Социолистік теория. Марксизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:04, лекция

Описание

1.Әр кезеңдегі жалпы теңдікпен әділеттілік негізіндегі социолизмнің қалыптасуы.
2.Маркстік және классикалық саяси экономика.
3.К.Маркстің капитал еңбегіндегі еңбек және қосымша құн теориясы.

Работа состоит из  1 файл

6.docx

— 20.50 Кб (Скачать документ)

6-лекция

Социолистік теория.Марксизм.

 

1.Әр кезеңдегі  жалпы теңдікпен әділеттілік  негізіндегі социолизмнің қалыптасуы.

2.Маркстік және  классикалық саяси экономика.

3.К.Маркстің капитал  еңбегіндегі еңбек және қосымша  құн теориясы.

 

1. Тәуелсіздікке алғашқы қадам, ол халықтардың социализмнен арылуынан бастау алмақ еді. Социализмнің жеңілісі Кеңестер Одағындағы социалистік ұлттардың тәуелсіздігіне жол ашты. Социализмнің күйреуі тәуелсіздіктің алғышарты болды. Осы мәселені түсіну қазір де кейбір ағайындарға қиын болуда. Социализм мен тәуелсіздік аражігін ажырата алуға қауқарлары жетпегендер бей-жай болып, амалсыздан жаңа саяси ағымға бейімделіп ғұмыр кешуге дағдылана бастады, бірақ сана социализм «ауылында». Социализмнің күйреуі, шын мәнісінде Михаил Горбачевтің «Қайта құруынан» бастау алды, оның саясаты Кеңес Одағының саяси дағдарысына тура бастап әкелді. 1991 жылдың тамыз айында «Форос тұтқынынан» Мәскеуге оралған Михаил Горбачевті Ресей президенті Борис Ельцин Жоғарғы Кеңес мәжілісіне шақырып алып, елдің көзінше Ресейде Коммунистік партия қызметі заңсыз деген декретке қол қойды, ол істің мәнісі Кеңес Одағы Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Михаил Горбачевтің қызметі заңсыз және ендігі жерде коммунистердің ел билеуден тыс қалғаны туралы қабылданған тарихи құжат болатын. Осыдан бастап социализм, кеңестік қоғам тарихқа айнала бастады. Жаңа тәртіп орнады. Елді коммунистерсіз басқару мүмкіндігі ашылды.

Социализмге соңғы шабуыл 1991 жылдың 8 желтоқсанында Белоруссия орманы «Беловежье» демалыс үйінде Ресей президенті Борис Ельцин, Украина президенті Леонид Кравчук, Беларусь президенті Станислав Шушкевич қол қойып, КСРО деп аталған «социалистік империяны» тарих бетінен мүлдем жойды. «Беловежье келісімінен» кейін КСРО президенті Михаил Горбачев президенттік өкілеттігін тоқтататынын халыққа теледидар арқылы жария етті. Бұл амалсыз шара болатын. Елі тарап кеткен соң, президенттік өкілеттігін тоқтатпағанда не қалды. Бұрынғы он бес одақтас республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялап үлгерді. Сөйтіп, өзгелермен бірге қазақ халқы да жаңа заманға аяқ басты. Қазақтар ғасырлар бойғы арманына жетті, елге еркіндік енді.

2. Маркстің революциялық қызметі өте ерте басталды. 1842 жылы ол «Рейн газетін» (рейндік радикал буржуазияның органы) шығаруға белсене қатысты және оның редакторы болды. Редактор болып жүргенінде ол экономикалық мәселелермен тереңірек айналысты, мемлекет пен заң орындарын сынға алудан саяси экономияны сынауға көшті. Осы жылдары Маркс газеттің революциялық-демократиялық бағытын едәуір күшейтті. 1848 жылғы  наурызда Пруссия үкіметі бұл газетті жапты. Бұдан кейін Маркс Парижге көшіп, «Неміс-француз жылнамасы» журналын шығаруғы кірісті. Бұл журналда ол «Гегельдің право философиясына сын. Кіріспе» және «Еврей мәселесіне» (1843-1844) деген мақалалар жариялады.

Жеке меншіктің мәнісін  одан әрі ашу үшін Маркс, еңбек  пен капитал арасындағы диалектикалық  байланысты талдайды. «Жұмысшы, - деп  жазды ол, - капиталды өндіреді, капитал  жұмысшыны өндіреді». Сондықтан  буржуазиялық қоғамда «жеке меншік қатынасы – бұл еңбек, капитал  және олардың өзара қатынасы». Егер жеке меншікті Маркс оқшауланудың салдары  деп қарастырса, оқшауланудың өзі  еңбек бөлінісінің салдары болып  шығады.

Еңбек бөлінісінің экономикалық қатынастардың алғы шарттары туралы алғашқы зертеулік қадамдарын К.Маркс  пен Ф.Энгельс кейіннен бірігіп  жазған «Неміс идеологиясы» еңбектерінде қарастырады және  бұл еңбекте Маркс пен Энгельс ғылыми коммунизмнің жаңа қалыптасқан теориясын баяндады.

Классикалық теория, классикалық мектеп – классикалық саяси экономияны жасаған экономикалық ой-пікір мектебі. Классикалық теория өкілдері нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуын зерттеді, экономика санаттар мен заңдар жүйесін, экономика құбылыстарды танып-білудің себеп-салдарлық әдісін талдап жасады. Олар мемлекеттің экономикаға араласпауын және еркін нарықтық бәсекені қолдауды көздейтін экономикалық либерализм тұжырымдамасын әзірледі. Мектеп 17 ғасырдың аяғында дүниеге келіп, 200 жыл өмір сүрді.

Оның дамуы 4 кезеңді қамтиды.

1) 17 ғасырдың аяғы мен  18 ғасырдың ортасы классикалық  теория идеясының пайда болуы. Англияда У.Петти (1623 – 87), Францияда П.Буатильбер бір мезгілде еңбек құны теориясын ұсынды. Олар ақшаны адамдарға қасірет әкелетін бірінші зұлымдық деп қарады. Олардың идеяларын физиократтар мектебіне біріккен француз экономистері дамытты, бұл мектептің негізін қалаушы – Ф.Кенэ (1694 – 1774) болды.

2) 18 ғасырдың аяғында ағылшынның ұлы экономисі А.Смит классикалық саяси экономияны қалыптастырды.

3) 19 ғасырдың алғашқы жартысында Ұлыбританияда Д.Рикардо, Т.Р. Мальтус, Францияда Ж.-Б. Сэй, Америкада Г.Ч. Кэри бұл ілімді ары қарай дамытты.

4) 19 ғасырдың 2-жартысында  ағылшын экономисі Дж. С. Милль мен неміс экономисі К.Маркс Классикалық теорияны жаңа сатыға көтерді. Классикалық теорияның негізгі зерттеу нысаны ретінде өндіріс үдерісі қарастырылды. Қоғамдық ұдайы өндірістің қалған кезеңдері өндірістің заңдылықтарымен байланысты туындайтын тәуелді кезеңдер ретінде қарастырылды. Классикалық теория қаржы, ақша және несие теориясының дамуына үлкен үлес қосты.

3. Қосымша Құн – жалдамалы жұмысшының жұмыс күшінің құнынан тыс жасалатын, капиталист тегін иемденетін құн. Қосымша Құн – маркстік саяси экономия жүйесінің түп қазығы, іргетасы. Қосымша Құнның сырын ашқан Маркс. Маркстің пайымдауынша, өндіріс барысында ерекше тауардың – жұмыс күшінің айрықша өзгешелігіне байланысты жұмыс күшінің тұтыну құны оның жасалу көзіне айналады. Жалдамалы жұмысшы капиталиске өзінің жұмыс күші құнының баламасын ғана емес, сонымен бірге “құннан тыс” құн жасайтын еңбегін де жұмсайды. Қосымша құн өндіру аясы – өнеркәсіп капитал аясы; оның қозғалысына субъективті фактор – жұмыс күші ғана емес, сонымен бірге өндірістің объективті факторлары да – еңбек құралдары, еңбек заттары қатысады. Құн жасау үдерісіндегі өндіріс факторларының рөлі әрқилы: объективті факторлар жаңа өнім жасауға қатысады, бірақ жаңа құнның көзі бола алмайды; олардың міндеті – адам еңбегіне материал беру және оның жүзеге асырылуына жағдай жасау.


Информация о работе Социолистік теория. Марксизм