Техникалық нормалау негіздері және оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 14:54, реферат

Описание

«Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты.

Работа состоит из  1 файл

техниканы нормалау әдістері.docx

— 15.42 Кб (Скачать документ)

3.2Техниканы нормалау әдістері мен ерекшеліктері

        «Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты.

       Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау.

        Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы. Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына негізделген. Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:

     Еуропа  Одағымен тауар айналымының артуы;

     соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық деңгейі  жоғары өнімдерден қорғауда және елдер  арасындағы саудада техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды  жасаудың және қолданудың мол тәжірибесі жинақталған. 

     Нұсқауларда өнімнің сәйкестігін бағалау  және мемлекет тарапынан бақылау  тек қана техникалық регламенттерде белгіленген міндетті талаптардың  сақталуына қатысты жүргізіледі.

     Тағы бір ескеретін жағдай - ол тіркеу жүйесінің өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінен бөлек жұмыс атқаруы. Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Техникалық заңдылық республикада тиісті деңгейде дамымаған, ал міндетті техникалық нормалар стандарттарда және басқа нормативтік құжаттарда (экологиялық, тазалық сақтау, құрылыс, т.б.) белгіленген. Кейбір стандарттарда сақталуға тиісті міндетті талаптар қажетті деңгейде атап көрсетілмеген. Мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы нормативтік құжаттардың тек қана міндетті талаптарына қатысты болғандықтан, өндіруші мен бақылау органдарының арасында дау туындап отырады.

     Тіркеу  жүйесі мемлекеттік сертификаттау  жүйесінің шеңберінде жұмыс атқарды. Дайындаушы жүргізген сынақ нәтижелерін сертификаттау органының тану механизмі тиісті деңгейде дамымаған. Міндетті құжат түрлерінің көптігі және сәйкестікті дәлелдеудің халықаралық түрлерінің тиісті деңгейде қолданылмауы отандық кәсіпкерлерге өнім өндіруде қиындықтар,

           Қазақстанның сауда жасау жөніндегі серіктестіктерінде түсінбеушілік және өнім сапасына сенімсіздік туғызады. Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі және негізделуі қажет:

-жүйенің мақсаты мен принциптерін анықтау;

-жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;

-құқықтық және техникалық заңдарды құру;

-техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты ережелерді анықтау;

-мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;

-сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан шығару;

-сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизміне көшу;

-мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;

-халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 

     Техникалық  реттеудің мемлекеттік жүйесі қамтамасыз етуге тиісті:

-техникалық регламенттерді және стандарттарды жасауға мүдделі тұлғалардың қатысуын;

-техникалық регламенттер мен стандарттарды қарастырғанда мүдделі жақтардың пәтуасын (консенсусын);

-шығарылып жатқан техникалық регламенттер мен стандарттар туралы және олардың халықаралың нормалар мен талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөніндегі ақпараттардың ашықтығын;

-дискриминацияламауды (барлық субъектілерге бірдей талаптар белгілеу). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Техникалық нормалау негіздері және оның ерекшеліктері