Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе теңдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 07:10, реферат

Описание

Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік
IS қисығы

Работа состоит из  1 файл

Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе.docx

— 18.38 Кб (Скачать документ)

Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік

 

Жоспар:

 

  1. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік
  2. IS қисығы

 

 

      Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік  жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші-кейде ол макроэкономикада  неоклассикалық көзқарас  деп аталады-баға нарықты тепе-теңдік жағдайға  әкелетін  құрал деп жорамалданды. Мұнда “баға” деп  тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте  көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады,осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне  ықпалын тигізбейді.Екінші-белгілі бір уақыт аралығындағы  кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.

     Екінші көзқарасты  жақтаушылар  пайымдаудың басқа жолын үсынады. Оларда кейбір баға аз  өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда  тепе-теңдік айырбасталатын көлем- тауарлар мен  қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.

     Бұл көзқарастар  түбегейлі әр түрлі  қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық  құралдарымен  синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша  нарығының  өзара әрекеттесуін көрсететін IS – LM үлгісі, ењбек нарыѓы  жєне  тауарлар  мен  ќызмет көрсетуді  өндіретін және  оларды нарығында сататын фирма  іс-әрекетін  сипаттайтын сұраныс –ұсыныс  үлгісімен.

     Алдымен кең анықталған тауар  нарығын  қарстырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді  де қамтитын  нарықты қарастырайық.Талдаудың бастапқы нүктесі-тұтыну және инвестициялық игіліктерге  сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары.Бұл бөлімде  басты назар қысқа  мерзімді кезеңге  аударылады.

2. Жабық экономикада  соңғы шығындардың саны ретінде  алынатын  ЖІӨ жеке тұтынуға , жеке  инвестицияға  және мемлекеттік  сатып алуға бөлуге болады.”Бірінші кезеңде ” бұл мынаны білдіреді.

                        Ү1= С1+ І1+ G1                                               

1-ші кезеңдегі  тұтыну және  инвестициялардың функциялары мынандай:

                       G1= C (W, Үd)    (тұтыну функциясы)           

                       I1= I (r1)         (инвестиция функциясы)

                       G1= G         (мемлекеттік сатып алулар)

                       Т1= Т                    (таза салықтар)

Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы  табыстан  Ү = Ү – Т оң тәуелділікте.

Нақты пайыздық мөлшерлеменің  тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі  үй шаруашылығының байлығын,  соның әсерінен оның тұтынуын да азайтады.  Инвестицтяны     қарапайымдандыру    мақсаты  мен – инвестиция функциясы пайыздық мөлгерлемеден  ғана  тәуелді  деп  қарастырылады: нақты   пайыздық   мөлшерлемені   үлкейту  капиталдың   баламалы  құны  есебінен   инвестиция   тартымдылығын  азайтады.

(1) теңдеу – тауар нарығындағы тепе – теңдіктің арасында шарты. Сол жағы  шығарылған ұсынысты көрсетеді, ал ол жағы – оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен   яғни капитал қорлары мен, жұмысшылардың біліктілдігі мен және  техникалық даму деңгейімен анықталады.

Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын  ұсынысты қарастыру арқылы толықтырайық. Өндіріс факторлары және өндіріс функциясы  өнім шығару  көлемін анықтайды:

                        Y = F (K, L) = Y

Енді, өндіріcrе сұранысты  және ұсынысты сипаттайтын осы теңдеулерді біріктірейік. Егер біз  ұлттық шоттар теңдеуіне тұтыну функциясы мен инвестициялық  функцияның  оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:

                       Y = C (Y - T) + I (r) + G

Бұл теңдеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегінде тұтыну, инвестиция  және мемлекеттік  сатып алулар  сомасына тең  екендігін көрсетеді.  


Информация о работе Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе теңдік