Зейнтақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание

Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да - мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік-экономикалық мәселелер болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Нуриденова Г К Лепесова А С.doc

— 57.00 Кб (Скачать документ)


УДК. 35. 087. 431.3

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ

 

Г.К. НУРИДЕНОВА

А.С. ЛЕПЕСОВА

 

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

 

Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да - мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік-экономикалық мәселелер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Барлық қазақстандықтардың гүлденуінің, қауіпсіздігінің және дамуының басым бағыттарының бірі - халықтың материалдық және әлеуметтік өмір сүру деңгейін жақсарту» деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайларының маңызды құраушыларының бірі - Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі -жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салымы дұрыс ескерілмеген. Бұл Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауындағы: «Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін» деген ойымен де расталды.

Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік-қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық, құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен кепілдендірмесе зейнетақы қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады.

Осыған байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субъектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді

Зейнетақы – бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ол әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы [1].

Жұртқа мәлім, 1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындардың өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келеді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы төлеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұрынып, жұмыссыздық етек алған тұста бұл проблема өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелген ең негізгі себептердің бірі болды. Ескі «ынтымақтастық» зейнетақы жүйесі мұндай жағдайда зейнетақының іркіліксіз төленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі негізінде әркім өз табысынан он пайыздық жарна аудара отырып, болашақ зейнетақы үшін қор жинайды. Кейін зейнетақы төлемдері мемлекттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай–күйі,  қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді. Жинақтаушы жүйеде азаматтардың аударған жарнасына пайыздық өсім есептеледі, ол қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғауын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы туралы» заңға сәйкес орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғандар, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек стаж болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жүзеге асып отырған елдерде, зейнетақы активтері қоғамда маңызды әлеуметтік–экономиклық және саяси рөлді атқарады. Зейнетақы қорларының активтері өздерінің елдерінің экономикалық дамуы үшін үлкен инвестицилық мәнге ие, олар ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зейнетақы қорларының қатысуымен бос ақша ресурстары зейнетақы активтері түрінде жұмысшы капиталы ағымына трансформацияланады (айналады), қаншалықты зейнетақы активтері әртүрлі қаржылық құралдар мен қаржылық жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялау  мақсатымен орналастырылса да, олар капитал нарығындағы спекулятивтік ойынға аз қатысады[2].

Қазақстан Республикасында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді қалыптастыру-экономика мен қоғам дамуындағы оң өзгерістер болып табылады. Сондықтан, зейнетақы жүйесін қалыптастыру мен дамытуда, бір жағынан, жүйенің әлеуметтік жақтары ескерілсе, екінші жағынан, зейнетақы келісіміне қатысушылар, ондағы қаржы ресурстары және оларды жүзеге асыру әдістері мен түрлері ескерілуі тиіс.

Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму үрдісінің ерекшеліктері анықталып, дамыған елдердегі озық тәжірибенің ең тиімдісі айқындалды. Нарықтық тетікті реттеуге күш салынған мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания), мемлекеттің араласуы төмен деңгейде. АҚШ-да қорларға қатысты өзіндік инвестициялаудың шегі ғана орталықтан реттеледі. Бұл жағдайда қорларға бекітілген төлемдер мөлшері бойынша жалпы активтер көлемінен 10% төленіп отырады[3].

Жапония, Германия және бірқатар басқа мемлекеттерде мемлекеттің араласуы біршама жоғары. Сонымен, Жапония мен Германияда жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін өзіндік инвестициялау шегінің 10%-нан басқа, келесі активтердің түрлеріне инвестицияланатын құралдардың жоғарғы шектері бекітіледі; яғни: өнеркәсіптік фирмалардың акциялары, мүлік салымдары, шет елдік инвестициялар. Қазіргі кезде бұл лимиттер Германия мен Жапонияда, сәйкесінше, 20 және 30% акциялар бойынша,  5  және 20% мүліктік инвестициялар бойынша, 4 және 30% шет елдік инвестициялар бойынша үлестерін құрайды. Сонымен аталған шетелдік тәжірибелер мен үлгілер негізінде отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері сипаттала отырып, Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыруда Чили үлгісінің таңдалуы негізделді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.      Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы (соңғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы : арн. текст. 20.06.97. – 158 б.

2.      Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту / Н.Е.Наурызбаева // Егемен Қазақстан. 2008. №136. – Б. 5.

3.      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет көрсету аясын қадағалау / / Г.Д. Салихова // Банки Казахстана. 2011. №4. – Б. 14.

4.      Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы көшірмесін алу / Қ.Қ. Тамбиев // Қазақстан заман. 2010 №4. – Б. 30.



Информация о работе Зейнтақы жүйесі