Тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:11, курсовая работа

Описание

Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.

Содержание

КIРIСПЕ
I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ
Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРI
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары
2.2 Қазақстандағы тұтыну рыногы және тұтынушылар талғамының жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

тұтыну тауарлары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс 47 б курс.doc

— 328.50 Кб (Скачать документ)

      Көріп отырғанымыздай сұраныс пен ұсыныс барлық уақытта қозғалыста болады. Ол процесс бір жағынан тауарларға  сұраныстың көлемі мен құрылымының, ал  екінші жағынан, олардың ұсынысының көлемімен құрлымымен арасындағы жалпы және дербес сәйкестікті сипаттайды.

      Баға  тек қана экономикалық емес, сонымен бірге психологиялық факторлардың да әсерімен де  қалыптасады.  Мысалы бағаны  белгілегенде  нарықтық қатынастардың  диллер, жабдықтаушылар, мемлекеттік органдар сияқты басқа да қатысушылардың  реакциясын  ескеру қажет. Дамыған  нарықты  экономикада сатушылар қолданып жүрген заңдылықтарды белгіленген баға қоюдан аулақ болу, бөлшек сауда бағасын  ұстап  тұру, баға дискриминациясына, кемсітушілігіне, алалауына жол  бермеу, шекті ең  аз  бағадан төмен  бағамен  сату, алаяқтық  мақсатта бағаны  өсіру  тағы басқаларын бұзбау керек.

      Бәсеке  негізіндегі нарықтық  бағаны  реттеуді қамтамасыз  ету  мүмкіндігі  жақын  уақытта  өте  шектелі  болып отыр. Бізде қазірде бір  тектес  немесе ұқсас  тауарлар  және  қызметтермен нарыққа  шығатын  бәсекелестер  жоқтың  қасы  деуге  болады. Тіпті меншіктің  жаңа формаларын  заңды  түрде  қабылдау – шын мәніндегі  бәсекенің  негізі болып  табылатын  жан-жақты  дамыған  кәсіпкерлікті автоматты түрде  енгізе алмайды.

      Мемлекеттік монополистік «еркін монополист»  болуынан бәсекеге қажетті жағдай тумайды, ал тауар тапшылығын оның молшылығын жасау арқылы емес, тек қана «естен тандыру терапиясының» жәрдемімен ғана жоюы  мүмкін  болады. Сондықтан да  нарықтан  өтудің алғашқы кезеңінде бәсекеге негізгі бағыт бола алмайды. Осы  нарықтық қатынастарының даму процессінің тереңдеуі және нарық  инфрақұрылымын жасау барысында, яғни нарықтық экономиканың дамуының келесі кезеңдерінде ұстану қажет.

      Баға  белгілеудің жалпы бағытын таңдауда, өнім өткізу, тауар айналым  көлемін  ұлғайту  үшін жаңа және шығарылып жатқан өнім бұйымдар мен қызметтерге бағаны анықтауда маркетингтің алатын орны зор. Қазіргі кезде жаңа бұйымдар мен қызметті нарықта тиімді өткізу үшін  кәсіпорындарға бағаның негізгі алатын  түрін қолдануға болады.

4. Икемділік ұғымы. Баға және табыс  бойынша икемділік. 

      Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің  тауардың  нарықтағы  бағасына тәуелділігі  нақты  қарауды керек етеді. Әр  түрлі тауарлар бір-бірінен  сұраныс  пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне  жауап беру  деңгейімен ерекшеленеді.

      Нарықтағы сүраныс көлемінің баға төмендегенде  қандай  мөлшерде  өсетіндігі  немесе баға  өскенде кемитіндігі  бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің  дәрежесін  сипаттайды.

      Сұраныс икемділігін  бағаға  байланысты  коэффициенті (Ed), сұраныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді: 

                 

      Икемділік коэффиценті тауарға сұраныстың мөлшері тауар бағасы бір процентке  өзгергенде қанша процентке өзгеретінін  көрсетеді. Бағаның кемуі дәлме-дәл сүраныстың өсуімен өтелгенде, ал   жалпы саудадан түсірген сома өзгермегенде  сұраныстың аз өсуін шақырса, сұраныс икемділігі (Ed >1).

      Бағаның кемуі сұраныстың артық өсуін  шақырса, онда сұраныс икемділігі туралы айтамыз.

      Сұраныстың  икемділігі туралы пайымдаулар жалпы  бағаның  ұсынысқа әсерін талдағанда да  қозғалуға болады.  Ұсыныстың  икемділігі ол нарыққа шығарылған  тауардың   санының бәсекелік  бағаның салыстырмалығы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің  көрсеткіші. 

              

      Тауар ұсынысының икемділігі көп факторға тәуелді: әр түрлі кәсіпорындардағы жекелеген  шығындардың  жіктелуінен, өндірістік қуаттардың толық істеуінен, еркін жұмыс күшінің болуынан  капиталдың бір саладан екінші салаға  тең ауысуынан және тағы да басқалар.

      Сұраныс пен ұсыныс икемділігі туралы айтқанда, яғни баға өзгергенде сұраныс пен  ұсыныстың қанша өзгеретіні туралы айтқанда, біз бұл өзгерістер бір  уақытта болатынын, сондықтан уақыт  икемділіктің бір факторына айналатындығын есте сақтауымыз керек. Осыған байланысты нарық тепе-теңдігі түсінігін сұраныс пен ұсыныстың келісуін уақытты еске ала отырып талдауымыз керек.

      Айталық, бір тауарға кенеттен сұраныс  көбейді. Бұл тауарға ұсыныс бірден көбеюі мүмкін емес болғандықтан, лезделік тепе-теңдік жағдайы бағаның жоғарлауымен ғана сипатталады. Ұсыныс қисығы нөлдік икемділк тік  сызық болады және  сұраныс қисығының жағдайына ауысуы  тепе-теңдіктің Р2 бағасын өсіреді.

      Қысқа мерзімдік тепе-теңдік  (7,б - сурет) жағдайында осы нарықта істейтін кәсіпорындардың саны өзгермейді. Бірақ үсыныс біршама ұлғаяды және d2 қисығы сәл ғана еңкейген болады, өйткені кәсіпкерлер бар өндірістік қуаттарды қарқынды пайдаланады. Бұл жағдайда үсыныс көлемі Q3-ке  дейін азырақ өседі, ал тепе-теңдік бағасы төмен болады.

      Ұзақ  тепе-теңдікті (7б-сурет) қарағанда ұсыныс өзгерген сұранысқа толық  бейімделеді. Жоғары бағалар жаңа қуаттар жасауға жағдай жасайды, ал салаларға жаңа кәсіпкерлер келеді, үсыныс көлемі  Q4-ке дейін өседі және тепе-теңдіктің бағасы бұрынғыдан да  көп төмендейді.

      Сонымен, үсыныс икемділігі қаралып отырған уақыт кезеңі ұлғайған сайын өседі, ал ол қарапайым бағалардың қалыптасуына жәдемдеседі. Сұраныс пен ұсыныстың  игілікке керісінше мәні ретінде анықталуы бағаның икемділігі  ұғымына байланысты.

      Ол  сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінің бағаға әсерін білдіреді. 
 

 

7-сурет (б)

7-сурет (в)

 

      Сұраныс әңгіме болғанда, әрине төлем қабілеті бар сұраныс туралы болады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілгендей сұранысқа әсер ететін аса маңызды факторлардың  бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс та әр қалай өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланыс сұраныстың икем ділігі туралы айтамыз.

      Мысалы, бәрімізге жақсы белгілі, сатып  алушылардың табыстарының өзгеруі, азық –түлік тауарларын сатып алуға ұзақ пайдаланатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс икемділігі әдетте үлкен болады.

      Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады: 
 

 

Бұл жерде Ed - сұраныс икемділігінің табысқа  байланысты коэффициенті, L – сатып  алушылардың табысы.

      Тауарлардың басым бөлігінде табыстар мен  сұраныстың арасындағы тікелей тәуелділік бар, яғни табыс өсуімен сұраныс  көбееді. Алайда, кейбір жағдайларда  кері тәуелділік болуы мүмкін. Әдетте , мұндай елдің кедей бөлігі тұтынатын, тұтыну қасиеттері төмен, тауарларға қатысты. Табыстар өскен сайын картоп, нан сияқты тағам өнімдеріне сұраныс азаяды, өйткені тұтынушылар өз рациондарына көп ет, көкөніс және жеміс-жидектер кіргізуге мүмкіндік алады.

      Сұраныс икемділігімен тауарлар  бағаларының  тербелуі басқа тауарлардың  бағаларының  өзгеруіне әр қалай әсер етеді . Мысалы , икемсіз сұраныс пен тауар  бағасы өссе, онда осы тауарды сол  тауарды сатып  алу шығыны өседі, ал бұл тұрақты табысқа басқа тауарларға сұранысты азайтады және олардың бағасн төмендетеді. 
 

    2.1 Тұтынушы  талғамына әсер ететiн “табыс  және баға тұтыну” қисықтары 

      Бiз алдынғы тақырыпта әрбiр түтынушының оңтайлы таңдауын жеке қарастырдық. Бiрақ бiзге тәжiрибеден белгiлi тұтынушылардың табысы ылғи да өсiп отырады. Онда ол тұтынушылардың оңтайлы нүктесi, яғни бюджет сызығы да паралель түрде оңға өсiп отырады.

   Әрбiр  табыс өскен сайын оңтайлы  нүкте Е өзiнiң орнын Е2 және Е3 нүктелерiне ауыстырып отырады. Осы жағдайда жазықтықта бейнелейтiн болсақ, онда бiз тұтынушылардың теңдестiк жағдайын бейнелейтiн нүктелердiң тiзбегiн аламыз. Осы оңтайлы нүктелердi бiр-бiрiмен қоссақ 13-шi суреттегiдей “табыс тұтыну қисығы” алынады. Бұл қисықты кейде халықтың тұрмыстық деңгейiн көрсеттетiн қисық деп те атайды.

     У

     

                                            Табыс тұтыну қисығы

 Е3

           Е2 

      Е1 

              Х 

      Сурет-12 – “Табыс-тұтыну”  қисығы 

Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын  оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. Егер тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда “табыс-тұтыну” қисығы координаттардың вертикаль осiне қарай бұрылады. Табыстың белгiлi бiр деңгейге жетiп одан әрi өсуi, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледi. Осы деңгейге жеткенде “табыс-тұтыну” қисығының көлбеуi терiс сан болады, яғни   13-шi суреттегiдей I2 деңгейiнен жоғары өсу нәтижесi Х тауарының тұтынуының төмендеуiне әкеледi. Сөйтiп, тұтынушылар табыстары белгiлi бiр деңгейден жоғарылағанда сапасыз тауарларды аз алады.

 

     

      I3 Е4

                                            Табыс тұтыну қисығы

 I2 Е3

           Е2 

      I1   Е1 

      X1 X2   Х 

Сурет-13 – “Табыс-тұтыну”  қисығы (сапасыз  тауарларға) 

   Егер тұтынушының табысы өзгермей Х және У тауарларының тек бiреуiнiң ғана бағасы өзгеретiн болса, онда бiз әр түрлi бюджет сызықтарын аламыз. Олардың әр қайсысының теңдестiк оңтайлы жағдайлары болады. Егер осы теңдестiк жағдайын бейнелейтiн нүктелер тiзбегiн бiр-бiрiмен қосатын болсақ, онда бағаның өзгеруiне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгеретiнiн бейнелейтiн қисық аламыз. Бұл қисықты “баға-тұтыну” қисығы деп атаймыз. Ол келесi 14-шi суретте көрсетiлген.

      Осы баға-тұтыну қисығы арқылы сұраныс  қисығын салуға болады. Бұл жағдайда тұтынушылардың қалаулары мен мүмкiндiктерiнiң  өзара iс-әрекеттерi нәтижесiнде Х тауарына сұраныстың пайда болғанын көре аламыз. Нарықтық сұраныстың қисығы жеке сұраныс қисықтарының горизонтальды жиынтықтау жолымен табылады  / 4, 74 бет /.   
 

      

                У

 
 

 Баға-тұтыну қисығы

 
 
 
 

      5      10                     15              Х 

      Сурет-14 – “Баға-тұтыну”  қисығы 

      Бұл қисық әр түрлi бағада жеке тұтынушының  сұраныс көлемiн көрсетедi. Ал Х  тауары үшiн тұтынушының сұраныс  қисығы болып табылады. Сонымен сұраныс  қисығы мен “баға-тұтыну” – басқа  факторлар тұрақты деп ұйғарғанда, тауардың бағасы өзгеруiне байланысты осы тауарды сатып алу көлемi қалай өзгеретiнiн көрсетудiң екi түрлi әдiсi деп айта аламыз.

      Қазақстандағы тұтынушылардың рыногы бүгiнгi таңда  бiршама жақсы дамыған деп айтсақ болады. Себебi, экономикамыздың рыноктық қатынасқа өтуiне байланысты елге көптеген шетелдерден әр түрлi тауарлар ағымы келуде. Сондықтан, Қазақстанның тұтынушыларының таңдау шеңберi үлкен деп айтуға болады. Бiрақ бұл жерде елдiң тұтынушылардың талғамын шектейтiн бiр мәселе орын алуда. Ол олардың табыстары мен кiрiстерi болып отыр. Мысалы, елiмiздiң экономикасы құлдыраумен және 1999 жылдары қайта жанданумен байланысты тұтынушылар теориясындағы табыс тұтыну қисығы елiмiзде жылдан жылға өсiп келедi. Бұл әрине қуанарлық жағдай, яғни елiмiз тұтынушыларының таңдау мүмкiншiлiгi шеңберi кеңеюде.

      Сонымен қатар, тұтынушылардың табысының өсуiне байланысты кезiндегi дағдарыс жылдары iшкi рыногымызда қаптап кеткен сапасыз  тауарларға бүгiнде сұраныс азайып, ендiгi жерде халықтың табысының өсуi және тұрмыс жағдайының жоғарылауына байланысты сапалы тауарлар және олардың көп түрлi нұсқалары келе бастады. Яғни, тұтынушылар теориясы бойынша табыс өсуiне байланысты табыс тұтыну қисығы жоғарыдағы 13-шi суреттегiдей көрiнiс тапты. 

      Сондай-ақ елiмiздегi баға тұтыну қисығы да өте икемдi болып отыр. Өйткенi рынокта бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың көр болуына байланысты бiр тауардың бағасының өсуi екiншi тауардың сұранысын көбейтуде. Яғни, 14-шi суреттегiдей елiмiздегi баға-тұтыну қисығы икемдi болса, онда елiмiздiң сұранысы да икемдi деп айта аламыз.

Информация о работе Тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс