Табыс дегеніміз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:12, реферат

Описание

Табыс дегеніміз – к.о.-ң есепті кезеңдегі әдеттегі қызметінен алынған; оның капиталының өсімін білдіретін эк-қ тиімділіктің жиынтық түсімдері болып табылады.
Капиталдың өсуіне әсер ететін операциялар қатарына үлес қосушылар есебінен капиталдың өсімі жатқызылмайды . Өнеркәсіптік компанияның операциялық циклі келесі кезеңдерден тұрады.

Работа состоит из  1 файл

8_ffG.doc

— 73.50 Кб (Скачать документ)

Есепті кезеңдегі өндістік емес шығындар – 400 000 тг

Есепті кезеңде компания 70 000 дана дайын өнімді 2 млн. тг сатты. Есепті кезеңнің басында дайын өнімдер қалдығы болған жоқ. Осы мәліметтерді пайдалана отырып табыстар мен шығындар жөніндегі қаржылық есептілік келесі түрде құрастырылады:

    1. Сатудан алынған табыс – 2 млн. тг
    2. Сатылған өнімдердің өзіндік құны – 1 100 000 тг

300 000 + 600 000 + 200 000 = 1 100 000 тг

1 100 000/ 100 000 * 70 000 = 770 000 тг

    1. Жиынтық табыс (1-2)

2 000 000 – 770 000 = 1 230 000 тг

    1. Өндірістік емес шығындар – 400 000 тг
    2. Таза табыс (3-4)

1 230 000 – 400 000 = 830 000 тг

Өндірістік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құны мен кезең  шығындарының арасында оларды тану мерзіміне  сәйкес айырма бар. Өндірілген дайын өнімдердің 30 000 данасы келесі есепті кезеңге қалды. Егер олар келесі есепті кезеңде толық сатылатын болса, олардың өзіндік құны 330 000 тг құрайды, ал өндіріске қатысты емес шығындар осы есепті кезеңде толық танылады.

 

 

 

25. Негізгі құралдардың тозуының есебі және оларға амортизация есептеу тәсілдері

Негізгі құралдар өндіріс  процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық  күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Тозу - бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.

Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

Амортизация - бұл тозудың  құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдардың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объекгивтік процесі.

Амортизациялық құн  дегеніміз бастапқы құн мен жою  құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.

Амортизация нормасы - бұл  амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы мүмкін:

1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі

Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:

Ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай-күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Мысалы: Станоктың құны = 20 000 теңге. Болжамды жою құны = 2 000 теңге. Пайдалану мерзімі 10 жыл. Станоктың амортизациялық құны = 20 000 - 2 000 = 18 000 теңге. Амортизацияның жыл сайын сомасы 18 000/10 = 1 800 теңгеге тең. Амортизацияның ай сайынғы сомасы = 1 800/ 12 = 150 теңге.

НҚ ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді НҚ күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзаруына әкеліп соғады. Техникалық өзгерістерді, өткізу нарқындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде қызмет мерзімі қысқарады.

Егер 4 жылдан кейін шаруашылық қызметі түрінің өзгеруіне байланысты станоктың ұтымды қызмет мерзімі 7 жыл болып белгіленіп, жою құны 3 000 теңге мөлшерінде белгіленсе, онда жыл сайынғы амортизацияның сомасы 3 жылға (20 000 - (1 800 х 4) - 3 000)/3 000 = 3 267 теңге немесе ай сайын 272 теңге болады.

Бұл әдіс НҚ пайдаланудан түсетін табыс оны пайдаланумерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

2. Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)

Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген НҚ объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымр анықталады.  Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашыпық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

Амортизация есептеудің үдемелі әдістері:

○ Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кумулятивтік) әдісі  есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған санның қызмет мерзімінің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады. Пайдаланудың алғащқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдардағыға қарағанда едәуір жоғары болады.

Кулмулятивтік санды тез арада  анықтау үшін мынадай формуланы  қолданады:

S = N * (N + 1)/2

Мұндағы S – сома

N – ұтымды қызметтің болжамды мерзімі

○ Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес; баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады.

Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация  сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі  кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен  шектелген болады.


Информация о работе Табыс дегеніміз