Жалпы ұлттық өнім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:10, курсовая работа

Описание

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатасушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.

Содержание

Кіріспе 5
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері 7
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері 7
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі 8
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары
1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы
9
10
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері
16
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың демографиялық көрсеткіштермен байланысы
16
2.2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатының жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеу әдістері
21
2.3 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
23
25
3.1 Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы
3.2 Жұмыссыздарды еңбекпен қамту
25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа состоит из  1 файл

Жалпы ұлттық өнім.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

 

    2 Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы негізгі макроэкономика-

       лық көрсеткіштердің динамикасы 

   2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ

           көрсеткіштерін талдау 

   Елбасы  Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан  халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне  оны әлемдік экономикаға интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.

   Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.

   Екінші  кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт. Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды [13].

   Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды [14].

   Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.

   Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі  қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті. Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие.

   Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат  кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал  балқыту жөніндегі қазіргі заманғы  технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек [14].

   Қазақстанның  өзара қатынастардың жаңа класына  кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын  өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады.

   Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы  қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.

   Өз  өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына  қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді  жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.  
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз. 1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек [15].

   Адам  басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге  жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.

   Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың адам басына шаққан мөлшері жөнінен біз көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз. Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан артық. Яғни біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі де осыған сәйкес төмен

   Қазақстан экономикасы үшін 1991-2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену  және реформалар кезеңі деп белгіленді. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елімізде 1994-1998 жылдары ешқандай алға басу болған жоқ. Қазақстанда 1994-1998 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсуі теріс (-4,2 %) қарқын алды. 1996 және 1997 жылдар бұдан өзгеше болды, онда ЖҰӨ тиісінше 0,5% және 1,7%-ды құрады (өткен жылдың тиісті кезеңіне шаққанда). 1998 жылы ЖҰӨ көлемі 1994 жылдағы деңгейдің 91,4%-ын құрады. Экономистердің есебі бойынша, 2010 жылы 1990 жылдың деңгейіне жету үшін жалпы ұлттық өнімнің өсуін жыл сайын 3,5-4%-ға қамтамсыз ету қажет болды. Мұндай сәтсіз нәтижелер тек қана ішкі факторлардың ғана емес, сонымен бірге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресесйдегі қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуі және т.б. жағдайларға байланысты туындағын.

   1999 жылдан мұнайға және шикізаттың басқа да түрлеріне бағалардың өсуіне, теңгенің құнсыздануына байланысты жағдай жақсарды. 1999 жылы жалпы ұлттық өнім 2,7%-ға (1998 жылмен салыстырғанда), 2000 жылы - 4,9%; 2003 жылы - 4,2; 2004 жылы - 3,6% болды [17].

   Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшін республиканың орта мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Стратегиясында келесі іс шаралар белгіленген:

  • алдағы уақытта жалпы ұлттық өнімнің даму қарқынын және теңгені құнсызданудан сақтау;
  • инфляциялық процестерді тежеу;
  • сауда және төлем балансында оң сальдоға жету және т.б.

   Қазақстандағы өндірілген жалпы ұлттық өнімнің  көлемі жедел ақпараттар көзіне сүйенетін  болсақ,  4 367,9 млрд. құрап отыр. 2005 жылдың белгілі периоды бойынша жалпы ұлттық өнімнің нақты өзгеру қарқыны 109,3%-ды құрайды.

   Жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу деңгейі 9,3% болып өсуі экономиканың кейбір салаларындағы нақты өнім көлемінің өсуімен түсіндіріледі. Яғни, бұл өсім өнеркәсіпте - 5%-ға,  ауылшаруашылығында - 4,1%-ға,  құрылыста - 37,6%-ға,  көлік кешенінде - 6,5%-ға,  байланыс кешенінде - 26%-ға, саудада - 9,5%-ға өскен.

   2006 жылыдың бірінші жартыжылдығының  индекс-дефляторы жалпы экономикада  116,3%-ды құрап, тиісті уақытта  тауар өндіруде - 116,7%-ды құраса, ал  қызметкөрсетуде - 112,0%-ды құрады [16].

   Ағымдағы  жылдың жалпы ұлттық өнім көлеміндегі тауар өндірісі мен қызмет өндірісі сәйкесінше 41,2% және 53,8%-ды құрады. Жалпы ұлттық өнім көрсеткішіндегі өндірістің негізгі бөлігін өнеркәсіп құрайды - 32,8%.

   Төмендегі суреттерде ЖҰӨ -ді қолданудың  соңғы  қолданыс әдісінің 2004-2011 жылдар арасындағы көрсеткіші талданды. Нұсқалынған көрсеткіштерде 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі ЖҰӨ қолданыс аясының диаграммасы қалай құрылғандығы айқындалды [18].  
 
 

   

   Сурет 1.  ЖҰӨ -ді қолданудың  соңғы қолданыс әдісінің 2004-2011 жылдар арасындағы көрсеткіші  

   Екінші  суретте көрсетілгендей ЖҰӨ-ді қолдануы бойынша 2005 жылдан 2011 жылдар арасындағы соңғы қолданыс және жалпы жинақ, таза экспорттың пайыздық көрсеткіші талданды.

   

   Сурет 2. ЖҰӨ қолдануы бойынша 2005-2011 жылдар арасындағы пайыздық көрсеткіші 
 

   2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының

         ерекшеліктері 

   Оңүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ-ның  даму динамикасы өткен жылдың қортындысы бойынша өңірлік өнім көлемі алғаш рет 1 трлн 135 миллиард теңгені құрады. 2009 жылмен салыстырғанда бұл 4,7%-ға көп. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің өрлеуі есебінен 10 528 жұмыс орны да ашылған. Егіншілік саласы бойынша алынған өнімдер 40%-ға дейін артты. Дегенмен, ақ алтынның отаны саналатын өңірімізде мақта өндіру өндірісі әзірге ойдағыдай емес. 15–20 центнер мақта аламыз, оны тазалағанда оданда аз [17].

   Алайда, қазірдің өзінде жерді қайта қалпына  келтіру жұмыстары қолға алынып отыр.Ол үшін ел қазынасынан оңтүстікке 1.8 миллиард теңге қаражат та бөлінді. Берік Оспанов облыстағы мал  шаруашылығын жандандыруда да бірқатар жобалар қолға алынып отырғанын жеткізді.

   Берік Оспанов, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары: - 180 шаруа қожалығын ашамыз. Оны қамтамасыз ететін 5 үлкен орталық боладжы. Соның 2-і репродукциялық орталық және 3-і бордақылау орталығы болады.

   Тағы  бір айта кетерлігі,облыс бойынша  бюджет көлемі 259,1 миллиард теңгені  құрады,бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық. Қазына қаржысының игерілуі 99% жетті. Бюджеттік кірістердің  өсу динамикасы бойынша да біздің өңір республикада бірінші орынды иеленді.

Информация о работе Жалпы ұлттық өнім