Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:49, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Кіріспе
Қылмыстың ұгымы және белгілері
Қылмыстың түрлері
Қылмыстың жиынтығы
Қылмыс құрамы мен жиынтығы.
Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу қажет. Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің, Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан сол іс-әрекетке тән бір бапты ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды. Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады.
Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі.Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстың жауаптылық осы Кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды (12-бап, 3-бөлігі).
Яғни
айтқанда, егер бір қылмысты іс-әрекет
екінші бір қылмыстың міңдетті белгісі
ретінде көрінсе, қылмыстың жиынтығы
болмайды. Мысалы: қызмет өкілеттігін
пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс
(307-бап), ол сонымен бірге бөтеннің мүлкін
талан-таражға салудың тәсілі ретінде
көрінуі де мүмкін (176-баптың 2- бөлігі,
«в» тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-әрекет
бір қылмыс болып табылады да, қосымша
307-баппен саралануға жат-пайды.
ІІ. ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
2.1.
Қылмыс құрамының
түсінігі және
оның маңызы
Қылмыстық
заңда қылмыстың жалпы түсінігі
берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде
нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген
түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті
қылмыстық құқық теориясы ғана береді.
Қылмыстың кұрамы деп — қылмыстық заң
бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді
белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға
мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік
және субъективтік жақтарынан кұралған
элементтердің және олардың белгілерінің
жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы
оның субъективтік және объективтік белгілерімен
сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың
құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады.
Осы белгілердің қосымша жүйелерінің
ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің
болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай
жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс
құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы
жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді
айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне
мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект,
объективтік жағы, субъект, субъективтік
жағы.
Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген кылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің, баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мүның өзінде диспозициялардың кылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортак немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстық не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі — басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана керсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс кұрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардын коғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудін мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, кұжат т. б.) немесе ол ұрлыктың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы — тонау болады. Қылмыс кұрамы бір ғана қылмыстық құқықтык нормада — бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап —кызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа
жағдайларда Қылмыстық
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа кылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге ақталғанда кылмыстың зардабы — адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық кағидасын сақтау, жүзеге асыру кұкык қорғау органнның қызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың, негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң, нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.
Қылмысты
саралау дегеніміз адамның
2.2
Қылмыс және қылмыс
құрамының міндеттері
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағытыда әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және кұкыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылык сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі — барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.
Қылмыстық
заңда сипатталған әрбір
Қылмыстық
кұқық теориясында, оқулықтарда
қылмыс құрамының жалпы түсініктері
кеңінен қолданылады. Жалпы және
нақты қылмыстың кұрамының
Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық кұқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей объект болып бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың коғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.
Қылмыстың сыртқы пішінің, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Объективтік жағының белгісіне ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі — адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі жатады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалдыру, т. б.). Біршама қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген коғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: касақа-налық және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдакорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда кылмыстың және қылмыскердің, қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып, қылмыстық жауаптылықка тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толған (14, 15-бап) жеке адамдар жатады.