Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың әкономикалық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 19:49, реферат

Описание

Жерді пайдаланудың фуикциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны болмайды.

Работа состоит из  1 файл

реф микро.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасындағы жер нарығының ерекшеліктері

 

Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың

әкономикалық мәселелері

Жерді пайдаланудың фуикциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.

Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны болмайды.

Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатыи табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет. Бұл мынаны білдіреді: келешекте бұлінген топырақ қабаттары қарқынды шаруашылық қызметке жарамсыз болады. 2,5 см қалыңдықтағы топырақ қабатының қалпына келуі үшіи 300-100 жыл керек, ал 18 см егістік қабатының қалпына келуі үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен.

Біздің планетамыздың беті - 510 млн км2 (51 000 млн га). Оның көп бөлігі - 361 млн км3 (36 100 млн га), яғни 71%-ін су алып жатыр; құрлыққа тиесілі - 149 млн км2 (14 900 млн га). Бұл территорияның 4 060 млн га (28%-ін), орман алып жатыр, шалғын мен жайылым - 2 600 млн га (17%), өңделетін жер (еігістік) - 1 450 млн га (10%). Жер категориясы бойынша жер ресурстарының бөлінуі диаграммада бейнеленген:

Жер ресурстарын қолдануда қалыптасқан жағдай келешекте ауыл шаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіңдік бермейді. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімін алу үшін ендігі жерде, яғни бұдан былай өзгермейтін пайдалы жер пайдаланылады.

Жер - өндіріске мәңгілік қажетті жағдай әрі ол дұрыс пайдаланылатын болса, оның құнарлығы түресілмейді (таусылмайды). Тек бір мәрте пайдаланылуы ықтимал минералдық және орман ресурстарынан айырмашылығы жер жыл сайын өнім бере алады. Жерді пайдаланудан түсетін табыс бір емес, бірнеше мәрте түсетіндіктен экономикалық бағалауда бұл табыс пайдаланылған уақыт ішінде осы учаскіден түскен табыстың жалпы шамасын аынқтау үшін жиынтықталуы қажет деп саналады.

Бұл тәсіл алуан түрлі әр мезгілде уақыттың бір сәтінде алынатын орман шаруашылығы өнімдерін келтіру жолымен ағаш өнеркәсіптерін орналастырушы ұйымдардың іс-тәжірибесінде кеңінен тараған деуге болады. Проблеманың мәнін мынадай шартты мысалмен түсіндіруге болады. Айталық, екі орман учаскесі бар. Бірінші учаскіде 50 жылда пісіп жетілетін қайың, ал екіншісінде - 100 жылдан соң кесуге жарайтын қарағай өседі. Қайыңды кесуден 100 м3 ағаш және 150 тенге табыс алынса, қарағайды кесуден 200 м3 жене 300 тенге табыс алыыады. 100 жылдың экономикасы дамыған елдерде Е дисконтты коэффиценті 0,02-ден 0,08-ге дейінгі шекте қабылданған.

Соңғы жылдары түпкілікті өнім есімінің қарқыны күрт төмендеп кетті, алдыңғы кезеңге арналған капитал салымына жоспарланған мөлшері өте аз, сол себепті де нармотив көп төмен болуы керек, әдеттегіше капитал салымы тиімділінің нармотивіне қарағанда әлде қайда кем болуы қажет. Халық шаруашылығы бойынша ірі есептердің нәтижесі көрсеткендей дисконттаушы көбейткіш шетелдерде қабылданған нармотивке сәйкесетін 0,02 - 0,04 шегіндегі шамаға ие болуы керек.

Табиғат ресурстары оның ішінде жер еңбек өнімі болып табылмайды, осыған орай оның ақшалай бағасы әділ түрде толық анықталатын болса да құны болмайды. Алайда ол бағаланған ресурстарды игерудің өткен шақтағы шығынымен емес өндіріске - бұрын пайдаланылмаған учаскені игеруге кеткен шығынмен беріледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ

ҚАЛЫПТАСҚАН ЖЕР ИЕЛЕНУШІЛЕР МЕН   ЖЕР

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ.

Нарықтык экономикаға көшу, акылы жер пайдалану жүйесін енгізу, мемлекеттік жер меншігі мен қатар шектеулі түрде оның жеке меншікте болуын, жерді жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу объектісі ретінде бағалау, жер реформасының эрі қарай даму жөніндегі міндеттерді, оның жаңа кезендерін белгілейді. Жердің үлымды пайдаланылуына және корғалуына мүдделІ жер пайдаланушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, сонымен бірге жер рыногінда дамуына жағдай жасау өзекті мәселелердін бірі болып табылады.

Жер реформасы казіргі кезенде мыңадай бағыттарда жүзеге асырылуда:

-              техникалық жағынан дәлді, экономикалық және экологиялық тұрғыдан
негізделген шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау және
жер бетіне түсіру арқылы азаматтар мен занды тұлғалардың жер үлестерінін
аудандары мен межелерін нақтылау;

- қазіргі   жер   үлестерін   пайдалануға   немесе   иеленуге   құқық   беретін
кұжаттарды нақтылау, жаналарын дайындау және заң органдарында тіркеу;

- зерттеу және іздестіру материалдарын жаңарта отырып, жер кадастры
істерін қалыптастыру және мемлекеттік жер кадастырын жүргізу;

-              кейінкен кайта бөлу мақсатымен арнайы жер қорын жасау және оның
сапалық күйін талдау;

-              жердің    пайдаланылуы    және    қорғалуы    жөніндсгі    мониторинг    пен
мемлекеттік бақылауды жүргізу;

- өндіргіш қасиеттерін топырақ кұнарлылығын, орналасуын, суландырылғандығына және т.б. ескере отырып, жердің әрбір учаскесінен пайдалану тиімділігін әрі қарай арттыру мақсатымен жерді категориялары және алаптары бойынша қайта бөлу;

-жерді, қала жерлері мен ауылшаруашылық алаптарыныда базистік ставкаларын, арттыру және кеміту коэффициенттерін, жер рыногін дамыту және салық көлемін анықтау мақсатымен, толық түгелдеу және кұңдық тұрғыдан бағалау;

-территория   реттілігін   қалпына   келтіру   және    одан   ары    жетілдіру мақсатынан нақты ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау;

-ауылды  елді  мекендердің  жүйесін  түгелдей  отырып,  олардың жаңадан ұйымдастырылған   шаруашылық   құрылымдарының   орталықтары   ретінде пайдаланылуын белгілеу.

Жер реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде республикада шаруашылық жүргізу субъектілерінің құрамы мен жер меншігінін формалары айтарлықтай өзгерді. Үш миллионнан астам азаматтар жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, саяжай, тұрғын үй және баска құрылыстарды жүргізу үшін жеке меншікке жер учаскелерін алды. Шаруа (фермерлік) қожалықтары да дамуда. Олардың жалпы саны 2007 ж. 1- қарашасында 151,9 мыңға жетті. Бұлардын қарамағына 32,8 млн.ға, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердін 39,4 %, пайдалануға берілген. Ауылшаруашылық   кәсіпорындарды жекешелендірудің нәтижесінде республикада 6.5 мыңға таяу мемлекеттік емес жаңа агроқұрылымдар пайда болды, солардың ішінде: 2 мыңға жуық ауылшаруашылық кооперативтері, 3 мыннан астам шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдары, 1,5мындай басқа кәсіп орындармен ұйымдар. Шаруа қожалықтары мен жоғары аталған шаруашылық субъектілерінің қарамағында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердін 96,6 % қамтылған. Осы субъектілердің басым бөлігіне жерді-тұрақты пайдалануға құкық беретін кұжаттар тапсырылған, ал шаруа қожалықтарының алғашқыларында (1991-1995 ж.ж.), сол кездегі Қ.Р. Жер Кодексіне сәйкес берілген жерді өмір бойы иеленуге және мұра ретінде қалдыруға құқық беретін, мемлекеттік актілері бар. Дегенмен жаңа Жер Кодексі (2003ж) бойынша аталған құқық иелері өз қарамағындағы жерді сатып алуға немесе әр түрлі мерзімге жалға алуға тиісті.

Ұйымдастырылған агроқұрылымдардағы жаңа формалары өлі тұрақтанған
жоқ. Ауылшаруашылық     кәсіпорындарының,              серіктестіктердің, кооперативтердің, шаруа қожалықтарынын бұрыннан барларының жойылу және жақаларының құрылу процесі жалғасуда.

Сондай-ақ, мемлекеттік ҒЗИ мен оку - тәжірибелік шаруашылықтары да біршама көбеюде. Соңғы 5 жылдың ішінде олардың саны 342 ден 593 дейін өсті. Бұл шаруашылықтар категориямына жататындардын ауданы айтарлықтай көп емсе. Республика бойынша олардын жалпы ауданы 1,5 млн.га төңірегінде.

ЖЕРГЕ ҚҰҚЫҚ БЕРЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ

ТАПСЫРУ

Жерге құқық беретін кұжаттарды рәсімдеу және тапсыру жер-кадастрлық істерді тіркеу, азаматтар мен заң түлғаларыныц құқықтарына қорғау, жер рыногін қалыптастыру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жердің пайдалануын және қорғалуын бақылау ісінде негізгі тетік болып табылады.

Жер кұқығын растайтын құжаттармен (актілер) қатар жер учаскелерінің пландары жасалып тапсырылады. Әрбір жер учаскесіне жер-кадастрлық іс жасалады.

2001 ж. қаңтарында қабылданған "Жер туралы" заңға дейін жер учаскесіне жеке меншік және тұрақты жер пайдалаңу кұқықтарын куәландыратын актілер берілген болатын. Жоғарыда аталған заңнын 124 б. бойынша енді барлық ШФК, мен мемлекеттік емес заң тұлғаларының ұзақ мерзімді жалдаушыларға айналды. Занды жүзеге I асыру мақсатымен бүкіл жер пайдаланушылардын учаскелері қайта тіркеуге алына бастады. Бұл іс-қимылдардың астарына жұртшылық жер жеке меншігін мақұлдамайды деген пайымдау алынып, "тұрақты; пайдалану" және "өмір бойы мұраға қалдыру жолымен иелену" статусы "жеке меншік" ұғымымен теңестірілді. Осы ой желісі I басшылықка койыла отырып, жер пайдаланушылықтарды белсенді түрде қайта тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізіле бастаған  Бірақ, Республика Президентінің жолдауында (2002ж. Сәуір) бұл; мәселе мүлде басқа тұрғыдан қаралып, жер (сонымен қоса ауылшаруашылық алаптары) жеке меншігін енгізу туралы заңды дайындау міндеті койылды. Қазіргі кезде жаңа Жер Кодексі дайындалып іске қосылады.

ЖАҢА ЖЕР КОДЕКСІ, ОНЫҢ ҚЫСҚАША ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Жаңа жер кодексі 170 бап пен 21 тарауды қамтитын 5 бөлімнен тұрады.

Бөлімдер мен тараулардын тек аттарын ғана келтіре отырып, олардың ерекше жаңашылдықтары барларын қысқаша сипаттап өтелік.

Жаңа Жер кодексі, 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған «Жер туралы» заңның орнына, 2003ж. маусым айында енгізілді. Жалпы алғанда екі кұжаттың мазмұндары ұқсас. Дегенмен, екінші бөлімнің 3,5,9,10,20 және 21 тарауларында айтарлықтай жаңашылдықтар байқалады.

Жалпы алғанда кодекс ірі жер пайдаланушылықтар мен тұрақты — рентабельді бәсекелеске төзімді және экспортқа шығарылатын өнімді өндіретін шаруашылықтарды дамытуға бағыттайды.

Алдын ала, жер туралы қатардағы заңның орнына толықканды және көпбапты Кодекстің әзірленуін жоғары бағалау қажет.

Кодекстің мазмүнын сипаттай келе, бірінші кезекте мыңадай жағдайды атап өткен жөн. Жалпы елдің экономикасынын, әсәресе оның агросаласының дамуына орасан зор ықпалды ауылшаруашылық алаптарға жер жеке меншігін енгізу механизміне қатысты тараулар мен баптар жасайды.

Бірқатар баптарда жерде енбек ететіндерге жеңілдіктер ескерілген (жерді сатып алу бағаларының азайтылуы, осы бөліп-бөліп төлеу және т.с.с.)

Тәуелсіздік жылдары экономикалық сонымен бірге аграрлық және жер реформаларыньщ барлық кезендерінде, кейбір әлеуметтік топтардың ара наразылығына қарамастан, жерге жеке меншік бірте-бірте қоғамдық өмірге еніп бейімделе бастады. Бұл бағытта аса маңызды қадам болып ҚР Конституциясының 6-бабы мен 1995 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған заң күші бар Президенттін Жарлығы саналады. Соңғысын жүзеге асыру нәтижесінде ҚР-ның 2496 мың атты қазір ұсақ жер учаскелерінің иесіне айналып отыр.

Осымен қатар 2300 мың ауыл тұрғындарына шартты жер үлес иемдеуге құқық беретін куәліктер тапсырылған болатын.

Бірақ, 2001 жылы бекітілген «Жер туралы» Заң бойынша бұл куәліктер заң күшін жоғалтып, оны тірілту» мақсатымен жер учаскелерін азаматтарға тегін беру жөніндегі ұсыныстар қабылданбай қалды.

Заң шығару ісінде, басқа салаларда сияқты, белгілі бір сабақтастық байқалады. Жер қатынастарын реттеуге тікелей қатысты жер зандарын шығару ісінде де бұл құбылыс орын алады. Осыған орай жаңа кодекс пен оның алдындағы жер заңындағы тараулар мен баптар мазмұндарының ұқсастығын атап өткен қажет.    Ауылшаруашылық мақсаттағы жерге жеке меншік институтын енгізу осы екі кұжаттың ең басты айырмашылығы. Кодекс бойынша экономиканың барлық салаларына, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірісіне, тарату ұмтылу сезіледі.

Жер жеке меншігін енгізу аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық проблема, өйткені оны жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін қозғайды.

Осымен бірге шетел тәжірибесін де ескерген қажет: ұсақ фермерлік шаруашылықтары ауыл шаруашылығының қазіргі мүшкіл жағдайы өзгертуге оның тиімділігін жаксартуға қаблетті деу өте киын.

Дегенмен, жер қатынастарының берікті кұқықтық негізі салынғаны шүбәсіз. Ендігі мәселе осы құқықтық негізге тіректене отырып, жер кодексін қоғамдық өмірге енгізудін нақты механизмін қамтамасыз ету. Бұл жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлерінің аса маңызды міндеттерінің бірі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.      А.Б.Молдахметова, М.Ө.Өтебаев. Микроэкономика, Астана  - 2008,

168-175 бет.   

 

2.   Қ.С.Есенғалиева.   Микроэкономика. Алматы  - 2007, 229-231 бет.

 

3.      Google.kz, stud.kz.

 

 

 

 



Информация о работе Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың әкономикалық мәселелері