Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 21:59, реферат
Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек кодемінің, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.
Жеке еңбек келісім-шартының мазмұны
Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек кодемінің, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.
Еңбек келісім-шартының мазмұны:
* екі жақтың реквизиттері;
* нақты мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша (еңбек функциясы) жұмыс;
* жұмыс атқару орны;
* еңбек келісім-шартының мерзімі;
* жұмысты бастаған күні;
* жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
* еңбек ақы мөлшері және басқа да шарттары;
* егер жұмыс ауыр, әрі зиянды және қауіпті (аса қауіпті) жағдайларда болғандағы еңбек шартының сипаты, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
* жұмысшының құқы мен міндеттері;
* жұмыс берушінің құқы мен міндеттері;
* еңбек келісім-шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
* кепілдіктер мен төлем жеңілдіктері, оларды төлеу тәртібі;
* сақтандыру шарттары;
* екі жақтың жауапкершіліктері;
* бекіткен күн мен реттік номері.
Еңбек келісім шартын бекіту
Еңбек келісім-шарты жазбаша түрде, еі данамен және екі жақтың қол қоюы арқылы жасалады. Еңбек келісім-шартының әр данасы жұмысшы мен жұмыс берушіде сақталады. Жұмысшының еңбек келісім-шартының бір данасын алғаны жазбаша түрде анықталады.
Еңбек келісім-шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, соның ішінде басқа жұмысқа ауысу кезінде екі жақпен жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Еңбек келісім-шартын өзгерту туралы ұсыныс екі жақтың біреуімен жазбаша түрде жасалады және оның түскен күнінен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде келесі жақ қарайды.
Ұйымның атқарушы органдағы қызметтік тұлғалармен келісім-шарт ұйым мүлкінің иелерімен немесе оның өкілетті тұлғасы немесе ұйымның құрылтайшылық құжаттарымен бекітілген тәртібі бойынша органмен жасалады.
Жұмысқа қабылдауды рәсімдеу
Жұмысқа қабылдау жасалған келісім-шарт негізінде шыққан жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді.
Жұмыс беруші үш күндік мерзімде жұмысшыны актімен (бұйрықпен) таныстыруы тиіс. Жұмыс берушінің актісімен танысу жұмысшының қолымен куәланады.
Жұмысшының талабы бойынша жұмыс беруші актінің бекітілген көшірмесін беруі тиіс.
Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшыны ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережесімен, жұмысшының
қызметіне қатысты басқа да жұмыс берушінің актілерімен (еңбек функциясы), ұжымдық келісім-шарттармен таныстыруы тиіс.
Жұмысшының еңбек қызметін анықтайтын құжаттар
* еңбек кітапшасы;
* жұмыс берушінің оның күні мен тоқтаған негізі туралы белгі белгіленген еңбек келісім-шарты;
* еңбек келісім-шартын бекіту және тоқтту негізіндегі еңбек қатынастарының тууы мен тоқтағанын анықтайтын жұмыс беруші актісінен көшірме үзінді;
* жұмысшыларға жалақы беру ведомостінен көшірме үзінді;
* жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйым мөрімен немесе нотариуспен бекітілген қызметтік тізім (жұмыс туралы, жұмысшының еңбек қызметі туралы мәлімет тізімі);
* жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтер бар мұрағаттық анықтама.
Ақпарат үшін!
Жұмыс беруші жұмысшының еңбек кітапшасына ұйымдағы еңбек қызметтері туралы сәйкес жазбаларды (егер бар болса) енгізуі тиіс.
Еңбек кітапшасына еңбеке келісім-шартын тоқтату себебі туралы жазба дерек Еңбек кодемінің нормасын көрсету арқылы жүзеге асуы тиіс.
Жеке еңбек келісім-шартын тоқтату және бұзу
Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Енбек кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.
Жеке еңбек келісім-шарты мына жағдайларда тоқтауы мүмкін:
* екі жақтың келісімімен еңбек келісім-шартын бұзған кезде;
* еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталса;
* жұмыс берушінің ықыласы бойынша келісім-шартты бұзған кезде;
* жұмысшының ықыласымен еңбек келісім-шартын бұзған кезде;
* екі жақтың еркінен тыс жағдайлар бойынша;
* жұмысшының еңбек қатынасын жалғастырудан бас тартқан кезінде;
* Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жағдайлардан басқа, еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін шектейтін қызметке тағайындау немесе жұмысшыны таңдау жұмысына ауыстырған кезде;
* Еңбек келісім-шартын бекіту шарттарының бұзылуы кезінде;
* Жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен бекітілген, еңбек келісім-шартында қарастырылған негіздемелер бойынша.
Еңбек келісім-шартын тоқтату жұмыс беруші – жеке тұлғаның қайтыс болған жағдайындағы (сотпен өлген деп танылса немесе хабарсыз жоғалған деп танылса) және үй жұмысшыларымен еңбек келісім-шартын тоқтатуды санамағанда, жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді.
Еңбек келісім-шартын тоқтату күні Еңбек кодексінде қарастырылған жағдайлардан тыс, соңғы жұмыс күні болып табылады.
Назар аударыңыз!
Жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі мен еңбек демалысы кезеңінде еңбек келісім-шартын тоқтатуға жол берілмейді (соның ішінде жүктілік пен босану кезінде).
Жеке еңбек келісім-шарты мына жағдайда бұзылады:
* Екі жақтың келісімімен. Еңбек келісім шартының жағы хабарламаны екінші жаққа жібереді. Хабарлама алған жақ үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы екінші жаққа жазбаша хабарлауы тиіс.
* Жұмыс берушінің ықыласы бойынша. Жұмыс беруші, еңбек келісім-шартында ұзақ мерзім қарастырылмаса, келісім-шартты бұзу туралы жұмысшыға бір ай бұрын хабарлауы тиіс.
* Жұмысшы ықыласымен. Жұмысшы, Еңбек кодексінің 57 бабының 4 тармағында қарастырылған жағдайлардан тыс, бір ай бұрын еңбек келісім-шартын бұзатыны туралы хабарлай отырып, өз ықыласымен бұза алады.
* Жұмысшының таңдау жұмысына ауысуына байланысты. Мұның негізі жұмыс берушінің жұмысшыға хабарлауы және таңдау актісі немесе жұмысшыны қызметке тағайындау болып табылады.