Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:52, реферат
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық. Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды.
3.1. Тауарлы шаруашылықтың
пайда болуы
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың
тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.
Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа,
нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке
бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін
шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің
анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен
хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған,
алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш
күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен
сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны
ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға
бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).
Не, қалай және кімдер үшін өндіру сияқты
өзекті мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының
(патриархалды жан ұяның) талабына сәйкес,
шарушылық иелері (жұмыскерлер) шешеді.
Натуралды шаруашылықта қалыптасқан дәстүрлер
мен көсемдердің шешімдері басты рөл атқарды.
Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну”
принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық бөлудің
болмауы ) өз өміршеңдігін көрсетті, оның
элементтері біздің қоғамымызда микро
және макро деңгейде кездеседі. Микро
деңгейдегі натуралды шаруашылыққа бау-бақша
жеріндегі жұмыс, саяжай мысал бола алады.
Ал, макро деңгейдің мақсаты- бір елдің
шеңберінде өздерін қамтамасыз ету болып
табылатын, шетелдер мен жабық жағдайдағы
шаруашылықты құруға бағытталған автаркия
саясаты мысал бола алады.
Мұндай саясат елді әлемдік, нарықтан
шектетіп, экономиканы мешеулік күйге
түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа
апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта
болады.
Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға
арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық
арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты
айтады.
Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті
шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады,
бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді
жасауға маманданады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш
кезеңі болды.
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін
шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі
тайпалар арасында тұрақты айырбастың
болуына жағдайлар туғызды.
Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен
бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің
өмірге келуінің бастауы болды.
Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды
және көпес, саудагерлер өмірге келді.
Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар
орнады.
Тауар өндірісінің пайда болуының тағы
бір себептеріне меншік қатынастары арқылы
өндірушілердің бір бірінен экономикалық
жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.
Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде,
яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда
болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері
- айырбастың, нарықтың дамуы мен тығыз
байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері
бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін,
бұзылған.
Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар
өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:
1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар
өндірісі;
2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
1. Дамымаған нарыққа негізделген
тауар өндірісі (жай тауар өндірісі)
- қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі
құрал жабдықтарына, жеке меншікке,
тауар өндірушілердің өз
II. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі
(нарықтық экономика) - өзіне тән ерекше
белгілері бар. Оған жататындар:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналады
және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы
еңбекке алмастырады;
б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі
жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға
арналады.
Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге
негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке
дәуіріндегі капитализм немесе “еркін
экономика ” деп атайды.
Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда
нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын
тауар өндірісінің мұндай түрін нарықтық
(капиталистік) экономика деп атайды.
III. Реттелетін нарыққа негізделген тауар
өндірісі – экономикада екі сектордың
болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер
мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде
айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік
және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен
ерекшеленеді.
Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді
түрде араласады, дегенмен оның реттеушілік
рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін
сақтайды.
Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру
барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің
алдында бір ғана мәселе- монополияны
тежеу міндеті тұрады.
Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары
- заңдар шығару, салық салу, басқаруды
қаржы арқылы жүзеге асыру.
Реттелетін нарыққа негізделген тауар
өндірісінің бірнеше үлгілері бар:
1. Әлеуметтік нарық;
2. Аралас экономика;
3. Корпоративтік экономика.
Олар мемлекеттік бағдарламаның нысанды
мақсаттары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.
Әлеуметтік нарық шаруашылығының басты
мақсаты - адамзаттың мүдделерін қорғау;
аралас экономиканың мақсаты - кәсіпкерліктің
дамуына жағдайлар туғызу; ал корпоративтік
экономиканың мақсаты - ірі бизнестің
мүдделерін қорғау болып табылады. Бірінші
үлгі -Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшіншісі
- Жапония мен Швецияға тән.
IV. Бұзылған нарыққа негізделген тауар
өндірісіне жататын әміршіл-әкімшіл экономикалық
жүйеге тән белгілер: жетілген қоғамдық
еңбек бөлінісінің жүйесі; ірі машина
өндірісі, ұлттық экономиканы ұдайы және
үздіксіз реттеу, еркін нарықтық қатынастарға
тосқауыл қою. Әкімшіл-әміршіл экономика
жоспарлы нұсқаулық және нормативтік
болып екі үлгіге бөлінеді.
Жоспарлы әкімшілдік жүйе – ресурстарды
пайдалану және бағаларды белгілеу жөнінде
шаруашылық қызметтерін түгелімен бір
орталыққа бағындыруға негізделген.
Нормативтік үлгі - өндірушілердің дербестігін
нығайтуға кедергі жасайды: әрбір кәсіпорын
өздері орындауға міндетті жоспар – нұсқау
орнына, нормативтер мен бағдарламалар
жүйесін жетекшілікке алады.
Қазақстан Республикасының экономикасын
реформалау дегеніміз бұрынғы әкімшілдік-әміршілдік
жүйеден (қазіргі заманға лайық) нарықтық
әдістерге негізделген шаруашылыққа өту
болып табылады. Осыған орай, біз қандай
экономика құрудамыз және қандай үлгіні
таңдадық деген орынды сұрақтар туындайды.
Нарықтық экономиканың моделін таңдау
деп – мемлекеттің ұлттық экономикаға
ықпал жасайтын жүйесін таңдап алуын айтады.
Еркін кәсіпкерлік экономикасында (АҚШ)
қаржы жүйелері арқылы нарыққа ықпал жасайтын
монитарлық құралдар басым болады.
Әлеуметтік нысаналы нарықты экономикада
фискальді саясатты жүзеге асыратын әдістердің
маңызы зор.
Баршаға белгілідей, мемлекет тарапынан
ұлттық нарыққа үлкен қолдау жасалатын
және қаржыны қайта бөлу процестерін зор
сенімділікпен жүзеге асыратын әлеуметтік
нысаналы нарықтық экономика, жұрттың
бәріне де ұнайды.
Тауар өндірісінің даму кезеңдеріне жасалған
мұндай қысқаша шолу, тауар өндірісі мен
нарықтық экономика арасында айырмашылықтар
бар екендігін білдіреді.
Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін
тауар өндірісі құрайды.
Бірақта нарықтық экономика (капитализм)
пайда болғанға дейін, тауар өндірісі
бірнеше жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді.
Сонымен қатар, тауар - ақша қатынастары,
әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды.
Демек, "тауар өндірісі" категориясының
тарихи шежіресі "нарықтық экономика"
категориясымен салыстырғанда көп терең
екендігін мойындаған жөн.
Тауар өндірісінің өзекті категориясы
- тауар болып табылады. Оның мәнін
әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі
басты екеуіне тоқтайық.
I. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған,
адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады.
Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін
қанағаттандыратын заттарды айтады;
б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды
айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды
жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ
оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар
тауарға айналады.
в) тауар деп сатуға арналған заттарды
айтады.
II. Австрияның экономикалық мектебі (оның
көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа
арналған игіліктердің ерекше түрі деп
анықтама береді.
Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі
мөлшерде кездесетін - экономикалық қызметтің
объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.
Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым
бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде
қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада
шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің
арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада
бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда
әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан,
олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер
және адамның нысаналы мақсатты еңбегі
жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен
бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға
айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың
тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес,
басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді,
яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар
өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының
басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің
болуы.
Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі
пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін
оның айырбас құны деп атайды. .
Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың
өздеріне тән натуралды-заттай формасы
болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар
және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.
Тауарлардың материалдық және материалдық
емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті
бар:
а) адамның белгілі бір қажеттіктерін
қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп
атайды.
б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау
құны
Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу
кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде
алмасуына себепші болатын мәселенің
шешімін табуды алғашқы рет Аристотель
ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі
экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап
іздеді.
Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың
құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары,
олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама
негіз болады деген пікірді айтады.
Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар
- айырбастың негізін пайдалылық құрайды
деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының
өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды
анықтауды қолдайды.
Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы
тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII
және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның
іргетасы саяси экономия классиктерінің
еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды
өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды.
К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті
еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің
пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің
екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің
нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне,
қажетті еңбек құралдарын пайдалануына
байланысты болады және нақты нәтижеге
қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну
құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша
жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды.
Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты
жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық
еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол
жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу
процесі болып табылады. Мұндай еңбектіабстракты еңбек деп
атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан
алуан мамандардың еңбектерінен құралады
және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен,
өзара теңестіруге мүмкіндік беретін
жалпылама категория.
Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі
көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін
жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо
нашар өндірістік жағдайдағы тауарды
өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы
құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің
орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық
өндірістің қалыпты жағдайында өнімді
өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті
жұмыс уақыты арқылы анықтады.
Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған
австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер,
Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және
т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті
баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға
субъективті баға беру екі факторға, яғни:
қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне
және оған деген қажеттіктердің қанығу
дәрежесіне тәуелді болады.
Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз
делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі сирек
зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті –
су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан
соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді.
Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін
пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.
Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар
мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі
кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының
алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол
- -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың
өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Шығындар тұжырымдамасы Джеймс Милльдің,
Мак-Кулохтың еңбектерінде орын алған.
Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс
құрал-жабдықтары мен еңбекке ақы төлеуге
жұмсалған шығындар арқылы құн мөлшерін
анықтауды ұсынды. Осы аталған үш теорияны
біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон
ұмтылыстар жасады.
Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы
сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек жалғыз
ғана себебін іздестіруден бас тартты,
ол алдымен шектеулі пайдалылық теориясы
және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара
біріктірді және оларға өндірістік шығындар
теориясын қосты. Осылайша жасалған оның
зерттеу әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс
пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың
өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы –
бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін
тапты.
Әр халық бағалылығы жойылмайтын,
әрі көпке әйгілі түрлі бағалы
заттарды ақша ретінде пайдаланды.
Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан,
садақ және т.б. Осындай сан алуан
заттардың ақша қызметтерін атқарды,
кейбір экономистердің ақша дегеніміз
- тауарлар мен қызмет көрсетуде
айырбастауға жарайтын «түрлі заттар»
деп мәлімдеуіне себеп болды.
Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен
субъективтік және объективтік екі
көзқарас қалыптасты.
Субъективтік көзқарастар - адамдардың
бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының
нәтижесінде “ақша” пайда болған деп
пайымдалды.
Объективтік көзқарастар - тауар-ақша
қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл
тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан,
әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын
ерекше тауарды “ақша” деп аталды.
Бұл теория тауар айырбасының дамуын және
ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып
зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында,
бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру
кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда
болды.
Екі тауарды өзара алмастыру кезінде біреуінің
құны екіншісінің құнына теңестірілетін
болды. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің
дамуы салдарынан нарыққа тауарлар көптеп
түсетін болды. Біреудің қолындағы артық,
жалғыз тауарын басқа тауарлардың құнын
кездейсоқ теңестіру, заман талабын қанағаттандыра
алмады.
Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан
бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты,
ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды.
Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың
құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи
ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар,
яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз
- жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше
тауар.
Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның
рөлін әртүрлі заттар атқарып келді.
Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық
рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші
оның төменде аталған қасиеттері, яғни
алтынның: :
Алтын - сирек кездесетін және еңбек
шығындарын көп қажет ететін металл.
Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну
құны және өзіндікқұны болады. Алтынның
тұтыну құны әсемдік заттарды жасау,
әшекейлеу мен безендіру үшін
қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте
және т.б. пайдаланады. Алтынның құнын,
құнның еңбек теориясы, оны өндіруге
жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек
арқылы анықтайды.
Алтынның жалпылама баламалық қызметі,
оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни
айрықша тұтыну құны мен құнының болуына
байланысты.
Алтынның айрықша тұтыну құны оның басқа
тауарларды өзіне бағындырып, олардың
құн мөлшерін белгілеуіне байланысты
пайда болады. Алтынның құны оның ақша
ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына
байланысты қалыптасады.
Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен
өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның
металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.
Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап,
олардң жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы
теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша
құнының қалыптасу проблемаларына баса
назар аударған еді, ал қазіргі кездегі
ақша теориялары нарық экономикасының
дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді
зерттейді.
Ақшаның металдық және номиналды теориялары
- осы теориялар авторларының ақшаның
қандай қызметтеріне баса мән беруіне
байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне
байланысты.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың
алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды.
Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс
және басқа да меркантилистер болды. Олар
ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік
ақша қызметтерін шектен тыс бағалап,
соның салдарынан ақшаны асыл металдармен
шатастырды. Мемлекеттің монеталарды
көздің қарашығындай сақтауын талап етті.
Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде
емес, оны зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын Римнің және
орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек
оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты.
Олар ақшаның металдық теориясын сынады,
ал өздері ақшаның айналыс құралы және
төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан
тыс бағалады.
"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар
айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер,
есеп айырысу өлшемдері деп жариялап,
оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде
түсіндірді.
Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын
қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм,
Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері
қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны
жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай
өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін
- айналыстағы ақша массасы анықтайды
деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік
теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге
үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды.
Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда
тоқталамыз.
Ақша бірнеше қызметтер
Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның
өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау
қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның
бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің
нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда.
Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің
құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды.
Алтынның құнымен белгіленген тауардың
құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың
құны жоғары болса, онда ол алтынның көп
мөлшеріне теңестірілетін болды. Демек,
тауардың бағасы тауардың құнына тәуелді.
Бірақ та тауардың бағасы тек қана тауардың
кұнына емес, ол алтынның құнына да тікелей
байланысты болады: егер де алтынның бағасы
қымбаттаса, тауардың бағасы арзандайды;
егер де алтынның бағасы арзандаса, онда
тауардың бағасы қымбаттайды. Жоғарыда
талданған категориялардағы құнның еңбек
теориясының басты ерекшеліктері осындай.