Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:47, реферат
Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.
1. Жеке нарықты микроэкономикалық талдауының ерекшеліктері. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.
2. Сұраныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемдiлiгi. Ұсыныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемдiлiгi. Жеке нарықтық тепе-теңдiк пен теңестірілген нарықтық баға.
3. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.
1. Жеке нарықты микроэкономикалық талдауының
ерекшеліктері. Жетілген бәсеке, оның
шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы
нарықтық құрылымның негізгі түрлері.
2. Сұраныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемдiлiгi.
Ұсыныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемдiлiгi.
Жеке нарықтық тепе-теңдiк пен теңестірілген
нарықтық баға.
3. Монополия және монополистiк бәсеке.
Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Бәсеке, Картель, Конгломерат, Концерн,
Монополия, Монопсония, Олигополия, Синдикат,
Икемділік, Қиылысқан икемділік, Сұраныс,
Сұраныстың бағалық икемділігі, Сұраныстың
заңы, Сұраныстың қисығы, Сұраныстың табыстық
икемділігі, Ұсыныс, Ұсыныстың заңы, Ұсыныстың
икемділігі, Ұсыныстың қисығы
Дәріс мәнмәтіні.
Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар
өзара тығыз байлансты және тұрмыстық
деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір
ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық
– бұл экономикалық проблемаларды тиімді
шешуді қамтамасыз ететін тауарларды
өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау
процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың
жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.
Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген
және шаруашылық субъектілерімен шеттелген
тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи
процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен
қатар рынок та дамиды және күрделене
түседі және оны экономистердің талдауы
да тереңдейді.
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге
болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде
оның көптеген анықтамалары бар.
сатып алу және сату көзқарасы бойынша
нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші
мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.
- экономиканы ұйымдастыру формасына
қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет
етуінің қоғамдық формасы деп атайды.
- рыноктық қатысушы позициясы
бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының
арасындағы қоғамдық формасы.
Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық
буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну
және сатумен сатып алу арқылы жүзеге
асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың
жүйесі.
Нарықтың субъектілеріне жататындар:
сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы,
фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне
жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға
жататындар: өндірілген өнім мен қатар
өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал)
мен көрсетілетін қызметтер.
Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
- өндіріс құрал жабдықтарының
жеке меншіктің қолында болуы;
- кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
- экономикалық байланыстарда
тек соңғы пайданың көзделуі;
- экономикалық коньюктураға
байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
- өндірушілер жұмысына мемлекет
тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез
бейімделу және икемделу; шығындарды азайту
және пайданы көбейту мақсатымен жаңа
технологияларды оперативті қолдану;
шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер
мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі
қажеттіліктерді керекті мөлшерде және
жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа
құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті
туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан
түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық
әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге
емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа
бағытталған.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық
инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының
көтерме және бөлшек саудаларынан құралып,
қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының
әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
негізделеді.
- маржиналық (шекті) талдау
- балама таңдау шығындарына
- экономикалық рационалдыққа
Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
1. Ақпараттық қызмет; 2. Делдалдық қызмет;
3.Баға белгілеу қызметі ; 4. Реттеушілік
қызметі 5. Санациялық қызмет.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне
жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс,
бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының
өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін
атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың
- «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке
арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына
қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам
үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы
айтылған элементтердің өзара қатынасы
арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық
субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға,
яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында
өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін
кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар
ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас
(бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын
сатушылар мен сатып алушылардың көптеген
құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы
мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа
тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай
алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан
жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі,
сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды
нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір
сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл
нарыққа кіру де шығу да жеңіл.
Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар
мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің
пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше
түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік
бәсеке.
Монополия – ерекше тауардың бір ғана
сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана
сатып алушының болуы. Сипатына және пайда
болу себептеріне байланысты монополияны
бөлуге болады:
1. Табиғи монополия – сирек кездесетін
және өндірілмейтін өндіріс факторына
биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға
– су отын, энергия қуатын, газ беру және
т.б. фирмалар).
2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу
және келісу нәтижесінде пайда болады.
3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі
тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан
уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі-
өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың
ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай
камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі
немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар
қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы
қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс
көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі,
яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы
оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға
баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының
графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы
нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының
тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде
сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс
көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың
бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың
әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан
басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен
сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны
молайған сайын сұраныс та өседі.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы,
жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін
- бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының
өзгеруі.
- Егерде тауарлар бірін - бірі
толықтыратын болса (автомобиль және бензин),
онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының
өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың
азаюына әкеледі.
- Егерде тауарлар бірін - бірі
алмастыратын болса (май және маргарин),
онда бір тауардың (май) бағасының өсуі
екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың
ұлғаюына әкеледі.
5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық
және топшылық жағдайдағы өзгерістер
бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің
өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен
жылжуынан көрінеді. Бағасыз факторлардың
әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол
қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді:
оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір
уақытта, белгілі бір бағамен нарықта
сатуға дайындаған тауарларының саны.
Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын
тауар санының арасындағы тікелей қатынас,
яғни тауардың бағасы өскен сайын оның
сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа
жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының
графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың
нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде
өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша
тауар ұсынатынан көрсетеді.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар
әсерін тигізеді:
1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының
өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
2. Технология. Технологияның жетілдірілуі
ұсыныстың өсуіне әкеледі.
3. Бірін бірі алмастыратын және бірін
бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
4. Келешекте инфляциялық және тапшылық
жағдайлардың өзгерістерін күту.
5. Бәсекенің деңгейі
6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының
өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі
– ұсыныстың өсуіне әкеледі.
7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында
уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа
мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың
көлемін өзгерте алмайды.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей
осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте
ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып
келе жатқан бағытта болады.
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың
көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз
бойымен жылжуынан қөрінеді. Бағасыз факторлардың
әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол
қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:
оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары
(азаюы). Баға механизмі және бәсеке арқылы
сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады.
Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы
орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы
тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың
теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік
баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты
теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының
қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан
- Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық
жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс
көлемінен артады. Егерде нарықтық баға
Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық
орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен
артады.
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан
тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне
қарай олар да өзгереді. Икемділіктің
мағынасы осындай өзара өзгерістерден
туындайды.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың
1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен
ұсыныстың қанша процентке өзгергенін
анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік
өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар
бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген
сұраныстың қанша процентке өзгеретінін
көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс
көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне
сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл
көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі
осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке
өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент
тауардың сапалылығын анықтайды.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын
тауарлардың болғандығынан, бір тауардың
бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс
көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты
анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі
деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш
У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде
Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке
өзгеретінін көрсетеді
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1%
-ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке
өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
Нарықтық экономика –
Мұндай қарым - қатынас нұсқасын жасап
шығару бұл сұраныс пен ұсынымның
шексіз өзара қарым - қатынасы . экономика
Сұраныс пен ұсынымның
Сұраныс пен ұсыным - нарықтың қарапайым элементтері ( Сөз бұл жерде еркін сұраныс және еркін ұсыным жөнінде болып отыр ). Ал , нарықтық экономикада кез - келген экономикалық процес " Нарықтық " болып табылатындықтан, өзіндік кез - келгені мамыры " нарық " екі сона болып әрекет өтетіндіктен барлық процестер мен қызмет салалары арқылы сипатталып категориясы,- сұраным мен " ұсынымның " өзара қарым - қатынасы ретінде көрсетіле алады .
Нарықтық экономиканың барлық мәні арзанға өндіру ( сатып алу )- себептерден сона қымбатқа сатуда жатыр . деп экономикалық теорияның негізіне сатып алушылар мен сатушылардың ( сұраныс пен ұсынымның ) қарым - қатынасы иә алынған .
Біз нарықты талдауды сұранымнан бастаймыз. Өйткені сұраныс - нарықтық экономиканың әр адамға да жақын әрі түсінікті саласы: ұсынымға бәрі де қатыса бермейді, ал, сұранысқа барлығы да қатысады.
Аталып отырған бөлім бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарыктың кызмет істеу механизмін талдауға арналған.
Сатылатын тауар біртектес стандартты және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылалы деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз.
Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардын көлемі мен бағаларынын арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен қөлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.
Алғаш рет Сұраныс және Ұсынысты Адам Смит 1776 жылы жарық көрген «Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу» кітабында «Көрінбейтін қол» атты категориялық ұғымы ретінде қарастырып зерттеген.
Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.
Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз.
Сұраныс, Ұсыныс және Нарықтық тепе-теңдік құбылыстарын оқып үйренулері, зерттеулері қоғамның дамуы барысындағы Не өндірілуі керек? Қалай өндірілуі керек? Кімге өндірілуі керек? сұрақтарының жауаптарын бере алады.