналдың еңбекақысы, несиелер бойынша пайыздар және т.б.
Шығындарды осылайша бөлу қызмет түріне тәуелсіз әр типті кәсіпорында қолданылады. Қызмет түріне тек өзіндік құн құрылымындағы тікелей және жанама шығындар арасындағы пропорция ғана тәуелді болады.
Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге мысал ретінде ТОО «АСЕЛЬ» фирмасының бір батон өндірісіне жіберілетін шығындарды есептеуі қарастырылады:
Тікелей шығындар
1.Шикізат және материалдар