Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 06:52, доклад
Әлемде өркениеттің дамуы жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың мол тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді. Олардың пайымдауынша, экономикалық реформаның тереңдігі мен оның мақсаты ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу дәрежесіне, жинақталып қалған макро және микроэкономикалық ұдайы өндіріс проблемаларын тиімді шешу қажеттілігіне, тұтас алғанда отандық экономиканың және оның жекелеген секторларының жай-күйіне тікелей байланысты.