Ғылыми техникалық просец

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:09, реферат

Описание

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми техникалық просец.docx

— 28.52 Кб (Скачать документ)

Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.

      Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілнйтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысаты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сиымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды.

Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей  элементіне айналу процесі бірлескен  жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске тигізетін оң әсерлерінің барған сайын артуы артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басққару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де әсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы обьективті зсңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын және еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңіпек түсінуге мүмкіндік беребі. Өндірістегі адам факторының дамуы және өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты . Олацй болса, еңбектің мән- маңызына және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мымалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі., моральдық қанағаттанушылығы, твочестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары , әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты.

      Еңбек белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар:моральдық және матетиалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту, өндіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін азайту, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік принциптерін нығайту, әл- ауқатты және рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау және жаңа коммерциялық шаруашылық механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды және басқаруды жаңа сапслық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау , жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және т.б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру әдістері әр түрлі. Ол нақтылы алынған қоғамдық өндірістің сипатына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тнз бейімделуінде. Бұларға тән қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуына Жаңа типті адам туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық қоғамда аз да

болса өнегелі адамдардың болғаны  өмір шындығы. Олай болса әлеуметтік- экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория экономикалық дамудың жалпыға бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы – басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану,еңбек тәртібін және басқа тәртіптерді нығайту , қол еңбегін азайту.Материалдық игіліктерді және рухани байлықтарды көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.

      Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан     «Заманымыздың кеселі    » аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.

Қоғамдық өмірдің демократияландырудың берер жемісі өз алдына бір төбе. Алайда бұл істі жүзеге асыруда байыптылық қажет. Асығыстық, даурықпа іс- қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері , алда болуы шарт. Бұл шарт бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа жету едәуір қиындыққа түседі.

Еңбек белсенділігін арттыруда  рухани және қызмет көрсету жүйелерін  дамытудың берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана , ойлау жүйесі, іс – қимыл әрекеті, адамның әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты. Меншік нысандары түрленіп, шаруашылық жүргізу рыноктық қатынасқа негізделіп отырған қазіргі жағдайда еңбек белсенділігін, еңбекке деген мүдделікті арттыру елдің тағдырын шешетін басты буынға айналды.


Информация о работе Ғылыми техникалық просец