ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАГЫ ЕУРАЗИЯ
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
«Вильгельм Вундтың өмірбаяны».
Орындаған: ФТФ, АУ – 21 тобының студенті
Кабдуалиева Еркежан Ержанқызы
Вильгельм Вундт
Вильгельм Вундт - 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Мангейма деген жерде дүниеге келді.
Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі
ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм
мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады.
Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының
әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды.
Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату
болып саналғанмен әкесі туралы балалық
естеліктері онша жақсы болмады.
Оқушылық жылдары.
Екі жыл бойы ол халықтық
мектепте оқыды. Білім жағына байланысты
Вундтың жанұясында нақты дәстүрлер
бар болатын: оның арғы аталары іс
жүзінде өз табыстары арқылы ғылымның барлық жақтарынан атағымен
жер жарған. Бірақ ең кішкентай Вундт бұл
керемет дәстүрді жалғастырмайтыны үйдегілеріне
айдан анық көрінді. Ол бос уақытын кітап
оқумен емес армандаумен өткізді, соның
нәтижесінде бірінші сыныптың эмтиханынан
өте алмады. Екінші сыныптан бастап, Вундтың
білімі әкесінің көмекшісі – Фридрих
Мюллерге тапсырыллды, оған Вильгельм
барлық жанымен бауып басып қалды. Жас
(священник) уағыздаушыны басқа приходқа ауыстырғанда,
балаға алдағы айырылысу өте қиынға түсті.
Вундт өзінің «Бастан кешкен және танылған»
атты өмірбаянында: «Ол маған анам мен әкемнен
де жақын болды. Мен оны сағынғаным соншалық
ата-анам онымен мен гимназияға түсуге дейін қалған жылдың
барысында да тұруға рұқсат етті». Демалыс
күндерді санамағанда, Вильгельм барлық
уақытын Фридрихтың үйінде өткізді, сөз
жоқ оның педагогикалық қабілеті мол еді. Дегенмен
кейінірек Вундттің еске алуына қарағанда
оның ықпалының негативті жақтары да болды:
программа мен тәрбиенің болмауы, ұстамсыз қиялдауы оны гимназиядағы оқу шарттарына
әзірлемеді. Бала кезінде ол өзін жалғыз
санады, атақты жазушы болуды армандады.
13 жасында Вундт Брухзаледегі католик
гимназиясына түсті. Фридрихтың сабақтарынан
кейін, Вундт үшін гимназия «қасірет мектебі»
болды. Кішкентай Вильгельманның мектеп
бағалары онша жақсы болмады. Гимназияда
ол өз сыныптастарынан артта қалып отырды,
оның үстіне мұғалімдер де оны күлкі қылды.
Бір жылдан соң ата-анасы оны Гейдельбергтегі
гимназияға ауыстырды. Онда жаңа достары
пайда болды, оқумен айналыса бастады,
көне тілдерді – латын, грек, ежелгі еврей
тілдерін зерттеп, жалпы алғанда қарқынды
түрде жаңа жолға түсті. Біртіндеп Вундт
өз қиялдауын бақылай білді және тіпті
мектепте оның белсенділігін пайдалана
алды, бірақ расында ол оны ешқашан ұнаптпаған.
Ол бірақ өзінің ақыл-ойы мен қабілеттілігін
19 жасқа қарай дамытты, енді мектепті бітіріп,
университетке түсуге дайын болды. Осы
мақсатпен ол 1851 жылы анатом ағасы Фридрих
Арнольд жұмыс істейтін университетке
Тюбинге келеді. Осында Вильгельм тек
бір жыл ғана оқып шығады. Тюбингте ол
физиолог болам деп шешім қабылдады, себебі
практикалық дәрігер мамандығына қарағанда,
оған осы білім аясы оның қызығушылықтары
мен талабына келеді деп санады (оған дейін
Г.Гельцмгольлцта осылай тұжырымдаған).
Бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергке
көшіп келелді, онда ол үшін жарым жылы
университетте білім алады. Алғашқы жылын
Вундт анатомия, физиология, физика, химия
және практикалық медицинаны зерттеуге
арнайды. Бунзен атты химиктің қызықты
дәрістері мен тәжірибелік көрсетулерінің
ықпалымен Вундт 1853 жылы өзінің алғашқы
ғылыми жұмысын орындады. Екінші жылында
ол практикалық медицинаға көп көңіл бөле
бастайды. Физиологияға ықыласы арта түсті.
Тағы бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергтегі
емдеу мекемесінің ассистенті болады.
Осында ол медицина оның кәсібі емес екендігін
нақты сезеді.
Психологияғадағы
жолдары.
- 1856 жылдың күзінде Вундт Берлинге «экспериментальды физиология¬ның атасы» саналатын адамның басшылық етуімен физиологияны зерттеу үшін И.Мюллерге аттанады. Онда ол Берлиндегі неміс ғылымы, оңтүстік Германиядағы университеттен ерекшеленетінін байқайды. Гейдельбергтегі ғылым оның академиялық темпераментіне өте қолайлы болатын. Берлинде ол тек керемет ғылым жүйесін ғана емес, сонымен қатар өте мықты ақыл-ойшылдарды кездестірді. И.Мюллерден басқа оған әсер еткен Э.Дюбус-Реймон экспериментальдық зерттеулерге ықыласы мен қызығушылығын тудырды.
- 1856 жылдың аяғында Вундт Гейдельбергке қайта оралады. Мұнда ол «жүйкені зерттеудегі оның қабынған және бітетін мүшелеріндегі жүйкелерді зерттеу» тақырыбына диссертация қорғап, докторлық дәрежесін алады, және 1857 жылдан 1864 жылдары дәріс оқиды. Дәл осы жылдары Вундт Бон университетінен Гейделльбергке ауысқан Герман фон Гельмгольцтың лаборанты болып жұмыс істейді. Мінездерінің сәйкессіздігіне байланысты араларында ешқашан достық қарым-қатынас орнықпады. Дегенмен олардың әріптестігі 13 жыл бойы 1871 жылы Гельмельц Берлинге көшкенге дейін жалғасты.
- 1856-1857 жылдары үш мақала жарияланды (таза физиологиялық мазмұнда), ал 1858 жылы өзінің «Бұлшықет қозғалысын зерттеу очерктері» атты алғашқы кітабын шығарды. Бұл уақытта әлі де оның қызығушылығы физиология мәселелеріне қатысты еді, дегенмен психологиялық талпыныстары ұлғая бастаған-ды.
- 1858 жылы Вундт «Сезіммен қабылдау теориясы бойынша очерктерінің» бірінші бөлімін жариялаған болатын. Очерктері тарау-тараумен төрт жыл бойы жарияланып жүрді.
- 1862 жылы «Сезіммен қабылдау теоириясына қатысты» атты кітабы толығымен жарияланды. Мұнда Вундт психологияны үш негізгі бағытқа бөлген: эксперименттік, этникалық және ғылыми метафизика.
- 1863 жылы өте маңызды еңбегі – «Адам мен жануарлардың рухы (жаны) туралы дәрістері» жарық көрді. Оған көптеген экспериментальдық психологияның мәселелеріне кіріспелер енді. Оның талдамасы бірнеше жылдар бойы жүргізілді. Кейіннен Вундті дәрістік жұмыс жалықтырып одан бас тартты.
- 1864 жылы ол профессор-адъюнкті лауазымына тағайындалып, тағы да 10 жыл Гейдельбергкте қалды.
- 1867 жылы Вундт «физиологиялық психология» деп аталған ғылым бойынша дәрістік курс оқуды бастады. Оның концепциясының толық мазмұны «Физиологиялық психологияның негіздемелері» атты кітабында баяндалады (2 бөлімнен тұрады 1873-1874 жж.). Вундтың тірі кезінде алты рет қайталанып жарияланып тұрған. Вундт Гейдельбергте 1874 жылға дейін жұмыс істеді. Мұнда оның ғылыми қызығушылықтары нақты орын тапты, және керек бағытты психология болды. Физиологиямен айналысу барысында Вундт психологиямен дербес эксперименталды ғылым ретінде айналысуды ойластырады.
- 1874 жылы Вундт Цюрихтегі индукциялы философия кафедрасына шақыру алады. Философия табиғи ғылымдарға арқа сүйеу керек деген тұжырыммен Гельмгольц оған кепілдемесін береді. Дегенмен Вундт Цюрихте бар болғаны бір жыл ғана жұмыс істейді.
Лейпциг қаласындағы
өмірі.
1875 жылы Вундт Лейпциг
университетінде философия профессоры
болады; осы сәттен бастап оның
тамаша ғылыми қызметінің ең
ұзақ және маңызды кезеңі басталады.
Сол кезден бастап Лейпциг
әлемдік психологияның астанасы
саналды, ал университетте Вундт
45 жыл жұмыс істеді.
1879 жылы сараптама жұмыстарына
арналған қарапайым құралдармен
жабдықталған шағын зертхана
ашылды. Сондай-ақ 1879 жыл ғылыми психологияның
символды түрде туған күні
саналады, өйткені дәл сол кезде
Лейпцигте профессор Вильгельм
Вундт эксперименталды психологияның
әлемдегі тұңғыш зертханасын
ашты. Вундт саналы танылатын
ішкі тәжірибені талдауға нағыз
ғылыми әдісті қолдануға тырысты,
оның қарапайым құрылымдарын
анықтауға және сипаттауға тырысты.
Осылайша, материяның (заттың) атомдарға
бөлінетіні сияқты, сана психикалық
элементтерге жіктелді. Вундт үшін
мұндай элементтер ретінде сезімдер,
бейнелер және күйлер танылды.
Вундтта күтпеген жағдай болды:
зертханаға үлкен қызығушылық
танытушылар пайда болды. Вундттың
есімі мен оның зертханасының
танымал болғаны сонша, Лейпцигке
Вундтпен жұмыс істеуге құмартқан
студенттер жан-жақтан ағылды. Олардың
ішінде кейінірек психология
ғылымының дамуына елеулі үлес
қосқан бірнеше жас жеткіншектер
болды, Құрама Штаттарға оралған
соң өз зертханаларын ашқан
америкалықтар болды. Вундт зертханасында
кейін эксперименталды психологияның
дамуында маңызды рөл атқарған
қызметкерлер жиналды. Бұлар Германиядан
ғана емес (Э.Крепелин, О.Кюльпе, Э.Мейман),
сондай-ақ Америкадан (Г.С.Холл, Дж.М.Кэттел)
және өзге де елдерден, соның
ішінде Ресейден барған ғалымдар
болатын. Екі жылдан кейін зертхана
Психология институтына айналды.
Осылайша, Лейпциг зертханасы қазіргі
психологияның дамуына үлкен
ықпал етті – ол жаңа эксперименталды
орталықтардың құрылуына үлгі
болды. Вундттың бұрынғы шәкірттері
сондай-ақ Италияда, Ресейде және
Жапонияда зертханалар ұйымдастырды.
Вундттың шығармаларының көбі
орыс тіліне аударылған. Вундттың
еңбектеріне тамсанған ресейлік
психологтар 1912 жылы Мәскеуде
Вундт зертханасының дәл көшірмесі
іспеттес зертхана жабдықтады. Тағы
бір дәл сондай зертхананы
жапон ғалымдары 1920 жылы, Вундт
өмірден өткен жылы Токио университеті
негізінде құрды, бірақ 60-жылдары
бұл зертхана студенттер толқуы
кезінде өртеніп кетті. Лейпцигке
келген студенттерді ортақ көзқарастар
мен мақсаттар біріктірді.
ХХ ғасырдың көптеген психологтарынан
айырмашылығы, Вундт олардай жарқын,
қызықты оқиғаларға толы өмір сүйрмеген,
қарапайым, мәнерлі, жеткілікті деңгейде
өмір сүрген. Барынша танымал дәріскер
(дәрістерін ол конспектісіз оқыған) болған.
Вундттың Лейпцигтегі дәрістері
кең танымалдыққа ие болды. Әр дәрісіне
дәрісханада 600-ден астам студент жиналған.
Алайда соған қоса ол көпшілік алдында
сөз сөйлеуді ұнатпаған, ал қандай да бір
конгрестерге тіпті қатыспауға тырысқан.
Жеке өмірінде Вундт салмақты, өздігінен
күн кешетін, сабырлы адам болған, оның
әр күні қатаң бекітілген тәртіппен өтіп
жатқан (1970 жылы табылған Вундттың әйелі
Софидің күнделіктерінде Вундттың жеке
өмірі жайлы көптеген жаңа мәліметтер
баяндалған). Таңертеңнен Вундт белгілі
бірі кітап немесе мақаламен жұмыс істеген,
студенттердің жұмыстарын оқып, өз журналын
редакциялаған. Түс кезінде ол университетте
емтихандарға қатысқан немесе зертханаға
барып отырған. Вундттың студенттерінің
бірі оның келіп-кетуі 5-10 минуттан аспайтын
деп еске алады. Шындығында, өзінің эксперименталды
зерттеулеріне қалтықсыз сеніміне қарамастан,
«ол өзі зертханада жұмыс істеуге лайық
емес еді».
Күнінің екінші жартысында
Вундт сейіл құрып, алдағы оқитын
дәрісіне (әдетте ол дәрісі күндізгі 4-те
басталған) ойша дайындалған. Әр кеш
сайын оның отбасында ән айтылып,
саясат жөнінде талқыланатын. Отбасының
қаржылық жағдайы үйде үй қызметкерлерін
ұстауға және жиі қонақтар қабылдауға
мүмкіндік берді. Зертхана мен журнал
негізін салып, көптеген зерттеушілік
жобаларға жетекшілік ете отырып,
Вундт философияға да көңіл бөлген.
1880 жылдан бастап 1891 жылға дейінгі
аралықта ол этика, логика, философия
салалары бойынша еңбектер жазған.
1880-1887 жж. Вундт «Физиологиялық психология
негіздерінің» екінші және үшінші басылымдарын
дайындады, өз журналына мақалалар
жазды. 10 жыл ішінде ол мәдени-тарихи
және әлеуметтік психология идеяларын
дамытты. Нәтижесінде ол «Халықтар
психологиясы» деген атпен 10 томдық
еңбегін жазып, бұл еңбегі 1900-1920 жж.
жарияланды.