Жанжалдың жалпы теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 11:43, реферат

Описание

Американ социологы Льюис Козер әлеуметтік тартысты “құндылық үшін күрес және белгілі бір мәртебеге, билікке және ресурсқа талаптар қарсыластардың мақсаты қарсыласты бейтараптандыру, зиян шектіру немесе жою болып табылатын күресі ” деп түсінеді.

Работа состоит из  1 файл

Жанжалдың жалпы теориясы.doc

— 34.00 Кб (Скачать документ)

Жанжалдың жалпы теориясы 

Американ  социологы Льюис Козер әлеуметтік тартысты “құндылық үшін күрес және белгілі бір мәртебеге, билікке және ресурсқа талаптар қарсыластардың мақсаты қарсыласты бейтараптандыру, зиян шектіру немесе жою болып табылатын күресі ” деп түсінеді.

       Қоғамның  жай – күйіне қарай Козер әлеуметтік тартысқа жіктеме жасайды. Ол жабық  қоғамда тартыстың әлеуметтік байланыстарды  бұзуы, оны жауласқан топтарға бөлуі  революцияға алып келуі мүмкін екендігін  көрсетеді. Ашық қоғамда тартысқа шығатын  жол беріледі (олар клапан ролін атқарады), яғни ол шиеленісті бәсеңдетеді. Сонда ғана олар қоғам дамуына жағдай жасайтын оң әлеуетті иелене алады.

       Тартыстың жалпы теориясын американ социологы  Кеннет Эварт Болдуинг те жасайды, ол бұған арнап “Тартыс және қорғау: жалпы теория” деген еңбек жазды. Ол қазіргі қоғамдарда әлеуметтік тартыстарды реттеу мүмкін және қажет екендігін айтады. Болдуинг тартысты қоғамдық өмірден айырғыссыз деп есептейді. Әлеуметтік тартыстардың мәні туралы түсінік қоғамды оларды бақылауға және басқаруға, олардың салдарын алдын – ала көруге мүмкіндік береді. Ғалымның пікірінше, тартыс – тараптардың өздерінің ұстанымдарының сәйкес келмейтінін түсінген және өз әрекетімен қарсыласты анықтауға ұмтылған ахуалы.

       Тартыс  тараптар өздерінің қарсылықтарын және өздерінің оған деген қарым – қатынасын сезінетін әлеуметтік өзара әрекеттесуінің түрі ретінде әрекет етеді. Міне, осы кезде олар саналы түрде ұйымдасады, күрес стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Күрес принциптері ғасырлар бойы қалыптасқан.

     Тартыс теорияларының зерттейтін негізгі  мәселелерінің бірі - әлеуметтік өмірге жеке бас мәселесінің кірігуінің нақты механизмін ашу болып табылады. Бұл әр жеке тұлғаның іс - әрекетіне қоғам шарттарының әсерін түсіну үшін қажет.

             Тартыс - әлеуметтік жүйелер өзгерісінің негізгі көзі.

Тартыстың жалпы жүру заңдылығы келесі кезеңдерден  тұрады:

  • потенциалды қызығушылықтың, құндылықтардың, нормалардың қарама – қайшылықтарының тууы;
  • потенциалдық тартыстың шынайы тартысқа ұласуы немесе тартысқа қатысушылардың өздерінің дұрыс не бұрыс түсінген ойларын саралауы;
  • тартыстық іс - әрекеттер кезеңі;
  • тартыстың шешілу кезеңі.

Карл  Маркстың жанжал теориясы

 

Жанжал  теориясына қарама – қайшылықтардың теориясы мен революциялық класс  және әлеуметтік өзгерістің моделін  зерттеу арқылы өзінің айтарлықтай үлесін қосқан Карл Маркс. Американ социологы Дж. Тернер Марксті жанжал теориясының негізін салушылардың бірі деп санап, оның жұмыстарын зерттей отырып, Марксистік ілімнің мынадай келесі негізгі ұстанымдарын бөліп көрсеткен болатын:

  1. Әлеуметтік қатынастар жүйе қасиетін көрсеткенімен, олар өз құрамында көптеген жанжалдық қызығушылықтардың көп мөлшерін кіргізеді.
  2. Әлеуметтік жүйе жүйелі түрде жанжал тудырады.
  3. Сондықтан, жанжал әлеуметтік жүйенің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады.
  4. Мұндай жанжалдар қызығушылықтардың қарама – қайшылығына негізделген болады.
  5. Жанжал көбінесе ресурстардың жетіспеуінен, әсіресе биліктің жетіспеуінен туындайды.
  6. Жанжал - әлеуметтік жүйелердің өзгерісінің негізгі көзі.
  7. Әр жанжалдың антагонистік сипаты бар.

Маркстің  негізгі тезистері:

 
  1. Жүйеде  жетіспейтін ресурстар біркелкі таралмағаннан, жүйелердің билеушілері  мен бағынушыларының қызығушылықтар жанжалы туады.
  2. Бағынушылар тобы өз қызығушылықтарын терең түсіне бастаса, онда жетіспеуші ресурстардың таралуының әділеттілігі мен заңдылығына күмәндана бастайды.
  3. Бағынушылар тобы өз қызығушылықтарын қаншалықты тереңірек түсіне бастаса, жетіспеуші ресурстардың таралуының әділеттілігі мен заңдылығына күмәндана бастаса, онда олардың бірігіп жүйенің билеуші тобымен  ашық жанжалға түсу мүмкіндігі көп.
  4. Билеушілер мен бағынушылардың поляризациясы қаншалықты үлкен болса, соншалықты жанжал күштірек болады.
  5. Жанжал қаншалықты күшті болса, соншалықты жүйе құрылымының өзгерісі мен жетіспеуші ресурстардың қайта бөлінісі болады.

Осы Тернермен  ұсынылған Маркстің негізгі тезистері  жанжалдың себептері мен факторларын  айқындайды.

       Маркс қоғамның әлеуметтік жанжалының  теориясын дамытты. 

Георг Зиммелдің “Жанжалдық функционалдылығы”

Георг Зиммелдің “Жанжалдық функционалдылығын” көптеген теориялық жанжалдың негізін салушы ретінде қарастырады. Ол қоғамда жанжал шарасыз және міндетті деп ойлады. Зиммель қоғамның әлеуметтік құрылымын ассоциация мен диссоциацияның, олардың элементтерінің жанжалмен өзара байланысқан процестердің түрінде көрсеткен болатын. Бұл міндетті түрде әлеуметтік өзгерістер мен жүйенің құлауына әкеледі.

            Зиммель жанжалдың зардаптарының  қолайлы жақтарын бөліп көрсетеді:  әлеуметтік жүйенің сақталуы  мен нығаюы бүтіндікке әкеледі,  әлеуметтік ағзаның унификациясы мен біріктіруін қамтамасыз етеді. Жанжал көздері ретінде Зиммель тек қана қызығушылықтардың қақтығысын қарастырмайды, бұған қоса адамдардағы “жаугершілік инстинкттің” көрінісін қосады. “Жаугершілік инстинкті” жанжалды ушықтырады. Жанжалды бәсеңдету үшін сүйіспеншілік пен сыпайылық инстинкттерінің көмегімен жүзеге асады.

          Яғни, Зиммель жанжалдың сипатына  әсер ететін өзіндік факторларды:  жек көрушілік пен сүйіспеншілік  факторларын қарастырады. 

     Зиммель жанжалды әр түрлі интенсивтік пен  күш көрсететін өзгермелі айнымалы ретінде қарастырады. Оның ең шеткі нүктелері бәсекелестік пен күрес болып табылады. Күресті Зиммель жақтардың ретсіз ұрысы ретінде қарастырды. Бәсекелестік – жақтардың белгілі бір дәрежеде реттелген түрдегі күресі. 

     Жанжал  өткірлігін сипаттайтын Зиммельдің басты ұстанымдары:

      1. Жанжалға қанша топ араласқан болса, жанжалдың өткірлігі соншалықты жоғары болады;
      2. Жанжалға қатысатын топтар қаншалықты жүйелі болса, соншалықты жанжал өткір болады;
      3. Жанжалға қатысушылардың бірігуі қаншалықты үлкен болса, соншалықты өткір.
      4. Жанжалға қатысушылардың ертедегі келісімі қаншалықты берік болса, соншалықты жанжал өткір.
      5. Әлеуметтік құрылыммен шектелмеген топтардың қатысуымен жүзеге асатын жанжал, өткір болып келеді.
      6. Жанжал әр адамның мақсатына айналса, соншалықты өткірігірек болады.
      7. Жанжал әр адамның жеке бас мақсаттары мен қызығушылықтарының шегінен шығып кетсе, соншалықты өткір болады.
 

    Жанжал  – адамдардың, топтардың олардың  мақсаттары, қызығушылықтары мен  құндылықтарының келіспеушілігіне, қоғамдағы орнатылған тәртіпке, билеуші топтар саясатына қарсылығы мен наразылығын білдіру болып табылады.

Информация о работе Жанжалдың жалпы теориясы