Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 09:28, курсовая работа
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді.
Кіріспе 5
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын 7
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер 7
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім 8
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
9
2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы 16
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері 21
3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы
25
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары
25
Қорытынды
29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Аннотация
Бұл жұмыста жалпы ұлттық өнімнің түсінігін, нақты атауларын, сонымен қатар қазіргі таңда ҚР-дағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы талданған.
ОҚО-дағы ЖҰӨ-нің даму динамикасы көрсетілген және Жалпы ұлттық өнімнің Республика экономикасындағы рөлі сипатталды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдарындағы ЖҰӨ көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет, 3 диаграммалардан, 1- кестеден, 25 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 1 қосымшадан тұрады.
Мазмұны
Кіріспе | 5
|
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын | 7 |
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер | 7 |
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім | 8 |
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
| 9 |
2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы | 16 |
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау | 16 |
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері | 21 |
3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы |
25 |
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары
| 25 |
Қорытынды
| 29 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | 31 |
Кіріспе
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатасушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.
Зерттеу объектісі - макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.
Зерттеу пәні - экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.
Зерттеу мақсаты- барлық көрсеткіштер қалай есептелінуі мен олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз.
Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштерін анықтау;
нақты және атаулы жалпы ұлттық өнімін анықтау;
жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістерін көрсету;
тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау;
жалпы ұлттық өнім мен қор және ағыннын көрсету;
Зерттеу кезінде ғылыми оқу әдебиеттерінің, монографиялар, мерзімді басылымдар мақалалардың талдауы, сонымен бірге экономико – статистикалық және графикалық әдістердің талдаулары қолданылды.
Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет, 3 диаграммалардан, 1- кестеден, 25 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 1 қосымшадан тұрады.
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер
Ұлттық өнім көлемін өлшеуде экономикалық теория және статистика бірнеше көрсеткіштерді қолданады, оның ішінде жалпы ұлттық өнімнің орны ерекше.
Жалпы ұлттық өнім - бір жыл ішінде экономикада өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің соңғы нарықтық құны. Бұл орайда мемлекет азаматтарының мемлекет ішінде, әрі шетелде өндірген барлық тауарлар мен қызметтерінің көлемі есептелінеді. Сонымен қатар, мекемелердің, халықтық ұйымдардың материалдық және материалдық емес кірістердің сомасы да ЖҰӨ болып түсіндіріледі. ЖҰӨ қолданылатын тауарлардың (станок, машина және т.б.) құнының бір бөлігін дайын өнімге қоса алғанда пайда болатын амортизациялық аударымдарды да есептейді. Жалпы ұлттық өнімді есептеу үшін бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтерді тек 1 рет есептеу керек. Бұл екі рет есептеу мен ЖҰӨ-нің құнын көтермелеудің алдын алуға көмектеседі, шындығында, көптеген тауарлар өңделіп, соңғы тауарға айналғанға дейін бірнеше рет есептелінеді. Екі рет есептеуді болдырмауға фирмалар сатылымы мен құрал-жабдық, жанар-жағармай, энергия, қызмет және т.б. сатып алуы арасындағы айырымды көрсететін артық құн көрсеткіші зор үлес қосады, яғни артық құн - бұл фирманың жабдықтаушылардан сатып алып қолданылған шикізат және материалдардың құны кемітілген фирма өнімінің нарықтық бағасы.
Барлық мекемелер жасаған қосылған құндардың сомасынан ЖҰӨ-ді анықтауға болады, ол барлық шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы болып табылады [2].
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) ЖҰӨ-нің маңызды модификациясы болып табылады, ол резиденттер деп аталатын барлық тауар мен қызмет өндірушілердің қосылған құндарын қосындылайды. Резиденттер - елде 1 жылдан кем тұратын шетелдіктерді қоспағандағы, берілген елдің аумағында тұратын азаматтар.
Егер ЖІӨ көрсеткішіне шекарадан тыс өндіріс факторлары (факторлы табыстар) мен берілген елде шетелдік инвесторлардың алған факторлық табыстарының түсімдерінің арасындағы айырмашылықты қоссақ ЖҰӨ-ді аламыз. Мысалы, Франция үшін ЖҰӨ көрсеткішін есептегеннен кейін Ұлыбритания, АҚШ, Германиядан және т.б. түсетін факторлық таыстарды қосу керек те, Францияда қызмет ететін британдық, американдық, германдық нарық шаруашылығы объектілерінің табыстарын алып тастау қажет. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасындағы айырмашылық шамалы, ЖҰӨ-нен ±1% ауытқып тұрады.
БҰҰ-ның статистикалық қызметі Ұлттық есептер жүйесін құруда негізгі көрсеткіш ретінде ЖҰӨ-ді қолдануды ұсынады.
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім
Ұлттық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық бағалар арқылы есепленінеді. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда, олардың мөлшері атаулы шама түрінде болады. Егерде тұрақты бағалар (базалық жылдың бағалары) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетеді. Атаулы жалпы ұлттық өнім өндірістің көлемінің өзгеруіне де, бағалардың деңгейіне де тәуелді болады. Нақты жалпы ұлттық өнім тек қана өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді [3].
Атаулы жалпы ұлттық өнім - тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағалар көлемі.
Нақты жалпы ұлттық өнім - тауарлар мен қызметтердің өндірісінің тұрақты бағалармен көрсетілген көлемі.
Сурет 1. ЖҰӨ бөлінуі
Нақты ЖҰӨ-нің өсу факторлары болады. Олар:
- пайдаланылатын ресурстардың - еңбектің және капиталдың өсуі (сандық факторлар);
- технологиялық өсу - өндірістің жаңа технологияларды енгізу, ғылым және техниканы қолдану жолымен көбеюі, бұл сапалық фактор болып табылады.
Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қозғалысы циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты болады. Кейбіреулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байданысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді. Мәселен, демалуға ыңғайлы кезеңде демалысқа шығу өте көп болады және жаңа жыл сыйлықтарын алу да сол сияқты [20].
Сурет 2. Нақты ЖҰӨ-нің өсу факторлары
Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің ауытқулары мен басқа да экономикалық көрсеткіштерді зерттеуде, олардың қозғалысын маусымдық факторлардан «тазалау» қажет.
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Жалпы ұлттық өнімге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрстілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ, Дегенмен, осы көрстеілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға беруші адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрі бір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады, яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары падаланатын қызмет есебі үшін жалпы ұлттық өнімнің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайда және нарық бағасын иемденбейді. Жалпы ұлттық өнім құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол тәжірибеде жүзеге асырылмайды, яғни жалпы ұлттық өнімде арнайы есептелінген құн - жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар (бұлардың бәрі адамдардың жеке өзінің бұйымдары) іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн жалпы ұлттық өнімге енгізілмейді. Сондай-ақ жалпы ұлттық өнімге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді, яғни арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрстеілген қызмет бағасы мүлдем жалпы ұлттық өнімге енгізілмесе, онда жалпы ұлттық өнім - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен, осы қателіктер жалпы ұлттық өнімге онша әсер етпейді [4].
Сурет 3. Ұлттық шоттардың жалпы сызбасы
ЖҰӨ жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін де сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші - бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректерді шығын құрауыштары және табыс көрсеткіштері деп екі топқа бөлуге болады.
Экономистердің көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлерінің жалпы көлемі ғана емес, сонымен бірге өндірілген өнімнің сәйкес түрде бөлінуі және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар 4 топқа бөлінеді:
1) Тұтыну (С)
2) Инвестициялар (І)
3) Мемлекеттік сатып алу (G)
4) Таза экспорт (NX)
Сонымен ЖҰӨ-ді «Ү» символымен өрнектеп, мына өрнекті аламыз:
Y = C + I + G + NX
ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл теңдік өрнек болуы - осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен теңдік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.
Тұтыну - бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:
1) қысқа мерзімді қолданылатын тауарлар;
2) ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар;
3) көрсетілген қызмет.
Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киім және азық-түлік тауарлары, т.б. жатады.
Ұзақ мерзімді тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т.б. жатады [23].
Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және медициналық қызмет және т.б. жатады.
Инвестиция мынадай топтарға бөлінеді:
1) Өндірістік капиталды салу (немесе негізгі өндірістік фактор инвестициясы жатады);
2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
3) Қор инвестициясы.
Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.
Тұрғын ұй-құрылыс инвестициясы - бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар.
Инвестиция қоры - бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады).
Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады.
Таза экспорт тауарлар мен көрсетілген қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашылығына тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ ішкі шығындар жиынтығына тең болады:
Бірақ, егерде экспорт импорттан көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы» ретінде қатысамыз, сонда ЖҰӨ ішкі шығын көлемін жоғарлатады. Сол сияқты, егерде импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-импортершы» ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады [5].
Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде ЖҰӨ қолданылады, ЖҰӨ-ден кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады. Тәжірибе жүзінде табыс көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы, себебі олардың қозғалысы бірдей. Дегенмен, көрсеткіштердің айырмашылығын білу шарт. Әр түрлі табыс көрсеткіштерінің байланысын нақты білу үшін кезекпен ЖҰӨ-нен әр түрлі құрауыштарды игере отырып қарастыру керек. Таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) алу үшін, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептейміз:
ТҰӨ = ЖҰӨ - капиталдың негізгі тозу құны немесе амортизация
Ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны амортизациялық шығындар деп аталады.
Дегенмен, капиталдың негізгі тозу құны - бұл өндіріске кеткен шығындар, сонда ЖҰӨ-нің осы құннан айырмасы экономикалық қызметтің таза нәтижесін сипаттайды. Осы себептен, көптеген экономистардың айтуынша, таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші ЖҰӨ-ге қарағанда экономика жағдайын жақсы сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмадағы жанам салық сомасына жүргізіледі, мысалы, сату салығы. Осындай салықтар таза ұлттық өнімнің 10%-ына дейін құрайды және тұтынушының тауарға бөлетін бағасы мен фирманың сату бағасының арасындағы айырмашылықты фирма алмағандықтан, ол табыстың бір бөлігі болып табылмайды. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, ұлттық табыс атты көрсеткішті аламыз.
ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар (3)
немесе
ҰТ = бір жылдағы барлық табыстардың сомасы = жалақы +
пайда+капиталға пайыз+ жер рентасы (4)
Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын көрсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу тәсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы бес санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:
1) Еңбекақы (73%). Жұмысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.
2) Жеке меншік табыстар (70%). Мысалы, кішігірім дүкендер, фермалар және т.б.
3) Ренталық табыс (2%). Жылжымайтын мүлік иелерінің алатын пайдасы, оған қоса өздері өзіне «төлемейді» деп есептелінген жалдау ақысыжатады.
4) Корпорация пайдасы (11%). Жұмысшылар мен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.
5) Таза пайыз (7%). Белгілі бір елдің кәсіпорын төлемдерінің пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердің экономикалық агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең. Осындай түзетулердің көмегімен ұлттық табыстан жеке табысқа өтуге болады, яғни үй шаруашылығы мен корпоративті емес кәсіпорындар алатын табыс. Осылардың ішінде 3 ең керекті түзетулер бар:
Біріншіден, өзінің пайдалануына қалдыратын немес мемлекет салығын төлемеуге бағыттайтын корпорация пайдасын ұлттық табыстан алып тастау керек, бұл үшін ұлттық табыс көлемінен корпорация пайдасын алып тастайды және дивидендтер сомасын қосады.
Екіншіден,ұлттық табыс көлеміне трансферттік төлемдердің таза сомасын қосу қажет, ол жеке азаматтарға төленген трансфертті төлемдердің әлеуметтік сақтандыру үшін мемлекетке аударған салымнан алып тастаған сомасына тең [8].
Үшіншіден, кәсіпорындардың пайыздық төлемдерінің орнына үй шаруашылығының пайыздық түсімдерін енгізу керек, бұл түзету пайыз түрінде алынған жеке табыстың қосылғанынан және таза пайыз көлемін шегеріп тастау жолымен жүзеге асады. Жеке табыс мынаған тең:
табыстар+трансферттік төлемдер
- корпорация пайдасы
- әлеуметтік сақтандыруға салынған салымдар
- таза пайыз
+ дивидендтер
+ мемлекеттен халыққа берілетін трансфертті төлемдер
+ жеке табыс (пайыз түрінде алынған) [22].
Жеке табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салық емес төлемдерді алып тастасақ, қолда бар табыс көлемі шығады (мәселен, қоғамдық көлік үшін төлем). Қолда бар табыс = жеке табыстар - жеке салықтық және салықтық емес төлемдер.
Жеке табыс - бұл үй шаруашылығы иелігінде және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.
Көбінесе баға деңгейінің көрстекіші ретінде тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қолданылады. Тұтыну бағасының индексі есебімен статистика агенттілігі шұғылданады. Ең алдымен тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің бағасы туралы жинақ жүргізіледі. Жалпы ұлттық өнім бір көрстекіш ретінде көптеген өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасын көрсетеді, сол сияқты тұтыну бағасының индексі де көптеген тауарлар мен қызметтердің бағасын көрсетеді. Бұл - жалпы баға деңгейінің көрстекіші [9].
ТБИ - маңызды көрстекіш, бірақ ол баға қозғалысының жалғыз көрстекіші болып табылмайды. Басқа көрсеткіш - бұл тұтынушылар емес, фирмалар тұтынатын қарапайым тауар жиынының көтерме бағасын көрсететін индексі болып табылады. Осы жалпы баға индексімен қатар статистика агенттілігі жеке топ тауарларының индексін есептейді, мәселен азық-түлік, энергия, тұратын жер.
Жалпы ұлттық өнім дефляторы - ағымдағы бағалардың базистік кезеңдегі баға деңгейіне қатынасын, яғни өндіріс көлеміне емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды.
Жалпы ұлттық өнім дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейі туралы экономикада әр түрлі ақпарат береді. Осы екі көрсеткіш арасында үш негізгі айырмашылық бар:
1. Жалпы ұлттық өнім дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ал тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді, сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы ұлттық өнімін алуға болады.
2. Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауарлар жалпы ұлттық өнімде есептелмейді және жалпы ұлттық өнім дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ-та сатылатын тайота құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, оны америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ жалпы ұлттық өнім дефляторында көрсетілмейді.
3. Бағаның әр түрлі болуында. Тұтыну бағасының индексін есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал жалпы ұлттық өнім дефляторын есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ, тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни жалпы ұлттық өнім құрамының өзгерісіне байланысты болады.
ЖҰӨ дефляторы (5)
Мұнда ЖҰӨ дефляторы да тұтыну бағысының индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарлардың бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. Уақытқа байланысты жиындар құрамы өзгере ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап бере отырып, екі көрсеткіштің айырмашылығын білуге болады. Тұтыну бағасының индексінде өзгермейтін тұтыну қоржыны (базисті жылдағы салмақ), ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қоржыны (тауар түрінде оған кіретін нақты салмақтар) қолданылады.
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексінің тәжірибеде айырмашылығы көп емес, яғни тұтыну бағасы индексінің қозғалысы ЖҰӨ дефляторы қозғалысына өте жақын.
Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламасын іске асыру кәсіпкерлік ортасының анық өскенін көрсетті. 2006 жылы 2005 жылдың шілдесімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6322 бірлікке өсті (51062 бірліктен 57384 бірлікке дейін). Өндірілген өнімдер көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 20,9 млрд. теңгеге, бюджетке төлем – 1,5 млрд. теңгеге өсті.
Жалпы Бағдарламаны іске асыру жоспары орындалған, оны іске асыруға қарастырылған бюджет қаражаты игерілді: бизнес субъектілері үшін сайт құрылды, кәсіпкерлерге маркетинг, менеджмент және бухгалтерлік есептер бойынша оқу жүргізілді және консультация беру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Осылайша, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін облыстық бюджеттен 2004 жылы – 7,1 млн. теңге, 2005 жылы – 5,0 млн. теңге, 2006 жылы -11,8 млн. теңге, 2007 жылы – 8,4 млн. теңге бөлінді.
«Кәсіпкерлік қызметтерін қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру барысында:
2006 жылы 2007-2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жаңа Бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен нәтижелер шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге 5,0 млн. теңге бөлінді.
Зерттеу төңірегінде 503 бизнес субъектісіне келесі қызмет түрлері бойынша: құрылысқа – 13 пайыз, ауыл шаруашылығы өндірісіне – 4 пайыз, көлікке – 13 пайыз, тауар өндірісі мен халық тұтынуларына – 7,5 пайыз, сауда, тұрмыстық қызмет көрсетулерге – 58 пайыз, оқыту, консалтингтік және басқа қызмет көрсетулерге – 4,5 пайыз сауалнама жүргізілді [24].
ОҚО облысының имиджін отандық және әлемдік нарықта анықтау мақсатында 100 негізгі Инернет-сайттарда талдау жүргізілді, соның негізінде РR- стратегия бағыты анықталды, ол Қарағанды аумағына кәсіпкерлікті дамыту үшін артықшылық береді.
ОҚО облысында өткізілген, шағын кәсіпкерлік қоғамына қатысты және жалпы экономикалық реформаларға қатысты анықтау бөлігінде облыс халқына социологиялық сұрау жүргізілді (3 мың адамға). Өткізілген зерттеулер ОҚО облысының шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселелерінің картасын құруға ықпал етті [10].
Ендігі кезекте қор есебіне тоқталсақ.
Қор есебі: мәселен, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндірісін үлкейтсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасалған тауарлары өтпей қалса, бұл жалпы ұлттық өнім көрсеткішіне қалай әсер етуі мүмкін? Жауап өтпей қалған тауарға байланысты. Егер өнім керек емес деп тасталынса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемі ретінде төленеді, - сонда фирма жалақы ретінде үлкен сома төлесе, ал пайда ретінде өзіне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлеміне және табыс деңгейіне әсер етпейді. Сондықтан, жалпы ұлттық өнім өзгеріссіз қалады (тек қана жалақыға тиесілі бөлігі ғана аз). Басқаша айтқанда, егер өнімді кейінірек сату үшін, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принцепіне байланысты, бұл операця басқаша қарастырылады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебі өнім фирма қорында сақталуда. Сол себепті жалпы ұлттық өнім көлемі көбейеді. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынаншығын көлемі көбейеді. Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемі қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енеді. Сол себепті, өндіріс нәтижесінде қор өсімі пайда болып, жалпы ұлттық өнім көбейеді. Нақты өмірде мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімді есептеу өте күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. Жалпы ұлттық өнім туралы дұрыс тұсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет [11].
2 Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы негізгі макроэкономика-
лық көрсеткіштердің динамикасы
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ
көрсеткіштерін талдау
Елбасы Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт. Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды [13].
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды [14].
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті. Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие.
Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі қазіргі заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек [14].
Қазақстанның өзара қатынастардың жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады.
Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.
Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз. 1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек [15].
Адам басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.
Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың адам басына шаққан мөлшері жөнінен біз көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз. Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан артық. Яғни біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі де осыған сәйкес төмен
Қазақстан экономикасы үшін 1991-2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену және реформалар кезеңі деп белгіленді. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елімізде 1994-1998 жылдары ешқандай алға басу болған жоқ. Қазақстанда 1994-1998 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсуі теріс (-4,2 %) қарқын алды. 1996 және 1997 жылдар бұдан өзгеше болды, онда ЖҰӨ тиісінше 0,5% және 1,7%-ды құрады (өткен жылдың тиісті кезеңіне шаққанда). 1998 жылы ЖҰӨ көлемі 1994 жылдағы деңгейдің 91,4%-ын құрады. Экономистердің есебі бойынша, 2010 жылы 1990 жылдың деңгейіне жету үшін жалпы ұлттық өнімнің өсуін жыл сайын 3,5-4%-ға қамтамсыз ету қажет болды. Мұндай сәтсіз нәтижелер тек қана ішкі факторлардың ғана емес, сонымен бірге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресесйдегі қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуі және т.б. жағдайларға байланысты туындағын.
1999 жылдан мұнайға және шикізаттың басқа да түрлеріне бағалардың өсуіне, теңгенің құнсыздануына байланысты жағдай жақсарды. 1999 жылы жалпы ұлттық өнім 2,7%-ға (1998 жылмен салыстырғанда), 2000 жылы - 4,9%; 2003 жылы - 4,2; 2004 жылы - 3,6% болды [17].
Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшін республиканың орта мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Стратегиясында келесі іс шаралар белгіленген:
- алдағы уақытта жалпы ұлттық өнімнің даму қарқынын және теңгені құнсызданудан сақтау;
- инфляциялық процестерді тежеу;
- сауда және төлем балансында оң сальдоға жету және т.б.
Қазақстандағы өндірілген жалпы ұлттық өнімнің көлемі жедел ақпараттар көзіне сүйенетін болсақ, 4 367,9 млрд. құрап отыр. 2005 жылдың белгілі периоды бойынша жалпы ұлттық өнімнің нақты өзгеру қарқыны 109,3%-ды құрайды.
Жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу деңгейі 9,3% болып өсуі экономиканың кейбір салаларындағы нақты өнім көлемінің өсуімен түсіндіріледі. Яғни, бұл өсім өнеркәсіпте - 5%-ға, ауылшаруашылығында - 4,1%-ға, құрылыста - 37,6%-ға, көлік кешенінде - 6,5%-ға, байланыс кешенінде - 26%-ға, саудада - 9,5%-ға өскен.
2006 жылыдың бірінші жартыжылдығының индекс-дефляторы жалпы экономикада 116,3%-ды құрап, тиісті уақытта тауар өндіруде - 116,7%-ды құраса, ал қызметкөрсетуде - 112,0%-ды құрады [16].
Ағымдағы жылдың жалпы ұлттық өнім көлеміндегі тауар өндірісі мен қызмет өндірісі сәйкесінше 41,2% және 53,8%-ды құрады. Жалпы ұлттық өнім көрсеткішіндегі өндірістің негізгі бөлігін өнеркәсіп құрайды - 32,8%.
Төмендегі суреттерде ЖҰӨ -ді қолданудың соңғы қолданыс әдісінің 2004-2011 жылдар арасындағы көрсеткіші талданды. Нұсқалынған көрсеткіштерде 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі ЖҰӨ қолданыс аясының диаграммасы қалай құрылғандығы айқындалды [18].
Сурет 1. ЖҰӨ -ді қолданудың соңғы қолданыс әдісінің 2004-2011 жылдар арасындағы көрсеткіші
Екінші суретте көрсетілгендей ЖҰӨ-ді қолдануы бойынша 2005 жылдан 2011 жылдар арасындағы соңғы қолданыс және жалпы жинақ, таза экспорттың пайыздық көрсеткіші талданды.
Сурет 2. ЖҰӨ қолдануы бойынша 2005-2011 жылдар арасындағы пайыздық көрсеткіші
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының
ерекшеліктері
Оңүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ-ның даму динамикасы өткен жылдың қортындысы бойынша өңірлік өнім көлемі алғаш рет 1 трлн 135 миллиард теңгені құрады. 2009 жылмен салыстырғанда бұл 4,7%-ға көп. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің өрлеуі есебінен 10 528 жұмыс орны да ашылған. Егіншілік саласы бойынша алынған өнімдер 40%-ға дейін артты. Дегенмен, ақ алтынның отаны саналатын өңірімізде мақта өндіру өндірісі әзірге ойдағыдай емес. 15–20 центнер мақта аламыз, оны тазалағанда оданда аз [17].
Алайда, қазірдің өзінде жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып отыр.Ол үшін ел қазынасынан оңтүстікке 1.8 миллиард теңге қаражат та бөлінді. Берік Оспанов облыстағы мал шаруашылығын жандандыруда да бірқатар жобалар қолға алынып отырғанын жеткізді.
Берік Оспанов, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары: - 180 шаруа қожалығын ашамыз. Оны қамтамасыз ететін 5 үлкен орталық боладжы. Соның 2-і репродукциялық орталық және 3-і бордақылау орталығы болады.
Тағы бір айта кетерлігі,облыс бойынша бюджет көлемі 259,1 миллиард теңгені құрады,бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық. Қазына қаржысының игерілуі 99% жетті. Бюджеттік кірістердің өсу динамикасы бойынша да біздің өңір республикада бірінші орынды иеленді.
Сонымен, ірілендірілген өңірлер қалай дамыды, 2003-2010 жылдары кезеңінде олардың еліміздің экономикасын дамытуға қосқан үлесінің салыстырмалы деңгейі мен динамикасы қандай? Осы кезең ішінде еліміздің номиналды ЖІӨ-нің ең үлкен үлесі Батыс өңірі мен Алматы қаласында өндірілді, ең аз үлесі – Шығыс өңірінде.
1-сурет. 2010 жылғы номиналды ЖІӨ-дегі облыстардың үлесі, %
2010 жылы еліміздің ЖІӨ-дегі өңірлердің үлесі төмендегідей қалыптасты:
Батыс өңірі – 29,6%; Алматы – 18,2%; Оңтүстік өңір – 15,7%; Солтүстік өңір – 13,7%; Орталық өңір – 8,5%; Астана – 8,3% және Шығыс өңірі – 5,9%. ЖІӨ өңірлік құрылымының өзгеруі 2003 жылдан бастап Батыс өңірі пайдасына, оның экономикасы өсуінің жоғары қарқыны есебінен болды.
Номиналды көрсеткіштегі жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) орташа жылдық өсімінің ең жоғары қарқыны Астанада, Алматыда, Батыс өңірінде, Оңтүстік және Орталық өңірлерінде байқалды. Біршама төмен – Солтүстік және Шығыс өңірлерінде. Дағдарыстың әсерінен 2009 жылы номиналды ЖӨӨ өсіміндегі айтарлықтай тежелу Солтүстік (2,8%) және Батыс (3,5%) өңірлерінде байқалды.
Халықтың жаң басына шаққандағы ЖӨӨ өңірлер экономикасының даму деңгейін бағалау үшін ең объективті көрсеткіш болып табылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жақсы жағдай Батыс өңірінде, сондай-ақ, Алматыда және Астанада байқалады, ең нашар – Оңтүстік өңірде.
Өнеркәсіптің өңірлік құрылымында ең үлкен үлеске Батыс өңірі ие болды: 2003 жылғы 45,5%-дан 2010 жылы оның үлесі 51,2%-ға дейін өсті. Яғни, республиканың өнеркәсіп өнімінің жартысынан көбі елдің Батысында өндіріледі.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнімнің барынша көп көлемі Солтүстік және Оңтүстік өңірлерінде (жиынтығында, бұл өнімнің 70%-дан астамы) болды. Ауыл шаруашылығында, сол сияқты өнеркәсіптегі баға 2003 жыл (2002 жылға 6,3%) – 2008 жыл (2007 жылға 39,4%) аралығында айтарлықтай үдемелі үрдіске ие болды. 2008 жылы барлық ауыл шаруашылығы өңірлерінде баға барынша көп өсті. 2009 жылы бағаның өсуі күрт тоқтап қалды. Ал 2010 жылы алғаш рет баға ауыл шаруашылығында, тұтастай алғанда, республика бойынша 6,7%-ға төмендеді. Осы көрсеткіштің едәуір төмендеуі Солтүстік және Шығыс өңірлерінде байқалды.
Құрылыс
Құрылыста төрт аймақ көшбасында тұр: Батыс және Оңтүстік, сондай-ақ Астана және Алматы. Ел бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде олардың жиынтық үлесі қаралып отырған кезең ішінде тұрақты түрде жоғары болды: 2003 жылы – 86,9% және 2010 жылы – 81,9%. Жиынтық үлесі құрылымында – Батыс өңірі айтарлықтай басымдыққа ие болды. Құрылыстағы бағаның өсуі жыл сайын: 2003 жылғы 3,5%-дан 2008 жылы ең көп қарқынмен – өткен жылға 8,1% болды. 2009 жылдан бастап бағаның өсуі тоқтап қалды және 2010 жылы орташа есеппен 4,6% болды. Бағаның ең көп өсуі 2010 жылы Астанада, Орталық және Шығыс өңірлерінде, ең азы – Алматыда байқалды. Тұтастай алғанда, өңірлерде бағаның мұндай өсуін қалыпты ретінде сипаттауға болады.
Тұрғын үйлерді пайдалануға енгізудің ең көп көлемі 2010 жылы Батыс өңірінде, Астанада және Оңтүстік өңірде, біршама азы – Алматыда және Солтүстік өңірде, және ең азы – Орталық және Шығыс өңірлерінде байқалды. Егер көшбасшылар тобында бұл көрсеткіш 20-дан 25%-ға дейін ауытқыса, онда «аутсайдерлерде» ол 5%-ға дейін де жеткен жоқ.
Қызмет көрсету секторы
2010 жылғы қорытындылар бойынша елдің ЖІӨ құрылымында қызмет көрсету 52,8% болды. Елдегі көлік және байланыс бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің ең көп үлесі Алматы, Астана және Солтүстік өңірге тиесілі. Бұл ретте қаралып отырған кезеңдегі көрсеткіштің тұрақты өсуі Алматы қаласында ғана байқалды. Тауар айналымының жалпы көлемінде 2010 жылы басым үлеске Алматы ғана ие болып отыр – 40,9%. Елдің тауар айналымындағы ең көп үлес Шығыс өңірінде – 6,3%.
Инвестициялар
Инвестициялардың негізгі капиталға ең көп көлемі – Батыс және Оңтүстік өңірлеріне тиесілі. 2010 жылы ол тиісінше 2121,5 млрд. теңге және 980 млрд. теңге болды. Олардың деңгейі Солтүстік өңірде, сондай-ақ Алматы мен Астанада едәуір төмен болды: тиісінше 492,2 млрд. теңге, 407,6 млрд. теңге және 391,3 млрд. теңге. Және айтарлықтай төмен – Орталық және Шығыс өңірлерінде (229,7 млрд. теңге, 150,9 млрд. теңге). Негізгі капиталға шетелдік инвестицияларды көбінесе Батыс және Оңтүстік өңірлер тартты, олардың өсу қарқыны Алматы және Шығыс өңірінде аз болды. Астана, Солтүстік және Орталық өңірлерде инвестициялар көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2009 жылы айтарлықтай төмендеді.
Қаржылық жай-күйі
Қарастырылып отырған кезеңде экономиканың нақты секторының қаржылық жай-күйі тұрақты жақсару динамикасына ие болды: өндірістің орташа рентабельділігі 2004 жылы 25,7%-дан 2007 жылы 38,2%-ға дейін өсті. 2008 жылы қаржы дағдарысының әсерінен өндіріс рентабельділігінің өсімі 31,4%-ға дейін, ал 2009 жылы 19,8%-ға дейін бәсеңдеді, алайда 2010 жылы рентабельділік 31,2%-ға дейін өсті. Табысты кәсіпорындардың үлесі осы кезең ішінде бірталай қысқарды. Мәселен, егер 2009 жылға дейін олардың саны 62-66% аралығында болса, 2009 жылы 57,7%-ға дейін төмендеді, ал шығынды кәсіпорындардың үлесі 42,3% болды. Ең жақсы жағдай Батыс, Оңтүстік және Орталық өңірлерде орын алды. Батыс өңірдегі барынша жоғары рентабельділік мұнай өндірудің жоғары үлесімен және мұнайға бағаның өсуімен байланысты болды.
Кәсіпорындар мониторингінің деректері, жалпы алғанда, өңірлердегі өндірістің орташа рентабельділік динамикасы ірі және орта кәсіпорындардың жоғары рентабельділігіне (20%-дан астам) қатысты қамтамасыз етілетіндігін көрсетеді. 2009 жылы кәсіпорындардың қаржылық жай-күйі елеулі нашарлады: Батыс өңірде шығынды кәсіпорындардың үлесі 36,2%, ал қалған өңірлерде 40%-дан астам болды.
Кредиттік белсенділік
Осы көрсеткіш бойынша өңірлік дамуда елеулі дифференциация байқалады. Банктер берген кредиттерінің көлемі 2010 жылы 5,1 трлн. теңге – олардың жалпы көлемінің 67,3% көрсеткішіне қол жеткізген Алматы кәсіпорындары кредиттік белсенділік танытып отыр. Халыққа берілген ипотекалық кредиттердің негізгі көлемі де Алматы қаласына тиесілі. Одан барынша аз Астана, Батыс және Оңтүстік өңірлерде, одан мейлінше аз Шығыс және Орталық өңірлерде берілді.
Екінші деңгейдегі банктердегі заңды тұлғалардың салымдары шамамен 11 есеге 2003 жылғы 349 млрд. теңгеден 2010 жылғы 3986 млрд. теңгеге дейін өсті. Олардың көп бөлігі Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Халықтың салымдары, жалпы алғанда, 2003 жылғы 330 млрд. теңгеден 2010 жылғы 2182 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жерде Алматы 2010 жылы 53,4% көрсеткішпен алда келеді.
Инфляция бойынша ахуал
2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қазақстанның барлық өңірлері бойынша бағалардың өсуі байқалып отыр. Тұтынушылық баға индекстерінің барынша артуы 2003 жылы Ақмола және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ 8%-дан астам өсуі Алматыда орын алды. Әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен индекс 2007 жылы республиканың барлық өңірлері бойынша күрт өсті. Инфляцияның ең жоғары деңгейі Алматыда (27,1%) және ең төменгі деңгейі Орталық өңірде (14,2%) байқалды. 2008-2009 жылдары баға индексі айтарлықтай төмендеді, 2010 жылы ол 7,8%-ды құрады. Ең жоғары деңгей Астанада – 8,2%, ең төменгі деңгей Орталық Қазақстанда – 6,9% болды.
Жұмыссыздық деңгейі
2003-2010 жж. жұмыссыздық деңгейін төмендетудің тұрақты динамикасы: 2003 жылғы 8,8%-дан 2010 жылғы 5,5%-ға дейін қалыптасты. 2003 жылы ең жоғары жұмыссыздық деңгейі Оңтүстік және Батыс өңірлерде шамамен 10%, ең төменгі деңгей Шығыс өңірінде 7,3% байқалып отыр. 2010 жылы өңірлер бойынша жұмыссыздық деңгейі бір уақытта: Астана қаласында 5,9%-дан және Орталық өңірде 5,3%-ға дейін төмендеді әрі теңесті.
2003-2011 жылдар аралығындағы кезеңде елдің ірілендірілген өңірлері бойынша жоғарыда баяндалған талдауларды және негізгі көрсеткіштердің өзгеру деңгейі мен динамикасын қорытындылай келе, Батыс өңір мен Алматы көптеген маңызды көрсеткіштер бойынша ең жақсы деңгейді және өзгеру динамикасын көрсеткендіктен, олар даму бойынша басқа өңірлерден көш ілгері келеді деген қорытынды жасауға болады. Атап айтқанда, бұл өңірлерде елдің ең жоғарғы номиналды ЖІӨ, халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ үлесі және ЖӨӨ өсімінің жоғары орташа жылдық қарқыны байқалып отыр. Елдің өнеркәсіптік өнімдерінің жартысынан астамы Батыс өңірде шығарылады, ал қызмет көрсету секторының ең жоғарғы үлесі негізгі капиталға инвестициялардың ең көп мөлшері салынатын Алматы қаласының еншісіне тиеді [17].
ОҚО бойынша 2010 жылдан 2011 жылға дейінгі өнім жалпы табыс көрсеткіші
Сурет 3. Экономикалық қызмет түрлері бойынша аймақтардық өнім жалпы табыс
3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының болашағы
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің
жетілдіру жолдары
ЖҰӨ көрсеткіші елдің жылдық өндірісінің көлемін ақшалай сипаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЖҰӨ ұлттық шынайы экономикалық жағдайын көрсетпейді деген де тұжырымдар жоқ емес, бұл келесідей жағдайлармен түсіндіріледі.
Қоғамның игі жағдайын арттыратын балалар мен ауру адамдарды үйде қарау, үйді барлық қолайлылықтармен жабдықтау, репетитрлік сияқты қызмет түрлері туралы жүйелі және анық статистика ешбір елде жоқ. Қоғамның игі жағдайына кері әсерін тигізетін заңсыз ойын-сауықтар, есірткілік заттар мен қару сату сияқты әрекеттердің нәтижелері жалпы ұлттық өнімде қарастырылмайды. Сонымен қатар, жалпы ұлттық өнім қоғамның игілігін арттыратын, бірақ нарықтық сипаты болмайтын тұрмыстық жұмыстарды (пәтер, электрлік және радиоаппараттарын, аяқ-киім, автокөлік және т.б. жөндеу) есепке алмайды. Жалпы ұлттық өнімде қоғам мүшелерінің қолайлы жағдайларының деңгейін төмендетуге әкелетін өндірістің кері нәтижелерін бағалау (ресурстардың сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы) көрсетілмейді. Сондай-ақ жоғары дамыған экономикалық жағдайда табыстардың деңгейі игі жағдайлардың, яғни ауқаттылықтың өсуіне тең сапалы демалыс пен халықтың айтарлықтай бөлігінің бос уақытының ұзаруына жеткілікті [23].
Келесі кезекте жалпы ұлттық өнімнің негізгі макроэкономикалық көрсеткіш ретіндегі кемшіліктерін қарастырсақ:
1. Жалпы ұлттық өнім көрсеткіші елдегі өндірістің толық көлемін сипаттай алмайды. Мәселен, есептеудің күрделілігі үй шаруашылығымен аналысатын адамдардың еңбек нәтижелерін оларға қосып есептеуге мүмкіндік бермейді.
2. Жалпы ұлттық өнімде «көлеңкелі» экономиканың тұрғын халыққа тауарлары мен қызметтері мүлдем ескерілмейді. Бұлар әдетте, жеке адамдардың автомобильдері, тұрмыстық техниканы жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізу, дәрігерлік көмек көрсету, әр алуан заттарды айырбастау және тағы басқалары жатады.
3. Жалпы ұлттық өнім өндірістің қоршаған ортаға әсерін көрсетуге жағдайы жоқ.
4. Егер дамыған бір мемлекет өз тарапынан дамуы мешеу қалған кез келген мемлекетке материалдық көмек көрсететін болса, яғни белгілі бір уақыт аралығына дейін несие беретін болса, ал несие алушы мемлекет бұл несиені қайтаруға еш мүмкіндігі болмауы мүмкін. Нәтижесінде, несие беруші мемлекет бұл несиені қайтарымсыз деп танып, сызып тастауына тура келеді. Бұл сөзсіз мемлеке экономикасына, нақтылап айтсақ жалпеы ұлттық өнім көлемін қысқартыуға, яғни шығын ретінде енгізуге әкелетіні анық.
Жалпы ұлттық өнімнің өзге де проблемалар бары мәлім. Осы себептерден де жалпы ұлттық өнім есептеулерінің барлық пайдасын түсіне тұра оның ұлттың нақты әл-ауқаты дәрежесін сипаттау мүмкіндігін асыра бағалауға болмайды [25].
Жаңа Заңды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген тапсырмалары негізге алынды. Жаңа Заң қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған.
Олардың қатарында негізінен мыналар бар:
• әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану;
• педагогикалық қызметкердің мәртебесін арттыру;
• сапалы білімге қол жетімділік кепілін күшейту;
• басқару жүйесі мен білімді қаржыландыруды одан әрі жетілдіру.
Еуразия ұлттық университеті ұлттық білім беруде көшбасшылардың бірі болып табылады, оның қабырғасында еліміз басшылығы, саясаткерлер мен шетел мемлекеттерінің қоғам қайраткерлері үшін кездесулер мен жүздесулер өткізіп тұру дәстүрге айналып келеді. Бұл - Еуразия ұлттық универсиетінің беделді халықаралық ағартушылық орталығының бірі ретіндегі мәртебесінің айғағы, оның қабырғасынан шыққан немесе қазір де оқып, немесе еңбек етіп жүрген профессорлық-оқытушылар құрамының, студенттер мен аспираттардың еңбегінің нәтижесі. Осы себептен де бүгін мен еліміздің экономикасын дамыту жөніндегі Үкіметтің негізгі басымдығын айтып өтіп, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда білім беру ісінің ерекшеліктеріне тоқталып өтпекпін. Сондықтан мен дәрісімнің тақырыбын: «Білім беру – экономиканы жаңғыртудың стратегиялық тармағы» деп алып отырмын.
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз.
Соңғы жеті жылда Қазақстанда ЖІӨ өсу қарқыны орташа алғанда жылына 10 пайызды құрады. Халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ деңгейі 2006 жылы 5200 АҚШ долларына жетіп, 2000 жылғы деңгейден 4 есе артты.
Орташа мерзімді бағдарламаға сәйкес, Үкімет қызметінің стратегиялық мақсаты еліміз Президентінің маңызды бастамасын жүзеге асыру – әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады.
Осы ретте біз Үкіметте елдің бәсекеге қабілеттігі деңгейіне, экономиканың тиісті салаларының тәуекелдік бағасына ықпал ететін барлық факторларға жан-жақты талдау жасадық. Үкіметтің күш-жігері, бәрінен бұрын, өндірістің артуын ынталандыруға және экономиканың құрылымын жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Бұл қағидатты мәселе, өйткені, тек экономикалық қарым-қатынастар жүйесін реформалау арқылы біз мемлекеттің тұрақты жоғары бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуіміз мүмкін.
Қазіргі заманғы кезеңдегі маңызды міндет мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру болып табылады:
• тұтынушыларға бағытталған, сондай-ақ оларды қанағаттандыратын қызмет деңгейін, мемлекеттік қызмет сапасы мен түрін анықтау үшін тұрақты түрде халықтың арасында сауалнама жүргізу;
• мемлекеттік қызметтің сапа стандартын әзірлеу және енгізу;
• тиісті ақпарат алу және арыз айту рәсімдері қызметіне халықтың толық қол жетімділігіне мүмкіндік жасау;
• халықтың арызының шешімін табуының тиімді жағдайларын қамтамасыз ету.
«Мемлекеттің технологиялық дамуы» бұл кешенді шара іс жүзінде елімізде кезең ауысуының сапалы табалдырығынан өтуін табысты жүзеге асыруға жол ашады. Нақталып айтқанда, өнеркәсіптік және технологиялық артта қалушылықты жеңіп шығу, келешекте әлемдік саяси және экономикалық жүйеде сапалы да лайықты орын алу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі ғалымдар мен инженерлердің шығуы қоғам мен экономикада жүйелі өзгерістердің заңдық тұрғыдағы нәтижесі бола алады. Осының бәрі де экономикалық білімге өту кезеңінде «адам» капиталының мыңыздылығын тағы да бір рет айқындай түседі. Осы кезеңде білім беру ісі ерекше орын алады, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін сапалы білім берудегі педагогтердің рөлі артады.
Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр. Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса – бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді. Макроэкономика индикаторларының құрамының тұрақтануының маңызды бөлігі осы салалық және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі кәсіпорындардың бостандығына, оларға жасалған жергілікті қызметтік инфрақұрылымдардың жұмыс сапасына тікелей байланысты. Егер салалық және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі жұмыс жүйеленген индикаторлармен бағаланбаса, үкіметіміз оларға басқарудың қолпаштау механизмдерін дұрыс қолданбаса, онда экономиканы дамытудың ішкі және сыртқы факторларын жетілдіру, оларды пайдалану жолдарын әділ бағалау, халықаралық қоғамдастықта қолайлы үрдістерді жүргізу мүмкіндігі шектеулі болады. Тек қана елдің және оның жеке кәсіпкерлерінің даму басымдықтарын әділ түрде айқындай және бағалай алсақ, онда саяси-экономикалық реформаларды барынша нық сеніммен жүргізуге, сондай-ақ, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тиімді жолдарын белгілеуге мүмкіндік туады. Бірақ қазіргі күні салалық болсын, әлеуметтік жағдай болсын ел экономикасын дамытудың бар мүмкіндігі толықтай игеріліп отыр дей алмаймыз. Жер байлығы, адам күші, қаржы капиталының құндылықтары кейбір үлкенді кішілі кәсіпорындарда дұрыс және тиімді пайдаланылмай отырғаны өкінішті. Әсіресе, осы экономика салаларын басқару, сараптау-талдау жұмыстарын жүргізуде, басым бағыттарды тап басып табуда, жіберіліп жатқан кемшіліктер аз емес. Оның үстіне қолда бар қаражатты тиімді пайдалану әдістемелері де өте шектеулі. Әсіресе ішкі қаржының ұзақ мерзімді көздерін қалыптастыруға жете назар аударылмай келеді. Бұл мәселелер дұрыс шешімін табу үшін, елімізде жобаланып жатқан жаңа қаржы архитектурасында талдау және жобалау жұмыстарының жаңа әдістемелерін пайдалану қажеттігі туындайды.
Қазіргі жағдайда макроэкономиканың салалық және облыстардың, оның ішіндегі жергілікті елдер экономикасының даму саясатын зерттеу, оларды дұрыс жобалайтын әдістемелер, механизмдер мен индикаторлар жүйесін іздестіру жұмыстары аса өзекті тақырып болып отыр. Сол себепті де осы тақырыпты зерттеуге арналған диссертацияның ғылыми жағынан да, қажеттілігінің өміршендігі тұрғысынан да маңызы зор. Нарықтық қайта құрулардан кейінгі экономикалық ахуалды сапалы жағдайға көшірудің негізгі тиімділігі – экономикалық өсімдердің тұрақты дамуына қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ашық нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан үшін сала экономикасымен облыстарымыздағы әлеуметтік қызметтерін қосарлана дамытудың жүйелі, әрі жұптас әдістемелерін әзірлеу өте маңызды. Ол үшін сала және елдер экономикасының қолданбалы әдістемелік проблемаларын зерттеп, олардың экономикалық дамуын талдау мен болжау, жергілікті ел экономикасының сала экономикасымен байланыстыра отырып, макроэкономиканың құрылымдық негізін анықтау жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Бірақ Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін, оның қазіргі кезеңдегі проблемаларға сәйкес келетін даму тетіктерін, оларға сала және облыстардың экономикасының көрсеткіштері сай болуын зеттеу жағы әлі де кемістеу. Қазір Қазақстан Республикасынында макроэкономикалық саясат толықтай жолға қойылды деп айтуға болады. Бірақ оның өсу дәрежесінің тұрақтылығы салалық және әлеуметтік саясатты жасаудағы әдістемелерге, жеке кәсіпкерлер мен жергілікті басқару орындарының ара-қатынасына байланысты екені белгілі. Мәселен, салалық болжам мен макроэкономикалық болжамдар арасында бірыңғай әдістеме болмаса, макрокөрсеткіштер арасында айырмашылық туындайды. Сондықтан да салалық және әлеуметтік саясаттарды макроэкономикалық саясатпен ұштастыратын тәсілдер мен әдістемелерді мұқият сараптау қажет.
Қорытынды
Зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде қорытындылай келе:
1. Жалпы ұлттық өнімде барлық азаматтардың табысы, яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығын көлемі де көрсетіледі.
2. Атаулы жалпы ұлттық өнім көлемінде тауарлар мен қызметтер құны ағамдағы бағамен өлшенеді, ал нақты жалпы ұлттық өнім көлемінде тұрақты бағамен өлшенеді. Сол себепті нақты жалпы ұлттық өнім тауарлар мен қызметтер санының жоғарылауы нәтижесінде жоғарылайды, ал атаулы жалпы ұлттық өнімде өндірілген өнім саны мен бағасының жоғарлауынан да жоғарылай береді.
3. Жалпы ұлттық өнім төрт шығын құраушы сома болып табылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет және таза экспорт.
4. Тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қарапайым тұтынушы тұтынатын белгілі бір тауар мен қызметтер жиынының баға деңгейін көрсетеді. Жалпы ұлттық өнім дефляторы, атаулы жалпы ұлттық өнім мен нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қатынасы болып табылады, тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейін сипаттайды.
Жалпы ұлттық өнім - бір жыл ішінде экономикада өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің соңғы нарықтық құны. Бұл орайда мемлекет азаматтарының мемлекет ішінде, әрі шетелде өндірген барлық тауарлар мен қызметтерінің көлемі есептелінеді. Сонымен қатар, мекемелердің, халықтық қйымдардың материалдық және материалдық емес кірістердің сомасы да ЖҰӨ болып түсіндіріледі.
ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл теңдік өрнек болуы - осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен теңдік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету болып табылады.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрстілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ, Дегенмен, осы көрстеілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға беруші адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрі бір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады, яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары падаланатын қызмет есебі үшін жалпы ұлттық өнімнің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді.
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті. Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Анализ экономики страна, рынок, фирма: Учебник под. Редакции проф В.Е. Рыбалкина Москва Международные отнашения, 1999. Концепция развития финансового сектора Республики Казахстана
2. Отчеты KASE, НБ РК.
3. Агапова Т.А., Серегина С.Ф.: «Макроэкономика»- М: ДИС, 1999
4. Мамырова Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2004
5. Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М.ДИС, 2002
6. Фишер С.: «Макроэкономика», М: Инфра-М., 2003
7. Дорнбуш Р., Фишер С.: «Макроэкономика», М: Экономика, 1994, 349стр.
8. Агапова Т.А., Макроэкономика.-М: МГУ, 2004
9. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.П.б: Питер, 2005
10. Краткий курс микроэкономики. Под.ред.Мухамедиева Б.М.- Алматы, 2004
11. Киселева Е.А. Макроэкономика, - М,:Эксмо, 2005
12. Иванов Ю.Н. Экономическая статистика. - М.:Инфра-М, 2000.-480 с.
13. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов - инструмент макроэкономического анализа. - М.:Финстатинформ, 1996.
14. Камаев В.Д. Экономическая теория. -М.: ВЛАДОС, 1998.-640 с.
15. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы.-Алматы: Аркаим, 2003.-120 б.
16. Липпе П. Экономическая статистика. -Штутгарт, Йена, 1995.
17. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003.-432 бет.
18. Студенский П.С. Доход нации. - М.:Статистика, 1992.
19. Чепурин М.Н. Курс экономической теории. - Киров: «АСА», 1995.-327с.
20. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. - 2006 жыл.
21. Статистический пресс-бюллетень.- 2006г. Агенство Республики Казахстан по статистике.
22. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение/ под ред. Кенжегузина М.Б. - Алматы, 1997. - 350с.
23. Статистический пресс-бюллетень/под ред. Ю. Шокаманова. - Алматы. – 2004.- № 1. - 227с.
24. Ямбаев В.В., Томпиев М.К., Ильясов Ж.О. Административные барьеры и полулегальная экономика в Казахстане. – Алматы, 2004. – 134с.
25. Послание Президента народу Казахстана К конкурентоспособному Казахстану,конкурентоспособной экономике,конкурентоспособный нации Астана,19 марта 2004г.
7
Қосымша А
Кесте. Өндірістік өнімнің барлық ішкі өнімі, келесідей бағаларда
Қызметтің атауы (ҚР 03-2007) | 1 квартал 2010ж. | 1 жарты жылдық 2010ж. | 9 айлар 2010ж. | 2010 жыл | 1 квартал 2011ж. | 1 жарты жылдық 2011ж. |
Тауардың өнімі | 1 697 091,9 | 3 795 387,2 | 6 312 654,9 | 9 841 623,2 | 2 168 502,2 | 4 814 509,6 |
Ауыл шаруашылық, орман және балық шаруашлығы | 90 224,5 | 226 705,8 | 633 523,0 | 983 994,9 | 115 401,2 | 253 450,7 |
Өндіріс | 1 391 949,9 | 3 013 661,2 | 4 606 949,7 | 7 177 125,8 | 1 812 665,5 | 3 980 944,9 |
Тау жыныстарының өндірісі және карьерлердің өндірісі | 830 790,6 | 1 732 753,2 | 2 591 097,1 | 4 249 267,9 | 1 096 759,2 | 2 366 942,0 |
Өндірілуші өндіріс | 439 983,2 | 1 069 292,1 | 1 706 620,7 | 2 469 804,1 | 568 258,4 | 1 363 436,6 |
Жарықпен қамтамасыз ету, газдың, будың және әуе кондицинерлеуін жіберу | 108 062,6 | 179 413,8 | 262 688,8 | 391 236,4 | 127 691,4 | 214 517,2 |
сумен жабдықтау; құбырлық жүйе оның бақылауы мен жинақтауы, бөлуін бақылау | 13 113,5 | 32 202,1 | 46 543,1 | 66 817,4 | 19 956,5 | 36 049,1 |
Құрылыс | 214 917,5 | 555 020,2 | 1 072 182,2 | 1 680 502,5 | 240 435,5 | 580 114,0 |
Қызмет өндірісі | 2 195 486,7 | 4 679 378,2 | 7 396 284,8 | 11 274 267,8 | 2 709 266,5 | 5 539 673,2 |
көтерме және бөлшекті сауда, автокөлік және мотоцикдардың жөнділуі | 531 247,1 | 1 115 910,0 | 1 831 344,2 | 2 834 219,3 | 656 672,0 | 1 382 074,4 |
Транспорт және қойма | 291 463,0 | 642 227,6 | 1 114 733,6 | 1 750 835,6 | 359 362,0 | 717 493,1 |
Азықтану мен тұрғылық қызметі | 43 986,6 | 75 939,6 | 125 190,9 | 188 935,4 | 55 024,0 | 93 949,9 |
Информация және байланыс | 112 890,4 | 254 126,9 | 392 645,8 | 675 234,2 | 137 498,6 | 308 825,5 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 148 655,2 | 381 722,3 | 565 020,3 | 792 399,5 | 187 921,8 | 429 688,2 |
жылжымалы мүліктік операциялар | 383 305,3 | 822 896,2 | 1 201 660,9 | 1 884 428,6 | 453 937,6 | 932 601,1 |
Профессионалды, ғылыми –техникалық қызмет | 214 186,3 | 381 415,5 | 550 243,1 | 841 846,1 | 273 745,3 | 482 546,9 |
Әкімшілік және қосымша қызмет жасау қызметінің облысы | 105 334,9 | 193 368,6 | 290 835,9 | 419 847,0 | 115 858,3 | 222 587,4 |
мемлекеттік және қорғаныс басқармасы; міндеттемелік және әлеуметтік қамтамасыздандыру | 79 134,8 | 188 962,6 | 297 816,9 | 456 417,0 | 98 907,6 | 192 462,6 |
Білім беру | 148 092,7 | 313 378,4 | 478 451,3 | 704 180,6 | 191 545,9 | 372 211,7 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер | 79 996,2 | 177 934,4 | 297 399,9 | 377 936,9 | 105 815,0 | 216 970,4 |
Өнер, ойын – сауық және демалыс | 22 882,2 | 57 787,0 | 89 221,6 | 130 801,1 | 29 953,7 | 68 858,0 |
өзге де қызмет көрсету түрлері | 31 172,7 | 66 504,4 | 150 677,0 | 200 807,6 | 38 070,5 | 109 375,2 |
Үй шаруашылық қызмет, үй қызметшісі және өзіндік пайдалану қызметі | 3 139,3 | 7 204,7 | 11 043,4 | 16 378,9 | 4 954,2 | 10 028,8 |
Салалар бойынша қорытынды | 3 892 578,6 | 8 474 765,4 | 13 708 939,7 | 21 115 891,0 | 4 877 768,7 | 10 354 182,8 |
қисынды - өлшеуші қаржылық қызметтің делдалы | -69 194,1 | -196 113,2 | -314 041,3 | -466 859,4 | -134 934,7 | -268 696,1 |
Барлық қосылған құн | 3 823 384,5 | 8 278 652,2 | 13 394 898,4 | 20 649 031,6 | 4 742 834,0 | 10 085 486,7 |
Таза салық пен азықтар және импорттар | 197 493,9 | 433 491,7 | 740 329,7 | 1 166 485,4 | 419 491,0 | 898 348,8 |
Барлық ішкі өнім | 4 020 878,4 | 8 712 143,9 | 14 135 228,1 | 21 815 517,0 | 5 162 325,0 | 10 983 835,5 |
7